ТГО 143 СТРАНИЦ Instagram @magistratura_kaz
Материалы 2020 года
#20.
Келесі тапсымалар төмендегі мәтін бойынш
а
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы, әсіресе, соңғы ширегі
қазақ халқының әлеуметтік-
экономикалық, саяси және мәдени өмірінде елеулі тарихи оқиғалар, өзгеріс-жаңалықтар
мен шиеленіскен тартыстар дәуірі болды. Тілдің белгілі бір кезеңіндегі деңгейі мен даму
барысына қоғам өмірінің елеулі әсер ететін белгілі. Бұл кезеңде Қазақстанда кітап
бастырудың етек ала бастауы, мерзімді баспасөздің, көпшілікке арналған жартылай
ғылыми әдебиеттің пайда болуы, азаматтық оқу-білімінің қолға алынуы әдеби тілдің жазба
түрін жандандырып, оның нақтылы стильдерге тарамдалу көріністерін туғызды. Діни
оқудың қазақ қауымында осы тұста едәуір жандануы араб-парсы, шағатай тілдерінің одан
әрі таныс бола түсуіне, бұл тілдердің
қазақ тіліне әсер етіп, ауыз-түйістің жақсаруына
септігін тигізеді. Сондықтан тіл саясатын, оның жай-күйін жақсы танып, тілдің арта
түскен әлеуметтік қызметін дұрыс түсінген қалам қайраткерлерінің атқаратын жұмыстары
ұлғайды.
Достарыңызбен бөлісу: