Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет4/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

1.2. Білім беру ұйымдарындағы
әлеуметтік педагогтың қызметі 
 
Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметінің мәні. 
Әлеуметтік педагогтың құзыреттілігі.
Әлеуметтік педагогтың құжаттамасы.
Әлеуметтік педагог жұмысындағы қызмет принциптері. 
 
Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметінің мәні 
1991 жылы біздің елімізде «әлеуметтік педагог», «әлеуметтік 
педагог қызметі» деген ұғымдар қалыптасты. 
Әлеуметтік педагог – жоғары кәсіби білімі бар, барлық бала-
ларға қамқорлық, мейірім мен сүйіспеншілік сыйлай алатын, әр-
бір өскелең жас адамға ақылшы, ұйымдастырушы, психолог, тәр-
биелеуші, заңдық құқығын қорғаушы. Әлеуметтік педагог –
сырттан бақылаушы емес, ол балалар мен ересектердің бірлескен 
қызметінің тікелей қатысушысы, ұйымдастырушы. 
Әлеуметтік педагог кәсіби психологиялық жағынан дербес 
жасампаз адамдарға, жоғары оқу орнында алған білімі мен машы-
ғы негізінде оқушы жастар мен олардың отбасыларының құқық-
тарын әлеуметтік жағынан қорғай алатын, жеке адамның әлеу-
меттік ортада, оқу барысында, еңбек қызметінде және бос уақы-
тында жан-жақты жарасымды дамуының мәселелерін пайымдап, 
іске асыра алатын әлеуметтік педагогтарға ғана тиесілі. Әлеу-
меттік педагогтың жұмыс объектілері оқушылар мен ата-аналар 
ғана емес, әртүрлі жастағы адамдар, оларды дұрыс ұйымдастыру 
– қиын әрі күрделі жұмыс. 
Әлеуметтік педагогтың жасөспірімдермен жұмысының өзін-
дік ерекшелігі бар, олардың іс-әрекет мәселелерін нақтылауда 
оқушының оқу-тәрбие мәселесіне ден қояды, жасөспірімдердің 
өмірсүйгіштік, оптимистік, отансүйгіштік бағытта бола білу, әр-
түрлі сәтсіздіктердің алдын алу қасиеттерін қалыптастыруға ата-
аналармен бірлесе отырып, жұмыс жүргізеді. 
Әлеуметтік педагог – әртүрлі әлеуметтік-мәдени ортада ба-
лалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырушы маман. Әлеуметтік 
педагог жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық ерекше-
ліктерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, мінез-құлы-
ғындағы ауытқуды анықтай отырып, қоршаған ортаны зерттейді 
және балаға уақытында әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.


11 
Жас ұрпақты тәрбиелеу барысында ең алдымен отбасы жау-
апты болса, содан кейін мектептегі ұстаздарымен балаға әлеумет-
тік өмірдің қыр-сырын үйрететін қоғамдық ортаға бейімдейтін – 
әлеуметтік педагог. Сондықтан «Әлеуметтік педагог» ұғымымен 
«тәрбиелеуші» ұғымы егіз деп айтуға болады. 
Қазіргі уақытта әлеуметтік педагог лауазымы көптеген мек-
тептерде енгізілді. Әлеуметтік педагог – тарихи және мәдени 
дәстүрлерді ескере отырып, гуманизм қағидалары негізінде педа-
гогтар мен ата-аналардың қызметін ұйымдастырып, оқушылар-
дың әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі дамуына жағдай жасайтын 
мектеп қызметкері. 
Әлеуметтік педагог – бұл диагностика нәтижесінде алынған 
мәліметтердің негізінде мектептің әртүрлі мамандарының педа-
гогикалық іс-әрекетінде оларды іске асыру үшін әдістемелік ұсы-
нымдар мен әдістеме әзірлей алатын маман. 
Әлеуметтік педагог – әртүрлі балалармен, жастармен және ере-
сектермен тәрбие жұмысын әлеуметтік мәдени ортада ұйымдас-
тыратын маман (отбасы, оқу орны, мектепке дейінгі мекеме, бала-
лар үйі, баспана, еңбек ұжымы, қосымша білім беру мекемесі және 
т.б.). Әлеуметтік педагог жеке тұлғаның психологиялық-педаго-
гикалық ерекшеліктерін және оның қоршаған шағын ортасын зерт-
тейді, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, мінез-құлқындағы 
ауытқуларды, даулы жағдайларды анықтайды және уақтылы әлеу-
меттік көмек және қолдау көрсетеді, клиенттердің құқықтары мен 
бостандықтарын іске асыруға, өмірі мен денсаулығын қорғауды 
қамтамасыз етуге ықпал етеді. Әлеуметтік педагог – көмекке мұқтаж 
адамдарға педагогикалық, психологиялық, психотерапиялық, әлеу-
меттік көмек көрсету мәселелерінде құзыретті маман. 
Әлеуметтік педагогтың қызметі әлеуметтік тәрбие және 
әлеуметтік-педагогикалық қорғау міндеттерін шешуге бағыттал-
ған. Әлеуметтік педагогтың жалпы білім беретін мектептегі мис-
сиясы – өмірдің барлық жас кезеңінде адамның тәрбиесіне, біліміне, 
әлеуметтік қолдауына ықпал ету. Ол «оның дамуының әлеуметтік 
жағдайын» қоса алғанда адамды зерттейді, қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет