Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Балалардың девиантты жүріс-тұрысының



Pdf көрінісі
бет26/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Балалардың девиантты жүріс-тұрысының
алдын алу және оны жеңудің негізгі бағыттары 
 
Қоғамдық тәрбие 
отбасы 
Білім беру мекемелері 
Отбасы мен білім беру мекемелерінің әрекеттестігі
Бала, 
жасөспірімді 
түзету, алдын 
алу
Отбасына 
көмек, бала 
құқын қорғау 
Бала, 
жасөспірімнің 
бос уақыты 
Ортаның жағымсыз әсерін бейтараптандыру 
Өзін-өзі қалыпқа сай бағалауын және жетілдіруін қалыптастыру 
Жүйенің дамуы 
Қайта 
тәрбиелеу 
және түзету 
мекемесі 
Өзінің рөлін көрсету 
Ақпарат құралдарын 
тәрбиеде қолдану 
Айналасының, топ, жеке 
тұлғаның ықпалы 
бала 


51 
Ә. 
Білім беру мекемелерінің балалар мен жасөспірімдердің 
девиантты мінез-құлықтары, іс-қимылдарының алдын алуын 
және оны жеңу жолдарының тәрбиелік рөлін арттыру. 
Мектептерде арнайы дайындалған педагогтар қызмет атқара-
ды. Бұл мамандарға балалар мен жасөспірімдер оқу және тәрбие 
барысында сенім артады. Оқытушылардың қызметіндегі басты 
бағыт тәрбиеге беріледі. Педагогтардың педагогикалық қызмет-
теріндегі жіберген қателіктері мен кемшіліктері, олардың тәрбие-
ленушілеріне қымбатқа түседі. 
Білім беру мекемелеріндегі тәрбиені арттыру жолы ретінде 
мыналар анықталады: 
– оқытушылар дайындығының құрамдық сапасын және 
олардың жоғары педагогикалық мәдениетін қалыптастыру; 
– білім мекемелерінде педагогикалық қызметке мейлінше 
жағымды жағдай тудыру; 
– оқытушылар құрамының өзбетінше білімін жетілдіруге 
түрткі болу, педагогикалық шеберліктері мен мәдениетін жетіл-
діру; 
– білім мекемелерінде әлеуметтік қызмет ұйымдастыру, 
девиантты іс-қимылды балалармен және жасөспірімдермен жеке 
жұмыс жүргізу, мұғалімдер мен ата-аналарға көмектесу; 
– білім беру мекемелеріндегі сабақтан тыс тәрбие жұмысы-
ның жүйесін дамыту; 
– ата-аналарды тәрбие жұмысына қамту, олардың педаго-
гикалық дайындығын жетілдіру. 
Б. 
Отбасы мен мектептің өзара мақсатты әрекеттесуі отбасы-
ның, мектеп пен тұрғылықты жердегі әкімшілік органдардың ба-
лалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық іс-қимылда-
рының алдын алу және оны жеңу жолдарын қарастыру. 
Мектеп пен отбасының бірлескен әрекеттері балалар мен 
жасөспірімдердің тәрбиесінде оң нәтиже береді. Сол мақсатта 
мынадай тәжірибелерді басшылыққа алуға болады: 
– мектепте ата-аналарға арналған әдістемелік семинар ұйы-
мдастыру ( ата-аналарға дәрістер мен семинарлар); 
– бала бақшадағы, мектептегі ата-аналар комитетінің рөлін 
арттыру, ата-аналар мен мұғалімдердің байланысын күшейту; 
– білім беру мекемелерінде балаларға қамқорлық көрсету 
ұйымдарын құру және оларға ата-аналарды белсенді араластыру; 


52 
– мұғалімдер балалардың үйіне барып, олардың тұрмыс 
жағдайларымен танысуы тиіс; 
– мұғалім, әлеуметтік педагог тарапынан ата-аналардың 
тәрбие жұмысына көмек көрсетіп, қолдау. 
Балалардың қарым-қатынас ортасын анықтап, өзара әрекет-
тесуін басқару және оны дамыту, тәрбиелеу. Баланың дамуы мен 
тәрбиесіне онымен тікелей қарым-қатынастағы адамдардың әре-
кеттесуінің маңызы зор. Олардың беделі, күші, балаларды ұйы-
туы, ерік-жігерін билеуіне қарай оларды қандай бағытта дамыту-
ға ықпал жасауға болатынын анықтайды. Осыған орай тәрбиеші 
тәрбиеленушінің қарым-қатынас ортасын анықтап, олардың ай-
наласындағы адамдармен әрекеттесу үдерістерін педагогикалық 
тұрғыдан басқарады. 
В. 
Мектептен тыс тәрбие жүйесіне консультация беру, отба-
сына және балаларға девиантты мінез-құлықтарын, іс-қимылда-
рын жеңуге көмектесу. 
Қазіргі кезеңде мемлекет тарапынан және мемлекеттен тыс 
отбасымен жұмыс істейтін орталықтар құрылған. Онда білікті 
мамандар қызмет етеді, девиантты балалардың мінез-құлқына
іс-қимылдарына диагностика жасап, олармен отбасында қалай 
жұмыс жүргізу керектігіне кеңес береді. 
Г. 
Девиантты мінез-құлықтағы балалар мен жасөспірімдерді 
қайта тәрбиелеу және түзету мекемелерінің қызметін жақсарту.
Арнайы тәрбиелеу (қайта тәрбиелеу) орталықтары мектеп-
терге комиссия жібереді немесе балалардың өздері орталыққа ке-
леді және мектептің ұсынысына байланысты кәмелетке толмаған 
балалар бөлімінің қызметкерлері отбасына барып кеңес береді 
және балаларды зерттеу үшін өз орталықтарына шақырады. 
Ғ. 
Балалар, жасөспірімдер мен бозбалалардың әлеуметтік-
педагогикалық мәселелерін шешетін орталықтар жүйесін дамыту: 
– педагогикалық коррекция және педагогикалық реабили-
тация; 
– медициналық-әлеуметтік-психологиялық орталықтарда ба- 
лалар мен жасөспірімдердің маскүнемдігі мен нашақорлығын 
жеңу, зорлық құрбандарын сауықтыру, әлеуметтік виктимология. 
Д. 
Ақпарат құралдарының жағымды мүмкіндіктерін қолдану 
және балалар мен жасөспірімдерді жағымсыз ықпалдардан сақ-
тандыру. 


53 
Балалар мен жасөспірімдердің дүниетанымына ақпарат құ-
ралдарының ықпалы зор екені белгілі жайт. Ақпарат құралдары 
көрермендердің сұраныстарын ескерместен, түрлі тақырыптар-
дағы ақпараттарды таратады. Қазіргі отбасы тұрмысында бейне-
техникалардың ауқымды ақпарат мүмкіндіктері кеңінен қолда-
нылады. 
Отандық және шетелдік мамандардың зерттеулері бойынша 
жастарға ақпараттар мен бейнефильмдер күш көрсету культін, 
еркін секс, жеңіл жолмен ақша табуды көп насихаттайды. Мұн-
дай ақпараттар ешбір бақылаусыз және белсенді түрде барлық 
арналар және бейнефильмдер арқылы кеңінен таратылады. Олар 
(теледидар, бейнефильмдер) орнықты адамгершілік негіздері 
жоқ адамдардың кейіптерін қалыптастырып, қылмыстық әрекет-
терді насихаттайтын оқу құралдарына айналып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет