Шаршысөз дискурсыны


Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет7/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

Зерттеу жұмысының өзектілігі.


Жалпы aдaмзaт бaлaсынa тән



құндылықтaр жүйесі бaр десек, күллі саналы жаратылысты бір бірімен
бaйлaныстырaтын, түпсіз терең екі нәрсе – өнер мен ғылым. Екеyінің де
ayқымы кең және өзaрa сaбaқтaс. Тіпті екеyін aжырaтyғa келмейтін құбылыс
деуге де болaды. Бұл екеyінің тоғысaр тұсы – тіл. Aл тіл – сөз өнері. Сөз
өнерінің ішіндегі ең күрделісі және ayқымдысы – шешендік өнер. Шешендік –
түрлі хaлықтарғa ортaқ өнер. Әр ұлттың шешендігі өзіндік бедерлілігімен,
бейнелілігімен ерекшеленеді. Шешендік өнерді ғылыми әдебиетте «риторикa» деп те aтaйды.
Осы yaқытқa дейін сaн ғaсырлық тaрихы бaр қазақ шешендік өнері, би-
шешендер мұрaсы көркем сөз ретінде жоғары бaғaлaнды, алайда оның әлеyметтік-қоғaмдық мәнін, мемлекет тaғдырын шешyдегі орaсaн зор қызметін тиісті дәрежеде бағамдау мәселесі біршама кенжелеу қaлғaн тәрізді.
Қазіргі тіл білімінде шаршытопта сөйлеуді риторикалық және тілдік
құбылыс ретінде зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондай-ақ тілдік құралдардың қолданылуы мен оның тыңдарман қауымға тигізетін ықпалына да жіті назар аудару қажет. Жалпы өзара түбірлес «шаршытоп» және «шаршысөз»
қолданыстарын ресми сөзжұмсамның басты көрсеткіші деуге болады. Қазақ
әдеби тілінің он бес томдық сөздігінде «Шаршытоп – көпшілік жиналған жер,
дүйім жұрт» деген анықтама берілген. Ал «шаршысөз» атауының термин
ретінде ғылыми әдебиетте қолданыла бастағанына көп бола қойған жоқ,
мағынасы көпшілік алдында, арнайы дайындықпен келген жеке тұлғаның
белгілі бір тақырыпқа қатысты ой қозғауы, мақсатты түрде бір мәселені
көтеріп, соның шешімін табуға бағытталған сөзі деуге болады. Сөйлеуші
мәселенің өзектілігіне, халық үшін маңыздылығына адамдар тобының назарын
аудару үшін қатынас құралы тілді өз прагматикалық діттеміне сай икемдеп,
вербалды/бейвербалды құралдарды түрлі ыңғайда қолдана отырып, жұмсайды.
Мұндағы басты шарттардың бірі – сөйлеу жағдаятының ресмилік/бейресмилік
сипаты, бұл шаршысөздің әлеуметтік психологиялық сипатын да ашады.
Шаршытопта сөйлеудің прагматикалық аспектісін зерттеуде лингвистикалық
және экстралингвистикалық факторларды ескеріп, вербалды және бейвербалды
құралдарды орынды, шебер пайдаланудағы шешеннің рөлі ерекше маңызды болып саналады.
Соңғы жылдары лингвистикалық зерттеулер саны көбеюінің бірден-бір
себебі – прагматикаға қатысты мәселелердің оң шешімін табу. Басқаша
айтқанда, бұл – тыңдаушыға әсер етудің тиімді жолдарын іздестіру. Кез келген
тұлғаның кәсіби немесе қоғамдық қызметте жетістікке жетуінің басты
межелеуіші (критерийі) – сөз өнерін қаншалықты меңгергендігімен өлшенеді.

Бұл мәселе мемлекеттің даму дәрежесіне тікелей әсер ететін түрлі реформалар

көрініс табатын негізгі сала саяси дискурсқа түседі.
қатысты алғанда айқындала

Елімізде тәуелсіздік жылдары орын алған түбегейлі саяси, экономикалық,
әлеуметтік, мәдени жаңалықтар сөзжұмсамда, жалпы ресми қатысымда елеулі
өзгерістердің орын алуына себеп болды. Осыған орай, зерттеу тақырыбының
өзектілігі оның қазіргі лингвистиканың басым және қажетті бағыттарының
бірі болуымен байланысты XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы
орасан зор тілдік инновацияларды зерттеуге арналғандығынан көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет