Әлеуметтік фобия жастарға тән індет
Соңғы уақытта жүргізіліп отырған эпидемиологиялық зерт-
теулердің әлеуметтік фобияның жастар популяциясына тән індет
екенін анықтады.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы зерттеулерінің нәти-
жесі бойынша 11-20 жас аралығындағы жастардың 1/8-і әлеу-
меттік фобиямен ауырады екен.
Алғаш болып, бұл тұжырымды келтірген Ф. Зимбардо бола-
тын. Ол 1979 жылы әлеуметтік үрейдің студенттерге тән құбы-
лыс екенін дәлелдеген болатын (оның сауалнамасының нәтижесі
бойынша, студенттердің 80 %-ы әлеуметтік фобияға тән қорқы-
ныш сезімімен, ал 40 %-ы әлеуметтік фобия белгілерімен таныс
екені анықталды).
Қазіргі уақытта әлеуметтік үрей мен қорқыныш ерте жас,
5-11 жас аралығындағы пайда болады. Бұл балалардың білім
ордасына келуімен және бастауыш сыныптардан жоғары сынып-
тарға өту кезеңімен байланысты. 10 жасқа дейінгі балалардың
40 пайызында, 20 жасқа дейінгілердің 95 пайызында әлеуметтік
үрейдің белгілері анықталды.
Бірінші сынып оқушылары үшін «жат ортаға» бейімделу
қиын, ал әлеуметтік қорқынышы бар білім алушылар үшін бұл
процесс өте ауыр: «зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, мектепке
барудан бас тартатын 40 %-ға жуық бірінші сынып білім алушы-
ларының 30 %-ында әлеуметтік фобия байқалған. Дұрыс қалып-
таспаған әлеуметтік қарым-қатынас механизмдері ересек өмірде
маңызды салдарға алып келеді.
15-24 жас аралығында (өтпелі кезең) бала уақыттағы әлеу-
меттік үрей ұлғайып, әлеуметтік фобияға айналады. Дәл осы
153
уақытта қыздар мен жігіттерде қазіргі және болашақта болатын
өзгерістерге бейімделу процесі жүріп жатады: мамандық таңдау,
жоғары оқу орнына түсу, жаңа адамдармен танысу, студент болу
және т.б.
Студенттердің әлеуметтік қорқыныштары:
– аудитория алдында қорқыныш;
– экзамен тапсырудан қорқыныш;
– төмен бағалану;
– мұғалімнің пікірі;
– құрдастарының алдында мазаққа қалу және т.б.
Әлеуметтік фобия жалқы және жалпы болып бөлінеді:
–
жалқы әлеуметтік фобия дегеніміз – нақты бір объект,
дене, құбылыс, жағдайдан қорқу;
–
жалпы әлеуметтік фобия дегеніміз – топ, ұжым, ортадан
қорқу.
Әлеуметтік фобиясы бар тұлға нақты адам немесе топ мүше-
лерінен қорықпайды, ол өзіне маңызды әлеуметтік жағдайлардан
қорқады.
Мұндай тұлға қоршаған ортаның дұрыс бағаламау, орынсыз
сын-пікір, теріс ойларынан қорқады. Бұл тұлғаның бейімделу
процесіне теріс ықпалын тигізеді.
Біріншіден, әлеуметтік фобиясы бар тұлға жақсы білім алып,
жұмыс істеу мүмкіндіктерін төмендетеді, ал бұл жағдайдың сал-
дарынан туындаған өкініш тұлғаның ішкі үрейі мен қорқыны-
шын еселейді.
Екіншіден, қауіптен қашу стратегиясын ұстанған субъект
ішімдік және психо белсенді заттарды « шынайы өмірден қашу
құралы
» ретінде пайдаланады. Бұл құралдардың әсері уақытша
және әлсіз болғанымен, салдары ішімдікке және есірткіге тәуел-
ділікке алып келеді.
Әлеуметтік қорқыныш – көпшілік ортасында жүрген мамандарға
тән құбылыс. Мысалы, әншілер, танымал адамдар. А. Бек, А. Раш, Б.
Шо, Г. Эмеридің еңбектері мұның айқын дәлелі, олар 1600 кәсіби му-
зыкантқа зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу нәтижесі бойынша
әр он оркестр мүшесінің екеуі жүйкеге арналған дәрі қолданады,
22 %-ында ұзақ уақыт бойы қорқыныш сезімі болса, оның 28 %-ы
депрессияға шалдыққан, 40 %-ы ұйқысыздыққа шалдыққан, бүкіл
оркестрдің 3/4-нің үрейі олардың ойынына ықпал етеді, 6 % қобалжу-
ды басу үшін ішімдік қабылдайтынын айтты.
154
Мектептегі немесе студенттік өмір де – көпшілік ортасында
жүруді талап ететін көп жылдық мамандық. Студент немесе оқу-
шы күнде әртүрлі аудитория, орта, мұғалім, жағдаяттармен кез-
деседі және әр жағдайда ол шешім қабылдап немесе бағалану қа-
жет.
Білім алушылардың оқу-тәрбие процестерінде жиі туындай-
тын әлеуметтік қорқыныш түрі – аудитроия алдында сөйлеу. Ол
бағалаудан қорқынышпен байланысты. Оның себебі өзін жоғары
бағалау және қоршаған ортаның тұлғаға қатысты жоғары ойына
сенім («Мен әрқашан сенімді және әдемі сөйлеуім керек», «Мен
ешқашан ішкі сенімсіздігімді көрсетпеуім керек», «Егер менің
қорқынышымды байқаса, онда мені әлсіз деп санайды»).
Көпшілік алдында сөйлеуден қорқатын оқушыға ұсыныс:
1. Өз сезімдеріңіз жайлы айтыңыз. Мысалы: «Құрметті оқу-
шылар / достар, мен бүгін сәл қобалжып тұрмын». Аудиториямен
өз қобалжуларыңызбен бөлісу және олардың ойы мен бағасы сіз
үшін маңызды екенін айту аудиториямен сенім қарым-қаты-
насын құруға көмектеседі.
2. Аудиторияда сізді мұқият тыңдап отырған 2-3 тыңдар-
манға назар аударыңыз. Олардың көзқарасы сіздің эмоцияңыз-
дың тұрақты болуына көмектеседі.
3. Рөл сомдау. Өзіңізді бір актер, жазушы немесе саясаткер
орнына қойыңыз. Өзгенің рөлін ойнау бойдағы ұяңдықты бұзып,
белсенді қызмет атқаруға көмектеседі. Айта кететін жағдай, тұл-
ға атақты және сенімді тұлғаның рөлін ойнағанда оның дауыс
ырғағы мен өзін ұстау мәнері өзгереді.
4. Үреймен бөлісу. Жауапкершілікті бөлісу арқылы сіз сәт-
тілік тек сізден ғана емес тыңдармандарға да байланысты екенін
түсінесіз.
5. Денені басқару. Өзін еркін ұстау үшін дұрыс дем алу қа-
жет. Ол үшін өз денеңнің әрбір бөлшегін тыңдау маңызды.
Мұғалімдерге нұсқаулық:
Студенттердің әлеуметтік белсенділігі мен батылдығын ма-
дақтау, оқу-тәрбие процесіндегі жағдаяттарға белсене қатысуын
қадағалау. Сыртқы әлеуметтік мадақтар жеңістің моделін бекі-
теді (мысалы, студенттің жеңісін газет, журнал, әлеуметтік желі,
оқу орнының хабарлама парақшаларынан көрсету).
155
Студенттерге нақты нұсқаулық беру қажет. Үрей білім алу-
шының ақпаратты қалай қолдану қажеттілігін білмеген және кез-
дейсоқ оқиғаларды басқара алмаған жағдайда туындайды. Сон-
дықтан білім алушының уақыты мен ақпаратын, құрылымын ал-
дын ала анықтап, басқару маңызды.
Студенттерді қолдау үшін вербалды емес құралдарды пайда-
ланған дұрыс (жест, мимика арқылы). Егер білім алушының пікі-
рі қате болса, онда оның дұрыс айтылған сөздерін қайталап, өз
пікірімен бөлісуде танытқан батыл әрекеті үшін мадақтаңыз. Бұл
қате пікірдің де жағымды тәжірибе екенін үйренуге итермелейді.
Білім алушыларды бағалауде кез келген сын-пікірдің тұлға-
лық болмысы емес, жеке іс-әрекеттеріне ғана қатысты болу қа-
жет. Әрқашан кері байланыс болу керек, білім алушыларды сы-
науда оның жағымды жақтары мен мадақтауға тұрарлық тұста-
рын анықтап жеткізу маңызды.
6. Мадақтау да білім алушының жеке іс-әрекеттері мен қа-
сиеттеріне, кәсіби деңгейіне байланысты, яғни орынды болу қа-
жет.
7. Қорытынды жасауға дағдыландыру, қателік пен жеңіліс-
тің позитивті тұстарын табуға бағыттау.
8. Әркімнің қателік жасауға құқығы бар және оның салдары
болашақ оқиғаларға ықпал етпейтінін түсіну.
9. Ой, жағдай, сезімдерді ажырата білу, үрей туғызатын оқи-
ғаларды бағалау (пайызбен), жағымсыз салдарды ойлаудан ал-
шақ болу. Дж. Биик әлеуметтік қорқынышы бар тұлғаларға жеке
күнделік арнауды ұсынады. Бұл күнделікті болып жатқан оқиға-
лар мен іс-әрекеттерді талдап, қорытындылауға көмектеседі.
10. Жағдайларды бақылау сезімдерін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |