106
«Қатысымдық хат»
Өз ойларын жазбаша түрде жазуға
негізделген жеке тұлға-
ның адамгершілік белсенділігінің құндылығын бағаламауға бол-
майды, өйткені тұлғаның адамгершілік дамуының басты шарты –
адамның өз ішкі әлеміне енуі, өз өмірлік тәжірибесін белсендіруі,
адамгершілік сезімдерін, эмоцияларын, ойларын оятуы, олардың
көрінісі – өзін-өзі бақылау және ішкі күйлерді, әрекеттерді өздігі-
нен талдау. Жоғары дәрежеде мұндай мүмкіндік бала тапсырма-
ны орындау кезінде бір бет қағазбен және өзінің ойлары мен се-
зімдерін жасырмай сенетін үнсіз әңгімелесушімен оңаша қалған-
да жасалады. Оқыту үдерісінде өзіне тереңдеудің осындай жағ-
дайларын жасау қажет. Тек содан кейін, егер мұндай қажеттілік
пен мүмкіндік бар болса, басқалармен өз жаңалықтарымен бөлісу
керек. Қатысымдық хат деген аталыммен
біріктіруге болатын
бірнеше тәсілдер бар. Мұндай тәсілдердің негізінде өзіне және
басқаларға жолданатын хабарлама жатыр.
«Аяқталмаған сөйлем»
Балаларға өздері аяқтауы керек сөйлемдер беріледі. Сөйлем-
дер бірінші жақтан құрылуы мүмкін,
бұл жағдайда бала сипат-
талған жағдайдағы өзінің әрекеттерін, ойларын, сезімдерін анық-
тауы керек.
Үшінші жақтан құрылған сөйлемдер оқушыны басқа адам-
ның іс-әрекетін анықтауға итермелейді,
бұл жағдайда бала өзінің
іс-әрекет тәсілін, осындай жағдайда туындайтын ойларын, сезім-
дерін басқа адамның мінез-құлқымен көрсететін сияқты болады.
Сонымен, адамдарға балаларды мейірімді, жанашыр, қамқор
болуға жетелеу үшін біз келесі тапсырмаларды ұсына аламыз:
Сыныпта ешкім жақсы көрмейтін бір бала бар еді, менің ...
Дүкеннің кассасында ақша жоғалтқан бір қыз жылап тұрды.
Мен оған көмектесе алатын ақшам болмады. Мен ...
Достарыңызбен бөлісу: