Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет59/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

 
 
 
Тәжірибелік сабақ
 
 
 
«Жеке тұлғалық өсуді болжау» жаттығуы 
Когнитивті-феноменологиялық бағыттың өкілдері тұлғаны
оның өзгерістерін өзінің ішкі әлемі, «ішкі шындық» тұрғысынан 
қарастыруды ұсынады. Бүкіл өмірлік тәжірибе, сондай-ақ бола-
шақ мағыналар мен құндылықтар, сенімдер жүйесі түрінде ша-
ғын теорияларда бекітіледі, сонымен қатар олар адамның қабыл-
дауын және түсінігін реттейді, қоршаған әлемнің түсіндірілуін, 
ондағы субъектінің іс-әрекетін анықтайды. Жеке тұлға өзінің тео-
риясынан ыңғайланған, өзара келісілген, болжалды және түсінік-
ті әлем теориясын жасауға тырысады. Өркендеген әлемнің жеке 
тұлға концепциясына өзін жолы болғыш және мінсіз деген тұжы-
рымдама да сәйкес келеді. Тек субъектінің өзі өзінің жеке теория-
сын өзгерте алады, оны нақтырақ етеді, басына түскен қиындық-
тарды өмірдің бір бөлігі ретінде қайта қарастырады, ал өзгерген 
соң оларды шешуді үйренеді. 
Баламен бірге жеке тұлға дамуының баспалдақтарын жа-
саңыз
(жас аралығын өзіңіз таңдаңыз: 5, 7, 10 жас), сонымен қа-
тар оған басқа адамдармен серіктестікті, өздігінен білім алу 
курстарын, өзімен жұмыс істеуді қосыңыз. 
 


110 
Жаттығу «Жеке тұлғаны қалыптастырудың құндылық-
тық тәсілі» 
 
Психологияда жеке тұлғалық өсудің тетіктері мен психоло-
гиялық құрылымдары
қарастырылған. Әрекеттік-жеке тұлға-
лық әдіс
жеке тұлғаның негізгі құрылымдық құрамдас бөлікте-
ріне сәйкес келетін келесі элементтерді таңдауды ұсынады: 
– 
өзін-өзі тану; 
– 
өзін-өзі ынталандыру; 
– 
кәсіби және тұлғалық өсуді бағдарламалау; 
– 
өзін-өзі іске асыру (өз мүмкіндіктерін аша білу). 
1. Өзін-өзі тану.
Жеке тұлғалық өсуді ойдағыдай ұйымдас-
тыру үшін өзіңіздің қабілеттеріңізді, күшті және әлсіз жақтары-
ңызды түсінуіңіз керек, яғни өзін-өзі тану қажет, оған келесі не-
гізгі әдістер кіреді: өзін-өзі бақылау, өзіндік сана, өзіндік қаты-
нас, өзіндік талдау, өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі тану – өзі туралы аз 
білімнен толығырақ білімге, оны жетілдіру, тереңдету және т.б. 
арқылы үздіксіз ұмтылыста көрінеді. 
Өзі туралы білімдегі өзгерістердің сабақтастығын анықтай-
тын негізгі шарт – бұл нағыз нақты іс-әрекеттің динамикасы және 
басқа адамдармен өзара әрекеттесу. 
Айналадағы әлеуметтік және өндірістік жағдайларда дәлме-
дәл бейімделудің жедел қажеттілігіне байланысты, ең алдымен, 
мінез-құлықты неғұрлым дифференциалды реттеу мақсатында 
адам үнемі өзінің «Мен»-іне, жетілдірілген, өзі туралы білімге 
жүгініп отыруы керек. 
Адамның өзін-өзі тануы, көп жағдайда, өзіндік қатынасты 
өзін-өзі тануға өзгерту үдерісі болып табылады. Өзіндік қатынас 
– бұл «Мен тұжырымдамасы». Субъектінің мінез-құлқының қа-
лыптасуына оның өзін-өзі бағалауы – оның жеке басының ерек-
шеліктері туралы танымдық идеялардың қоспасы, сыни тұрғыдан 
түсіну және оларға деген эмоционалды-құндылық қатынасы әсер 
етеді. Өзін-өзі бағалау өзін-өзі танудың өнімі ретінде оның да-
муының маңызды шарты, сәті болып табылады. 
Әртүрлі танымдық және қатысымдық міндеттерді шеше оты-
рып, біз әрқашан өз мүмкіндіктерімізді бағалаймыз, оларды нақ-
ты жағдайлармен байланыстырамыз, содан кейін әрекеттер тура-
лы шешім қабылдаймыз. Өз кезегінде әрекеттер, қылықтар сана 
мен жеке тұлғаның дамуын анықтайды. 


111 
Осылайша, өзін-өзі бағалаудың жеткіліксіздігі ақпарат қа-
былдау талғамында, іс-әрекетті өз көзімен бағалауды төмендетуі 
мүмкін ақпаратты қабылдамай тастау кезінде көрінеді. Өзін-өзі 
әсіре бағалау, өз денсаулық жағдайы, еңбекке қабілеттілік дең-
гейі мен кәсіби шеберлігін дұрыс бағалай алмау қызметкердің 
күйзеліс жағдаяттарына тап болуына, іспен айналыса алмауына 
әкеледі. Өзін-өзі бағалаудың төмендігі өзіне сенбеуді тудырады, 
сонымен қатар белсенділікке теріс әсер етеді. 
Бұл мәселені бірнеше әдістердің көмегімен шешуге болады: 
– 
өзіңізді, өзіңіздің жеке қасиеттеріңізді және жеке ерекше-
ліктеріңізді оның қасиеттері мен басқа адамдардың қасиеттері 
арасындағы сәйкессіздік дәрежесін сипаттайтын, өзін-өзі тәрбиелеу 
бағытын белгілейтін нақты шкаламен (межелікпен) салыстыру; 
– 
өзіне деген сенімділікті қалыптастыратын жағымды қа-
сиеттерді анықтау және тиімдірек қолдану; 
– 
өз қабілеттерін, мінез-құлқын неғұрлым дәлме-дәл баға-
лауды қалыптастыру; 
– 
өз қателіктерін көру, іс-әрекеттеріндегі кемшіліктерді 
анықтау, оларды мойындау. 
2. Өзін-өзі ынталандыру
өзін-өзі дамытудың кәсіби және 
тұлғалық, ішкі ынталандыруына ықпал ететін тәсілдерді қолдану 
қабілетін қамтиды. 
Негізгі тәсілдерді бөліп көрсетуге болады: өзін-өзі сынау, 
өзін-өзі ынталандыру, ерікті әдістер (өз-өзіне бұйыру, өзін-өзі 
міндеттеу, өзін-өзі мәжбірлеу). Өзін-өзі ынталандыру жеке тұл-
ғаның даму деңгейіне байланысты. 
Педагогтар үшін өзін-өзі ынталандырудың маңызды және 
тиімді тәсілі өзін-өзі сынға алу және ерікті әдістерді қолдану бо-
лып табылады. 
3. Кәсіби және тұлғалық өсуді бағдарламалау. 
Қажеттіліктен 
өзін-өзі жетілдірудің нақты іс-шараларына ауысу осы іс-әрекет-
тің жолдары, құралдары мен әдістерін анықтай отырып, мақсат-
тар мен міндеттерді қалыптастыруды көздейді. Мұны әртүрлі 
жолмен жүзеге асыруға болады, оны таңдау жеке тұлғаның жеті-
лу деңгейіне байланысты болады. Бұл кәсіби дамудың жеке бағ-
дарламасы, жеке тұлғалық қасиеттерін түзету, жаңа біліктер мен 
дағдыларды дамыту болуы мүмкін. Мұнда қиындықтар туын-
дауы мүмкін, бағдарламаны жасау кезінде тәжірибелік психолог-
тың көмегі қажет. 


112 
Бағдарламаларды жасаумен өзін-өзі дамытуды ұйымдасты-
рудың дайындық кезеңі аяқталады және келесі тетік бізге жос-
парланғанды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
4. Өзін-өзі іске асыру (өз мүмкіндіктерін аша білу).
Өзін-өзі 
іске асыру техникасының үш негізгі элементі бар: біріншісі –
ұйымдастырушылық-басқарушылық сипаттағы тәсілдер, екінші-
сі – интеллектуалды дамуға бағытталған, үшіншісі – психикалық 
күйлердің өзін-өзі реттеуі. 
Күнделікті өмірде бағдарламаны тәжірибеде жүзеге асыру 
кезінде қиындықтар туындайды. Кейбіреулер алдына бірнеше 
мақсат қояды, бірақ олардың жүзеге асырылуы сирек кездеседі. 
Жеке тұлғаның қасиеттері белгілі бір күйлердің, іс-әрекеттердің, 
жағдайлардың көп қайтара қайталануы нәтижесінде ғана қалып-
тасады, өзгереді, сондықтан өзін-өзі жаттықтыру ең маңызды құ-
рал болып табылады. Өзін-өзі дамытуды бақылау және қадағалау 
қажет, бұл ауытқуды байқауға мүмкіндік береді. 
Интеллектуалды дамудың негізінде сіздің назарыңызды, есте 
сақтау қабілетіңізді және ойлауды басқарудың тәсілдері жатыр. 
Психикалық күйлердің өзін-өзі реттеуі де маңызды. 
Адам қаншалықты әлеуметтік жетілген болса, солғұрлым 
өзін-өзі дамытуға қабілетті. Өмір және кәсіби міндеттер мен оған 
қойылатын талаптардың өсуі өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін кү-
шейтеді. 
Толық дамыған және кемелденген жеке тұлға рөліне ешбір 
адам ие бола алмайды. Өзін-өзі дамыту – бұл қол жеткізуге бола-
тын мақсаттан гөрі үздіксіз үдеріс. 
Балалар үйіндегі жоғары сынып оқушысын таңдаңыз және 
тұлғаның негізгі құрылымдық құрамдас бөліктері (өзін-өзі тану, 
өзін-өзі ынталандыру; кәсіби бағдарламалау жәнежеке тұлға-
лық өсу; өзін-өзі жүзеге асыру) бойынша жеке тұлғаны қалып-
тастырудың кешенді бағдарламасын әзірлеңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет