Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет23/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Ритуалдылық –
мақсатқа теріс қатынас, құрал таңдаудағы 
басты ұстаным мақсатты ескермейтін ритуалдық іс-қимыл типі 
(мысалы, діни әрекет, бюрократтық т.с.с.). 
Ретризм 
– бір нәрсеге қол жеткізуде мақсатты да, құралды 
да жоққа шығару. Бұл өмірден алшақтауды білдіреді (маскүнем-
дік, нашақорлық және т.б.). 
Бүлік шығару
– қоғамда қабылданған мақсаттан да, құралдан 
да бас тартып, оны жаңа мақсат пен құралдарға алмастыру. Бұл –
көтеріліс, әлеуметтік қалыптар мен құндылықтарды қайта құру. 


44 
Әлеуметтік педагогикада және әлеуметтануда «іс-қимылдың 
ауытқуы» деген термин бар. Бұл термин қоғамда қабылданған 
қалыптар мен рөлдерге адам іс-қимылының сәйкессіздігін, ауыт-
қуын түсіндіреді. 
«Іс-қимылдың ауытқуы» терминін көбінесе «девиантты» 
(лат. deviatio – ауытқу ) немесе (лат. delinquens – тәртіп бұзушы) 
терминдерімен алмастырады. Адамның девиантты іс-қимылы 
қоғамда қабылданған ережелерден ауытқитын іс-қимылдар 
жүйесі немесе жеке іс-қимыл мен әрекет. Девиантты іс-қимыл –
жиірек адамның қоғамдық қалыптар мен адамгершілікке жағым-
сыз (теріс) іс-қимылы және әкімшілік жауапкершілікке тарты-
латын адамның іс-қимылы. 
1950 жылы америкалық әлеуметтанушы А. Коэн делинквенттік 
субмәдениет теориясын ұсынды. Бұл теорияда делинквенттік іс-қи-
мылды адамдар типінің субмәдениетін негіздеп, олардың табысты-
лық бағытын анықтап, оған «үлкен қоғамнан» өзгеше, мүлде басқа 
жолмен (басқа құралдармен) жетуді ұсынды. Бұл тип өкілдері үшін 
өзін құрметтейтін және өзгелер құрметтейтін ұсақ ұрлық жасау, өк-
темдік көрсету, вандализм (қирату) мәнді. Күш көрсету субмәдение-
тіне
өктемдік іс-қимыл және ұрлық жасау, т.с.с. жатады. Ол мафия, 
қылмыстық топ, бұзақылар арасында орын алады, осы топқа жата-
тындардың өмір сүру салтын сипаттайды. 
Адамның девиантты іс-қимылын қалыптастыратын түрлі 
теориялар бар. Олардың бірі: биологиялықадамның сыртқы 
келбетінің тәртіп бұзушылыққа бейімділігі (Ломбразо, Шелдон); 
психологиялық 
– адам психикасының негізінде жасалатын шиеле-
нісуге, құқық бұзушылыққа бейімділік (Фрейд); әлеуметтік –
адамның девиантты іс-қимылы теріс әлеуметтік тәжірибені игеру 
нәтижесінде, тәрбие мен орта қайшылығынан пайда болады және 
т.б. (Дюркгейм, Мертон Миллер және т.б.). 
Түрлі теорияларды талдау барысында биологиялық және 
психологиялық теориялар тұлғаның ерекшелігін және оның де-
виантты дамуы мен тәрбиесіне ықпал ету мүмкіндігін көрсетеді. 
Олардың бойында дүниеге келгеннен бергі уақытта зорлық, өк-
темдік бастама орын алады және құқық бұзуға бейім болады. 
Бірақ та адамның құқық бұзуға бейімділігі тек жағымсыз өмірлік 
жағдайларда және тәрбиеде жүзеге асады, сөйтіп, тұлға дамуы-
ның негізін анықтап, келешекте теріс (девиант немесе деликвент) 
іс-қимылға ұшыратады. 


45 
Адам іс-қимылының ауытқуы негізінде биопсихологиялық си-
пат жатыр, әлеуметтік үдеріс пен оның нәтижесі, жағымсыз әлеумет-
тік іс-қимыл тәжірибесі, тұлғаның жағымсыз әдеттері орын алады. 
Адам біртіндеп девиантты болады. Девиантты іс-қимылдың 
негізгі кезеңдері: 
 
әлеуметтік қалыптар мен тұлға арасындағы қайшылық-
тардың пайда болуы; 
 
баланың әлеуметтік талаптарды қабылдамауы, оны жоққа 
шығаруы; 
 
баланың заңға қайшы әрекеттері (бұзақылық, ұрлық т.с.с); 
 
заңға қарсы әрекеттердің жасалуы; 
 
ассоциалды әрекет тәжірибесінің жинақталуы (күш көр-
сету, бұзақылық, өтірік алдау, ұрлық жасау); 
 
ассоциалды іс-қимыл тобына енуі; 
 
заңдарды бұзуы; 
 
қылмыс жасау. 
Әлеуметтік жағымсыз іс-қимылдылармен мәселені шешу 
үшін оны қалыптастыратын негізгі факторларды анықтау қажет: 
А
. Психологиялық және физиологиялық дамудағы ауытқу: ту-
ғаннан зияткерлік дамуының төмен деңгейі, немесе бас сүйек-ми 
жарақатының нәтижесі; эмоциялық ауытқулар және (немесе) бел-
сенді-ерік айналымының ауытқуы, жоғары қозу тудырып, аффекті-
лік іс-қимыл, әрекет және іс-қимылының импульсифтігі, айнала-
сындағыларды жәбірлеуден ләззат алу, үстемдік көрсету, қаңғыбас-
тық және т.с.с. себепші болады; жеке тұлғаның қалыптасу барысын-
да өз құрбы-құрдастарымен өзара күделі қарым-қатынасқа барады. 
Ә.
Баланың дамуындағы түрлі ауытқулар тәрбиеде ескерілуі 
тиіс. Оның танымдық, сезімдік және еріктік айналымындағы мүм-
кіндіктерін қоздыратын немесе тежейтін және олардың мүмкіндік-
терін толықтыратын, кемшіліктерін жеңетін бағытты ұстану, т.с.с. 
Б. 
Тәрбиелік ықпалдың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмеуі. 
Мысалы, тәрбиедегі күрделі, өзгермелі кезең – жеткіншектік
(11-13, 14-16 жас). Әлеуметтік тұрғыдан жеткіншектік кезең – ал-
ғашқы әлеуметтенуді жалғастыру. Жеткіншектер, яғни оқушы-
лар ата-аналарының (мемлекеттің) қарамағында, олардың негізгі 
қызметі – оқу. Бұл – балалық шақтың соңы және «өсіп» шығу. 
Бозбалалық шақ (17-23 жас) тура мағынада «үшінші әлем» 
аталады, балалық пен ересектіктің арасындағы кезең. Қыздардың 


46 
және ер балалардың көп бөлігі толық жыныстық жетілу кезеңінде 
болады, бірақ осы кезеңге көптеген «түзетулер» және толық же-
тіле қоймау себепті диспропорция тән болады. 
 
4-сызба


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет