135
аз қамтылған отбасылар қажет етеді. Сәтсіз отбасыларға әлеу-
меттік-педагогикалық қолдау, әлеуметтік көмек түрлері анық
түрде нәтижелі болуы шарт.
Әлеуметтік педагог қызметінің маңызы –
бала мен отба-
сындағы әлеуметтік мәселелердің шешімін тауып, үйлестіру. Мә-
селесі ауыр, өмірі қауіпті балаларды дер кезінде анықтау, бала-
ның әлеуметтік тұрақтануы үшін кедергі, қиындақтарды жеңу
және оған қолайлы жағдай жасау өз жұмысын дұрыс ұйымдас-
тыруда нәтиже береді.
Әлеуметтік педагогтың сәтсіз отбасымен істейтін жұмысы-
ның алгоритмі отбасымен жұмыс атқарудың бағыт-бағдарын
құруға мүмкіндік береді.
1-кезең: отбасыны зерттеу және
отбасындағы мәселелерді
ұғыну.
2-кезең: сәтсіз отбасының тұрмыстық жағдайларын қарап,
танысу.
3-кезең: отбасы мүшелерімен және оның айналасындағы
адамдарымен танысу, балалармен әңгімелесу, олардың өмірінің
жағдайын бағалау.
4-кезең: отбасыға көмек көрсетудің бағыт-бағдарын анықтау.
5-кезең: сәтсіз отбасылардың себебін, оның ерекшеліктерін,
құндылық бағыттарын зерттеу.
6-кезең: отбасы мүшелерінің жеке ерекшеліктерін зерттеу.
7-кезең: отбасы картасын құру.
8-кезең: барлық қызығушылық танытқан ұйымдармен коор-
динациялық әрекет ету (білім беру мекемелері, мектепке дейінгі
білім беру мекемелері, әлеуметтік түзету орталығы, отбасыларды
қорғау орталығы, жетімдер үйі, ішкі істер бөлімі және т.б.).
Осы жағдайларды ескеріп, отбасыларға мына бағытта көмек
түрлерін үйымдастыруға болады:
–
ата-аналарға дөңгелек үстел;
–
ата-аналар жиналыстары;
–
ата-аналар сайыстары;
–
психологпен жеке кеңес;
–
дәрістер, пікірталас, рөлдік ойындар, тренингтер;
–
ашық есік күні;
–
ашық сабақтар және іс-шаралар;
136
–
отбасындағы қарым-қатынасқа байланысты психология-
лық-педагогикалық көмек және
ата-аналармен педагогикалық
ағарту жұмысы;
–
оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыруда жазғы
лагермен қамтылуын ұйымдастыру.
Бұл бағытгағы жұмыстар нәтижелі болуы үшін әлеуметтік
педагогқа көмек көрсететін ұйымдар:
1)
жергілікті әкімшілік;
2) отбасыларға көмек көрсететін аймақтық қызмет орталықтары;
3) медициналық сала;
4) құқық қорғау ұйымдары;
5)
білім және тәрбие орталығы;
6) жеке кәсіпкерлер, демеушілер;
7) кәсіподақ ұйымы.
Біріншіден, әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларды анықтау.
Екіншіден, көмек көрсету, жеңілдіктер, балаларға төленетін
жәрдемақы. Яғни тегін ыстық тамақпен қамту, жалпыға бірдей
білім
беру қорынан киім, оқу құралдарымен қамту, балаларға
төленетін жәрдемақының уақытылы төленуі, аз қамтылған отба-
сындағы балаларға жеңілдіктер жасау, қалалық, мектепішілік ша-
раларға тегін қатыстыру, мектеп ұжымының өтінішімен қалалық
әкім жағынан бір рет берілетін жәрдемақыға іліктіру.
Үшіншіден, аз қамтылған отбасы балаларына ерекше мән бе-
ріліп, тіркеуге алынған оқушыларға мектеп медбикесі мен дәріге-
рінен көмек, созылмалы ауруға ұшыраған балаларды бақылауға
алып, диспансерлік көмекті ұйымдастыру.
Төртіншіден, отбасындағы бала тәрбиесінде қиын жағдайда
отырған отбасыларға көмек көрсететін демеушілер табу.
Бесіншіден, педагогтардың
отбасыларға баруы отбасымен
педагогикалық ұжымның арасындағы қарым-қатынасты қалып-
тастыру.
Алтыншы, қайырымдылық көмек ұйымдастыру аз қамты-
лған отбасы балаларының мектепке, педагогикалық ұжымға де-
ген ынтасын көтеру.
Жетінші, отбaсының демалысын,
оқушының бос уақытын
тиімді ұйымдастыру мақсатында мектепішілік шаралар, жазғы
лагерьмен қамту, топтық саяхаттар, өлкетану саяхаттарын ұйым-
дастыру.