Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет88/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

«Тілек» 
Мақсаты:
Бірлік, достық, қолдауды дамыту, өзі мен өзгенің 
сезімдеріне мән беруді үйретеді. 
Барысы:
– 
ыңғайлы отырыңыз; өз денеңізді, ойларыңызды тыңдаңыз; 
– 
сіз жақсы көретін, қолдайтын жақын дос, туыс, сүйікті 
жануарыңызды еске алыңыз; 
– 
жануарды да біз дос дейміз; 
– 
досыңызды еске алғанда қандай сезімдер пайда болады; 
– 
пайда болған жылулықты сақтап, өзіңізге зейін аударыңыз; 
– 
«менде бәрі жақсы болсын», «менің денім сау болсын», 
«мен бақытты болайын» деп өзіңізге қолдау сөз айтып, демеуге 
болады; 
– 
әр сөз құдыққа лақтырған тас секілді, олардың дыбысы 
мен жауабын тыңдаңыз; 
– 
сезімдеріңізді мұқият тыңдаңыз, оларды сезінуге тыры-
сыңыз; 
– 
дайын болғанда дәл осы сөздерді қайта айтыңыз, бірақ 
өзіңіз емес туыстарыңыз туралы айтуға тырысыңыз; 
– 
өзгелерге жақсылық тілегенде денеңізде қандай өзгеріс-
тер болды, сізге ұнады ма? 
– 
өзге адамдардың шекарасын кеңейте беріңіз: көрші, та-
ныс, дүкендегі сатушы, бейтаныс адам және т.б.; 
– 
егер дайын болсаңыз үрей туғызатын адам мен нысанды 
да өзге адамдар тізіміне қосыңыз;
– 
оларды жақсы көруге тырысыңыз; 
– 
жаттығуды «барлық адамзат бақытты болсын» деп аяқтаңыз.
Жаттығу барысында пайда болған ой, сезім, үрей, денедегі 
өзгерістерді байқап, оларды түсінуге тырысыңыз. Жаттығу сізге 
ұнады ма, қай бөлігі қаттырақ ұнады, ал қай бөлігі ауыр болды. 
Жаттығуды қайта орындауға дайынсыз ба?
Егер жаттығу ауыр соқса, онда тоқтатуға асықпаңыз, сезім-
деріңізден қорықпаңыз. Оны қайта орындап жаттыға беріңіз.
Бұл жаттығуды үрей, қорқыныш, фобиясы бар адамдар үшін 
орындау қиын, алайда бұл жаттығу өз сезімдері мен өзгелерге 
деген қарым-қатынасын түсіну дағдыларын қалыптастыруда 
қолданылатын керемет әдістердің бірі. 


164 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет