Шарт №03-05-06/1237 Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша Білім беру қызметтерін көрсету туралы


ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



бет2/9
Дата09.09.2024
өлшемі43.63 Kb.
#503494
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Грант

2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Университет міндеттіне алады:
2.1.1. осы Шартты жасау кезінде білім алушыны Университеттің Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясымен, Университетке қабылдау тәртібін реттейтін ішкі тәртіп ережелерімен және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі негізгі құжаттармен таныстыруды;
2.1.2. білім алушыны «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес білім алушыны оқытуды қамтамасыз етуді;
2.1.3. білім алушының оқу жүктемесінің көлемін және сабақ режимін қолданыстағы нормативтерге сәйкес үзілістермен анықтау, білім алушының салауатты, қауіпсіз оқу жағдайын жасауды;
2.1.4. Университет кітапханаларының ақпараттық ресурстарына, оқулықтарына, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға еркін қол жеткізуді және пайдалануды қамтамасыз етуді;

2.1.5. білім алушыға оқу бағдарламалары аясында тапсырмаларды орындау үшін Университеттің басшысы бекіткен, жеке ережелермен қаралған тәртіпте және жағдайларда компьютерлік техниканы пайдалану мүмкіндігін беруді;


2.1.6 Университеттің оқу жоспарына сәйкес білім алушының кәсіби практикадан өтуін ұйымдастыруды;


2.1.7. өтініш негізінде білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, оқудан шығару, ауыстыру және қайта қабылдау, сондай-ақ басқа Университетке «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 30 қазаныңдағы № 595 бұйрығымен (2018 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 17657 болып тіркелген) бекітілген тәртіпте шығаруды, ауыстыруды және қайта қабылдауды;


2.1.8. білім алушыны, оның келісімінсіз және оқу процесіне зиян тигізетін қоғамдық және басқа да тапсырмаларды орындауға жол бермеуді;
2.1.9. білім алушыға Университеттің ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларына, сондай-ақ халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларға ерікті түрде қатысуға мүмкіндік беруді;

2.1.10. толық оқу курсын ойдағыдай аяқтаған соң және қорытынды аттестаттаудан өту нәтижелері бойынша білім алушыға біліктілігін беріп, білім туралы құжатты табыстауды;


2.1.11. оқу орны таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда білім алушыға басқа Университетте оқуын жалғастыруы үшін ауыстыру шараларын қабылдауды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет