кинесикалық құралдардың рөлі
Тіл − «дайын ойды» жеткізу құралы ғана емес. Сонымен бірге ол ойдың
пайда болу, қалыптасу құралы. Көрнекті орыс психологы Л.С. Выготский, ой
сөз түрінде айтылып қана қоймады, сондай-ақ сөз түрінде іске асады десе, XIX
ғ. бірінші жартысында дүниеден өткен немістің аса ірі тілші ғалымы Вильгельм
Гумбольдт тілді «ойды құраушы орган» − деп, оның дүниетанымдық
функциясы мен ақпараттық қызметі туралы айтады [122,с. 33].
Қатынастың негізгі теориялары интерактивтік, коммуникативтік,
перцептивтік болып табылады. Қатынастың және коммуникацияның өзара
ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Қатынас бұл адамдар арасында
байланыстың өрбуі мен күрделі көпжоспарлы үдерісті анықтау. Қарым-
қатынасты анықтаудың күрделi үдерісіне мына үш құрам кiредi: 1.
Коммуникативтік қатынас (адамдармен ақпарат алмасу). 2. Интерактивтік
қатынас (жеке адам мен ұйым арасындағы әрекет). 3. Перцептивтік қатынас
(серіктестер қатынас кезінде өзара түсінісуі мен өзара түсінушілікті орнату).
Перцепция латынның perception – «қабылдау, түйсіну» деген мағынасын береді. Бұл терминді американдық психолог Дж. Брунер енгізген.
Коммуникативтік үдерісіне негізінде вербалды және бейвербалды
коммуникация деп екіге бөліп қарайды. Вербалды коммуникация қатынастың
сөйлеу арқасында жүзеге асырылады. Сөйлеу арқылы біз табиғи тілдік
дыбыстарды cондай-ақ, фонетикалық белгілерді, оның екі негізгі лексикалық
және синтаксистік белгілерін түсінеміз. Сөйлеу коммуникацияның универсалды
құралы болып табылады, яғни ақпарат беру кезінде оның хабарламаның мағынасы беріледі.
көмегімен
Интерактивтік қатынас психологиялық әсер етуге байланысты, басқа
адамның ықпалымен жеке адамда өзгеріс болуы (көзқарастың, қатынастың,
мотивтің, хал жағдайдың, құрылғылардың өзгеруі). Басқа адамның ықпалымен
жеке адамның өзгеруі уақытша, өтпелі және тұрақты болуы мүмкін.
Қатынастың интерактивтік жағы мыналарды сипаттайды: басқару шешімін
орынды қабылдау, қызметкерлер арасында міндеттерін анық бөлу, дау-
жанжалды ақылмен шешу.
Перцептивтік қатынас − қатынасқа түсушілердің бір-бірін түсінісуіне
жағдай жасау, яғни қабылдау процесі, адамдардың бір-бірін өзара жете түсініп
алмай әрекетке бармауы. Жеке тұлға аралық перцептивтік анықталған
механизмінің арқасында өзін басқа адамдар арқылы танып біледі. Оған тану
және адамдардың бір-бірімен түсінісуі (идентификация /теңестіру, эмпатия,
аттракция), қарым қатынас кезінде адам өзін өзі тануы (рефлексия),
серіктесінің мінез-құлқын болжау (каузальная атрибуция) жатады.
Идентификация (теңестіру, ұқсату) − қарым-қатынас кезінде басқа адамды
тану тәсілі, яғни серіктесінің орнына қойып өзін сынау, салыстыру негізінде
оның ішкі хал-жағдайына болжам жасау. Эмпатия басқаның күйзеліс сезімін
бірге өткізу, басқа адамды тану формасы. Ал, бейвербалды қатынас құралын
оқып үйренуде төмендегі ғылымдарға жүгінеміз: 1. Кинесикa − адамның ішкі
сезімі және көңіл күйі; ым-ишара, бет құбылыстары, дене мүшелерінің
қозғалыстары (пантомимика), бүкіл дене қозғалысы қимыл мен ым арқылы
ғана жасалатын қозғалыс, дене тұрысы, қалып, кейіп, бас ию, жүріс, келбет. 2.
Такесика − жанасқан қарым-қатынас жағдайында болатын құбылыстар: қол
алысуда, сүйісуде, тиіп кеткенде, сипағанда және т.б. 3. Проксемика − кеңістікте болған қатынаста адамдардың орналасуын зерттейтін ғылым саласы. Жалпы адамдардың қарым-қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан
тұрады. Оның бірі − тілдік қатынас, екіншісі − тілсіз қатынас. Тілдік қатынас
пен тілсіз қатынастың ұқсастықтары да, айырмашылықтары да бар. Бұл
қатынастардың сәйкес жақтары: олардың екеуі де, біріншіден, адамдардың бір
бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Екіншіден, тілдік қатынаста да, тілсіз
қатынаста да белгілі бір дерек, ой, мағлұмат хабарланады, бірақ тілсіз
қатынаста хабар шартты түрде болуы мүмкін. Үшіншіден, тілдік, тілсіз қатынас
та адамдардың өзара түсінісуіне жол ашады. Ұғынысу тікелей жолмен емес,
сырттай болуы да мүмкін, мұндай жағдайда да адамның ұғып, соған қатысты іс әрекет жасауына мүмкіндік туады.
белгілі бір хабарды
Қазіргі лингвистикада дискурсты жан-жақты қарастыруға болады.
Коммуникативтік жағдаят барысында түзіліп, диалогтық тұтастықта берілген
дискурстың ерекшелігіне оның фонетикалық деңгейіндегі интонация
параметрлерімен (дауыс тонының өзгерісі мен айтылым жылдамдығы)
айқындалатын табиғилығы да жатады. Дискурсқа әсерлі реңк үстеп,
эмоционалдық қанық бояу беруде интонацияның әуені мен қарқыны, кідірісі,
дауыс диапазоны сөйлеу кезінде айтар ойдың маңызды, маңызсыз тұстарын
ажыратып берсе, үдемелілік компоненті – логикалық екпіннің түсуін,
акценттелу арқылы ойдың тұтастығын көрсетіп, дауыс реңкі – адамның әр түрлі жағдаятқа байланысты көңіл-күйін сипаттайды [123,б. 81].
Дискурс барысында адамның ойлаған ойын ауызша ықшамдалған түрде
жеткізуде оларға үстеле жүретін әдіс-тәсілдердің орны ерекше екендігі белгілі. Бұл сөз ағымында просодикалық құралдар арқылы көрініс береді.
Просодикалық құралдар ерекше тәуелсіз құбылыс ретінде дискурс
бірліктерінің үстінен параллель келіп, тілдік қатысымның коммуникативтік
мақсатының жүзеге асуына қызмет жасайды. Сондықтан мұндай құралдарды
суперсегментті просодикалық құралдар деп айтуға әбден болады [124,б. 120- 122].
Просодикалық (паралингвистикалық) қарым-қатынас құралдары тілдің
ырғақты-интонациялық жағын (дауыс тембрі, екпіннің күші, дауыс үнінің
жоғарылығы, қаттылығы) қарастырады.
Фонетика және фонология, сингармонизмнің
көптеген аспектілері,
сонымен қатар просодика мәселелері Ә.Жүнісбеков, З.Базарбаева, Н.Авазбаев,
C.Исаев, Ж.Әбуов, А.Айғабылов, С.Мырзабеков, А.Қошқаров және басқа түркі тілдерін зерттеген Т.Ахматов, Т.Талипов, Т.Сыдиқов, А.Дәулетов, К.Бичельдей
сияқты ғалымдардың еңбектерінде айтылады. Просодика (құрау) дегеніміз –
тілдегі сөздің айтылуын реттейтін буын құраушы, сөз құраушы фонетикалық
бірлік. Просодология – фонетиканың просодиканы зерттейтін саласы. Қазақ
тілінің сөз просодикасы үндесімнен туындаса, орыс тілінің просодикасын
динамикалық екпін анықтайды.
Сөздің просодикалық белгісі бірбуынды және көпбуынды сөздерге тән
болғандықтан, оны бірбуынды түркі сөзіне де жатқызуға болады.
Просодика туралы ғалымдар түрлі пікірлер айтады. Ә.Жүнісбек
«акцентуация» терминін «просодия» терминімен ауыстыруды жөн деп
есептейді. Акцентуация – екпін арқылы арнай элементтердің сөзде және
фразада көрініс табуы, ал просодия фонемадан үлкен бірліктердің фонетикалқы
белгілері, сөйлеудің жоғары сегментті қасиеттерінің жалпы атауы, оған
сингармонизм кіреді дейді [125,с. 42].
Қазақ сөзінің просодикасы үндіеуропаның сөз екпініне негізделген.
Нәтижесінде сингармонизм фонологиялық жағынан нақты емес, «дауыстылар
үндесімі» деген терминмен айтылды, жалпы тіл біліміндегі просодикалық
бірліктер жүйесінен түсіп қалды. Бұны В.Б. Касевич екпін мен тонды негізгі
«субинтонациялық» просодикалық құралдар деп тұжырымдады [126,с. 148].
Бұндай қорытынды жасауға түркі тілі фонетикасын зертеушілерді еңбектері
себеп болды деп болжауға болады, олар басты, негізгі просодикалық бірлік –
сөз екпіні деп есептеді. Тонмен салыстырғанда екпін жалпы тіл білімінде кеңірек зерттелген.
Қазақ тілі білімінде сөйленім синтезін құру үшін де просодикалық
құралдарды қолдану қажеттілігі туындайды. Интонацияны кейде просодика
немесе просодия деп те атайды [127,с. 123]. Просодика мен интонация бір
ұғымды білдіргенімен,өзара іштей айырмашылық бар. Просодика кеңірек
ұғымды беріп, буын, сөз, ритмикалық топ, синтагма, сөйлесім деңгейінде болса
интонация синтигма мен сөйлесімді (высказывание) қамтиды. Просодика мен
интонация хабардың не туралы, кім айтқандығы және қайда, кімге арнап
айтылғандығы жөнінде мәлімет береді. Яғни интонация – сөйлесімнің
құрылуымен бірге туындайтын құбылыс. Сондықтан сөйленім синтезін құру
үшін тек дыбыстарды өзгеріске ұшырауын, яғни вариант, вариациясын
қарастыру жеткіліксіз.Сөйленім мәнерлі мағынасы анық болу үшін оның
просодикалық өзгерістерін де ашып беру қажеттілгі туындайды. Ол үшін ең
алдымен интонация компоненттерінің (әуен, дауыс, үдемелігі, кідіріс, қарқын)
көрсеткіштерін белгілеп алып,мәтінді іштей синтагмалар бөліп, фразалар жігін айқындап алу қажет.
Акустикалық жағынан әуені, яғни негізгі тонның жиілігі, ұзақтылық пен
кідіріс, дыбыс сигналдарының амплитудасы көрсеткішімен беріледі. Бұл
көрсеткіштер сөйленім синтезінің сигналдарына просодикалық тұрғыдан
сипаттама жасау үшін қажет. Яғни мәтін бойынша сөйленім синтезін құру
үшін әуеннің, дауыс үдемелігінің көрсеткішін және фонема мен кідірістің
ұзақтығын анықтап алу қажетілігі туындайды.
Сөйленім синтезі табиғи шығу үшін ең алдымен синтезатор орфография
бойынша жазылған мәтінді орфоэпия, яғни айтылымы жағынан ажырата алуы
қажет. Дауыстың толық акустикалық жағынан ерекшелігін, фонетикалық
жағынан айтылымы мен екпінін, сондай-ақ жеке-жеке сөйленімнің
просодикалық ерекшелігін анықтап алған дұрыс. Мәтіннің өзі фразадан,
синтагмадан, сөзден, буыннан және дыбыстан тұратынын ескерер болсақ,
синтезаторға әр бірінің сөйлеу кезіндегі қызметін анықтап берген жөн. Соның
ішінде синтагманы просодикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, сөйлеу кезінде
синтагма 1-5 сөзден тұрып (ең жиісі 6 сөз), мағыналық жағынан дұрыс
жеткізуді көздейді. Өйткені, егер синтезатор тұтас сөйлемді ешқандай
синтамаларға бөлмей, бір деммен үзіліссіз оқып шығатын болса, айтылған сөз
түсініксіз болған болар еді. Сондықтан бірнеше мәтінді оқып шығып, араларына синтагма белгісін қойып шығу керек. Сонан соң әрбір синтагманың
әуеніндегі өзерістерді, яғни ойдың аяқталғанын немесе аяқталмағандығын,
лепті немесе сұраулы сөйлем екендігін білуге болады.
Интонациялық жағынан мәтінді автоматты түрде синтездеу үшін қазақ
тіліндегі: тиянақты, тиянақсыз, лепті сөйлем, жалпы сұрақ, арнайы сұрақ, қатал бұйрық, сыпайы бұйрық және қыстырма сегмент интонемаларын анықтап, оны
модельдеп алу қажет. Өйткені қазақ тілідегі интонемалар айтылғандығын
көрсетеді. Сондықтан сөйленім синтезаторына сөйлемнің аяғында тональді
деңгейдің міндетті түрде төмендейтіндігін, ал сөз ортасында көтеріңкі тональді
деңгейде айтылып, ойдың аяқталмағандығын көрсететін модель арқылы
бейімдеп беру қажеттілігі туындайды.
Ең алдымен, интонациялық модельді түзуде сөйленімді синтездеу үшін
интонациялық жағынан фраза аралығындағы шекараны анықтап алып,
фонетикалық жағынан сөйлеу кезінде өзгеріске ұшырайтын дыбыстарға
сипаттама беріледі [128,б. 241-244].
Кез келген тілдің фонетикалық жүйесі оның бөлшектерінен, яғни сөздердің
дыбыстарынан ғана тұрмайды (дауысты, дауыссыз) ол тілдің күрделі
суперсегменттік деңгейін, мәтіннің жалпы интонациялық сипатын да қамтиды.
Әуелде «интонация» термині латынның «қатты сөйлеу» деген сөзінен
пайда болғанымен, бұл терминнің қазіргі мағынасы әрі күрделі, әрі сан қырлы.
Әуен (мелодика), пауза, қарқын (темп), интенсивтілік, екпін, ырғақ,
просодикалық тембр интонацияның компоненттері болып табылады. Сонымен,
интонация – көп функциялы күрделі құбылыс. Тілдің басқа элементтерімен
салыстырғанда интонацияның өзіне ғана тән қасиеттері мен ерекшеліктері бар.
Интонация тонының (тональность) адамдардың қарым-қатынасында үлкен орын алатыны мәлім. Бір сөздің айтылу интонациясына қарап, ол сөздің қандай сезіммен айтылып тұрғанын білу адамға қиын емес. Сондықтан интонацияның
сөйлеуден, сөзден бұрын пайда болғанын мойындай отырып, оның сөйлеу тіліндегі мәнінің зор екенін де баса айту керек.
кейінгі
Интонация сөйлеу тілінде естілуімен қатар жазба тілде (сөйлемде, мәтінде)
де оқылады. Мысалы, жазушы жазғанының басқалар оқығанды қалай
естілетінін, оның қандай интонациямен айтылатынын ескеріп, тиісті тыныс белгілерін қойып отыруының себебі сонда болса керек.
Сөйлеу тіліндегі интонацияның жазба мәтінде көрініс табуы табиғи нәрсе
және жазылған мәтінді мазмұнына қарай дұрыстап, мәнерлеп оқу да оның
интонациясына байланысты. Егер мәтіннің интонациясын өзгертіп, яғни қатар
тұрған сөздердің ырғақтық топтасуын, сонымен байланысты паузасын
жылжытса, оның стилистикалық реңкі ғана емес, сөздерінің грамматикалық
мағынасы да өзгеріп кетуі мүмкін. Демек, интонациялық құбылыстар мен
грамматикалық құбылыстардың арасындағы байланыс өте күрделі және
құбылмалы болып келеді. Күрделі мәтіндердегі интонацияның компоненттерін,
оның көріністерін оған мейлінше үңіліп, экспериментті зерттеу арқылы ғана
анықтауға болады. Қазақ тілі жүйесіндегі сан алуан синтаксистік-
коммуникативтік құрылымдарда интонация және оның единицалары мен
компоненттері өзара әр қилы күрделі қатынастарға түсіп отырады. Түрлі
синтаксистік құрылымдарда интонациялық компоненттердің алатын орын
ерекше. Оның сөйлемдегі сөздерді семантикалық-құрылымдық топтарға
бөлуде, оларды бір-бірімен байланыстыруда мәні зор. Күрделі мәтіндердегі сөйлемдердің түрлеріне қарай интонация әр түрлі коммуникативтік, эмоциялық
мазмұнға не болып, өзара түрлі қарым- қатынастарға түсіп, мәтіннің жалпы
мазмұны мен эмоциялық реңкін түрлендіруде айрықша қызмет атқарады.
Жалпы тіл білімінде интонация сөйлемді сомдайтын ең маңызды
универсалды факторлардың бірі саналады, оның компоненттерінің сөйлемнің
әр алуан түрлерін түзіп, дифференциялауда және бір-бірімен айырып ажыратуда орны ерекше.
Интонацияға ертеден, көне замандардан көңіл аударылған. Байырғы замандарда интонацияның ерекшеліктеріне мән берген зерттеушілер оны сахна өнерімен, шешендер сөзімен және өлең оқу өнерімен байланысты қарастырған.
Интонацияның логикалық және эмоциялық қасиеттерін зерттеудегі ең көне
деректер ежелгі Эллада мен Римде кездеседі. Онда сөйлеу тіліндегі кідіріс, қарқын, ырғақ туралы алғашқы түсініктер берілген.
әуен,
Сөйлемнің ырғақты құрылымының ерекшеліктері туралы пікірлерді
Аристотельдің, Деметрияның, Цицеронның, Трасимахтың еңбектерінде
кездестіруге болады. Ырғақ туралы ең толық түсінік Цицеронның «Оратор»
деген еңбегінде кездеседі. Онда автор ырғақтың ерекшеліктеріне тоқталып қана
қоймай, оны шешендердің сөзіне қалай, қай мөлшерде қолдану керектігін де
айта отырады. Сөйлеу тілі интонациясы туралы пікірлер М.В. Ломоносов
еңбектерінде де баршылық. Интонация деген ұғымның жалпы тіл білімінде әр
түрлі түсіндірілуі оған ғалымдардың әр қырынан қарауына байланысты болса
керек. Басқа сөзбен айтқанда, зерттеушінің оның сыртқы формалық жағына, не
мазмұнына, не функциясына ғана көңіл аударғанынан болар. Басқа
фонетикалық құбылыстармен салыстырғанда интонация жалпы мазмұнмен өте
тығыз байланысты және синтаксистік тұрақты абстрактілік сипат айқынырақ.
құрылымдарға
қарағанда, онда
Соңғы кезде интонацияның жалпы тіл жүйесіндегі дербес бір құбылыс
ретінде танып, оны өз алдына жеке алып зерттейтін білім саласын интонология деп атап жүр. Интонологияның өзіне тән зерттеу нысаны мен әдістері бар.
Тіл жүйесінде дербес бір құбылыс ретінде интонацияның өзіндік
спецификалық мағынаға ие болатын бірліктері бар. Қай тілде де олардың саны белгілі бір мөлшерден аспайды. Ол бірліктерді тіл білімінде суперсегменттік фонема, интонациялық конструкция, интонема, интонациялық морфема деп әр
түрлі атайды. Себебі, интонация өз алдына дербес құбылыс саналғанымен, ол
тілде әр түрлі өрнектеледі, әр тілдің форма және мазмұн категорияларымен
тығыз байланысты болады. Жоғарыдағылардың ең қолайлысы – интонема.
Сегменттік бөлшектерді – фонемаларды зерттейтін фонология болса, суперсегменттік бөлшектерді – интонемаларды интология зерттейді.
Қай тілде де сөйлеушінің жадында сол тілдің негізгі интонемалары
сақталады және олар сөйлеудің эталоны болып табылады. Интонемалар
фонемалар сияқты өзінің просодикалық өлшемдері және ерекшеліктерімен
варианттарында көрініс табады. Интонема әрқашан синтагмада көрінеді.
Синтагма қай тілдің болса да сөйлемдерінің синтаксистік құрылысы мен оның
мағынасын терең зерттеп түсінуге көмектеседі. Ең шағын синтаксистік
мағыналық сөз, сөз тіркесі және сөйлем синтагма түрінде интонациялық
формаға ие болады. Синтагмалар – үлкенді-кішілі паузалармен бөлінетін тілдің интонациялық мазмұндық үзінділері ретінде жай сөйлемде, құрмалас сөйлемде,
сондай-ақ бір тақырыпты күрделі синтаксистік тұтастықтарда сөзді, сөз
тіркестерін, сөйлемдерді қамтып, оларды бір интонациялық жүйеге
бағындырып ұстап тұратын тәсіл.
З.М. Базарбаева «Қазақ тілінің интонация жүйесі» деген еңбегінде
А.Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінде күні бүгінге дейін жете көңіл бөлінбей
келе жатқан интонация жайындағы пайымдауларына сүйене отырып, қазақ
прозасы мен поэзиясынан алынған тілдік материалдарға жан-жақты
эксперименттік талдау жасайды. Сонымен қатар, экспериментті-фонетикалық
талдаулар арқасында қазақ тілінде сегіз түрлі интонема бар екені анықталады. Олар:
Тиянақсыз интонема
Тиянақты интонема
Жалпы сұрақ
Арнаулы сұрақ
Қатал бұйрық
Сыпайы бұйрық
Лепті
Қыстырма
Қазіргі таңда интонология фонетикадан бөлініп, өз алдына жеке ғылым болды [129,б. 138].
Шешендік сөзде ескерілетін басты жайт шешеннің сөйлеу техникасы. Сөз
сөйлеу үдерісінде аудиторияға әсер ету барысында шешен лингвистикалық,
паралингвистикалық және кинетикалық құралдардың тұтас кешеніне жүгінеді.
Сөзсіз, қай уақытта да ең бастысы сөз болып қала береді. Сөз арқылы
түйінделген ой қаншалықты маңызды болса да, ол тыңдаушыларға тек
шешеннің сөздерді нақты да түсінікті, айтуы арқылы ғана әсер ете алады.
Сөйлеу техникасының басты мақсаты – барлық сапалық белгісі мен
мүмкіндіктерінің үйрету.
жиынтығы негізінде шешенді
өз дауысын меңгере білуге
Сөйлеу техникасының құрамды бөліктері – бұл дыбыстық, тыныстық
қойылымы, сөйлеу сәтіндегі дауыстың, дикциясының, орфоэпиясының дұрыс
қойылымы. Сөйлеу техникасының мәні дыбыстау, нормаларын сақтауда
артикуляция, дыбыс, тыныс бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Белгілі Римдік сот шешені Марк Туллий Цицерон «Шешен» трактатында
былай деп көрсетеді: «Дауыстың жақсы болғаны дұрыс, бірақ ол біздің
билігімізде емес. Дауысты меңгеру біздің билігімізде. Сондықтан үлгілі шешен
дауысын өзгертіп, түрлендіріп отырады. Дыбыстау дәрежесін жұмсартып әрі
қатаң етіп реңк береді».
Шешеннің дауыстық бетпердесі көбіне тыңдаушылардың
эмоциялық
тұрғыдан қабылдауына арналады да, ал заңгердің көпшілік алдында сөйлеу
техникасы екінші дәрежелі сипатқа ие болады, тіпті артық актерлік әрекет деп танылады.
Дәстүрлі түрде сөйлеу техникасына мыналар енеді: а) бірқалыпты тыныс алу; ә) мәнерлі дауыс; б) жатық дикция; в) екпінге және сөздің айтылуына көңіл аудару.
Сөйлеу техникасы ішінде тыныс алу мен дауыс таза физиологиялық табиғатқа ие, қажет жағдайда түзетіліп отырады.
Әдетте, кәдімгі және сөйлеу кезіндегі тыныс алу түрлері болады. Егер біріншісінде дем алу – дем шығару – кідіріс кезектесе келсе, екіншісінде терең
дем ала отырып, аз ғана кідіріс жасайды. Содан соң баяу дем шығарады.
Орташа есепте дем толқыны 8-10 секундты алады, тәжірибелі шешендерде ол 20 секундқа дейін жетеді.
Дауыстың кәсіби қасиеттеріне дыбыстылық, жеңілділік, икемділік,
жатықтылық, әуенділік жатады. Сөйлеу мазмұнына сай келетін сөз тиімді
болып келеді. Сөйлеу кезінде интонацияны өзгерту арқылы тыңдаушылардың
қызығушылығы артады, шешеннің ой жүйріктігі көрінеді.
Өткен ғасырда өмір сүрген ағылшын адвокаты Рихард Гаррис «Адвокатура
мектебінде» дауыс модуляциясын «шешендік атаған.
өнер ішіндегі ең
кереметі» деп
Тыныс алу мен дауыстың ерекшелігі, дикция – дыбыстардың ашық, жатық әрі түсінікті айтылуы – табиғи (физиологиялық) қасиеттерге онша тәуелді емес. Оны арнайы жаттығулар арқылы түзетуге немесе жақсартуға болады: жаңылтпаштар, өлеңдер оқу, фонетикалық тренинг т.б.
Сөйлеушінің дикциясында жиі кездесетін, оңай түзетілетін қателіктерге
мыналар жатады: сақаулану, дыбыстарды ауыстырып алу, буындарды дұрыс
қоймау. Мәселен, балалар – балдар, керісінше – кесінше т.б.
Екпінді дұрыс қою және сөзді дұрыс айту заңгердің жалпы мәдениетіне
жатады. Орфоэпиядағы қателіктен сөз дұрыс қабылданбайды. Бұл туралы
П.С.Пороховщиков былай дейді: «Сотта нағыз айыптаушы немесе қорғаушы
болу үшін, сөйлей білу керек» [130,с. 234]. Сондықтан «Орфоэпиялық
сөздікке» көңіл бөлген дұрыс.
Өз дауысымен, дикциясымен және орфоэпиямен жүйелі жұмыс істегенде
ғана, сөйлеу техниекасы тыңдаушыларға әсер ететін шынайы құралға арналады.
Сондықтан А.Ф.Конидің кеңесіне құлақ салыңыз: «Дауыстап ашық, жатық,
мәнерлеп сөйлеу керек. Дауыс реңкінде сенімділік болуы қажет. Сөйлеу тонын айтылатын ойға қарай қатты әрі баяулатуға болады» [131,с. 15].
Адам даусының мәні өте зор. Дауыс қою – адамның белгілі бір
жағдаяттарға қандай сөздік мәселені шешуіне байланысты өзінен-өзі өтіп
жатқан процесс. Физикалық мағынасына тереңдесек, дауыс – дыбыс
желбезектерінің тербелісі нәтижесінде пайда болатын әр түрлі дыбыстардың
жиынтығы. Дауысты игере білу – шешендік шеберліктің маңызды көрсеткіші.
Кәсіби сөйлеу дауысының негізгі қасиеттері деп төмендегі қасиеттерді атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |