Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет85/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

 
Acknowledge & Accept
– үрейдің себебі мен оны тудыратын 
ойларды түсіну. Өз ойыңызды қабылдауға тырысыңыз, оны те-
жеуге, жеңуге ұмтылмаңыз. Үрейлеріңіз бен ойларыңыздың шынайы 
екенін мойындауға тырысыңыз. Сезімге ерік беріңіз. Оны тоқта-
туға ұмтылмаңыз, сезімдеріңізді әлсіздік санамаңыз, оларды бар 
болмысымен қабылдаңыз.
Олар сіздің өз ойларыңыз бен сезімдеріңіз және бұл барлық 
адамзатқа тән қалыпты құбылыс екенін мойындауға тырысыңыз.
Watch 
– үрейге сырт көзбен қараңыз. Ойларыңыз бен сезім-
деріңізді бағалаңыз, өзіңізді сынауға асықпаңыз. Үрейге аса мән 
бермей алыстап қарап көріңіз. Сіз, сіздің ойларыңыз немесе се-
зімдеріңіз емессіз, сіз бөтен адамсыз. Сезімдер мен ойларға келіп-
кетуші құбылыс ретінде қараңыз, мысалы, аспандағы бұлттар 
секілді немесе суда жүзіп өткен жапырақ, ағын суға теңестіріңіз.
Actions
– үрейге қарамастан әрекет ету. Өз үрейіңіз бен қор-
қынышыңызды жеңіп, өз мақсатыма жеттім деп ойлаңыз. Қашуға 
тырыспаңыз, қорқынышыңызға бетпе-бет келіңіз, мысалы, адам-
дарға қарау барысында көзіңізді алып қашпаңыз, телефоннан ба-
сыңызды көтеріп, айналадағы құбылыстарға мән беріңіз. Көңі-
ліңіз қалаған іс-әрекет жасаңыз. 
Repeat 
– қайталай беріңіз. Бұл қадамдарды өз үрейіңізді қа-
былдау, оған сырт көзбен қарау, үрей жоқтай әрекет етуді өмі-
ріңіздің бір бөлшегіне айналғанша қайталап жалғастыра беріңіз.
Expect
– шынайы жетістікті күтіңіз. Өз-өзіңізге сенімді 
болыңыз, қателіктер мен жеңіс қатар жүретінін қабылдаңыз. Әр 
сәтсіздік өткінші және уақытша, оны өз құралыңыз ретінде пай-
далануға асығыңыз. Үрей кез келген адамға тән және орынды құ-
былыс, оны мойындап, жағдайды ауыстыруға тырысыңыз. 
Acknowled
ge & Accept 
– түсіну 
және 
қабылдау
Watch 

үрейге 
сыртта 
қарау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет