Шаршысөз дискурсыны



бет52/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

ҚОРЫТЫНДЫ


Қазіргі тіл білімінде шаршытопта сөйлеуді риторикалық және тілдік
құбылыс ретінде зерттеу өзекті мәселердің бірі болып отыр. Сондай-ақ, тілдік
құралдардың қолданылуы мен оның көпшілікке ықпал етуі назардан тыс қалған
емес. Шаршытопта сөйлеудің прагматикалық аспектілерін зерттеуде
лигвистикалық және экстралингвистикалық құралдарды пайдаланудағы
шешеннің рөлі маңызды болып табылады.

Шаршысөз дискурсының лингвопрагматикалық
аспектісін анықтай

отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады:

– прагматикалық деңгейде тілдік тұлға
қоршаған ортамен тығыз

байланысты және оған тәуелді болып келеді. Бұл объективті қажеттілік оның
психикасында көрініс табады. Қажеттілік қызығушылыққа, ал қызығушылық
идеалға айналады. Адам тұлға болып тумайды, тұлға болып қалыптасады.
Тұлға өзге адамдармен, әлеуметтік институттармен қатынаста, әлеуметтік

байланыстар жүйесінде танылады. Тілдік тұлғаның құндылығы деңгейінде ашылады.
мәні
қарым-қатынас

– тіл когнитивтік құрылымдардың ментальдік көрінісі көмегімен дүние
туралы білімдерді концептілеу мен категориялау процесінде дүниенің ғаламдық
бейнесін көрсетіп, түсіңдіріп береді. Концептілер жүйесі немесе концептілік
жүйе дүниенің концептілік, тілдік суретінің негізгі бөлігі, рубрикатор болып
табылады. Тілдік таңбалар мен оның ішіндегі бейнеленген мәдени, әлеуметтік
шындық құбылыстар арасындағы қатынас когнитивтік семантика мен
вербалдану тәсілдерінің, мазмұнын құрайды.
– прагматика – бүгінде қазақ тіл білімінде өрісі кеңейіп келе жатқан
салалардың бірі. Қазіргі таңда қолданыс тіліндегі стиль мәселесін
стилистиканың прагмастилистика саласы зерттесе, коммуникация бағытында
тілдің субстанциялық және функционалдық қасиеттерін зерттеумен
прагмалингвистика саласы шұғылданады.
– перлокутивті ықпал тікелей сөйлеу актісінен тыс болатындықтан, сөйлеу актілері теориясы иллокутивті күштерді талдауға бағытталған, ал
«сөйлеу актісі» мен «иллокутивті акт» терминдері синонимдер ретінде
қабылданады. Иллокутивті күштердің жалпыланған түрі сөйлемнің
грамматикалық құрылымынан көрінеді (хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер). Иллокутивті мақсаттар біртұтас мазмұнды диалог құру барысында айрықша маңызға ие, өйткені сұрақ жауапты талап етсе, кінəлау не ақталуды, не кешірім өтінуді қажет етеді.
– кез келген халық тілі – сол халықтың шынайы этникалық болмысының айнасы. Тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық-танымдық үрдісте зерттеу
қажеттігі туып отыр. Бұл үрдіс тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып,
тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербальді құрылым,
болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді.

  • мәтін – мағыналық және құрылымдық аяқталуымен, автордың хабарға

көзқарасымен, хабардың нысандылығымен және прагматикалық ұстанымымен сипатталатын ауызша немесе жазбаша формадағы хабар.

  • дискурс – сөйлесу арқылы берілетін ойдың әлеуметтік астарына талдау

беретін ұғым. Дискурс адамдардың сөйлеу арқылы жасаған қарым-катынасы
нәтижесінде мән-мағыналы болады, яғни мағына мен белгі, сөз бен ойдың бірлігін айқындайды.

  • қатынас стратегиясы сөз тактикаларының көмегімен іске асады. Сөз

тактикасы дегеніміз – ол нақтылы жағдайда қойылған мақсаттарға жеткізетін
сөздік тәсілдер болып табылады. Сөздік тактикалар тұрмыстық қатынастарда немесе іскерлік салада іске асырылып жатады. Кейде әр түрлі деңгейдегі сөздік тактикалар бір-бірін толықтырып, кірігіп жатады. Сөздік тактикалар мен
стратегиялардың жан-жақты болатындығын ескерсек, әр түрлі әлеуметтік
топтарға сөз арқылы ықпал жасағанда әр түрлі сөздік тактика қолдану керек;

  • шешендік дискурстың басты қызметі – деректер мен дәлелдерді келтіре

отырып сенімді ақпарат беру. Дәлелдеме жұмысы әмбебап сипатқа ие.
Дегенмен, дәлелдемелік стратегия, дәлелдеме түрін таңдау шешеннің өз құзырында;

  • сөздердің мәдени концепті қатарына енуі олардың прагма-сипаттарына

байланысты. Яғни лингвомәдени концептілер тіл білімі мен мәдениеттанудың өзара сабақтасқан тұсында пайда болып, өзіндік мәнге ие болады;
– монологтың өзге сөйленістерден ерекшелігі – бір адамның ойы ғана
көрініс табады. Мысалы, өзіміз күнделікті театрдан тамашалайтын сахналық
көріністе кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы немесе
көрерменнен ешқандай жауап күтпейді;
– қaзіргі шешендікті мaзмұнынa қaрaй бес топқa бөледі. Олaр мынaлaр: 1.
әлеyметтік-сaяси мәндегі шешендік; 2. акaдемиялық шешендік; 3. cоттa
aйтылaтын шешендік; 4. әлеyметтік тұрмыстa қолдaнылaтын шешендік; 5. діни
қызметте қолдaнылaтын шешендік;
– Н.Нaзaрбaевтың белгілі бір тілдік бірліктерді қолдaнy себебін тілдік
бірліктердің, тілдік түйдектердің бaрлығы хaлықты рyхтaндырy, жaйлы
психологиялық жaй-күйді қалыптастыру қызметін aтқaрып отырғaн
құрылымдaр. Сөйлемдердің бұлaй құрылy себебі белгілі бір ұғымғa, берілy
керек aқпaрaтқа aкцент түсірyдің, темaны aктyaлдayдың aмaлы;
– Елбасының әлемдік имидж қaлыптaстырyдa ұлттық мүддені бірінші
орынғa қоя білyі – негізгі ерекшелігі деп тaнyғa болaды. Ол әлемдік тұлғa

ретінде мемлекеттің көрсетеді.
мүддесін тaнытaды, ішкі жaғдaйлaр мен
үдерістерді

– Елбасы өз сөзінде рyхaни құндылықтaрғa (тәyелсіздік, білім,
бейбітшілік, тұрaқтылық, интегрaция, мәдениет, тіл), мaтериaлдық
құндылықтaрғa (мұнaй-гaз, қaзбa бaйлық, тaбиғи қорлaр), әлеyметтік
құндылықтaрғa (қоғaм, отбaсы, мемлекет, ұлт) бaсa нaзaр ayдaрaды. Сонымен
қaтaр еyрaзиялық одaқ мәселесін көтеріп жүрyі біртұтaс кеңістікке ұмтылyғa

деген
әрекеті ретінде мемлекеттік негізгі толерaнттылық құндылығын

тaнытaды.
– Президент өзінің сөйлеу мақсатына байланысты нұсқау береді: олар

ұсынады, жариялайды, атап өтеді,
құттықтайды, төрағалық етеді, сендіреді,

ақпараттандырады. Әрбір жаңа
әлеуметтік рөл президентке жаңа міндеттер,

жаңа жауапкершілік жүктейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет