Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Отбасында бала тәрбиесіне әсер ететін факторлар



Pdf көрінісі
бет77/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

Отбасында бала тәрбиесіне әсер ететін факторлар: 
1) отбасының этникалық құрамы: толық, толық емес, бір 
бала, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық; 
2) тіршілік әрекетіне байланысты: білім дәрежесі, еңбекте-
нуі, кәсібі, бюджеті, тұрған жері, әл-ауқаты; 
3) мәдени мүмкіндігі: кітапханасы, күн тәртібі, теледидар, 
музыкамен шұғылдану, спорт; 
4) ішкі отбасылық қатынастар: әке, шеше, ата, әже, аға, іні, 
туыстардың татулығы; 
5) қоғамға көзқарасы; 
6) отбасының тәрбиелік мүмкіндігі: отбасында тәрбиеде қол-
данылатын әдістер, ата-ананың басқа да мүшелердің педагоги-
калық мәдени дәрежесі; 
Осы айтылған 6 фактор отбасындағы тәрбиені ұтымды жүр-
гізе алады. 


143 
Отбасының қызметі: 
 
1) ұрпақ әкелу, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру; 
2) қажетті шаруашылықпен айналысу; 
3) бала тәрбиесі; 
4) ағайын-туыстар, қоршаған ортамен қарым-қатынас. 
Осы қызметтерді атқару барысында отбасы ата-ананың абы-
рой, беделінің орны ерекше. 
Отбасында бала тәрбиесі біркелкі болмайды, көп жағдайда 
отбасылық тәрбиенің сәтсіздігі ата-аналардың педагогикалық 
көзқарастарының қауқарсыздығынан болады. 
Макаренконың «Ата-аналар үшін» еңбегінде (1937 ж.): 
1) отбасында болатын өктемдік баланы өзін-өзі билеуінен 
айырады, бала ынжық болады, ата-ана баланың әр қадамын бақы-
лайды, бала сенімсіз, ішкі жай күйі төмен болады; 
2) баланы еркелету, бетімен жіберу ата-ананың кешірімділі-
гі, ата-ананы баланың құлына айналдырады; 
3) ата-ананың бала тәрбиесіндегі алауыздығы, баланы екі-
жүзділікке тәрбиелейді; 
4) баланы жора-жолдастан, қоршаған ортадан аулақ ұстау, 
баланы өмірге бейімсіз етеді; 
5) немқұрайлылық бала күмәнді ортаға түсіп кетіп, жаман 
жолға баруы мүмкін. 
Отбасы параметрлерін зерттеу алгоритмі 
1. Отбасы құрамын анықтау: 
– 
құрамы толық, толық емес, бір балалы, көп балалы, ата-
анасы ажырасқан отбасылар; 
– 
тұрмысы мен тұратын үй жағдайы, қаражатпен қамтама-
сыз етілуі; отбасының тәрбиелік ықпалы: күшті, тұрақсыз, на-
шар, теріс. 
2. Отбасындағы қарым-қатынас сипаты: 
– 
отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы үйлесімді, тіл табы-
сатын, тұрақсыз, сырт көзге дұрыс көрінгенімен де қайшылыққа 
толы, моральдық қыры төмен; 
– 
отбасы мен бала арасындағы қатынас – кемшілігіне көз 
жұму, қамқорлық таныту, тең қатынас құру, тұйық қатынас құру, 
немқұрайлы қатынас орнату, балаға шектен тыс өбектеу, өз 
жауапкершілігіне жүктелген қатынас, өз еркіне берілу, бақылау-
сыз қалдыру; 


144 
– 
баланың отбасындағы ұстанымы (педагогикалық тұрғы-
дан дұрыс, екі адамның арасындағы дау-жанжал арқылы баланы 
өз жағына тарту, өз бетімен жүруі, оған ешкім назар аудармауы, 
беделді отбасы мүшесінен қорқу, өзіне сенімсіз, ата-анасымен 
ашық сөйлескісі келмейді. 
3. Отбасындағы баланың өзін-өзі сезінуі: 
«Мен отбасына керекпін, олар мені жақсы көреді, мен де 
оларды жақсы көремін». 
«
Мен отбасына керекпін, олар мені жақсы көреді, мен үшін 
өмір сүреді». 
«Мен керекпін, бірақ мені ешкім жақсы көрмейді, ал мен 
олармен барлық жан-тәнніммен жақындасқым келеді». 
«Мен оларға керек емеспін, олар мені жақсы көрмейді, сон-
дықтан мені де мазаламаңдар». 
Алдыңғы екеуі, баланың дамуы үшін өте маңызды. 
4. Баланың ата-анасына қатынасы: 
отбасылық қарым-қа-
тынас маңызды; ата-аналары беделді; балаға немқұрайлы қарай-
ды; баланың көңілінде үлкен күйзеліс бар; отбасы мүшесінің 
біреуіне жақын болғысы келеді. 
Ата-аналар мен жасөспірімдердің арасындағы қайшылық-
тарды жеңу үшін ата-аналармен педагогикалық жұмыстар жүргі-
зудің маңызы зор. Ол жұмыс бірнеше кезеңнен тұрады. 
Ата-аналарға педагогикалық тәрбие беру кезеңдері: 
Диагностикалық 
– отбасында шешілмеген күрделі мәселе-
лерді, ата-ананың құндылық бағдарын және мәдени деңгейін 
анықтау. 
Консультация жүргізу 
– мектепте ата-аналардың түрлі сұ-
рақтарына жауап беру түрлерін ұйымдастыру. 
Ата-аналардың тілегі бойынша
белгілі бір оқыту формала-
ры мен әдістерін ұйымдастыру. 
Мониторинг кезеңі
– ата-аналар тілегінің қаншалықты жүзе-
ге асқанын, жүргізілген педагогикалық жұмыстардың ата-анаға 
пайда келтіргенін бақылау және жетілдіру. 
1. Отбасын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан ағарту 
кезеңі:
– ата-ананың баламен қарым-қатынасын реттеу үшін олар-
ды балалармен бірге үйірме, спорт т.б. жұмыстармен қамту; 


145 
– ата-ананың баламен қарым-қатынасын дамыту үшін ба-
ламен отбасында мәдени қарым-қатынас орнату жайлы әңгіме 
өткізу; 
– ата-ана мен балалардың сыйластығын арттыру мәдение-
тін қалыптастыру. 
2. Бала, ата-ана және мектептің өзара құқықтық әрекет-
тестігі: 
– бала мен үлкендердің өз құқықтарын білуін қамтамасыз 
ету; 
– «Мектеп өмірінің кодексін» жасап, оны талқылауға ата-
аналарды кеңінен араластыру. 
Осы бағдарламаны жүргізу үшін сынып жетекшісі ата-ана-
лармен түрлі сабақ формаларын: әңгіме, дәріс, іскерлік ойындар 
өткізеді. Мектепте педагогтар арасынан өз бастамаларымен ар-
найы топ құрып, бұл жұмысты қызықты етіп өткізуге болады. 
Алдыңғы қатарлы тәжірибені талдау барысында, оны жетілдіріп, 
барлық педагогтардың ортақ тәжірибесіне айналдырған абзал. 
Отбасында ата-аналар мен бала арасындағы қайшылықтарды 
болдырмау мақсатында мектеп пен отбасындағы қарым-қатынас 
пен ынтымақтастықты арттыру көзделеді. Ата-аналармен педаго-
гикалық сабақ жүргізу барысында олармен ынтымақтастықты 
арттыру үшін сауалнама жүргізіп, алдағы жұмыстардың бағытын 
анықтауға болады. 
3. Ата-аналар жиналысын өткізу тақырыптары: 
1. «Сіздің балаңыздың туған күні»; 
2. «Біз айтатын өнегелі сөздер»; 
3. «Біз балаларды туған елін сүюге үйретеміз бе?»,
4. «Адамның өміріндегі күрделі және өткір мәселелер»; 
5. «Қазіргі заман адамдарының өмірлік құндылықтары»,
6. «Өмірдің адамгершілік заңы»; 
7. «Адам – өз өмірі жайлы»; 
8. «Экологиялық зардаптар» және т.б. 
4. Отбасын түрлі ұйымдар мен арнайы мамандармен бай-
ланыстыру: 
– 
үкімет құрылымдарымен байланыстыру: денсаулық сақ-
тау, халықты әлеуметтік қорғау, еңбекке орналастыру орталығы, 
спорт және мәдениет комитеті, тәртіп бұзушылықтың алдын алу 
бөлімі, кәмелетке толмаған балалар инспекциясы; 


146 
– 
отбасына көмектесетін орындар: қиын балаларды қалпы-
на келтіру орталықтары, балалар үйі, баспана үйі, психология-
лық-медициналық қызмет, отбасымен жұмыс атқаратын орта-
лық, наркологиялық, психоневрологиялық диспансер, т.б.; 
– 
басқа саланың мамандарымен кездестіру: дәрігер, қосым-
ша білім беру жүйесінің педагогтары, т.б. 
5. Түрлі отбасылармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс: 
ата-ананың қарауынсыз қалған балаларды анықтау; олардың тұр-
мыс жағдайын және тәрбиесіне назар аудару; оларды тәрбиеге 
алған адамдарға көмек көрсету шараларын қарастыру; олардың 
құқын қорғау; құқықтарымен таныстыру; 
 6.
Көп балалы отбасылар: мектеп тарапынан бала тәрбиесі-
не және материалдық көмек беруге көмектесу, отбасындағы бос 
уақытты өткізуге кеңес беру, еңбекке баулу, құқықтарымен та-
ныстыру; 
7. Толық емес отбасылар:
қосымша көмек алу жағдайын қа-
растыру, психологиялық-педагогикалық консультация ұйымдас-
тыру, тәртіп бұзудың алдын алу, тәрбиеге тәжірибелік жағынан 
көмек беру, заңмен қаруландыру. 
8. Күрделі отбасылармен жұмыс:
отбасы мәселелерінің да-
муын зерттеу, оларға психологиялық және педагогикалық көмек 
көрсету, құқықтық заңдармен таныстыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет