Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


-қателік. Сіздің көңіл-күйіңіз



Pdf көрінісі
бет76/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

 
7-қателік. Сіздің көңіл-күйіңіз.
Менің көңіл күйім жоқ, текке мазалама деу 
Ата-ана:
Әрине, сыртқы факторлардың әсерінен туған сәт-
сіздіктер, отбасымен көңілді отыруға мүмкіндік бермейтіні рас. 
Көптеген ата-аналар жеке басының қамын ойлап, бала-шағасына 
қарай алмай, кейін бәрін алып беремін деп уәде етеді. 
Маман:
Отбасындағы жағдайлар тек көңіл күйге байланыс-
ты болса, сіз алдын ала балаңызға түсіндіріп қойыңыз: менің 
көңіл күйім болмағанда бәрін істеуге болады деп жүрме, әр қада-
мыңды байқап басып жүр. Жарай ма, деп ескертіп қойғаныңыз 
жөн болар. 


142 
Күйбең тіршіліктің жетегінде жүріп, жиі еленбей жататын 
қателіктерден арылғанда ғана сіздің шаңырағыңызға бақыт құсы 
ұялап, отбасыңызда береке бірлік орнайды дегім келеді. 
Ата-ана бала тәрбиесін жүргізуші, ықпал етуші болып табы-
лады, педагогикалық процесте тәрбиені ұйымдастырушы деп 
айта алмаймыз. Ата-ананың міндеті – ұстаздармен тығыз қаты-
наста болып, солардың ақыл-кеңесін тыңдап, балаға тиянақты бі-
лім, жақсы тәрбие беруге өз үлестерін қосу, тікелей ат салысу. 
Отбасы – қоғамның негізі, әрбір отбасы – қоғам мүшелері, қоғам 
мүшелері дұрыс тәрбиеленсе, ол қоғам мықты болады. Себебі 
бала үшін отбасы – ең жақын орта. Бала отбасынан жағымды өне-
гелерді үйренеді. Ата-тегін біліп, ата- баба мұраларынан сусын-
дайды. Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағ-
дайдың бірі – ұтымды тәртіп құру. Тәртіп – өмір шарты, еңбек 
пен демалыстың кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы 
әдеттерді қалыптастыру. Тәртіп баланы жинақылыққа, тіл ал-
ғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын ны-
ғайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Отбасының ең негізгі 
шарттары: еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, 
ұйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Осылар дұрыс ұйымдас-
тырылса, күн тәртібінде бала дағдыға, дағды әдетке айналады, ал 
әдет келешекте бала қажетін қанағаттандырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет