Дәріс – 6
Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі
1926ж. Бакудегі түркітанушылардың, 1929ж. Қызылорда емле конференциясының материалдары талданды. Емле конференциясындағы ұсыныс-пікірлер қазақ графикасы мен орфографиясының негізгі ережелерінің алғашқы нұсқасы екенін көрсетті. Мұнда мына мәселелер айқындалды: а) қазақ жазуының негізгі ұстанымы – фонематикалық принцип болуы; ә) халықаралық сөздердің қазақ тілі дыбыстық заңдылығына сай игеріліп, әліпбидегі әріп шегінде таңбалануы: атап айтқанда, <ф >→ [п] / panar, <г >→ [г'], [ғ] / g`az, gybirne, еуропа жазуларындағы сһ тіркесін, орыс тіліндегі <х>, араб тіліндегі <һ> дыбысын <қ>, <к> фонемаларының таңбасымен беру: muqtar, teknij`ke, kөkіne; <ц> →с, <ч> → [ш], <щ> → [ш] дыбысы етіп игеру және таңбалау: әреsеr, cek, birkencik; <й> → [ж], ю → [жұ], я → [жә], [же] етіп игеру және таңбалау: ямбы – иаmвь, ящик – иәcк, япония – иароn, еврей – иәbrej, юсуф – иysip; <в> →[у] және [p] етіп игеру және таңбалау: samavrьn, mәskev, barcav, sergejip; б) 2-буында ерін дауыстылары бар шет сөздерін еріндікті 1-буынға шығарып заңдастыру: труба-turba, доктор-doktьr; в) этимологиясы күңгірт түбір мен қосымшаны фонетикалық принциппен (айтылуынша) жазу (куŋgej, жoŋqa); г) шылау сөздерді қосымшалармен бірге естілуінше таңбалау; д) түбір соңындағы қысаң езуліктерді қысаң буынды қосымша жалғағанда түсіріп таңбалау (murьn-murnь); ж) дауысты дыбыстардың дүдәмалдығын қосымша жалғау арқылы анықтау (kitap-kitapqa).
Дәріс - 7
Орыс графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі
мен емле ережесі
Орыс графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жобалары (ХІХғ.) ретінде Н.Ильминскийдің, Ы.Алтынсаринның, В.Радловтың әліпбилері талданды. Н.Ильминский әліпбиінде қазақ тілінің өзіне тән дауыстыларының таңбалары болды: г-<ә>, ŏ-<ө>, у-<ү>, ў-<ұ>, і-<і>, ы-<ы>, н-<ң>, к-<қ>, г-<ғ>. Ғалым түзген графикада е графемасы сөз басындағы дифтонг реңкін [je], жіңішке [й] дыбысын және жуан [e]-ні таңбалайды. Және І-буындағы еріндіктен кейін [ө]-ні білдіреді: [тўсцр]. Н.Ильминский д әрпі тек араб, парсы және Бәке, әтеке сияқты төл сөздерде қолданылатынын айта келіп, тілде жіңішкеру бағытының күшейгенін ескертеді. Ғалым <а>, <о>, <ұ> дыбыстарынан кейін <ә>, <е>, <і> дыбыстары келсе, алдыңғылары велярланады дейді: [сцjерде], [сцідеіді], [бяітйді]. Сондай-ақ <й> дыбысының да сөзді жіңішкертетін сипатын көрсетеді: бяjум, біідаі, бяіда, оілдды, баіліқ [15].
Ы.Алтынсарин “Қырғыз хрестоматиясының” 2-басылымында кириллица мен латын графикасының мынадай таңбаларын пайдаланды: д <ә>, я <ү>, ц <ө>, н <ң>, к <қ>, у <ұ>, и <і>және (ій), й <й>, г <ғ>, і <і>, у <ұу>, уу <ұу> [16]. Мұндағы г - <ғ>, <г>, к - <қ>, <к> әріптері төрт дыбысты таңбаласа, керісінше <і> фонемасы і және и әрпімен белгіленді (кійиз, тійме, адилдик), кейде и <е> фонемасын да берді. У әрпімен [ұу] қосар дыбыс таңбаланғанмен (тоқу, саусқан, шоқу), уу тіркесі де пайдаланылды (ашуума). Сондай-ақ [е]-мен қатар келген [w] дыбысы <ү> болып оқылатыны я – мен белгіленді (бесеям, бірея). Сонда Ы.Алтынсарин әліпбиінде <і>-<й>, <у>-<ү> фонемалары жеткілікті дифференцияланып, графикалана алмағанын көреміз.
ОГнҚЖ-ның алғашқы әліпби жобасы 1939 ж. 10-тамызда шығады. Онда 40 әріп және әліпби тәртібі төмендегідей болды:
а, ә, б, в, г, д, е, ж, з, и, й, і, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ŷ, ұ, ү, ф, х, қ, g, ц, ч, ш, щ, ъ, ы, ь, э, ю, я. [18]. Мұнда дауысты дыбыстар (ә, ө, ŷ, ү) орыс әліпбиіндегі сәйкес жуан дауыстылармен (а, о, у) і – и, й жіңішке дауыссыздармен, ы – жуандық белгісімен қатар келген. Ал қазақ тіліндегі <қ>, <ғ> фонемаларының таңбасы х-әрпінен кейін орналасқан. Сөйтіп, мұнда 1940 ж. қабылданған әліпби құрамына қарағанда ілгерілеу болды дейміз.
1953ж. емле жобасы мен қазіргі ҚТОНЕ нұсқасының арасындағы шешімі қиын орфограммаларды қалыптастырудағы өзгешеліктер мен ұқсастықтарды кестеге салып көрсеттік (1-кесте).
1 кесте – ҚТОНЕ-нің 1953ж. нұсқасы мен қазіргі нұсқасының арасындағы өзгешеліктер
ҚТОНЕ –нің 1953ж. нұсқасы
|
ҚТОНЕ –нің 2005ж. нұсқасы
|
а, е, о әріптері сөздің барлық буынында жазылады.
|
а, е, ы, і әріптері сөздің барлық буынында жазылады.
|
ә, ө, ұ, ү әріптері кінә, күмән, куә, мазмұн, мақұл сөздерінде соңғы буындарда жазылады.
|
ә, ө, ұ, ү әріптері кінә, күмән, куә, мазмұн, мақұл сөздерінде соңғы буындарда жазылады.
|
ый тіркесі тый, сый сөздерінде жазылады, бұл сөздерге қосымша жалғанғанда жалаң и жазылады (силық, сиымды, тиылу).
|
ый тіркесі тый, сый сөздері мен туынды сөздерде де жазылады (сыйлық, сыйымды, тыйылу).
|
я, ю әріптерінен бұрын ы, і әріптері жазылмайды, тый, сый сөздері тұйық рай тұлғасында тыю, сыю болып жазылады.
|
я, ю әріптерінен бұрын ы, і әріптері жазылмайды, тый, сый сөздері тұйық рай тұлғасында тыю, сыю болып жазылады.
|
Халық, ауыл, әріп, ауыз т.б. сөздеріне тәуелдік жалғауы жалғанғанда соңғы буында ы, і әріптері жазылмайды.
|
Халық, ауыл, әріп, ауыз т.б. сөздеріне тәуелдік жалғауы жалғанғанда соңғы буында ы, і әріптері жазылмайды.
|
Йы дыбысына біткен сөзге й жұрнағы жалғанғанда йи болып жазылады (байиды).
|
Йы дыбысына біткен сөзге й жұрнағы жалғанғанда йи болып жазылады (байиды).
|
Х әрпі хал, хат, қахарман, гаухар, ухлеу сөздерінде жазылады.
|
Х әрпі хал, хат т.б.сөздерде жазылады. Қахарман, гаухар, ухлеу сөздері Һ әрпімен жазылады.
|
Алдыңғысы соңғысын анықтайтын екі зат есім бөлек жазылады.
|
Анықтаушы-анықталушы қатынастан ажырап, бір заттың атауы болып кеткен сөздер бірге жазылады (асқасық, иіссабын).
|
Екі сөзден біріккен кейбір кісі есімдері айтылуынша жазылады (Жанғазы)
|
Бұл ереже 1983ж. емле өзгерісінде қабылданды.
|
Пен, кер, кеш, нікі, паз, қор, хана, стан жұрнақтары түбірдің жуан-жіңішкелігіне қарамай осы тұрпатта жалғанады.
|
Мұндай ескерту жоқ.
|
К, г дыбыстарына аяқталған термин сөзге қосымша жіңішке жалғанады.
|
Бұл ереже 1983ж. емле өзгерісінде қабылданды.
|
Цифрмен жазылған реттік сан есімнен кейін дефис қойылады (1952-жыл, 19-ғасыр)
|
Мұндай пункт жоқ.
|
Қазіргі қазақ жазуының қалыптануы мен орфография мәселелерін сөз ету үшін алдымен қазақ жазуының фонологиялық негіздерін, қазақ тіліндегі ерін және тіл үндесімінің ЖТ-дагі тұрпатын, қазақ тіліндегі фонемалардың позиция түрлерін анықтау қажеттілігі бар. Сондықтан “Қазақ жазуын зерттеудің фонологиялық кезеңі ”атты ІІІ тарауда қазақ ЖТ терминінің қолданылуынан бастап, жоғарыда аталған мәселелерге және қазіргі қазақ әліпбиіндегі әріптердің фонемаға, дыбыс варианттары мен вариацияларына қатысы көрсетілді.
Дәріс - 8
А.Байтұрсынұлының емле ұстанымы, орфограммалау тәсілдері
А.Байтұрсынұлы жазуда лингвалды үндесім құбылысын таңбалау арқылы және ұяң дауыссыздарға артықшылық беру арқылы тілдің ерекшелігін айқындайды. Кез келген зат пен құбылыстың ішкі мазмұны, сыртқы тұрпаты (формасы) болады. Екі жақты меже әртүрлі деңгейде қарым-қатынаста болады. Алғашында форма мазмұнның ішкі болмысына сай келеді, екеуі тең дәрежеде қатынасады. Уақыт өте келе мазмұн өзгеріске ұшырап, тұрпатына сай келмейді. Сөйтіп, форма мен мазмұн қайшылыққа ұшырайды, жаңа мазмұн ескі форманы тастап, жаңа тұрпат іздейді. Ол өзінің ішкі болмысын айқындайтын жаңа тұрпат жасайды. Бірақ ол форма да тұрақсыз, өткінші болуы мүмкін. Осы тұрғыдан келсек, жазу АТ-ның өзгерістерін сол қалпында таңбалап отыру үшін өзінің тұрпатын үнемі жаңалап, ауыстырып отыруына тура келеді. Өйткені фонемографиялық жазу типінің алдыңғы жазу типтерінен айырмашылығы – жазу ДТ-ның лексикалық қорына сәйкес келуінде еді. Ал АТ өте мобильді, үздіксіз процесс екенін білсек, әрі АТ өзгерістерін мезгілінде белгілеп алудың қашан да мүмкін бола бермейтінін аңдасақ, жазуды тілдің өмір сүруінің бір формасы деп анықтаудың реті болмайды. Жазуды бұл бағытта қарау қазақ емлесінің қалыптасуына, жетілуіне көлеңкесін түсірмей қойған жоқ. Н.Уәлиұлының жазуды тілдің өмір сүру формасы емес, тілдің дербес жүйесі деп алған бастамасы аталған терминді жазу арқылы жүзеге асатын, өзіндік тәсілдері мен бірлігі, деңгейлері бар, АТ-ға оппозиция құрайтын дербес коммуникация құралы деп анықтауға әкелді. Сондықтан біздің қолданысымыздағы ЖТ ұғымы ЖС арқылы ЖМ құралатын дербес жүйені қамтиды.
Дәріс - 9
Қ.Жұбановтың әліпби, емле туралы тұжырымдамалары
Қ.Жұбанов тілдің қысаң емес, ашық сипатын, жіңішке емес жуан сипатын таңбалауды дұрыс көрді. Қазақ орфографиясының алғашқы кезеңі (ХХғ. басы) – фонетикалық принципті басшылыққа алды (бұл жағдай көптеген тілдердің өтпелі дәуіріне тән). Ультрафонетик (Қ.Жұбановтың термині) бағытта болмаса да, сөз айтылуына барынша жуықтатылып жазылды. Ескі қазақ жазба тілінде түбірдің естілуінше, қосымшаның морфологиялық принциппен жазылуы, ұлттық жазу дәстүрін жасауда түбірдің морфологиялық, қосымшаның фонетикалық принциппен жазылуы төл сөздеріміздің фонематикалық принциппен таңбалануын заңдастырды. 1929ж. емле конференциясында ерін үндестігінің мәртебесін анықтау қиындық тудырды. Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы ерін үндестігі өткен дәуірдегі сапасынан әлсіреді, оны таңбалаудың қажеті жоқ деп санады. байланысты Қ.Жұбановтың мына дерегі қызық: ыштан сөзі іш және тон сөздерінен бірігіп жасалған; сілтеу есімдігі о дыбысынан ы дыбысына айныған: ол+сол=>o+co=>o+cы;o=>ы. “Еріншіл дауыстылардың аяқ буынында сақталып тұра алмауына көне түркілік йағмұр сөзінің қазақ тілінде жаңбыр болып айтылатындығы да дәлел (ұ>и) бола алады”[20, 76б.] дейді ғалым. Сондай-ақ бұл жыл=>биыл, іш+құр=>ышқыр, тұғын=>тын, барған соң=>барғасын, аздан соң=>аздасын болып қалыптануы да тіл үндесімі жетекшілігінің бір дәлелі. Тіл тарихынан бірінші буындағы еріндіктің езулікке ауысқан фактілерін кездестіреміз: ұт-ат, ұда-атқа. Үшіншіден, әліпбидегі дауыссыз әріп аттары жеке айтылғанда, бір дауысты не аяғынан, не алдынан қосылып айтылады. Ол ашық езулік те, қысаң еріндік те емес, қысаң езулік- <ы> фонемасы (бы, қы, ыл, ыр, жы) т.б.
Дәріс - 10
Қазақ емлесіндегі ерін үндестігінің таңбалану уәждері
Үндесім заңы мен жазу теориясының қатысы. А.А.Реформатский мен В.А.Виноградов, Е.В.Поливановтардың сингармонизм парадигмадағы бүтіндікті, екпін синтагмадағы бүтіндікті белгілейді деген пікірінен шығара отырып, сөз мағынасын сингармонизм анықтайды, ал сөздің сөйлем ішіндегі дербестігін екпін анықтайды деген пікірге келеміз. Сөздің бірыңғай сингармотембрмен дыбысталуы сөз шегарасын айқындамайды. Мысалы: [жасылжәйлау түктүгілем көккілем, көккілемде көбойнаймын көпкүлөм маңдайымнан сыйпабөткөн самалды қазағымның алақаны деббілем] немесе [сеңгеше ғайдаболдұң], [елордасы астанадан сөйлөптұрмыз] деген сөздегі үндес лексемалардың аражігін ажыратып тұрған – сингармонизм емес, әр морфеманың өз екпіні. Үндесім заңдылығы қазіргі қазақ жазуында: 1) дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке түрлеріне әріп арналумен; 2) <қ> <к> <қ> <г> фонемаларына таңба берілумен; 3) түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай қосымшалардың жалғануымен; 4) бейүндес буын жігінде һ, х әріптерінің маркерлігімен (жиһаз [жійһ'а'з], Ахмет [ах'ім'ет']) көрініс тапты. Ал бүкіл қазақ сөзінің 5% құрайтын (М.Жүсіпов) бейүндес буынды сөздердің (олар не кірме сөз, не біріккен сөз, не кірме жұрнақты сөз болуы мүмкін) дені ашық буын мен бітеу буынның (бітеу буын мен бітеу буынның) қосындысынан және екінші буында қысаң дауыстылардың болуымен ерекшеленеді: құрмет, құдірет, қабілет, қасірет, қажет, қауесет, қадір, қазір, қаріп, қабір, қауіп, қанден, қадім, қапер, қатер, қорек, лағынет, қастерле, қатыгез, кәмшат т.б. Мұнда бітеу буын жігінде екі дауыссыз арасына қысаң, сына, жіңішке дауысты дәнекерленіп, өтпелі буын жасайды. Сөз үндесім заңдылығына қайшы жазылса да, үндес айтылады: құрмет [қ'үрім'ет'], қабілет [қ'әб'іл'ет'] т.с.с. Ал қазір, қаріп, қауіп, қадір сөздерінде жіңішке қысаң, езуліктің таңбалануы дәстүрлі жазу принципінен шыққан. Мұндағы і әрпі – <ы> фонемасы да, <і> фонемасы да емес сөз аяғындағы екпінмен байланысты таңбаланған сына дыбыс.
Қазақ емлесіндегі ерін үндесімінің таңбаланбау уәждері. Біздің ойымызша, қазақ жазуындағы ерін үндесімі таңбаланбауының өзіндік уәждері жоқ емес.
Біріншіден, қазақ орфографиясының алғашқы кезеңі (ХХғ. басы) – фонетикалық принципті басшылыққа алды (бұл жағдай көптеген тілдердің өтпелі дәуіріне тән). Ультрафонетик (Қ.Жұбановтың термині) бағытта болмаса да, сөз айтылуына барынша жуықтатылып жазылды. Ескі қазақ жазба тілінде түбірдің естілуінше, қосымшаның морфологиялық принциппен жазылуы, ұлттық жазу дәстүрін жасауда түбірдің морфологиялық, қосымшаның фонетикалық принциппен жазылуы төл сөздеріміздің фонематикалық принциппен таңбалануын заңдастырды. 1929ж. емле конференциясында ерін үндестігінің мәртебесін анықтау қиындық тудырды. Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы ерін үндестігі өткен дәуірдегі сапасынан әлсіреді, оны таңбалаудың қажеті жоқ деп санады. Ал орыс миссионерлері еңбектеріндегі мысалдарда бірде еріндік дыбыстардың сөз соңына дейін таңбалануы, бірде таңбаланбауы ерін үндестігінің екінші, үшінші буыннан кейін әлсірей бастағанының фактісі болады. Н.Уәлиұлы тіл үндестігін ғана таңбалау арқылы А.Байтұрсынұлы қазақ тілі сингармонизмін қырғыз тілінің еріндік сингармонизмінен, татар тілінің жіңішке езулік (ә) сингармонизмінен айырып көрсеткенге ұқсайды дейді. Сонымен, бірінші уәж жалпы қазақ жазуының ұстанымының теориялық негіздерінен шықса, келесі уәждер тіл фактілері мен тіл тарихынан ізделеді. Қазақ тіліндегі ерін үндестігінің әлсіздігін морфемалардың кірігу процесінде тек жуан-жіңішке езулік айналасына топталатынан да көруге болады. Бұл процеске байланысты Қ.Жұбановтың мына дерегі қызық: ыштан сөзі іш және тон сөздерінен бірігіп жасалған; сілтеу есімдігі о дыбысынан ы дыбысына айныған: ол+сол=>o+co=>o+cы;o=>ы. “Еріншіл дауыстылардың аяқ буынында сақталып тұра алмауына көне түркілік йағмұр сөзінің қазақ тілінде жаңбыр болып айтылатындығы да дәлел (ұ>и) бола алады”[20, 76б.] дейді ғалым. Сондай-ақ бұл жыл=>биыл, іш+құр=>ышқыр, тұғын=>тын, барған соң=>барғасын, аздан соң=>аздасын болып қалыптануы да тіл үндесімі жетекшілігінің бір дәлелі. Тіл тарихынан бірінші буындағы еріндіктің езулікке ауысқан фактілерін кездестіреміз: ұт-ат, ұда-атқа. Үшіншіден, әліпбидегі дауыссыз әріп аттары жеке айтылғанда, бір дауысты не аяғынан, не алдынан қосылып айтылады. Ол ашық езулік те, қысаң еріндік те емес, қысаң езулік- <ы> фонемасы (бы, қы, ыл, ыр, жы) т.б. Проф. Ә.Жүнісбек тірек дауыссыздар жуан езулік үндесім вариантында қолданылады дейді [21, 30б.]. Және үш дауыстыға негізделген сингарможазуында қысаңдардың тірек фонемасы ретінде ы-ны алады. Төртіншіден, қазіргі қазақ тілінде жуан еріндік пен жуан езулік, жіңішке еріндік пен жіңішке езулік қатар келе алады: қора, жора, сора, мола, молда, күрек, түрен, қола, сұрақ т.б. Проф. С.Мырзабеков бұл құбылысты “а-ның езулік күші ы, і фонемаларына қарағанда әлсіз, сондықтан да ол жуан еріндіктерден кейін айтыла береді”деп анықтайды [22, 41б.]. Орақ, құрақ, ұзақ, отан, ора сөздерін айтқанда екінші буындағы езулік дауыстының айтылым құрағы еріндікке еріп, жуықтап айтылуы мүмкін. С.Мырзабеков а дыбысының АТ-да кейде [o] болып айтылатын кезі де болатынын айтады: ойбой, ойхой. Яғни ерін, езу дауыстылары бір сөз шенінде я жіңішке үндесімде, я жуан үндесімде қатар жұмсала алады, ал бейүндесімде жұмсала алмайды. Бесіншіден, ерін дауыстыларының бірінші буыннан артпайтын сипатын кірме лексиканың игерілуінен байқауға болады. Мысалы, о, у дыбысына екпін түсіп тұрған сөздер қазақ тіліне очередь=>өшірет=>шірет, стол=>үстел, утюг=>үтік, русь=>орыс, хамут=>қамыт, чугун=>шөген, пуховый =>бөкебай, плюш =>пүліш, самовар=>самауыр, мұнанай=> меновой болып игерілген. Ал араб-парсы тілдерінен енген ораза (руза), орамал (румал) сөздерінде екінші буындағы еріндік фонема басқы позицияға ауысқан. АТ-да [үто'үко'], [орус] т.с.с. болып дыбысталатын сөздерді мұндай орфограммада заңдастыру 1929ж. емле конференциясында қабылданған еді. Себебі мұнда І-буындағы еріндік әсерінен келесі буындағы дауыстының еріндікке айналатын фонетикалық алмасу тұрғанын ғалымдар байқады. Өйткені мазмұн, мақұл, марқұм, мәжнүн, мәжбүр сияқты екінші канал арқылы енген сөздердегі еріндіктің таңбалануына І-буынның әсері жоқ фонеманың негізгі реңкі берілген. Алтыншыдан, еріндік сипат алдымен <ұ>, <о> фонемаларына қарағанда <ө>, <ү> фонемаларында күшті екенін орфоэпиялық норма көрсетіп отыр. ХІХғ. В.В.Радлов <о> дыбысы өзінен кейін келген қысаң дауыстыға <ө> дыбысындай әсер етпейді деген [23]. Сонда жіңішке дауыстылар жуан дауыстылардан кейін пайда болған екіншілік дифференциация десек, алдыңғылардың дауыстыны өзіне үндестіруі позициялық болып табылады дейміз. Сондай-ақ, ескі қыпшақ тілдерінде ерін дауыстыларына қарағанда езу дауыстылардың жиі қолданылғанын тіл фактілері көрсетіп отыр.
Сөйтіп, қазақ жазуында ерін үндесімінің таңбаланбау сипаты уәжсіз емес. Тіліміздің сингармонизмге негізделген қасиеті, оның екі бірдей түрін негізгі жетекші етіп ала алмауға тиіс: біреуі басты, екіншісі қосалқы болуға керекті. Сондықтан тіл үндестігінің жазуда бейнеленіп, ерін үндестігінің АТ категориясы болып табылуы жөн.
Фонема теориясы және қазақ жазуы. Біз қазақ тілі дыбыстық жүйесінің кіші бірлігі фонема деп танимыз. Өйткені қазақ тілінде фонема буын құрай алады: ө-те, о-та, а-дал, е-діл; фонема грамматикалық мағына жасай алады: ы тәуелдіктің үшінші жағын, а, е, й көсемшені, -р, -с есімшені, -а, -е барыс септігін береді. Сондай-ақ қазақ тілінде бір дыбыстан тұратын лексикалық мағыналы элементтер бар. Мысалы, а – “түсіндім”, ә - “бұным қалай” дегенді, о – таң қалуды, й – жиіркенуді, е – ”есіме түсті” дегенді білдіреді. Фонеманың сөз мағынасын ажырататын сипатын проф. З.Базарбаева ашық-қысаң дауыстылардың алмасуы арқылы түсіндіреді: тас-тес, қоз-қаз, саз-сыз.Мұнда сөз мағынасы жуан/жіңішкелік арқылы емес, дауыстының ашық-қысаңдығымен ажыратылады дейді [24, 20-27бб.]. Қазіргі қазақ тілін тұтынушылар санасында 9 дауыстының (<а>, <ә>, <ы>, <і>, <ұ>, <ү>, <о>, <ө>, <е>), 19 дауыссыздың (<п>, <б>, <м>, <т>, <д>, <н>, <ш>, <ж>, <з>, <с>, <қ>, <к>, <г>, <ғ>, <й>, <у>, <ң>, <р>, <л>) бейнесі (Қ.Кемеңгерұлының сөзі) бар. Сондай-ақ, <һ>, <ф> дыбыстары тек одағайларда кездескенмен, тілдің лексикалық қабатының мағынасын ажырататын жеке дыбыс – фонема ретінде танылуы тиіс деп ойлаймыз. аһ, уһ, оһ, оһлады, уһлеу, сүф, тіфә сөздеріндегі [һ], [ф] дыбыстары позициялық өзгерістен шығып отырған жоқ. [уһ] пен [уқ], [аһ] пен [ақ], [суф] пен [суп] сөздері арасындағы айырмашылық [һ]-[қ], [ф]-[п] дыбыстарына байланысты.
Сөз ағынындағы дыбыс тізбегінің фонемаға айналып, әріпке кодталу процесіне назар аударылды. АС актісінде пайда болған дыбыс түрленімдері есту каналы арқылы санаға барады. Бірақ сана барлық естілімдерді қабылдамайды. Оның сөз мағынасын танытатын негізгі естілімін екшеп, парадигмадағы фонема қорымен ассоциация жасайды. Сөйтіп, естілген сөз мағынасын ажырататын фонема сүзіліп, ақпарат санаға қабылданады. Сонда фонема дыбыс реңктерінің ішінен мағына ажыратуға көмегі бар негізгі реңкті екшеп алатын елек қызметін атқарады. Осы “еленген” дыбыс ЖТ-ның бірлігі графемаға сәйкес келеді. Графема – белгілі бір жазу түрін пайдаланатын тілтұтынушы санасындағы жазу-көру жүйесінің абстракті бірлігі – ЖТ-ның мағына ажыратушылық қызметін атқарады. Графема әріп ретінде жазылады және оқылады. Мысалы, мұғалім деген сөзді көргенде (іштей оқығанда), көз санаға әріп тұрпаттарынан сигнал тастайды. Сигнал жазу-көруге бағышталған ЖТ-дагі графема жүйесімен ассоциацияланса, графема өз реализациясын танып, оқылады: сөз фонологиялық електен өтеді: мұғалім - <мұғалым>. Сөз ауызша дыбысталғанда фонема дыбыс құндағына (Н.Уәлиұлы термині) бөленіп, дыбыс реңктерімен айтылады: [мүғәлім].
Бұл процестің жазу-сызу үшін пайдасы дыбысталған сөзді жазарман қалай әріп таңбаларына айналдырады деген мәселені қамтитынында. Мысалы, [үшкүндүгжолдұң//соңғұ гүнүнде//шәкіртпала барынсалды///] деген сөйленімді алайық. Хабар естілгеннен (айтылғаннан) кейін сана ақпаратты семантикалық сегменттерге бөледі: үш, күн, жол, күн, шәкірт, барынсалды. Семантикалық сегмент әртүрлі айтылымдағы дыбыстардың мағына жасаушы реңктерін тануға көмектеседі. Сөйтіп, АТ-ның дыбыс құндағында айтылған сөз дыбыстары фонологиялық електен өтіп, фонемаға айналады: <үшкүндүгжолдұң соңғұ гүнүнде шәкіртпала барынсалды>. Келесі сатыда ЖТ өз нормасы мен жүйесін алға тартады. Яғни жазуда іргелес дыбыстардың әсері жоқ әлді позициядағы дыбыс таңбаланады, әлсіз позициядағы дыбыс таңбаланбайды. Енді әр тілдің орфография ережесі көмекке келеді. Мысалы, <үшкүндүгжолдұң> дегенде, ең бірінші, ДЖ-ның босаралықтармен бөлінуі: <үш күндүг жолдұң>, екінші, еріндіктердің қосымшада жазылмайтыны <үш күндіг жолдың>, және <г> фонемасынан сөз аяқталмайтыны <үш күндік жолдың> (тексеру үшін сөзді әлді позицияға апарып көреміз).
Сол сияқты келесі синтагманы естігенде фонологиялық елек позициялық өзгерістен басқасын екшеп, сүзеді: <соңғұгүнүнде>. Фонема тізбегі ЖТ-ға көшу үшін фонема графемаға айналуы керек. Яғни ЖТ жүйесіндегі санаулы әріп таңбаларына көшу әдістері қарастырылады. Бірақ ЖТ-ның нормасы графемаларды тәртіпке салады. Емле ережесі бойынша, семантикалық бірліктер мәтінде бөлек жазылады: <соңғұ гүнүнде>. Мұның позициялық өзгеріс екенін білу үшін әлді позицияға апарып тексереміз: <соңғылары>. Алайда қазақ тілінде ІІ-буындағы еріндік дауыстылар үшін әлді позиция дүдәмал: <соңғұ>, <өзөн>.
Жұмыста сондай-ақ <а-ә>, <б-п>, <н-ң>, <ы-0>, <і-0> гиперфонемаларына сипаттама берілді.
Дәріс -11
Қазіргі қазақ графикасындағы әріп-фонема-дыбыс қатынасы
Қазіргі қазақ графикасындағы әріптерді дыбысталған сөз – фонема – графема қатынасында алғаш рет талдап көрсеткен ғалым Н.Уәлиұлы болды. Н.Уәлиұлының еңбегінен басқа қазақ тіл білімінде графикадағы әріп-дыбыс қатынасын көрсететін зерттеу жоқ екенін ескере отырып, біз қазіргі жазуымыздағы әріптерді графема-фонема-дыбыс қатынасында сараладық (2-кесте).
2 кесте – Дауысты дыбыс әрпі-фонема-дыбыс қатынасы
әріп
|
фонема
|
дыбыс
|
фонологиялық жағдай
|
морфологиялық жағдай
|
мысалдар
|
/а/
|
<а>
|
[а]
|
сөздің барлық шенінде
|
|
б[а]л[а]
|
|
|
Ш
|
қатар келген екі дауыстының біріншісі болғанда
|
құрама сөз сыңарлары жігінде
|
қар[,]ырғай, қар[,]ағаш, арманд[, ]өту
|
|
|
[ә]
|
ж, ш, й аралығында
|
бір буынды; жіңішке сыңарлы құрама сөзде
|
ш[ә]й, м[ә]йсок, бид[ә]й, б[ә]йтөбет, [ә]бүйір
|
|
|
[д]
|
жіңішке буындардан кейін, ІІІ буында
|
кірме сөздерде
|
әмәнд[д], дүбар[д], ләззатт[д]ңғ[д]ммен, дүдам[д]л
|
|
|
[ә]
|
жіңішке буыннан кейін
ІІ буында
|
кірме сөздерде
|
ділд[ә], тілм[ә]р, тілм[ә]ш, дінд[ә]р, мүб[ә]р[ә]к, дімк[ә]с, мін[ә]ж[ә]т
|
|
<а>-<е>
|
[а]
|
|
|
Кес[а]пат
|
/ә/
|
<ә>
|
[ә]
|
сөз басында, бірінші буында және сирек екінші буында
|
көбіне кірме сөздерде
|
[ә]же, [ә]л, с[ә]н, [ә]з[ә]зіл
|
/о/
|
<о>
|
[о]
|
дауыссыздан кейін, бірінші буында
|
|
қ[о]р, жалақ[о]р
|
|
|
[уо]
|
сөз басында
|
|
[уо]рман, [уо]тан
|
|
|
[ө]
|
жіңішке буыннан соң
|
|
сәңқ[ө]й
|
/ө/
|
<ө>
|
[ө]
|
дауыссыздан кейін, бірінші буында
|
|
к[ө]не, т[ө]бе
|
|
|
[уө]
|
сөз басында
|
|
[уө]т, [уө]лең
|
9 дауысты фонемаға қазақ әліпбиінде 9 әріп арналған. Олардың ішінде көпмәнді әріпке е (10), ы (7), і (7), а (6), о (3) жатады. ө (2), ә (і) графемалары – бір және екі мәнді. Мұндағы [Ш] белгісі графема АТ-да нөлмен алмасады дегенді, ал [үШ], [ұШ] белгілері - графема [ұ] [ү] реңкінде редукцияға ұшырайды дегенді білдіреді. [уө] [уо] [jе] таңбалары дифтонг екенін және алдынан қосылған дауыссыз әнтек естіледі дегенді білдіреді. Келесі бір таңбалар жүйесі жуан-жіңішке, ерін-езулік варианттың аралығында өтпелі дыбыс реңкі бар дегенді білдіруге арналған. Мысалы, [а] мен [ә] варианттарының арасында [а] не [ә] емес, екі дыбыс аралығындағы [д] вариациясы бар. Сол сияқты үш буынға дейін еріндік буын езулік буынға өзгеше реңкпен алмасады. Сондықтан ерін дауыстылар мен езу дауыстылар аралығында еріндік реңкін де езулік реңкін де алып отыратын вариациялар ([еә], [о], [ы]) бар. Кестеде қазақ орфографиясы үшін қиындық тудыратын а, е, ы, і әріптерінің гиперфонеманы беретін позициялары да көрсетілді.
Сондай-ақ, қазақ әліпбиіндегі б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ш, щ (22) дауыссыз дыбыс әріптерінің және я, ю, и, у таңбаларының фонема-дыбыс қатынасы кестеге салынып берілді (3-кесте).
3-кесте – қ әрпінің фонема – дыбыс қатынасы
/қ/
|
<қ>
|
[қ]
|
сөздің барлық позициясында, жуан езуліктермен іргелес келгенде
|
|
[қ]аза[қ], та[қ]ыр
|
|
|
[қ˚]
|
сөздің барлық позициясында, жуан еріндіктермен іргелес келгенде
|
|
[қ˚]ор, [қ˚]ұры[қ˚], о[қ˚]ыс
|
|
|
[қ']
|
сөздің барлық позициясында жіңішке дауыстылармен және жіңішке сингармотембрлі сөз деңгейінде
|
|
[қ']асиет, [қ']адір, [қ']азір
|
|
<қ>-<ғ>
|
[ғ]
|
дауысты-, ұяң-, үндіаралық позицияда
|
|
ай[ғ]ай, қым-[ғ]уыт, қыз-[ғ]ырқын,
|
|
<қ>
|
[ғ]
|
дауыстыаралық, ұяң, үндімен іргелес позицияда
|
|
то[ғ] жүру, айғабақ, а[ғ˚]ала, а[ғ˚]маңдай
|
|
|
[қў]
|
[с], [ш]-мен іргелес келгенде
|
|
та[қў]сан, а[қў]ша
|
|
|
[х]
|
буын үндесімі өзгерер алдында, [р] дыбысымен іргелес келгенде
|
|
ра[х]мет, а[х]мет, бар[х]ан, дастар[х]ан, дар[х]ан
|
|
|
[х˚]
|
[й]-мен, дауыстымен іргелес позицияда
|
|
су[х˚]ит, дүние[х˚]ор, шай[х˚]ор
|
|
<ғ>
|
[ғ]
|
|
Түбір мен қосымша жігінде
|
ба[ғ]ы, та[ғ]ы
|
|
|
[ққ]
|
|
Кірме сөзде
|
ло[ққ]ы
|
и, я әріптерінің емлесіндегі қиындықты мына кестеден көруге болады (4-кесте).
4 кесте – и, я әріптерінің фонема-дыбыс қатынасы
/и/
|
<ы>+<й>
|
[ый]
|
сөздің барлық шенінде, жуан үндесімде
|
|
с[ый]рақ, қ[ый], [ый]ық
|
|
<і>+<й>
|
[ій]
|
сөздің барлық шенінде, жіңішке үндесімде
|
|
[ій]ә, к[ій], б[ій]лік
|
|
<ы>
|
[ы]
|
я, ю әрпі алдында келгенде
|
|
қ[ы]ю, қ[ы]я
|
|
<і>
|
[і]
|
жіңішке үндесімде, я, ю әрпі алдында келгенде
|
|
әл[і]я, к[і]ю
|
|
<ы>
|
[ұ]
|
я, ю әрпі алдында келгенде, жуан еріндік үндесімде
|
|
бұрт[ұ]я, қорт[ұ]я
|
|
<і>
|
[ү]
|
я, ю әрпі алдында келгенде, жіңішке еріндік үндесімде
|
|
дүр[ү]я
|
/я/
|
<й>+<а>
|
[йа]
|
жуан дауыстыдан кейін
|
|
а[йа], са[йа], бо[йа], құ[йа]
|
|
<й>+<а>
|
[йә]
|
жіңішке дауыстыдан кейін
|
|
күлі[йә], дүрі[йә], сәні[йә]
|
|
|
[ыйa]
|
сөз басында, жуан езуліктермен қатар келгенде
|
|
[ыйa]ғни, [ыйa]пырау
|
|
|
[ыйә]
|
сөз басында, жуан езуліктермен қатар келгенде
|
|
[ыйә]ки, [ыйә]худи
|
Достарыңызбен бөлісу: |