Шаршысөз дискурсыны



бет3/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

Дискурстың макроқұрылымы (глобалды)дискурстың тақырыптық
тұтастығын айқындайды. Дискурстың микроқұрылымы (локалды) – дискурс
бірліктерінің мүшеленуі мен иерархиялы сипатының көрінісімен айқындалады.
Диалог (грек. dialogos – әңгіме, екі адамның сөйлесуі) – екі немесе
бірнеше адамның тілдік қатысымдық әрекеті.
Интонация (лат. intonatio – қатты айтылатын) – әуен, үдемелік, ұзақтық,
айтылу қарқыны, кідіріс, дауыс реңкі сияқты бір-бірімен байланысты
компоненттер жиынтығынан тұратын күрделі құбылыс.
Интонология – интонацияны, интонациялық құбылыстарды зерттейтін тіл саласы.
Иерархия семантикалық тұрғыдан мәтін бірліктерінің бірізділігі.
Реплика (ағылш. turn) – вербалды және бейвербалды түрде көрініс табатын тілдік әрекеттің сөз алмасу бірлігі.
Риторикалы_қ_байланыстарды_ң_гипотактикалы_қ_т_үрі'>Риторикалық байланыстардың гипотактикалық түрі cинтактикалық
тұрғыдан тең емес дискурс бірліктерінің өзара бір-біріне бағына байланысуы.
Риторикалық байланыстардың паратактикалық түрі синтактикалық
тұрғыдан маңыздылығы бірдей дискурс бірліктерінің байланысы.
Прагматика (ағылш. pragmatics) коммуникативтік жағдаятқа
қатысушылар үшін (сөйлеуші / адресант тыңдаушы / адресат) сөйленістің

айқын не жасырын мақсат-мүдделерін білдіруде тілдік белгілер атқаратын тілдік сала.
қызметін

Предикация (лат. praedicatio – айтылған сөз) сөйлеудің негізгі
қызметінің бірі бола отырып, элементарлы тілдік сөйлемдердіңмағынасын білдіреді.

Пресуппозиция (лат. prae – алдыңғы және supposition – болжам) –
сөйлемнің мағыналық тұрғыдан дұрыс құрылып, мәнмәтінмен сәйкес келуі
және оның шынайылық үзігін сипаттайтын семантикалық ұғым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет