Диалог сөйлеудің кейбір психологиялық ерекшеліктер:
-Мұндай сөз бөгелмей, еркін айтылады.
-Ықшам келеді. Тек әңгімелесушілердің өздеріне ғана түсінікті болады.
-Диалогтың қисындық жағы ( жоспарлығы, бірізділігі, дәлелдігі т.б.) кемдеу болады.
-Диалог сөз ым –ишарамен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен толықтырылады.
Монолог бір адамның сөзі, баяндамашының, лектордың, мұғалімнің сөздері. Монолог сөзге тән психологиялық ерекшеліктері:
-Монолог сөз белгілі жоспарға сай құрылады.
-Логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады.
-Монолог сөз адамға әсер ететін мәнерлі сөздерді қажет етеді.
-Грамматикалық құрылысы белгісіз жүйеден ауытқымайды.
Достарыңызбен бөлісу: |