Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері



Pdf көрінісі
бет8/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері 
 
2-кесте 
Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері 
Міндеттері 
Мазмұны 


1. Әлеуметтік- 
ақпараттық көмек 
Балаларды әлеуметтік қамқорлық, көмек және 
қолдау, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер 
қызметі және олар көрсететін қызметтер спектрі 
мәселелері бойынша ақпаратпен қамтамасыз 
етуге бағытталған әлеуметтік-ақпараттық 
көмек. 
2. Әлеуметтік- 
құқықтық көмек 
Баланың құқықтарын сақтауға бағытталған 
әлеуметтік-құқықтық көмек, балалардың түрлі 
санаттарына құқықтық кепілдіктерді іске 
асыруға жәрдемдесу, балаларды тұрғын үй, 
отбасы – неке, еңбек, азаматтық мәселелер 
бойынша құқықтық тәрбиелеу. 
3. Әлеуметтік-оңалту 
көмегі 
Орталықтарда, кешендерде, қызметтерде және 
басқа да мекемелерде оған мұқтаж балалардың 
психологиялық, моральдық, эмоциялық жай-
күйі мен денсаулығын қалпына келтіру 
бойынша оңалту қызметтерін көрсетуге 
бағытталған әлеуметтік-оңалту көмегі. 


19 


4. Әлеуметтік- 
экономикалық көмек
Жәрдемақы, өтемақылар, бір мезгілдегі 
төлемдер, балаларға атаулы көмек алуға, 
жетімдерді, балалар үйлерінің түлектерін 
материалдық қолдауға бағытталған әлеуметтік-
экономикалық көмек. 
5. Медициналық-
әлеуметтік көмек 
Ауру балаларды күтуге және олардың 
денсаулығының алдын алуға, кәмелетке 
толмаған балалардың маскүнемдігінің, 
нашақорлығының алдын алуға, тәуекел 
тобындағы отбасылардағы балалардың 
медициналық-әлеуметтік патронажына 
бағытталған медициналық-әлеуметтік көмек. 
6. Әлеуметтік-
психологиялық көмек 
Бала дамитын отбасында және
микросоциумда қолайлы микроклимат жасауға 
бағытталған әлеуметтік-психологиялық көмек, 
үй ортасындағы, мектеп ұжымындағы 
жағымсыз әсерлерді, қоршаған ортамен
қарым-қатынастағы, кәсіби және жеке өзін-өзі 
анықтаудағы қиындықтарды жою. 
7. Әлеуметтік- 
педагогикалық көмек 
Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу 
құқығын іске асыру үшін қажетті жағдайлар 
жасауға, қараусыз және қадағалаусыздықты 
тудыратын педагогикалық қателер мен 
жанжалды жеңуге, балалар тәрбиесінің 
дамуын қамтамасыз етуге бағытталған 
әлеуметтік-педагогикалық көмек. 
Әлеуметтік педагог сипаттамасына мынадай біліктілік қыз-
меттер кіреді: 
 
«Білім туралы» заңын, «Бала құқықтары» туралы конвен-
цияны, нормативтік актілерді, білім беру мекемесінің ішкі тәртіп 
ережелерін басшылыққа алу; 
 
мектеп жасындағы барлық балалардың есебін және оқу-
шылар қозғалысын жүргізу; 
 
әкімшілікпен бірге әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың 
басым бағыттарын бөліп, әлеуметтік педагог жұмысының мазмұ-
нына сәйкес балалармен және жасөспірімдермен, ересек контин-
гентпен жұмыстың нақты міндеттерін тұжырымдау; 


20 
 
оқушылардың құқықтарына нұқсан келтіретін шешімдер 
қабылдауға кедергі жасау; 
 
өз құзыретілігінің шегінде мәселелерді қарау және ше-
шімдерді қабылдау; 
 
үнемі өз біліктілігін арттыру, жаңа құқықтық ақпаратқа 
ие болу, оқу орнында, отбасында балалар мен жасөспірімдердің 
мүдделерін қорғау, заң шығарушы және атқарушы органдарда 
балалардың мүдделерін таныстыру және қорғау; 
 
орындалған жұмысты жоспарлау және мерзімдері мен 
есеп беру формасын сақтап отырып, тіркеп жазу, жұмыс нәтиже-
лері туралы оқу орнының әкімшілігіне де, педагогикалық кеңе-
сіне де есеп беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет