2.2. Университет құқылы:
2.2.1. білім алушыдан осы Шарт пен Университетның ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес міндеттерді адал және тиісті орындауды, сондай-ақ оқу тәртібін сақтауды, Университеттің оқытушыларына, қызметкерлеріне және білім алушыларына дұрыс және құрметпен қарауды талап етуге;
2.2.2. оқу тәртібін, осы Шарт талаптарын, Ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін білім алушыларға тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға;
2.2.3. білім алушыдан Университеттің мүліктеріне ұқыпты қарауды, компьютерлік және басқа да техникалармен жұмыс жасау ережелерін сақтауды талап етуге. Білім алушының әрекеттерінен материалдық залал келген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған тәртіппен оны қалпына келтіруге кеткен шығындардың орнын толтыруды талап етуге;
2.2.4. білім алушыны оқу, ғылыми және шығармашылық қызметтердегі жетістіктері үшін көтермелеуді және марапаттауды жүзеге асыруға;
2.2.5. төлеу тәртібіне байланысты ерекше жағдайларда оқуға жеке жеңілдіктер беруді қарастыруға;
2.2.6. келесідей себептер бойынша шартты бір тарапты тәртіпте тоқтатуға: оқу тәртібін бұзғаны үшін, Университеттің Ішкі тәртіп ережелерін, Жарғысын және Академиялық саясат талаптарын бұзғаны үшін, басқа Университетна ауысуына байланысты шарт міндеттерін орындамағаны үшін, қаржылық берешіге үшін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да жағдайларда жүзеге асырылады.
2.3. Білім алушы міндетіне алады:
2.3.1. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының толық көлеміндегі білімді, білік және практикалық дағдыларды меңгеруді, оқу және практикалық сабақтарға қатысуды;
2.3.2. сабақтар жіберген жағдайда, Университетте болмаған күннен бастап бір апта ішінде жазбаша түрде болған жағдай туралы хабар беруді;
2.3.3. отбасылық жағдайы немесе байланыс ақпараттары (тұрғылықты жері, телефон нөмірі, электрондық поштасы және сол сияқтылар) өзгертілген жағдайда оқиға орын алған жағдайдан бастап 10 (он) жұмыс күннің ішінде Университетнте немесе білім беру саласындағы уәкілетті органның сенімді өкіліне хабар беруді;
2.3.4. амбулаториялық немесе стационарлық емделуде болған кезде растайтын құжаттарынкөрсету арқылы Университетн хабардар етуді;
2.3.5. Университет басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, Университеттің Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін және осы Шарттың талаптарын қадағалауды және орындауды;
2.3.6. Университеттің мүліктеріне ұқыпты қарауды және оны ұтымды пайдалануды, оқу мен жатақханада тұру үшін қалыпты жағдай жасауға қатысуды (ұсынылған жағдайда);
2.3.7. әскери есепке тұру ережелерін сақтауды;
2.3.8. Университеттің оқытушыларына, қызметкерлерімен білім алушыларына дұрыс және құрметпен қарауды;
2.3.9. жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін ауылдық жерлерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде кем дегенде үш жыл жұмыс істеуді.
Бұл ереже медициналық мамандықтар бойынша қабылдау квотасы шегінде оқуға түскен ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға қолданылады;
2.3.10. жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында кем дегенде үш жыл жұмыс істеуді.
Бұл ереже мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде медициналық мамандықтар бойынша оқуға түскен азаматтарға қолданылады.
2.3.11. жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін білім алған өңірінде кем дегенде үш жыл жұмыс істеуді;
2.3.12. ағымдағы шығарылым жылының 1 қыркүйегіне жұмыспен өтеу орнына келуді;
2.3.13. 5 қыркүйекке дейін білім беру саласындағы уәкілетті органның сенімді өкіліне жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нотариалды куәландырылған көшірмесін жіберу арқылы өзінің келуі туралы хабар беруді.
Көрсетілген құжат ұсынылмаған жағдайда жұмыспен өтеу орнына келмеген болып есептелінеді.
2.3.14. ай сайын келесі есептік айдың 10(онына) дейін білім беру саласындағы уәкілетті органның сенімді өкіліне жұмысқа орналасуы және жұмыспен өтеу туралы құжаттарды растайтын есептік ақпараттарды ұсынуды;
2.3.15. бөлу орны бойынша жұмысқа қабылдаудан бас тарту болған жағдайда жұмысқа қайта бөлу үшін Жас мамандарды жеке бөлу комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінуді;
2.3.16. жұмыспен өтеу бойынша міндеттерді орындамаған жағдайда толық көлемде оның оқуына байланысты бюджеттік қаржы есебінен кеткен шығындарды өтеуді.
Бұл ереже медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау квотасы шегінде қабылданған ауыл жастарына қолданылады;
2.3.17. жас маман жұмыспен өтеу бойынша міндеттерді орындамаған жағдайда толық көлемде оның оқуына байланысты бюджеттік қаржы есебінен кеткен шығындарды өтеуді.
Бұл ереже басқа мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алған азаматтарға қолданылады.
2.3.18. Қағидалармен айқындайтын тәртіппен Оператор арқылы жұмыспен өтеу жөніндегі міндет ішінара орындалған жағдайда, оқытуға байланысты бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды жұмыс істелген уақытқа мөлшерлес өтеу;
2.3.19. Жұмыспен өтеу кезінде есепте болу уақытын ескере отырып, ЖЖБҰ комиссиясы оқуды аяқтаған жылы бос орындардың болмауына байланысты халықты жұмыспен қамтуорталығына бөлген жағдайда ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін тікелей тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жұмыс іздеп журген адам немесе жұмыссыз ретінде тіркелі;
2.3.20. Жұмыс орнына жолдама бойынша келмеген және өз бетінше жұмысқа орналасқан жағдайда жұмыс орны туралы ЖЖБҰ мен Операторды ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде растайтын құжаттарды қоса бере, түсіндірме-хат жібере отырып, жазбаша түрде хабардар ету;
2.3.21. Жұмыс істеу мерзімі ішінде өз бетінше жұмыс орнынан ауысқан жағдайда, 10 (он) күнтізбелік күн ішінде растаушы құжаттарды қоса бере, түсіндірме хат жібере отырып, жаңа жұмыс орнв туралы Операторды жазбаша түрде хабардар ету;
2.3.22. «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» («Серпін») бағдарламасы бойынша ауыл жастары арасынан шыққан ҚР азаматтарына берілген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқыған жағдайда, Қағидаларға 1-қосымшада көрсетіллген жұмыс күші тапшы 11 өңірлердің бірінде кемінде үш жыл не білім беру гранты бойынша оқу мерзіміне сәйкес мөлшерлес жұмыспен өтеу;
2.3.23. Жұмыспен өтеуден босату үшін ЖЖБҰ-ның бөлу жөніндегі комисиясының отырысына жұбайының (зайыбының) тұрғылықты, жұмыс істейтін немесе қызмет өткеретін жері бойынша елді мекенде бос орындар болмаған, І және ІІ топтағы мүгедектігі болған, жүктілігі басталған немесе үш жасқа дейінгі бала (балалар) болған жағдайларда растайтын құжаттарды ұсыну;
2.3.24. Жұмыспен өтеуден босату және қосымша хаттама жасау үшін ЖЖБҰ-ның бөлу жөніндегі комиссиясына мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға, докторантураға одан әрі оқуға тускен жағдайда растайтын құжаттарды ұсыну;
2.3.25. ЖЖБҰ комиссиясына мерзімді өтеуді кейінге қалдыру үшін әскери қззметке шақыру туралы растайтын құжаттарды ұсыну;
2.3.26. Қағидалардың 31-тармағында қарастырылған қайта бөлу үшін ЖЖБҰ комиссиясна жүгіну;
2.3.27. Операторға жұмыспен өтеу фактісін растау және жұмысқа орналастырудың нақты орнын айқындау үшін міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары мен жарналары және еңбек шарттарының болу-болмауына қатысты дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру.
2.3.28. оқудан өтуге кедергі келтіретін аурудың жоқтығын растайтын медициналық анықтаманы, вакцинация паспортын, қажет болған жағдайда (талап ету бойынша) ПЦР тесті ұсыну;
Достарыңызбен бөлісу: |