Шаршысөз дискурсыны



бет44/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

Дауыстың ұшқыштығы, бұл оның басқа дыбыстардың, шудың арасында еш нәрсемен араласпай, жоғалмай, сақталып қалуы.
Шыдамдылығы – бұл дауыстың ұзақ уақыт сөйлегенде өзінің негізгі
қасиеттерін жоғалтпай, көпке шыдап, аз шаршауы. Арнайы жаттығулар жасай отырып, дауысты жаттықтыруға, оны көп жүктемелерге шыдамды етіп қалыптастыруға болады. Жүйелі түрде жаттыға отырып, оны дамытуға,
диапазонын кеңейтіп, резонаторларды дыбыстауға мәжбүр етіп, тембрін жақсартуға болады.
Шаршытопта сөйленетін сөзді дайындау барысында шешен орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтар, әдеби норма, сөйлеу мәдениеті сияқты маңызды жайттарға назар аударғаны абзал. Әрбір сөздің дыбысталуы мен айтылуындағы ерекшеліктерді ажырата білуі керек. Орфоэпиялық дағдылардың қажеттілігі тек
сөйлеумен шектелмейді. Егер тыңдаушының дұрыс қалыптасқан фонетикалық
дағдылары болмаса, онда ол тыңдағаны мен естігенін дұрыс түсіне алмайды. Оның
себебі, адам басқа біреудің сөзін тыңдағанда, өз санасындағы дыбыс жүйесімен
салыстыра отырып, сөз сөйлемнің мәнін, ойын таниды, түсінеді. Демек,
фонетикалық дағдылар тек сөйлеу үшін ғана емес, басқаның сөзін тыңдап-түсіну
үшін де үлкен рөл атқарады. Яғни шешендік өнердің антропоцентристік
парадигмаға негізделуін адресат пен адресент арасындағы қатынасты дамытып,
сөз құдыретін тану басты бағыт етіп алынады. Әрбір сөздің сөйлеуші мен
тыңдаушының арасындағы қатынасты жоғары сапаға көтеру үшін екі жақтың
да білімділік, адамгершілік, этикалық әлеуетінің теңдей дамытылуы көзделеді. Себебі, адам баласы сөйлеуші ретінде де, тыңдаушы ретінде де ол тілдік және
танымдық кодтарды меңгеруі қажет. Шешендік өнердің коммуникативтік
сапаларының ішіндегі ең маңыздысы сөз қысқалығы. Мәселен тілдік таңба –
стимул, тыңдаушы санасындағы білімнің мәні (реакциясы) күшті болса, аталған
тілдік код пен когнитивтік код ұштаса келе, сөз субъектілірінің арасында
тілтанымдық диалог орнайды. Ал тілтанымдық диалог – адамзат қоғамы өмір
сүруінің басты көрсеткіші. Сондықтан шешендік өнер нормаларын меңгеру, сөз
сапасына қатысты аялық білімді қатысымдық тұлғалардың өмірлік
дағдыларына тірек етіп ұстану – бүгінгі антропоцентристік парадигманың
басым бағыты болып табылады [133,б. 25].
Белгілі тілші ғалым Р.Сыздық сөйлеу үстіндегі (актісіндегі) сөздердің
дұрыс айтылып, құлаққа жағымды естілуін сөз сазы деп атайды. Ал сөздерді
дұрыс айту дегеніміз – тілдің табиғи дыбыс заңдылықтарын сақтау болып табылады.
Қазақ тілінің, өзге де ұлттық әдеби тілдер сияқты, екшеленіп, қырланған,
тұрақталған, жалпыға ортақ заңдылықтары, яғни нормалары бар. Ол
заңдылықтардың бір бөлігі сөздерді дұрыс таңдап, орнымен жұмсауға қатысты болып келеді, оны лексикалық нормалар деп атаймыз, енді бір саласы сөздерді
бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлемдерді құрастыра білуге қатысты
болып келеді, оны грамматикалық нормалар дейміз. Дұрыс жазу
заңдылықтарын орфографиялық нормалар, ал дұрыс айту (дыбыстау)
заңдылықтарын орфоэпиялық нормалар деп атаймыз. Бұлар – ғылымдағы атаулар.
Соңғы орфоэпиялық нормалар деп отырғанымыз – жоғарыда айтылған
«сөз сазы» деген ұғымға қатысты. Бұл нормалардың барлығының да тіл үшін
бір-бірінен артық-кемі жоқ, маңызы бірдей. Сауатты, мәдениетті адам үшін
дұрыс сөйлеп, қатесіз жазу – қандай міндет болса, сөздерді дұрыс айтуы
(дыбыстауы) – сондай шарт. Бұл нормаларды берік сақтап, іс жүзінде ұстану
білу «тіл мәдениеті» деген үлкен бір әлеуметтік мәні бар құбылысқа, талапқа
барып тіреледі. Осыдан барып «тіл мәдениеті» дегеннің ішінен «ауызша сөйлеу мәдениеті» деген саланы бөліп әнгіме етуге болады.
Алдымен, ауызша сөйлеу мәдениеті мен сөйлеу техникасы дегендер – бір нәрсе емес екенін ескеру қажет. Сөйлеу техникасы сөйлеушінің, яғни актердің, диктордың, мінбеден сөйлейтін шешеннің, кафедрадан сөйлейтін мұғалімнің өз даусын меңгеруіне байланысты сөз болады. Адамның өз даусын меңгеруі оның тынысына, сөйлеу мүшелерінің қызметіне, интонацияға, сөйлеу шапшаңдығына (темпоритмге), паузаға, дикцияға байланысты болады.
Сөйлеу мәдениеті дегеніміз – ауызша сөйлеудің жалпы тіл мәдениеті
қойылатын талаптармен қатар, өзіне тән нормаларды сақтауы болып табылады.
Бұл нормаларға сөйлеу үстіндегі сөздерді дұрыс дыбыстау, сөздің сазын
келтіріп айту тәртібі жатады [12,б. 217].
Шешендік өнер сөз мәдениетіне тікелей қатысты жанр. Тіпті шешендік
өнерді сөз мәдениетінің ең жоғарғы көрсеткіші деп тануға болады. Тіл
білімінде «сөз мәдениеті» дегенде «тіл мәдениеті» деп атау орын алған. Бұл мәселе жөнінде тілшілердің арасында орныққан тұжырым әлі қалыптаса қойған
жоқ. Дегенмен де «тіл мәдениеті» дегенге қарағанда «сөз мәдениеті» деп
атасақ, мәдениеттің неге қатыстылығын және «тіл мәдениеті» негізінен «сөз
мәдениеті», «сөзді орынды қолдану» деген ұғым-түсінікті білдіреді. Ал, «сөз
мәдениеті» дегеннің ғылыми анықтамасына келетін болсақ, бұл мәселені қазақ
тіл білімінде арнайы зерттеген ғалымдардың ғылыми пікірлерін басшылыққа
алуға болады. М.Балақаевтың тұжырымы бойынша, «Тіл мәдениеті дегеніміз –
тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы
ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» [134,б. 17] десе, Н.Уәли өзінің
«Сөз мәдениеті» атты еңбегінде, «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық» [20,б. 24], – деп анықтама
береді. Жоғарыда аталған ғалымдардың тіл мәдениетіне қатысты
анықтамаларына көз жүгірте отырып, лингвистикалық нормаларды сақтаған
сөзді дұрыс айту мен дұрыс жазуды берік ұстанған, сол арқылы көңілдегі
көрікті ойдың айқын, әсерлі жетуі мен екі ұдайы ойдың болмауы шешендікке
тән көрсеткіштер екендігін анық байқауға болады.
Сөздің сазын келтіріп айту әсіресе шаршытоп алдына шыққандарға
қойылатын талап. Шаршытоп алдында сөйлеушілердің өзі бір келкі болмайды. Жиналыстарда ойын ауызша білдіретіндер мен жазып алып оқып бертіндер, спектакльдерде ойнайтын актерлер мен табан аузында репортаж жүргізетін
журналистер, комментаторлар, дикторлар мен интервью берушілер – әрине,
бірдей емес. Бірқатары – жазылғанды оқитындар болса, енді бірқатары –
ауызша сөйлейтіндер. Бірақ барлығы да – топ алдына шығатындар
болғандықтан, олардың ауызша сөйлеу нормаларын, оның ішінде орфоэпиялық заңдылықтарды сақтаулары қатаң талап етіледі.
Әдетте актер жазылған пьесаның сөздерін айтады, диктор жазылған
материалды оқиды, лекторлар көбінесе жазылған текстке қарап сөйлейді.
Демек, олар – әдеби тілде дайындаған сөзді ауызша айтып жеткізушілер ғана
сияқты. Сырт қарағанда, бұларға тіл мәдениеті жөнінен көп салмақ түспейтін
тәрізді болып көрінеді. Ал, шындығында, тілге қатысты ең үлкен талаптар бірі
осыларға қойылады. Өйткені сөйлеу мәдениетінің бір шарты – жазылған
материалды немесе айтылмақ ойды дауыс ырғағын дұрыс келтіріп, табиғи
түрде оқып немесе айтып беру, яғни сөз сазын келтіріп дыбыстау болса, бұлардан сол талап етіледі.
Сөздің жеке тұрғандағы дыбысталуы мен сөйлеу үстіндегі айтылуы
әрдайым бірдей болып келмейді. Сол сияқты сөздердің жазылған түрі мен оның
оқылуы да үнемі бірдей түсе бермейді. Сөйлеу үстінде немесе жазылған оқып
беру процесінде сөздер бір-бірімен «тіл табысып», үндесіп, үйлесіп жатады.
Сол үйлесімдік үшін кейбіреулер сөздердің бір-екі дыбысын «сындыруға»,

өзгертуге, кейде тіпті жоғалтуға дейін барады. Мұндай тілінің ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи заңдылықтары.
үйлесімдік –
қазақ

Әрбір тілдің өзіне ғана тән дыбыстау ерекшеліктері – сол тілді өзге туыс
тілдерден бөлек дербес тіл етіп тұратын белгілері бірі. Ол ерекшеліктер сақталмаса, сол тілдің табиғатына нұқсан келді деген сөз [12,б. 218].
Дауыс ырғағы – демге байланысты. Сөзді дұрыс айту (орфоэпия) және дұрыс жазу (орфография) түсінікті тереңдететін, еңсені көтеретін, ойды жүйелейтін тілдік нормалар және тарихи-әдеби талғамдар. Бұл талаптар мен
талғамдар ғасырлар бойы сөйлеу практикасындағы қатаңдықты,
біржақтылықты қатаң сақтауда.

«Дыбыстардың ретті жиілігі арқылы поэзия сазы, өлең
ырғағы туындап

өмірлік толғамы терең ой қабысқанда даналық тебіреніс, қанатты сөз, мақал-

мәтелге айналады», - дейді Ж.Баласағұн. Шынымен де, шешендіктің шарты дыбыстың реттілігі.
басты

Сөйлеуші сөйлеу техникасы мен сөйлеу мәдениетін қатар меңгерген кезде дауыс сапасын жоғарлата алады. Сөйлеу техникасы дегеніміз сөздерді
тыңдаушысына жеткізе білетін дауыс құбылыстарын меңгеру. Дауыс
құбылыстарына дауыс көлемін кеңейту, оған музыкалық үн беру, дыбыс ырғақтарын дамыту жолдары жатады.
Интонация – сөзді айтудың көркемдік стилі. Ол адам санасына пікірдің
сезімдік серпілісімен және жігерлік екпінімен әсер етеді, айтылмақ пікірдің
логикалық мән-мағынасын жеткізуге мүмкіндік ашады.
Әуен, қарқын, ұзақтылық, пауза, интенсивтілік, тембр интонацияның
негізгі компоненттері болып табылады. Интонацияның компоненттері кейде
просодикалық тәсілдер деп аталады. Сөйлеу тілінде интонацияның аталған
компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бірақ олар сөйлемнің
барлық түрлерінде әр уақытта бәрі бірдей орын алады және бәрі бірдей
тыңдаушыға анық естіледі деп айту қиын. Олар өзара түрлі қарым-қатынасқа
түсіп, сөйлемнің әр алуан түрлерін түзуші, оларды бір-бірінен ажыратушы
қызмет атқарады.

Барлық
тілдердегі интонацияның ең басты да универсалды компоненті –

әуен. Себебі қай тілдің болса да басқа тілдерден айырмашылығын білдіруде
әуеннің рөлі ерекше және олардың басын қосатын да – әуен және онымен қоса
пауза. Екіншіден, сөйлемдердің коммуникативтік түрлерін анықтауда, яғни
олардың айтылу мақсатына қарай (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті)
бөлінуінде үлкен қызмет атқарады. Төртіншіден, сөз тізбектерінің синтагмалық
акценттелуімен қосылып, сөйлемнің логикалық және эмоциялық мазмұнын
жеткізуде мәні зор болып келеді.
Көпшілік алдында еркін сөз сөйлей алу, өзін ұстауды үйрену – жинақтаған
өмірлік тәжірибеге, теориялық білім мен арнайы дайындыққа, талғампаздық
пен талпынысқа байланысты. Мәнерлеп сұлу, әрі қарапайым сөйлей білу –
өзіндік ережелері бар үлкен өнер. Сөз өнеріндегі дауыс ырғағын, дауыс сазын,
дауыс әуенін қалпына келтіріп, сол заңдылықты дұрыс пайдаланғанда тіл мен
ой өрнектері көңілден шығады. Шешен «қисынды екпін», «қисынды кідіріс»
арқылы сөзбен жұмыс істей біледі, яғни анық, айқын, ашық сөйлесе біледі.
Әр сөздің дыбысы, әр адамның дауысы айқын күмбірлеп тұрса, оған құлақ
салмайтын жан бола қоймас. Дауыс үні – организмнің күш-қуаты. Сол

дауыстың қуаты, тембрі, ауқымы сөздік дыбыстарды, олардың жылдамдығы мен аясын қалыптастырады.
таралу

Мұндай сөз ойды ғана емес, сезімді, ерікті, түсінік жағдайын анықтайды.
Өтімді сөз адамның өзіндік сезім әлемінің қалыптасуына ұйытқы болады.
Сонымен сөз бен түсінік арасындағы байланыс сөздің мәнерлілігін, түрлі
бейнелілігін, тиянақтылығын, нақты әрекеттігін түсінуге көмектеседі. Сөз

түсінік арқылы тыңдаушы мен оқырманның тудырса, онда ол – мәнерлі [151,б. 285].
көңілін аулап,
қызығушылығын

Аудиторияға ең алдымен әсер ететіні – шешеннің дауыс ырғағы. Егер
дауыс ырғағы көңілден шықпаса, айтайын деген ойдының бәрі пайдасыз болуы мүмкін. Осы орайда, профессор Г.Қосымова келесідей пікірді айтады:
«Шешеннің дауыс ырғағы, күшті шешендік сөздің мазмұнын тыңдаушылардың
дұрыс түсініп қабылдауына әсер етеді. Өте тез қарқынмен сөйлеу анықтықты
күшейтеді, қатты дауыспен сөйлеу айқындылықты өсіреді, жай, бәсең
дауыспен сөйлеу айқындылықты кемітеді. Үзіп-үзіп сөйлеу көңіл бөлуді
әлсіретеді, үзіліссіз сөйлеу көңіл бөлуді күшейтеді. Тыңдаушылар жиналған
орынның акустикалық мүмкіншілігінен тыс дауыс қаттылығы немесе мейлінше
ақырын дауыс айқындылықты азайтады, бірақ шектен тыс қатты дауыс көңіл
бөлуді әлсіретсе, баяу, ақырын сөйлеу көңіл бөлуді күшейтеді» [64,б. 18].
Сөйлеу актісінде сөйлеу мүшелерінің барлығы артикуляторға айналады.
Жекелеген дыбыстардың анық айтылуы үшін тіл, кішкене тіл, көмей, дауыс
шымылдығы, қызыл иек, төменгі жақ сүйегі, ерін, таңдай аса зор қызмет
атқарады. Халық тіліндегі «бал көмей», «күміс көмей», «жез таңдай»,
«таңдайында бұлбұлдың ұясы бар» деген тіркестер жайдан жай тумаған, заттық негізі бар.
Бұның сыртында қазақ тілі сингармонизмге негізделген, музыкалы-
тоникалық, лебізді-динамикалық сипаты күшті. Осылардың ішіндегі икемдісі

және белсендісі – тіл. Оның қимыл-әрекеті де сан алуан. Ол көтеріледі,

төмендейді, алға серпіліп созылады, артқа сүйірленеді немесе білеуленіп жуандайды.
қарай жиырылады, тілдің ұшы

Дыбыстау мүшелері – күрделі жүйе. Ол – тыныстау, вибратор, резонатор және артикулятор аппараттарынан құралады. Осылар дауыстың 1) әуезділігіне,

  1. орындау жылдамдылығына (темп), 3) жоғарылығына, 4) дыбытың естілуіне және 5) дыбыстау мүшелерінің қызметіне әсер етеді.

ерекше

Дыбыстардың акустикалық тұрғыдан мінездемесін еске, есепке алған орынды.

І. Дыбыс ырғағы – фразалардың үрлеріне, эмоциялық экспрессивтік мәнерлігіне тәуелді.
бояуына,

ІІ. Дыбыс күші – уақыт мөлшерінің қарқыны.
ІІІ. Дыбыстың созылымдылығы. ІҮ. Дыбыс әуені.
ішіндегі дірілдің
амплитудасы яки

Ү. Дыбыстардың негізгі мынадай қасиеттері бар: а) жоғарылығы (биіктігі),
ә) ұзақтығы, б) дыбыстың ерекше естілуі, дауыс құбылысының сүйкімділігі,
әдемі, әсерлі бояуы (тембрі), в)күші. Музыкалық дыбыстар дегеніміз сұлу, әсем, мәнерлі дыбысталатын, өзара үйлесімді дыбыстар яки жүйелі дыбыстар келісімі [85,б. 122].
Тілдің әуені индивидуалды сөйлеу ерекшеліктеріне қарай құбылуы
мүмкін. Бірақ та мұндай жағдайда ол құбылту сол тілдің әуенінің негізгі
формаларынан тыс, өзгеше ауытқи алмайды. Өйткені ондай кезде сөйлемнің
негізгі мазмұны өзгеріп, тыңдаушыға түсініксіз болып қалуы мүмкін.
Акустикалық жағынан қарағанда, әуен сипаты әр уақытта өзгеріп тұратын негізгі тон жиілігіне сәйкес болады. Сөйлеу тілінің негізгі тон жиілігінің сөйлеу
процесінде ұдай өзгеріп тұруы оның бір өзгешелігі болып табылады. Тілдегі
негізгі тонның мазмұны сөйлеушінің дауысының жоғары не төмен болуымен
байланысты. Бірақ дауыс аппараттарының ерекшеліктерімен байланысты ер
адамдардың жуан, яғни төмен дауысының немесе әйелдердің жіңішке, яғни
жоғары, дауысының интонациялық мазмұнының өзара лингвистикалық
айырмашылығы жоқ екені анық. Қазақ тіліндегі үндестік заңына бағынатын
ашық жуан дауыстылардың негізгі тон жиілігі арасындағы айырмашылығының
елеусіз болуы мұндай интонацияның және лингвистикалық мазмұны шамалы
факторлардың тағы бірі ретінде қаралады.
Интонация компоненттерінің бірі – интенсивтілік. Интенсивтілік басқа
компоненттермен бірігіп қана мазмұнға ие болады. Интенсивтілік көбінесе
дыбыстардың тон жиілігімен қосылып, сөйлемдегі сөздердің акценттелуіне
қатысады. Сөйлемдегі сөз тізбектерінің бір сегменті акценттелу керек болса,
сөйлеуші сол жердегі интенсивтілікті күшейтіп үдетеді. Бірақ интенсивтіліктің
күшейтілгені құлаққа көбінесе дауыстың қатты шыққанындай болып естіледі.
Дауыстың қатты шығуы тек интенсивтілікпен ғана емес, дауыстың негізгі тоны
көтерілуімен де байланысты. Дауысты дыбыстардың интенсивтілігінің
абсалюттік мәніне олардың артикуляциялық ерекшеліктері де әсер етеді. Қысаң

дауысты дыбыстармен салыстырғанда ашық дауысты дыбыстардың
интенсивтілігі мол екені экспериментті әдспен дәлелденген.
Интенсивтілікке әсер ететін екінші фактор – дауыстың синтаксистік
сегменттегі орны. Сөйлемнің әр түрлі синтагмагларындағы интенсивтілікті зерттеу барысында мынадай жағдай анықталған. Мысалы, синтагманың
аяғында дауыстылардың интенсивтілігі оның басындағы дауыстылардың
салыстырғанда кем екені байқалады. Дауыстылар неғұрлым синтагманың
аяғына жақын тұрса, оның интенсивтілігі соғұрлым азая түседі. Бұл жағдай
сөйлемдегі интенсивтіліктің жалпы контурының әдетте жоғарыдан
төментейтінін көрсетеді. Егерде сол жалпы контурдың сызығында акценттелген
сөздер болса, олар сонымен байланысты күшейеді. Содықтан сөздің сөздің
акценттелуі мен интенсивтілігі де мол болады. Бірақ сөздің логикалық
акценттелуін интенсивтілік қана көрсетпейді, мұның басқа да фонетикалық
тәсілдері бар. Оларға тонның көтерілуі мен ұзақтылық та жатады.
С.Негимовтың пікірінше, сөз өнерпазы даусының әдемілігі, кең
тыныстылығы, жағымдылығы үшін жанын аямайды. Сөзді анық, түсінікті,
ажыратып айтуға, гармониялық келісім тудыруға, сөйлемнің ырғағын, екпінін,
өлшеуін өзгертіп, көркемдеп түрлендіруге күш салады. Сөйлеу тілі мәдениеті
дегенде, алдымен айтатын нәрсе, «әрбір сөйлемнің өз орайында әр алуан
ырғақты үн, тиісті әуені, музыкалық сазы болады. Сондықтан айтылған сөз бен
жазылған сөз тепе-тең бола алмайды. Әрбір сөзді, сөйлемді, сөз тіркесін
айтылмақ ойдың мазмұнынына сәйкестендіріп айту сөйлеу тілі мәдениетінің

басты талабының бірі болмақ».
Мақамды (дикцияны) жетілдіріп, оған сүйкімділік дарыту жаңылтпаш жаттап жаттығу керек.

үшін


Тыныс пен дыбыстың үйлестігінен сөздің айқындылығы, дауыстың
дикциясы құралады. Дикция деп отырғанымыз тілдің фонетикалық нормасына
орай сөздің дыбыстарын анық, айқын айту. Сөз дыбыстарының нақты, айқын
айту. Сөз дыбыстарының нақты, айқын айтылуы тіл мен еріннің үлес
қимылына байланысты. Тіл мен еріннің қимылдарын арнайы жаттықтыра отырып, тыныс пен дыбыстың үйлестігін, содан кейін дикцияны аша түсуге болады.
Дикция дауыстың интонациясын, яғни дауыстың ырғағынғ дыбыстың күші
мен икемділігін, қарқыны мен ұзақтығын, тембрі мен ұзақтығын анықтайды,
солардан құралады. Дауыс интонациясының осы құрылымдарын және олардың

қолдану аясын игерген адам – сауатты да, ықпалды.
өзін-өзі
ұстай алатын,
өзін таныта алатын

Анық сөйлеу кеңістікке де байланысты. Кең
залда баяу, сабырмен

сөйлесеңіз, сөзіңіз нақ аудитория анық естиді.
естіледі. Таза мақамға ие шешен баппен сөйлесе де,

Егер шешеннің интонациясы сөзінің мазмұнына сай келмесе, онда
тыңдаушылар алатын мағлұматтарының 30%-40%-ін игере алмайды.
Сондықтан сөйлеуші сезіммен, ойлы сөйлесе, даусы да күмбірлеп шығады. Дауысты біртіндеп күшейту және бәсеңдету абзал.

М.В.Ломоносовтың түсіндіруінше, риторика – төрт бөлімнен
құралады.

Олар 1) ойлап табы, ойдан шығару яғни шығарымпаздық, 2) әшекейлеу, 3) орналастыру, 4) айта білу, орындай білу.
Шаршытопта сөйлеудің бір қыры – сөзді әсем, әуенмен, көркем, келісті
айта білу. Сонда ғана тыңдаушының жүрегіне рухани шәрбат құясыз,

жігерлендіріп құлшындырасыз.
«Егер менімен жұрт тек бір

қалыпты дауыспен сөйлесетін болса, мен бір



жылдан кейін дарға асылып өлер едім» - деген екен атақты ұстаз А.С. Макаренко.
Ұлт, заман атынан сөйлеген би-шешендердің толғаныстарын сазына
келтіріп, түрлендіре айту үшін – оның көркемдік қасиеттерін дұрыс түсіну,
шапшаң қабылдау қажет. Сөздің мағынасын, ішкі астарын, ішкі рухын
сұңғылалықпен сезіне білу абзал. Шынайы екпін қоя білу өнер. Алдымен,
билердің, шешендердің өрнекті сөзінің ырғағын ұйқасымен, түйінді
төжырымдарын келісті айту әрі дауыс толқынының кейде бәсең айтылуын
қадағалау жөн. Сонан соң ірі тармақтың соңынан дауыс толасы болады.
Әрі қарай жекелеген түйдектерден кейін ұзағырақ кідіріс болғаны шарт
[85,б. 124].
Зерттеушілер шешендік өнерді басқа сөйлеу түрлерінен айыратын
белгілері ретінде мыналарды атайды: сөйлеудің ұйқасты-ырғағы, сөздерді таңдау талғамы, сөйлеудің көркемдегіш тәсілдері.
Сөйлеудің ұйқасты-ырғағы ойдың бірнеше үзіктерге тыныс арқылы
бөлінуінен туындайды. Ырғақтың негізі – айтылудағы үйлесім және тыныс
кідірісі. Цицерон шешендік сөздегі тыныс кідірісін үшке бөледі: аз кідіріс – сөз және сөз тіркесі аралығында жасалады, ғылымда оны фраза деп атайды, орташа
үзіліс – тармақтар аралығында болады, үлкен пауза – ой аяқталған жерде
жасалады, жазуда оны абзац деп атайды [64,б. 19].

Дауыстың ырғағы, интонациясы дыбыстағы
үзіліспен паузамен жалғасып

жатады. Пауза дегеніміз музыкалық тыныс, үзіліс. Бұл – дем алысты
жеңілдетеді, ойлануға мүмкіндік тудырады, ойды, пікірдібөліп, ерекшелеп айтуға қолайлы жағдай жасайды.
Дыбыс үзілісі – дауысты уақытша тоқтату. Сөздегі үзілістің – үнсіздіктің
өзіндің танымдық, арнайы бағытталған маңызы бар. Сөздегі үнсіздіктің мән-
мағынасы, әсіресе сұхбаттасуда айқын білінеді. Сөз арасында білместіктен,
мәселені ұқпағандықтан туындайтын үзілістер болады. Ол күтпегендік және
көңіл басатын жайлар. Біздің айтып отырғанымыз – сөздің бір ырғағынан басқа жаңа ырғағына көшер сәттегі – ырғақты-қисынды (интонациялық-логикалық) және ырғақты-синтаксикалық үзілістер.
Шешендік өнердін қыр-сырын зерттеп жүрген ғалым С.Негимов паузаның бірнеше түрін ажыратып көрсетеді. Біріншісі, тыныс белгілеріне орай грамматикалық кідіріс жасалынады.
Екіншісі, әсер ала білу қабілетіне, ойлау парасатына байланысты
психологиялық пауза туындайды.

Үшіншісі, сөздің, сөйлемнің, абзацтың мағынасына қарай логикалық пауза пайда болады. Және де ырғақтық, физиологиялық паузалар бар.
Сөйлеу келте, қысқа үзбелерден, дыбыс шумақтарынан құралады. Олар: 1) фраза, 2) такт, 3) буын [85,б. 125].
Сөйлеу мәнерін жетілдіру үшін мамандар төмендегідей кеңес береді.

    1. Демді әбден меңгеріп алу үшін қажетті жаттығуларды ерінбей жасау керек.

    2. Дауысты дыбыстардың шығуына кедергі келтірмейтіндей, дыбыс

тамақта тығылмай еркін шығатындай тіл мен көмекейді икемге келтіру керек.

    1. Денеде әрқашан еркіндік болуы керек.

    2. Дауыстағы төменгі регистр, жоғары регистр түгелімен пайдалануы

қажет.

    1. Сөйлегенде дауысты дыбыстарға созыңқырап айту керек.

ұқыпты бола отырып, анық
және

    1. Шыққан демді ұстап қалмай, дауысты дыбыстармен сөздің мағынасына

қарай шығару керек.

    1. Иек пен жақ еркіндікте болып, тіс ашық болуын қадағалау керек.

    2. Тамаққа ерекше күтім жасау керек. Өте ыстық, өте суық, ащы және

тұщы тағамдар тамақты ауруға шалдықтырады.

    1. Темекі тарту, арақ ішу – дауысқа кедергі келтіріп, кесел болып табылады.

құртатын бірден-бір



Бұл ережелер дұрыс орындалса, онда жинақы күйіңіз бен сөйлеу мәнеріңіз
ортаның талап деңгейінен шығуға үлкен септігін тигізеді. Одан өзіңіз
шабыттанасыз, сөйлеу мәдениетін игересіз. Сөйлеу үстінде тұтығып қалу,
кекештену, сақаулану, міңгірлеу сияқты жағымсыз қылықтар шешендікке,
сөйлеу өнеріне ашық түрде кедергі жасайды. Тіл мүкістері орын алғанда
шешендік өнерге айналмайды. Сөзді бұрмалау дауыстың екпінін дұрыс
қоймағандықтан басталады. Екпін сөздің, күрделі сөздің қай бөліміне, яғни
негізгі буынына, жұрнағына, қосымшасына және т.б. бөлімдеріне қалай және
қашан қойылатынын білу үшін, тілдік грамматиканың арнайы бөлімдерін,
немесе арнайы тілдік әдебиеттерді оқып білімді толықтырып отыру қажет.
Сонымен шешеннің дикциясын қалпына келтіру қажетті жұмыс [114,б. 287].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет