127
жоспар (өз суреттері немесе жиынтықтағы суреттер) құруды, ер-
теңгі күнгі жоспарын және оның жұмысын қалай жүргізетінін
ауызша айтуды сұрайды.
Гиперактивті мінез-құлықпен жұмыс әдістері:
«Бір сәт үнсіздік» әдісі
Әдістің психологиялық мәні баланың өз әрекетін еркін рет-
теуі қажет және мәселені туғызу болып табылады. Ережеге бағы-
ну, оның орындалуын бақылау; сонымен қатар бұл әдіс нұсқау-
лықтарды тыңдап үйренуге бағытталған (сөйлеуге көңіл бөлу)
және оларды қатаң ұстануға, әрекеттің бір түрінен
екіншісіне
ауысу, демалу, ауыса білу.
Қозғалыс ырғағының әдісі
Әдіс функционалды өзара әрекетті қалыптастыруға бағыт-
талған: есту қозғалыс координациясын қалыптастыру.
Қимылдардың өз бетімен реттелуі, есту қабілетінің реттелуі,
ритмді сезінудің дамуына бағытталған.
Бала нақты бір қимылды орындайды (қолдарын
көтереді
және түсіреді, қолдарын екі жаққа созады, бөлме ішінде жүреді
және т.б.). Мұғалімнің ауызша нұсқаулықтары бойынша (ата-ана,
психолог) жылдамдық қосады немесе баяулайды. Алдымен,
барлық қозғалыстар балаға берілген ырғақпен орындалады. Бұл
музыкалық ритм, ритмді мұғалімнің қолымен шығару және т.б.
болуы мүмкін. Содан кейін бала өзі үшін ырғақты белгілейді
және өзінің ырғағымен қозғалады (қолды шапалақтау, «бір, екі,
үш» санау, т.б.))
«Ұқыпсыз үй иесі» әдістемесі
Бала екі алақанын біріктіреді. Баланың алақанына үрмебұр-
шақ салынады (сабақтың кейінгі кезеңдерінде – бұршақ, күріш,
тары). Бұл – материалдың «болжамды жұмыс көлемі», сабақ ба-
ланың назарын, ақыл-ой әрекетінің дамуына сәйкес келеді.
Содан кейін нұсқау беріледі: «Алақандарыңды аш. О, біз не
істедік! Кел бірге жинайық. Кім жылдам?
Бірақ бұршақты екі
саусақтың көмегімен жинап, қорапқа сал!» Күріш
пен тарыны
салымдап үш саусақпен жинау.
Бұл жаттығу әдемі жазуды қалыптастырады және қажетті
қозғалыс
операцияларын дамытады, сонымен қатар іс-әрекетті
еркін реттеуді және ерікті көңіл бөлуді, визуалды, тактильді, ки-
нестетикалық, проприоцепторлық, сенсорлық жүйелердің өзара
128
әрекеттесуі, бұлшықет тонусының реттелуі дамиды. Жаттығуды
әртүрлі
қолдармен кезек-кезек орындау, оң және сол ми сыңа-
рының аралық өзара әрекеттесудің дамуын қамтамасыз етеді.
Оқытудың динамикасын бақылау үшін жаттығу уақытын өлшеу
керек.
Достарыңызбен бөлісу: