Ішкі ағзаларды алу. Ішкі ағзаларды шығаруды (нутровканы) малды
сойғаннан кейін тез арада жүзеге асыру қажет (30 мин ішінде).
Теріні өңдеу. Өндірістік номенклатура және терінің жіктелуі. Тері
құрылымы иен қасиеті бойынша малдың түрі, жынысы мен жасына
байланысты ерекшеленеді.
Слизок - әлі сүтпен қоректенетін жас ірі қара малдың терісі.
Опоек – сүт ішетін туылмаған немесе өлі туылған бұзау терісі.
Выросток - өсімдік тектес жемді қабылдап, меңгерген жас ірі қара
мал терісі.
Яловка – сиыр терісі.
Бычина – піштірілген өгіздер терісі.
Бугаина – піштірілмеген өгіздер теріс.
Шошқа терісі сирек жүн қабатына және қалың эпидермиске ие.Шаш
қалталары дерманы толық тесіп өтеді, осның есебінен шошқа терісі су
өткізгіш келеді.
Түрлік және жастық ерекшеліктерге сәйкес ұсақ, ірі және шошқа
терісінің шикізатын ажыратыды.
Ұсақ тері шикізатына жас ірі қара мал (слизок, массасына байланыссыз
опоек және 10 кг – ға дейінгі выросток) , жүнді және тонды өндірісте
жарамсыз қой, сондай –ақ ешкі терісін жатқызады. Ұсақ мал (қой) терісін
сонымен қатар жүн қабатының ұзындығы бойынша ажыратады: жүнді қой
(жүнінің ұзындығы 6 см –ден артық), жартылай жүнді (2,5 –тен 6 см –ге
дейін), тықыр (2,5 см –ге дейін).
Ірі тері шикізатына ірі қара мал терілері кіреді: п о л у к о ж н и к
(массасы 10 -13 кг болатын жас өгіз терісі), б ы ч о к (массасы 13 -17 кг
болатын жас өгіз терісі), я л о в к а (жеңілі – 13 -17 кг, орташасы -17 -25,
ауыры -25 кг –дан артық), б ы ч и н а (жеңілі -17 -25 кг, ауыры -25 кг –дан
астам), б у г а и н а (жеңілі – 17 -25 кг, ауыры -25 кг –дан астам).
Шошқа шикізатына массасы 0,75 -1,5 кг болатын торайлар терісін
және шошқа терілірін (жеңілдерінің массасы – 1,5 - 4 кг: орташалары – 4 -7
және ауырларының массасы 7 кг – дан жоғары). Шошқа крупондарын (арқа,
бүйір және мойыннан шешілген тері бөлігі) ұсақ және ірі деп бөледі.
Теріге сипаттама. Жүн қабаты жабылған теріні шкура деп
атайды.Топографиялық деп аталатын терінің құрылымы мен қасиеттері әр
түрлі аудандарда бірдей емес. Ірі қара мал терісінің қалыңдығы әр түрлі:
огузокта үлкен емес, нң кішісі полада әсіресе пашинада. Терінің тығыздығы
51
көп мөлшерде коллагенді талшықтар бумаларының өрілу сипатына
байланысты болады. Өрілудің бес класын ажыратады. Торлы қабатының
тығыздығы біріншіден бесіншіге дейін төмендейді. Ең жоғарғы тығыздыққа
черпак ие болса, ең төменгіге пашина ие.Басы қалың, бірақ бос.
Тері негізгі үш қабаттан тұрады: эпидермис, дерма және тері асты
клетчаткасы.
Эпидермис қалыңдығы тері қалыңдығының 1 - 2 % - н ғана құрайды.
Былғары өндіру кезінде эпидермис пен шашты жояды, ал жүнді тері өндіруде
- сақтайды.
Дерма коллагенді бумалар, эластинді және ретикулинді талшықтардың
күрделі өрілуі түріндегі тері қабаты. Дермада екі түрлі қабатты ажыратады:
капиллярлы және торлы немесе ретикулярлы.Дерма қалыңдығы тері түріне
байланысты. Ірі қара мал терісінде ол жалпы қалыңдықтың 84 % - ға жуығын
құрайды.
Капиллярлы қабатта шаш қалталары мен шаштың өзі, тер және май
бездері, қан және лимфа тамырлары орналасқан.Ретикулинді талшықтар
жұқа коллагенді және эластинді талшықтармен өріле отырып капиллярлы
қабаттың бетінде ерекше қою, тығыз тор құрайды.Теріні өңдеу процесінде
эпидермисті жойғаннан соң осы қабат терінің « түрін » құрайды. Терінің
жоғарғы бетінде көптеген аса ірі болмайтын дөмпешіктер орналасқан, олар
шаш қалталары мен без сөлдерінің шығару жолдары бірлесе отырып терінің
әр бір түріне тән сурет –мереяны құрайды. Беттік қабат сыртқы орта әсеріне
(механикалық, жылулық, химиялық, бактериалды) тұрақты болып келеді.
Капиллярлы қабат бос әрі берік емес, микроорганизмдерге тұрақсыз.
Торлы қабат негізінен коллагенді талшықтардың күрделі әрі тығыз
өрілген қабаттан тұрады.коллагенді талшықтар мен бумалар капиллярлы
қабаттағыға қарағанда қалыңырақ: олардың қалыңдықтары 30 -35 мкм –ге
дейін жетеді.Онда қан тасымалдағыш тамырлар мен эластинді талшықтар аз.
Көптеген мал түрлерінің терілеріндегі торлы қабатында шаш қалталары мен
бездер болмайды. Тек шошқа терісінде олар бар және торлы қабатты тесіп
өтіп тері асты клетчаткаға бірақ шығады.
Қой терісі бос, өйткені оларда жүнді қабаты қалың, май және тер
бездері көп, коллагенді талшықтары жұқа, сондай –ақ дерма өрімдері
горизонтальді сипатта болады.
Т е р і а с т ы к л е т ч а т к а бос байланыстырушы ұлпаның түрі
болып табылады. Бұл қабатта қан тасымалдағыш тамырлар, эластинді
талшықтар және май жасушалары көп орналасқан. Бөлініп алынған тері асты
клетчатка мездра деп аталады.
Ірі қара мал терісінің шашты қабатын шаш деп атаса, шошқа малыныкін
– қыл, қой малыныкін жүн деп атайды. Шаш теріде терең орналасқан
тамырды, және оның бетінде еркін шығып тұрған өзекті қамтиды. Шаш
тамыры кеңейцген бөлігімен – түбімен аяқталады. Ол эптдермиспен және
дерманың біріктіруші ұлпасымен құралатын шаш қалтасында орналасады.
52
Терінің негізгі заттары – бұл су және белоктар, аз кездесетіні – май және
май тәрізді заттар, сондай –ақ аз мөлшерде көмірсулар, минералды тұздар,
ферменттер.
Тығыз
құрылымды ересек мал терісінде жас мал терісімен
салыстырғанда су аз болады, қоңдылығы жоғары мал терісінде май көбірек
болады. Булы терідегі судың орташа мөлшері: опоек – 71 – 73 % ,яловка және
бычинада – 69, бугай – 67, шошқа терісінде -64 %.
Терідегі липидтер мөлшері кең көлемде ауытқып отырады. Қой
терісіндегі май мөлшері 30 % -ға дейін жетеді, ірі қара мал терісінде 0,5 – 1,5
% құрайды.
Белоктар терінің құрғақ заттарының 95 % жуығын құрайды. Тері
құрамына альбуминдер және глобулиндер, глюкопротеидтер (муциндер мен
мукоидтер),
фосфопротеидтер,липопротеидтен
мен
хромопротеидтер,
сонымен қатар склеропротеидтер (коллаген, кератин,эластин және
ретикулин) кіреді. Белоктардың 95 % - нен артығы коллаген үлесіне тиеді.
Бычина дермасындағы коллаген мөлшері булы массаның 33,2 % , эластин
мен ретикулин – 0,34, альбумин мен глобулин – 0,7, мукоидтер – 0,16
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |