Тіл қызметі – басқа қызмет түрлеріне сіңіскен мәтін қызметі. Мәтін –
қарым-қатынастың негізгі бірлігі. Адамдар жекелеген сөздермен,
сөйлемдермен емес, мәтіндермен қарым-қатынас жасайды. «Мәтін» ұғымы
ертеден болғанымен, терминологиялық ұғымда бертінде қолданыла бастады.
Мәтіннің коммуникация актісімен шендесуі, оның сөйлеу тудырушы
сипаты, мәтіндік қызметтің функционалды қызметі мәтіннің сөйлеу және тек
сөйлеу құбылысы екеніне сендіреді.
Коммуникативтік лингвистика мен әлеуметтік зерттеулерде дискурстың
орны ерекше және дискурс өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
«Дискурс» терминіне берілген анықтамалар көптігі оны зерттеудің түрлі
бағыттарымен – формалдық, функционалдық, жағдаяттық (ситуативный) және когнитивтік бағыттардың болуымен байланысты.
Шаршытопта сөйлеудің ерекшелігі – ол сөйлеуші мен тыңдаушы
арасындағы қарым-қатынасқа тән сипаттамаларды бұқаралық ақпарат
құралдарына тән қасиеттермен біріктіреді. Бұл спикердің және адресаттың
өзара әрекеттесу сипатында және сөйлеушінің сөйлеу тактикасында көрініс
табады.
Сөз тактикасы, сөз стратегиясындағы амал-тәсілдердің орындалуын жүзеге
асырады. Сөз тактикасы бағалау, ұнатпау, қуану, ренжу т.б. модальдық
реңктерден тұрады. Мысалы, міндетіне алған нәрседен бас тарту стратегиясы қолынан келмейтіні, уақыт жоқтығы, тура жауаптан жалтару, кейінгі сілтеу, міндеттен бас тартатынан тікелей айту т.б.
Кооперативті стратегияда фатикалық қатынас ерекше орын алады.
Байланыс жасауға тілдік, қарым-қатынас жасауға деген коммуникативтік
мүдделілік коммуниканттардың бір-біріне деген назарын күшейтеді. Сөз
тақырыбына, арқауына қызығушылық туғызады. Коммуниканттың назарын
өзіне қарату мен сөзге тарту алдымен фатикалық қатынас арқылы жүзеге асып,
әңгімеге қолайлы атмосфера қалыптасады.
Түрлі зерттеулерге сүйене отырып, стратегияның көрсетуге болады:
төмендегі түрлерін
Шешендік өнердің
тарихы тереңде, таралу түрі әрқалай. Оны танымдық
қызметі жағынан ғалымдар – пікірталас, ойжарыс, тойтарыс, үнқатыс деп,
идеялық жағынан – сырласу, сұхбаттасу, рухани ілгерілеу деп, әлеуметтік-
құндылық жағынан – шешім табыс, қадым алыс, тұлғамен табысу деген
кезеңдерге жіктеп қарастырылады.
Көпшілік алдына шығарда сөйленетін сөздің
тақырыбын, мақсатын
айқындап алып, сөйленетін сөздің кіріспесін, негізгі бөлімін, қорытындысын
түзу – шешенді табысқа жеткізетін талаптар.
Монолог пен диалогтың түрлері бұрынғы шешендікте кеңінен орын алды. Қазіргі шешендікте бұлардың қолданылатын орындары мен түрлері көбейді. Монолог баяндама, мақала, саяси шолу сияқты түрлерімен толықса, диалог
адамдардың белгілі бір топтарының арасында болатын ойбөліс, пікіралмасу,
ойталқы, айтыс, пікірталастың түрлерімен кеңейді.
шешендікті мaзмұнынa қaрaй бес топқa бөледі. Олaр мынaлaр:
Әлеyметтік-сaяси мәндегі шешендік;
Aкaдемиялық шешендік;
Соттa aйтылaтын шешендік;
Әлеyметтік тұрмыстa қолдaнылaтын шешендік;
Діни қызметте қолдaнылaтын шешендік.
Қазіргі таңда саяси сипаттағы мәтіндерді зерттеу шеңбері кеңейіп, өзінің
түрлі бағыты белгіленген ғылым саласы болып табылады. Түрліше зерттеліп
жүрген бұл саланың маңызды бөлшегін саяси тұлғалардың тілдік қолданыстары мен іс-әрекеттері құрайды.
Н.Ә.Нaзaрбaевтың әлемдік имидж қaлыптaстырyдa ұлттық мүддені бірінші
орынғa қоя білyі – негізгі ерекшелігі деп тaнyғa болaды. Ол әлемдік тұлғa
ретінде мемлекеттің көрсетеді.
мүддесін тaнытaды, ішкі жaғдaйлaр мен үдерістерді
Н.Нaзaрбaевтың белгілі бір тілдік бірліктерді қолдaнy себебі тілдік
бірліктердің, тілдік түйдектердің бaрлығы хaлықты рyхтaндырy, жaйлы
психологиялық жaй-күйді тyғызy қызметін aтқaрып отырғaн құрылымдaр.
Сөйлемдердің бұлaй құрылy себебі белгілі бір aкцент түсірyдің, темaны aктyaлдayдың aмaлы.
ұғымғa, берілy керек aқпaрaтқа
Достарыңызбен бөлісу: |