Ш. А. Абжанова Алматы: ату, 2009. 65 б


Мал денесінен ішкі мүшелерін алу (нутровка)



Pdf көрінісі
бет12/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.06 Mb.
#452521
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62
abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy

 

Мал денесінен ішкі мүшелерін алу (нутровка) 

 

Ішкі  мүшелері  малды  сойғаннан  кейін  неғұрлым  тез  уақыттың  ішінде 

алу қажет (30 минут ішінде).  

Ішкі  мүшелерді  алу  ұшаның  көлденең  немесе  тік  орналасуында  іске 

асырылады.  Ол  үшін  алдымен  мынадай  даярлық  жұмыстар  жүргізіледі:  екі 

артқы  аяқтың  арасындағы  қашықтықты  ұзарту  (керу),  кеуде  сүйегін  арамен 




12 

 

кесу,  шап  сүйекті  шабу,  тік  ішекті  айналдыра  кесіп,  қуықты  байлап  қою 



керек. 

Ішкі  мүшелерді  конвейерлі  және  конвейерсіз  үстелде  алуға  болады. 

Конвейер  үстелдің  жылдамдығы  мен  жұмыс  конвейерінің  жылдамдығы 

бірдей болу керек. Алдымен пышақпен ұшаның ішін жарып, содан кейін іш 

майды,  ішек-қарынды,  өкпе-бауырды,  жүректі,  өңешті,кеңірдекті  және  көк 

етті  алу  керек.  Ішкі  мүшелерді  алатын  конвейерде  мал  дәрігері  ішкі 

органдарды  қарайды.  Асқазанды  бөлшектеп,  майсыздандырып,  субөнімдер 

цехіне жіберіп, ішектер ішек цехіне жіберіледі. 

Ішкі  мүшелерді  абайлап  алу  керек,  ішек-қарын,  өкпе-бауырдыжәне 

ұшаның  ішкі  қабатын  бүлдіруге,  ластандыруға  болмайды.  Ірі  қара  мал 

конвейер үстелінің конструкциясы табақша тәрізді. 

Конвейерлі  үстел  мен  ұша  конвейерінің  жылдамдығы  бірдей 

болғандықтан  жұмысшылар  ішкі  мүшелерін  алғанда  ұшаға  қарағанды 

стоционарлық  қалыпта  тұрады.  Операция  аяқталған  соң  қайтадан  бұрынғы 

орнына келіпбасқа ұшаны өңдейді. Шошқа мен қойдың ішкі мүшелерін дәл 

ірі  малдың  ішкі  мүшелерін  алғандай  етіп  орындайды,  тек  айырмашылығы 

аспалы  жолмен  конвейермен  үстелдің  өзара  орналасуында;  шошқа  және 

қойдың ішек-қарын мен өкпе-бауырын бірге алады. 

Шошқа  мен  қойдың  ішкі  мүшелерін  өңдейтін  конвейер  үстелі  жалпақ 

табақ тәріздес болып келеді.  

Алынған  ішкі  құрылыс  органдарын  ұшаға  қарама-қарсы  табақшаға 

қояды. Ұсақ ет комбинатарында ішкі мүшелерді стационарлық үстелде алып, 

өңдейді. 

 

 Ұшаны арамен бөлу, тазалау және сапасын бағалау 



 

Ішкі мүшелерін алғаннан кейін ірі қара мал мен шошқа ұшасын тек екі 

жартыға  бөледі.  Екіге  бөлу  арамен  омыртқа  желісінің  бойымен  жоғары 

қылтаңды өсімшелерден сәл ауытқып, жұлынды бұзбай орындалуы қажет.  

Ұшаларды  бөлу  тасымалдауды,  штабельге  жинауды  жеңілдету  және 

суықпен өңдегендегі ауданды үнемдеу үшін жүргізіледі. 

Қойдың  етін  бөлу  үшін  электрлік  немесе  пневматикалық  аралар 

қолданылады. 

Шошқаның  ұшасын  екіге  бөлгеннен  кейін  диафрагманыңт  аяғынан 

массасы  80  грамдай  ет  өлшеп  кесіліп  алынып  трихинеллоскопияға 

тексеріледі. Трихинеллоскопияға тексеру ұзақтығы 10-15 минут. 

Арамен  ұшаны  екіге  бөлгеннен  кейін  оны  құрғақ  және  ылғал  тазалау 

жүргізіледі. Құрғақ тазалау кезінде жұлынды, бүйрек, құйрық, диафрагманың 

қалдығы, ішкі  май, ластанған  жерлер  алынады, қойда  бүйрек пен  бүйректің 

маңындағы  май  ұшада  қалады,  алынбайды.  Құрғақ  жіне  ылғал  тазалаудан 

кейін етке таңба басылып, тоңазытқышқа жіберіледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет