иісі қатты сезіледі, дерма әлсіз, күңгірт, шырышты болады және беріктігі
Терілердің шаш қабатының беті қатты ластанған. Әсіресе үлкен әрі
Шешкеннен кейін теріде бұлшықет пен май ұлпаларының кесінділері,
53
оларды ұшалардан шешкеннен соң 3 сағатан кешікпей өткізу қажет. Мұндай
шектеулі уақыт ішінде терілерді үлкен қашықтықтарға тасымалдауға
үлгермейді. Терілерді булы күйінде ет комбинаты мен былғары өндіретін
кәсіпорын бірі – біріне жақын орналасқанда ғана өткізеді. Сондықтанда
терілерді булы күйінде өткізу кең қолданыс тапқан жоқ. Жағымды шарттарда
(өткізу – қабылдау кәсіпорындарының арасындағы қашықтық үлкен
болмаған жағдайда және олардың жұмысы үйлесімді болғанда) терілердің
шектеулі түрде консервілеуді (қысқа мерзімді сақтау үшін) жүзеге асырады.
Терілердің негізгі массасын ұзақ мерзімді сақтау мақсатында консервілейді.
Булы терілерді былғары өндірісі кәсіпорындарына өткізу немесе
консервілеуге дайындауды терілерді санитарлы өңдеу деп те атайды. Ол
келесі операцияларды қамтиды: навалды (навалды терілерден) жою, терінің
мездра жағынан ет және тері асты клетчатканы жою (мездрение),жуу,
контурлау, сұрыптау, бұның ішінде олардың массасы немесе ауданын
анықтау (ұсақ мал терісі үшін). Терілерді булы күйінде өткізу кезінде оларды
қосымша комплектілейді және бірден былғары өдіру кәсіпорындарына
тасымалдап, жеткізеді.
Навалды жою. Алдын ала терілерді навалды және навалсыз деп
сұрыптайды. Навалды тері саны , сондай –ақ навалдылық дәрежесі ірі қара
малды ауыл шаруашылығында, тасымалдау кезінде және ет комбинатында
ұстау жағдайларына байланысты.Осы шарттарды жақсартқанда және өңдеу
алдындағы жуу олардың санын азайтады.
Навалды жоюды жеңілдету мақсатында және терінің беттік қабатын
зақымдауды болдырмау үшін 1 мин ішінде душ суы астында немесе
шлангтан аққан сумен терінің шаш қабаты бетін ылғалдайды. Теріні
ылғалдауды штабельдерде навал толық жұмсарғанша жүргізеді, бірақ 1
сағаттан артық емес.Үздіксіз жұмыс істейтін линияларда навалды
жұмсартуды терілерді өтпелі айналмалы барабандарда жуумен үйлестіреді.
Терілерді навалдан ММ – 4, ММ – 3, ММ - А навал тазалағыш
машиналарында іске асырады, олардың мездра тазалағыш машиналармен
салыстырғанда терінің беттік қабатын зақымдауды болдырмау үшін пышақ
валдарындағы пышақтары өткір емес, ал валдың айналу жиілігі 950 мин – 1
– ге дейін төмендетілген.навалды жою үшін теріні машинаға жүнді жағын
жоғары қаратып, огузогын алдыға қарай жіберіп салады.
Достарыңызбен бөлісу: