150
Оны келесідей түсіндіруге болады: кез келген үрей, қорқыныш
пен тұлға арасындағы қарым-қатынас «күрес-қашу»
принципі
негізінде жүзеге асады.
Қорқыныш кезінде тұлға қашады, ал үрей
кезінде қашуға
әрекет жасайды, соқтығыспауға тырысады. Үрей пайда болғанда
қашу сезімі де пайда болады (қашу нысаны белгісіз болса да).
Қорқыныштың белгілері = физиология + ойлар + іс-әрекет
Физикалық белгілері:
1) жүрек қағысы мен тамыр соғысының жиі соғуы;
2) жиі тер бөлінуі;
3)
әлсіз дене тітіркенуі;
4) ауаның тарылуы;
5) жүрек айнуы немесе асқазан-ішек жолының бұзылысы;
6)
естен айырылудан қорқу;
7) жалған сезім (ұйып қалу немесе шаншу);
8) дене ыстығының көтерілуі және қалтырау.
Ойлар: Қауіп қайда? Кім кінәлі?
Іс-әрекет: агрессия және қашу.
Жағымсыз ойлар үрей мен қорқыныштың дамуына ықпал
етеді.
Әлеуметтік фобияның салдары:
Т.С. Павлов бойынша әлеуметтік фобия төмендегідей мінез-
құлық ауытқуларына алып келеді:
жалғыздық;
ажырасу;
суицид;
ішімдікке тәуелділік;
әлеуметтік қарым-қатынастың төмендеуі;
әлсіз әлеуметтік қолдау;
изоляция.
Достарыңызбен бөлісу: