149
Қатты үрей кезінде қорғаныш
механизмдері іске қосылып,
субъект әлеуметтік жағдаяттардан қашады.
Әлеуметтік жағдаяттардан қашуға алып келетін үрей, қорқу
әлеуметтік фобия деп аталады. Әлеуметтік фобия (социофобия)
қоғам алдындағы қорқыныш деп аударылады.
Әлеуметтік қорқыныш формалары алуан: бағалаудан қорқу,
сұрақ қоюдан қорқу, беделді адамдардан қорқу, «жоқ» деп айту-
дан қорқу, танысудан қорқу, қателік жасаудан қорқу және т.б.
әлеуметтік фобиясы бар тұлғалардың қорқыныш нысаны бірдей
емес, тіпті қарама-қарсы болуы мүмкін. Мысалы,
кейбір тұлға
көпшілік назарында болудан, ал біреулері көпшіліктің назарына
ілінбеуден қорқады.
Әлеуметтік қорқыныштың (әлеуметтік фобия) пайда болу
себептері тұлғаның әлеуметтік нысандары мен жағдаяттарға қа-
рым-қатынасына тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: