Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Әлеуметтік ауытқулар, олардың себептері және оларды



Pdf көрінісі
бет22/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Әлеуметтік ауытқулар, олардың себептері және оларды 
болдырмау жолдары 
Адамның әлеуметтік дамуы кейде белгілі бір ауытқуларға 
соқтырады. Әлеуметтік ауытқулардың мәні, оның қалыптасу се-
бептері мен оның алдын алу мүмкіндіктері және оны жеңу, әлеу-
меттік-педагогикалық мәселе. Бұл тақырыпта мынадай мәселе-
лер қарастырылады: 
1) адамның әлеуметтік тұрғыдан қалыпты дамуы мен ауыт-
қуы және әлеуметтік ауытқудың себептері; 
2) балалар мен жеткіншектердің девиантты мінез-құлқын, 
іс-қимылын болдырмау мақсатындағы әлеуметтік-педагогика-
лық әрекеттің бағыттары. 
Қалып (лат. norma) деп ережені, белгіленген межені түсінуге 
болады. «Әлеуметтік қалып» («социальные нормы») – бұл ресми 
белгіленген немесе әлеуметтік тәжірибе негізінде пайда болған 
және қоғамның белгілі бір нақты-тарихи өмір жағдайында лайық 
қалыптасқан қоғамдық іс-қимыл ережелері. Олар топтағы жеке 
тұлғаның қалыптасқан немесе белгіленген (рұқсат етілген немесе 
міндетті) іс-қимыл стандарты, жеке адамның өзгелермен әрекет-
тесу үшін қажетті шарты. 
Әлеуметтік қалыптарда алдыңғы қоғамның әлеуметтік тәжі-
рибесі көрініп бейнеленеді және сонымен бірге қазіргі кездегі 
әлеуметтік шындық саналы қабылданады. Олар заң актілерінде, 
қызметтік инструкцияларда, ережелер мен жарғыларда, ұйым-
дастыру институттарының құжаттарында, сонымен қатар заң жү-
зінде жазылмаған, ортада қабылданған ереже түрінде бекітіледі. 
Негізгі әлеуметтік қалыптарды былай топтастыруға болады: құ-
қықтық, адамгершілік, этикалық, діни және т.б., олар адамның 
кез келген сәттегі әлеуметтік рөлінің өлшемдері ретінде қызмет 
етіп, күнделікті өмірі мен қызметінде іске асады. 
Адам бірнеше әлеуметтік рөлдерді қатар орындайды, мыса-
лы, азамат, маман, отбасы және ұжым мүшесі, т.с.с, соның бары-
сында өзін жүзеге асыру үшін әлеуметтік тәжірибені игереді. 
Әлеуметтік ауытқулар
– бұл адамның әлеуметтік дамуының 
қоғамда қалыптасқан құндылықтар мен қалыптарға (өзінің өмір 
сүру ортасына) сәйкес келмеуі. Әлеуметтік ауытқулардың фор-
малары: асоциалдық және антисоциалдық іс-қимылдар. 


43 
Асоциалдық іс-қимылдар
(грек. а – теріс мағынаны білдіретін 
қосымша, лат. socialis – қоғамдық, қоғамдағы адамдардың өмірі-
не және қарым-қатынасына байланысты) – бұл адамның іс-қимы-
лының қоғамда қалыптасқан қалыпқа сәйкес келмейді, бірақ та 
қоғамдық тәртіпті бұзбайды. 
Антисоциалды 
(грек. anti – қарсы және әлеуметтік) – бұл 
адамның заңға қайшы іс-қимылы. 
Әлеуметтануда аномия құбылысын қарастыруға болады, ол 
адамның әлеуметтік ортадағы әлеуметтік қалыптарға сай емес-
тігі. Бұл «аномия» терминін француз әлеуметтанушысы Д. Дюрк-
гейм енгізген, адамның іс-қимыл қалыптарының сақталмауы не-
месе жетіспеуі. Америкалық әлеуметтанушы Р. Мертон 30-жыл-
дары әлеуметтік аномия теориясын ұсынған, онда қоғамдағы 
«адамгершіліктің болмауынан» жеке адамның теріс іс-қимылға 
баруы қарастырылған. Оның пікірінше, кез келген қоғамда адам-
гершілік құндылықтарды орнатудың мақсаты мен құралдары 
бар. Адамгершілік құндылықтарды орнатуға жеткізетін мақсат 
пен құралдар арасындағы тепе-теңдіктің бүлінуі, аномияға негіз 
болады. Мертон адамның аномия қалпының бірнеше реакциялық 
типін көрсетеді (оны жүзеге асыру үшін іс-әрекет мақсатына қа-
тысты құралдарды таңдау арқылы қисынды варианттардың сәй-
кесуі): конформизм, инновативтілік, ритуалдылық, ретризм, бү-
лік шығару. 
Конформизм 
(кешеуіл лат. conformns – ұқсас) – қоғамда қа-
лыптасқан адамгершілік мақсаттар мен құралдарға жағымды қа-
тынас орнату. 
Инновативтілік 
(лат. innovatio – жаңару, өзгеріс) – мақсатқа 
жағымды қатынас орнату және құрал таңдауды шектеуге қарсы-
лық білдіру, жаңа іс-қимылдың пайда болуымен адам іс-әреке-
тіне өзгеріс, жаңалық енеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет