Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет79/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

 Т.Е. Дауд 
 Фобия
дегеніміз не? «Фобия» сөзі көне грек мифологиясын-
дағы қорқыныш құдайы Фобостың (Phobos) атымен байланысты. 
Ежелгі гректер жаудың бойында үрей тудыру үшін Фобостың 
бейнесін бетперделері мен қалқандарына бейнелеген. Фобия – 
бейрационалды, белгілі бір дене, құбылысқа байланысты тұрақ-
ты және негізсіз үрей, қауіп, қорқыныш. Фобия нысаны туралы 
ойлар мен оның салдары, тұлға бойындағы қолайсыз сезімдер 
үрейдің пайда болуына алып келеді, жеке тұлғалар бұл сезімдер-
дің, қорқыныш нысандарының зияны жоқтығын түсінсе де, 
қауіптің алдын алу үшін ықтималды әрі дұрыс шешімнен қашу 
деп санайды. 
Әлеуметтік фобия. 
Жауапты күн, маңызды емтихан, көптен 
күткен кездесу, мәртебесі жоғары тұлғамен сұхбаттасу, көпшілік 
алдында сөз сөйлеу және т.б. жаңа және маңызды жағдай кезін-
дегі қобалжу мен үрей кез келген адамға таныс сезім.  
Үрей барлық ресурстарды іске қосып, жағымды функция-
ларды атқарады, жауапкершілігін арттырады, кездесулерге ал-
дын ала дайындалуға ықпал етеді. Дегенмен шамадан тыс үрей 
қажет ресурстарды іске қосудың орнына оларды тежейді, әлеу-
меттік белсенділікті баяулатады және жағымсыз сезімдер пайда 
болады.


149 
Қатты үрей кезінде қорғаныш механизмдері іске қосылып
субъект әлеуметтік жағдаяттардан қашады.
Әлеуметтік жағдаяттардан қашуға алып келетін үрей, қорқу 
әлеуметтік фобия деп аталады. Әлеуметтік фобия (социофобия) 
қоғам алдындағы қорқыныш деп аударылады.
Әлеуметтік қорқыныш формалары алуан: бағалаудан қорқу, 
сұрақ қоюдан қорқу, беделді адамдардан қорқу, «жоқ» деп айту-
дан қорқу, танысудан қорқу, қателік жасаудан қорқу және т.б. 
әлеуметтік фобиясы бар тұлғалардың қорқыныш нысаны бірдей 
емес, тіпті қарама-қарсы болуы мүмкін. Мысалы, кейбір тұлға 
көпшілік назарында болудан, ал біреулері көпшіліктің назарына 
ілінбеуден қорқады. 
Әлеуметтік қорқыныштың (әлеуметтік фобия) пайда болу 
себептері тұлғаның әлеуметтік нысандары мен жағдаяттарға қа-
рым-қатынасына тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет