Шаршысөз дискурсыны



бет50/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

Анимациялық әсерлер


негізгі ережесі: нақты уақыт кезінде



Слайдта ақпаратты көрсету үшін компьютерлік анимацияларды қолданған
жөн. Бірақ шамадан тыс әсерлерді қолданбау керек, ол аудитория ішінде
жағымсыз әсер тудырады.

  • анимация жақсы ойластырылған, қысқа болуы керек:

  • динамикалық үдерісті көрсету үшін;

  • тыңдаушылардың қалыптастыру үшін;

назарын аудару
үшін, аудиторияда жақсы орта

  • мәтіннің анимациясы қабылдауға жеңіл болып, білім алушылар оқып

үлгеретіндей болуы тиіс.

  • анимация тым тез болмауы керек. Балалар мен жасөспірімдерге арналған презентацияларда тігінен және көлденең эффектілерді қолдануға болмайды.

  • адамның түпсанасына мультипликация үлкен әсер етеді. Оның жай

видеоға қарағанда, әсері көбірек. Ашық, нақты, тез ауысатын бейнелер

түпсанаға тез жатталады.
Алайда осы жағдайда мыналарды ескерген жөн:

әрбір бейрелевант



қозғалатын нысан материалды қабылдауға кері әсер тудырады, назарды бөледі.
    1. Шаршысөз дискурсындағы қалжыңның рөлі


Әзіл – юморлық сезімнің, тапқырлықтың жемісі. Алайда, әзіл-оспақ, әзіл-
қалжыңды сатира, юморға жатқызуға болмайды. Өйткені, біріншіден, сатира,
юмор өмірлік болмыс-құбылыстарды ұзақ уақыт байқап-көрудің, зерттеп-
білудің, ақыл-ой, дүниетаным елегінен өткізудің нәтижесінде туады. Сатира,
юмор белгілі бір дүниетанымның, саяси-әлеуметтік көзқарастың көрінісі,

сәулесі ретінде, ресми шығарма түрінде, жалпы жұртқа жария етілу үшін
жазылады. Ал әзіл-қалжың түріндегі шымшыма сөз кез келген жерде – отбасы, ошақ қасында, той-томалақ, әр түрлі отырыстарда айтыла салады. Онда ресми сипат, кең танымалдық болмайды. Абай мен оның айналасы арасында осындай
әзіл-қалжың көп айтылған. Мысалы, Абай Қоңыркөкше болысы болып тұрған
кезде, оның үйіне Байкөкше ақын келеді. Ол есіктен ене бергенде Абай оны: Тақыр жерге қауындап шөп бітеді,
Қай адамға мал мен бақ көп бітеді, – деп іледі. Сонда Байкөкше: Кей жігітті пысық деп болыс қойсаң,
Қашан түсіп қалғанша жеп бітеді, – деп, әзілге әзілмен жауап қайтарады.
Әзіл-қалжың сатира, юмор сияқты ескінің әлеуметтік қалдықтарына,
қоғамның ілгері дамуына кесір-кесапат келтіретін зиянды дерттерге қарсы
бағытталмайды, айтысып, қағысып отырған жеке адамдарға ғана тиістіріліп,
тек соны сөзден тосу ниетімен айтылады. Сатира, юмор міні бар қоғам
мүшесінің бәріне бірдей бағыттала береді, ал әзіл-оспақ дәстүрлі сөз қағыстыру
реті бар адамдар арасында ғана, яғни құрбы мен құрдас, жезде мен балдыз,
жеңге мен қайын, құда мен құдаша арасында айтылады [144,б. 205].
Әзіл – бір адамның екінші адамды ұялту, сөзге тоқтату үшін айтатын
ұрымтал да астарлы, көңілді де күлкілі пікірі. Яғни болмысқа, құбылысқа,
нақты оқиғаға қатысты көзқарасты білдірудің, баға берудің бір түрі. Әзілде де сынап-мінеу, іліп-шалып, тәлкек ету ниеті жатады. Тек сол ниет жүрекке ауыр тимейтін етіліп, қалжыңға сүйеп жүзеге асырылады. Сондықтан да қазақ мұны
“әзіл-оспақ”, “әзіл-қалжың” деп қосарлап атайды. Дегенмен, ащы әзілдерде
сатираның уыты, көңілге қаяу түсірмейтін әзілдерде юмордың белгілері жүреді [145,б. 296].
«Әзілің жарасса, атаңмен ойна» деседі, қазақ баласы. Расында, адам сезімі мен жүрегінің түбіне терең бойлай отырып, көңілдің нәзік те сырлы күйін асқан шеберлікпен шертетін, табиғат ананың бізге берген тамаша бір сыйы – сатира
мен юмор. Өркениетті әлемде алдына жан салмай дамып келе жатқан АҚШ
секілді елдердің жұмыс берушілері командаға енуге ұсыныс жасаған адамның
әзіл-қалжыңға қаншалықты жақындығына аса назар аударып, егер ойларынан
шықса, ол шынымен де әзілқой әрі қалжың түсінетін жан болса, міндетті түрде артықшылық беретіні кездейсоқтық болмаса керек.
Әзіл-сықақ дегеніміздің өзі айналып келгенде, дарындылық пен көркемдік
ойлаудың, өткір де ұтымды сөздің, теңіздей терең ақыл-парасаттың, жібектей
әсем сезімнің жиынтығы. Бұл тұрғыдан келсек, оның адам баласына дарыған
аса бағалы құндылық екендігіне көз жеткізесің. Әзіл жоқ жерде әзәзіл мен ашу-
ызаның орнайтыны белгілі. Сондықтан да шығар, ұлы жазушы
Ф.М.Достоевскийдің «сатира – терең сезімнен туатын өткір ой» десе, ғұлама
философ И.Канттың «сатира дегеніміз жайма-шуақ көңіл-күйге дарын-
қабілеттің өз жөнімен оралуы» – деп, анықтама берген.

Әр адамда тіл болатыны секілді
үйірер дәмдіні, сарайды ашар жұпар иісті сезінуі санқилы
әзіл-қалжыңды түсінуі де тума жаратылысына, сезім-

түйсігіне қатысты болатыны бар. Таланттың өзін еңбекпен нәрлендіріп

ашатыны секілді әзіл сезіну қабілетімізді де жетілдіріп, жоғарылатып
отырмасақ, талғамсыздыққа ұрындырмақ. Негізі, сатираға деген талғам мен
талап күшейген сайын ой-өрісіміз кеңейіп, өнерге деген танымымыз тереңдей
түспек. Жалпы, ойы жүйрік, санасы сергек, ақылы терең жандар ғана шебер
әзілдей алатын көрінеді. Өмірде әзілдеспек тұрмақ оны ұқпайтын қабағы қату
адамдар кездеседі. Қазақ ондайларды «аузында әзілі жоқтың белінде шоқпары
жүреді» деп аса сақтықпен қарағаны кездейсоқтық емес. Зерттеушілердің
мәлімдеуінше, әзіл-қалжыңды сезіну қабілеті артқан сайын сатираны түсініп
қабылдау мен оны айтып, жазып жеткізу мүмкіндік жетілдіріле түседі екен.
Сатиралық туынды шынайы өмірден негіз алған іргесі берік, мазмұны
тиімді тәсілмен айшықталған нанымды, бір деммен оқып шыққанда немесе тыңдағанда тез ұғылатын жеңіл әрі көңілге қонымды болғаны абзал. Бұл жерде
қысқа да нұсқа болуы да таланттың өлшеміне айналмақ. Тауып атылған әзіл
ғана соны жеткізушінің дарын-қабілетін айғақтайтыны, оны естіген немесе
оқыған адамның көңілін жайландырып, жадыратыны белгілі. Сонысымен де ол жүректі иландырар ем іспетті. Әзіл-қалжыңның да өзіндік уақыты мен кеңістігі,
көздейтін нысанасы болмақ. Мерзімін дәл тауып, орнын дөп басқанда ғана ол
шынайы әзіл-сықақ. Егер олай болмаса, әлденені бүлдіріп, басқа пәле болып

жабысуы мүмкін.
Қалай десек те,

әзіл-сықақ




адам

өмірінің



ажырамас бөлігіне айналғаны

ақиқат. Әр саналы азамат айналасын
әзіл-қалжыңсыз елестете алмайтын

шығар. Психологтардың мәлімдеуіне, адамның қуанып күлгенінен гөрі әзіл-
сықақтан туған күлкі денсаулыққа анағұрлы пайдалы көрінеді. Сол сияқты ресми тұрпатта айтылған он сөйлемнен әзілдеп айтқан бір сөйлемнің әлдеқайда
салмақты әрі адамға терең ой салатыны анықталған. Әзіл-сықақтың құдіретін
айта берсек, көп-ақ. Ренжіскен ағайынды татуластыратын да, булыққан ашу-

ызаны тарқататын да, арасы ашылған достарды жақындататын да баршылық.
қасиеттері

Алайда, күлдірудің де сан қилы жолдары бар. Адамды қытықтап күлдіру
үшін асқан данышпандық пен әсіре таланттылықтың қажеті жоқ. Ал, адамның
ішкі әлеміне терең бойлап, көңілді тербеп-тебіренте отырып күлдірудің жөні
басқа. «Жігіттер, ойын арзан күлкі қымбат» деп ұлы Абай айтпақшы, ол үшін
ақыл, сезім және дарын-қабілеттің айырықша шешімі қажет етіледі.
Әзіл-сықақтың миссиясы тек қана күлдірумен шектелмейтіні белгілі.
Оның қоғамда атқаратын өзге де қызметтері жетерлік. Қоғам өміріндегі
масылдықты, надандықты және өзге де моралдық жағымсыз әрекеттерді
әшкерелеп, оны күлкімен емдеудегі сатираның рөлі орасан. Сол арқылы сатира
бізді ұятты істерден, жат қылықтардан құтқарады. Әр істі орнымен, жөн-
жосығымен дұрыс жасауымызға бейімдейді. Сатираның көзі өткір, тілі удай
ащы болғанымен тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Сонысымен адам баласының
жадында ұзақ сақталады және тәрбиелік мәні өте зор.
Шындыққа ең жақын тұратын да осы әзіл-сықақ. Мейлі, ол қатты айтылса
да көңілге терең ой салатындығымен, мініңді түзеп, мінезіңді жөнге
салатындығымен әрдайым тәтті. Өмірден алшақ, шындықтан қашық әзіл-сықақ

неше жерден күлкілі болса да көңілге қонбайды.Күлкіге қалудан қорқудың өзі
адамды шындыққа қарай жетелейтін көрінеді. Арамдық ойлап, оны іште
сақтаудың соңы іріп-шіруге әкелмек. Сондықтан, сатираны оқу арқылы әркім
көңілін сергітіп, арын тазалайды. Дегенмен, ол үнемі тың ойды қаузап,
жаңалықты іздемесе, бұрынғысын қайталап, бір ғана шеңбердің аясынан шыға
алмаса күлдіру қабілетінен айырылып, жұртты жалықтыра түседі. Бұл туралы
атақты жазушы Эрнест Хэмингуэй «Егер сатириктің әзіл-сықағы қайталана
бастаса, жұртты мезі етіп жалқаулыққа қарай жетелейді» деген (https://abai.kz/post/12331).
Ресей ғылымында «саяси қалжың» тіркесі салыстырмалы түрде соңғы
жылдары қолданылып келеді. 1990 жылдары А.Дмитриев өзінің саяси-
әлеуметтік зерттеулеріне нысаны ретінде қарастырды. Өзінің көлемді
зерттеуінде осы мәселеге қатысты бірқатар сұрақтардың жауабын береді.
Әлеуметтік теориядағы күлкі мен қалжыңның қызметін анықтай отырып, «әзіл

  • сатира, ирония, пародия сияқты жанрлардың қорытынды жасайды [146,с. 132].

біріккен жиынтығы», - деген

Осы тақырыпқа байланысты еңбектердің қатарына ғалым
А.А. Иванюшкиннің «Политический юмор как фактор взаимодействие
общества и власти» атты еңбегін қосуға болады. Ол өзінің зерттеу жұмысында
саяси қалжыңды саяси ғылымға қатысты термин екендігін айта отырып, оның
саяси кеңістіктегі рөлі мен маңызын анықтады. Халық пен билік арасындағы
қарым-қатынасқа әсер ететін саяси қалжыңның негізгі үлгілерін сипаттап,
қызметі мен ішкі мазмұнын, генезисін анықтады. Ресей саясатындағы саяси
қалжыңның негізгі үрдістеріне назар аударды [147,с. 87].
Аталмыш тақырыпқа байланысты еңбектердің қатарына В.В. Разуваевтың «Политический смех в современной России» еңбегі қосылды,
онда автор саяси күлкінің табиғатын, оның қазіргі қоғамдағы қызметін, орыс
тіліндегі генезисін қарастырды. В.Разуваев саяси күлкіні саяси мәдениеттің
призмасы арқылы анықтайды [148,с. 84]. 1999 жылы А. Дмитриев саясаттану
мәселелері бойынша жарық көрген алғашқы орыс энциклопедиялық

басылымында саяси әзілдің қызметі мен мақсатын анықтады.
Саяси қалжың билік қоғам арасын жалғастырушы

қасиетімен



сипатталатын саяси үдерістің өзгермелі әрі ажырамас бөлігі. Себебі, көтеріңкі
көңіл сыйлап, агрессияны төмендетеді және көптеген тұлғааралық
қақтығыстарды болуына жол бермейді.
Саяси әзіл жағымды және нәзік, сонымен бірге дөрекі әрі жағымсыз болуы
мүмкін. Сондай-ақ, саяси әлеуметтену; сәйкестендіру, саралау және келісу;
қарым-қатынас; қақтығыстар мен келісім сияқты бірнеше қызметті қатар
орындайды. Саяси қалжыңның басты міндеттерінің бірі саясат және оның
өкілдеріне деген қоғам қызығушылығын ояту [149,с. 458].
Адамзаттың қалыптасуы белгілі бір кезеңдерден тұратыны сөзсіз. Саясат
та сол сияқты. Әр мемлекетте ғана емес, бір елдің өзінде әртүрлі саяси
көзқарас, әр жікке бөлінген саясаткерлер көп. Саясат – ұстаным, саясат – билік,

саясат – экономика дегенімізбен ол ұстараның жүзіндей құбылып тұратын, аса
үлкен сақтықты талап ететін басты құрал.
Бір ауыз сөздің бір адамды ғана жарға жығып қоймай, бүкіл бір ұлттың
тағдырына әсер ететіні белгілі.
Бөтен елге елшілер жіберу, сауда, бітім жасау, соғыс ашу, бейбітшілік мәмілеге келу ежелден келе жатқан үрдіс. Сондықтан елшілердің білімділігіне,
шешендігіне баса назар аударған. Мына бір әзілдің астарына көз жүгіртсек.
Ресейдің бір саясаткері қазақ ғалымына: – Сіздердің аяқтарыңыз неге қисықтау
болып келеді?, – деп сөз тастапты. Сонда ғалым: – Әрине, 300 жыл сіздердің
мойындарыңызға мініп келмедік пе?, – деген екен.

Қалжыңның түп-төркінінен Алтын Орданың жеріндегі билік
құрғаны,

орыс князьдарын ашса алақанында, жұмса жұдырығында 3 түсіну қиын емес.
ғасыр
ұстағанын

Әрбір қалжыңда шындықтың да үлесі бар екенін саясат сахнасындағылар жақсы біледі. Ресейдің 90-жылдардағы саясаткері «Общее дело» партиясының
көшбасшысы Ирина Хакамада: «Мен биліктің алдында кеудемді
жалаңаштадым» деуі, өзінің «билік алдында әлсіз емеспін, бәріне де

дайынмын» дегені шығар.
Ірі тұлға, кемеңгер саясатшы,

қазақтың



біртуар

ұлы Тұрар Рысқұловтың



турашылдығын, батылдығын дәлелдейтін мына бір әзілі өзіне оқ боп
қадалатындығын білмесе керек. 30-жылдары Сталиннің қылышынан қан тамып тұрған шағында, Т.Рысқұлов Мәскеуде СовНаркомда істеген кезі болса керек, кезекті бір жиынға бірер минут кешігіп келген оған Сталин: – Төрлет қазақтың

ханы, депті. Сонда Тұрар: – Рақмет, төрге грузиннің маған осы тұс жетеді, – деп, қарсы алдына жайғасыпты.
князі жайғасып
қапты,

Халықсыз қоғам, ал қоғам саясатсыз болуы мүмкін емес. Алайда саясат

қоғамға жұмыс жасауы тиіс. Саясаткердің міндеті –
қоғамның мүддесін қорғау.
өз пікірін
қорғау арқылы,

1947 жылы Қаныш Сәтбаев Уинстон Черчиллмен кездесіпті. Академиктің
бойының ұзындығына таңғалған Ұлыбританияның экс-премьері: – Басқа
қазақтар да дәл сіздей ірі ме?, – деп сұрапты. Сонда академик: – Қазақтардың
ішіндегі ең аласасы мен шығармын, менің халқым менен де ірі, - деп жауап
беріпті. Әлемді аузына қаратқан ұлы адамның бұл сөзі бәзбіреулерге қалжың

боп көрінгенмен, түсінгендер
қою деген ұғым.
үшін
өз ұлтын,
ұлтының ұлылығын бәрінен биік

Әлемді аузына қаратқан әйгілі тұлғалар саясатқа байлықпен немесе басқа жолмен келген жоқ. Олар білімді де, сөз өнерін де қатар меңгерген адамдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет