142
Күйбең тіршіліктің жетегінде жүріп, жиі еленбей жататын
қателіктерден арылғанда ғана сіздің шаңырағыңызға бақыт құсы
ұялап, отбасыңызда береке бірлік орнайды дегім келеді.
Ата-ана бала тәрбиесін жүргізуші, ықпал етуші болып табы-
лады, педагогикалық процесте
тәрбиені ұйымдастырушы деп
айта алмаймыз. Ата-ананың міндеті – ұстаздармен тығыз қаты-
наста болып, солардың ақыл-кеңесін тыңдап, балаға тиянақты бі-
лім, жақсы тәрбие беруге өз үлестерін қосу, тікелей ат салысу.
Отбасы – қоғамның негізі, әрбір отбасы – қоғам мүшелері, қоғам
мүшелері дұрыс тәрбиеленсе, ол қоғам мықты болады.
Себебі
бала үшін отбасы – ең жақын орта. Бала отбасынан жағымды өне-
гелерді үйренеді. Ата-тегін біліп, ата- баба мұраларынан сусын-
дайды. Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағ-
дайдың бірі – ұтымды тәртіп құру. Тәртіп – өмір шарты, еңбек
пен демалыстың кезектесіп өтуі,
талаптарды орындау, жақсы
әдеттерді қалыптастыру.
Тәртіп баланы жинақылыққа, тіл ал-
ғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын ны-
ғайтады, еңбек қабілетін жақсартады.
Отбасының ең негізгі
шарттары: еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану,
ұйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Осылар дұрыс ұйымдас-
тырылса, күн тәртібінде бала дағдыға, дағды әдетке айналады, ал
әдет келешекте бала қажетін қанағаттандырады.
Достарыңызбен бөлісу: