ШӘКӘрім атындағы семей мемлекеттік


Дәріс – 12 Қазақ орфографиясы негізгі ережелері



бет3/6
Дата27.06.2016
өлшемі461.5 Kb.
#160787
1   2   3   4   5   6


Дәріс – 12

Қазақ орфографиясы негізгі ережелері

ҚТОНЕ-ін қолданыстағы орналасу ретіне қарай графикаға байланысты ережелер (әріптердің емлесі), морфологиялық принципке негізделген ережелер (түбір сөздер, бөлек, бірге жазылатын сөздер, қос сөздер емлесі) қазақ тілінің үндесім және үйлесім заңына негізделген ережелер (қосымшалардың, шылау сөздердің емлесі), жазудың идеографиялық принципіне негізделген (бас әріптің қолданылуы) және техникалық ережелер (сөздердің тасымалдануы) деп бөлдік. Мұндағы графикалық ереже әліпбидегі 42 таңбаның дыбыстық мағынасын, олардың графикалық контекстегі жазылатын позициясын, кей позицияда нөлмен алмасатынын көрсетеді.



Төл түбірлер мен туынды сөздердің бірыңғай жуан, не жіңішке болатынын және оларға жалғанатын қосымшалардың үндестігі, қосымшалардың түбірдің соңғы дыбысымен үйлесуі (с, з, н дыбыстарынан басқа), біріккен сөз жігіндегі қ, к, п дыбыстарының ұяңданып, айтылуынша жазылуы, қысаң езуліктердің естілуінше түсіріліп таңбалануы, шылаулардың негізгі сөзге үндесіп, үйлесіп жазылуы орфограммалардың фонетикалық принципке сүйенетінін көрсетеді.

Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне енгізілген өзгерістердің фонологиялық және семантикалық сипаты. ҚТОНЕ-нің 1983ж., 2001ж. өзгерістеріне талдау жасала келе, ол өзгертулер 1929ж., 1940ж. графика мен емле ережесінде де айтылып, қабылданбай қалған тұстар екеніне көз жеткізілді. Осыған орай қазақ тілі орфографиясын жетілдіру үшін қандай түзетулер жасау керек және 1957ж. ҚТОНЕ-де нендей тұстар ескерілмей қалды деген мәселе төңірегінде ой қозғадық. 1957ж. ережеде [ә] дыбысы <а> фонемасының жіңішке варианты деп емес, кірме дыбыс ретінде жалаң сөздердің бірінші буынында ғана жазылады деп бұрыс шешілді. Егер фонеманың негізгі реңкі сөздің барлық буынында таңбаланса, онда вариантына шек қойылмауға тиісті. Мысалы, ҚТОНЕ §2-ында а, е, ы, і әріптері барлық буында, ал ә, о, ө, ұ, ү әріптері жалаң сөздің І-буынында ғана жазылады делінген. Бұдан <а> фонемасының жіңішке варианты <е>, <ы> фонемасының жіңішке варианты <і> болып шығады. Ал еріндіктердің негізгі реңкінің таңбалануы (<о>, <ұ>) шектелгеннен кейін, олардың жіңішке варианттарының (<ү>, <ө>) позициялық түрленімі берілмейтіні белгілі. Сонда <ә> фонемасы кірме дыбыс ретінде ұғынылады. Екінші, ҚТОНЕ-де я, ю әріптерінің қызметін толық пайдаланбады. Ю- [йұу], [йүу], я-[йа], [йә] дыбыс тіркестерін берген таңба айуан, айуанат, хайуан, хайуанат, кейуана, миуа, диуана, қиуа, қиуаз сөздерінде неге ауытқиды? Оның себебі қазақ фонетикасы я, ю, у, и, е әріптерін дауысты дыбысқа жатқызуынан, бір сөз шенінде үш дауысты қатар келмейді деген тұжырымынан шыққан: аюан, аюанат, мыюа, дыюана, қыюаз деп жазу тасымалдауға да келмейді делінген. Осыған ұқсас я, ю әріптерінің алдынан келген <ы>, <і> фонемалары и әрпімен біреледі деген (қию [қыййұу]) ереже бар. Бұл – әріп ЖТ-да ортақ қабылданған шартты таңба, ю, я, у, и таңбалары дыбыс емес, дыбыс тіркесінің “суреті”, жазу мен АТ екі басқа таңбалық жүйе екенін парықтамаудан шығып отыр. [йұу], [йүу], [йа], [йә], [ұу], [үу], [ый], [ій] дыбыс тіркестерінің ю, я, у, и таңбаларымен берілетініне жоғарыдағыдай ауытқу-ескертудің қажеті жоқ деп білеміз. Сонда аюанат, хаюан, кеюана, қыюа, қыюаз, кію, тыю, сыю, тыя, сыя деген орфограммалар уәжді болады. Үшінші, 1983ж. өзгерту х әрпінің жұмсалу шегін жөнсіз тарылтты деп ойлаймыз. Негізінен, араб-парсы тілінен енген сөздердің біразы дәстүр бойынша х әрпімен таңбаланады. Шындығында, хадис, хазірет, хакім, хасіл, рахмет, Хамит, Ахмет, дихан сөздерінде х әрпі бейүндес буындардың жігін “жасырып”, дауыстының жіңішке екеніне маркер болып тұрады: [х'адис], [х'азірет], [р'ахімет], [дійх'ан]. Х әрпінің “жіңішкерткіш, жұмсартқыш” сипаты кейде <к> фонемасымен қатар айтыла алмайтындықтан таңбалануды қажет етеді, мысалы: хикая, хикаят, хикаяшыл, хикмет. Сонда 1983ж. емле-ережесінде диқан, рақмет болып өзгерілген орфограммалар уәжсіз болып шығады. Жалпы дауыстыаралық позиция мен үнділермен қатар келген позициядағы х-ны қ-мен алмастыру негізсіз. 1983ж. өзгеріс дарқан, дастарқан, рақат, рақаттану деп жазуды ұсынды. Бірақ қазіргі (2005ж.) жазу тәжірибесінде х-мен таңбалау басым. Оның есесіне 1988ж. сөздік хұқық, хұқықты (право) деп, 2000ж. сөздік хұқық, құқық деп те берген емлені <х> мен <қ> қатар айтыла алмайтындықтан құқық деп бергені жөн еді дейміз. Төртінші, бірге, бөлек жазылатын сөздердің қиындығын болдырмау үшін емле ережелерінің алғашқы тәжірибесіндегідей, 1929ж. емле конференциясына қатысушылардың терминімен айтқанда, “тілді тұтынушылар санасында біртұтас ұғым болып танылатын, екі сөзден тұратын, аралық қосымшасыз” сөздерді біріктіріп жазу керек еді. Бұндай бағыт 1929ж. емле ережесінде де, 1940ж. орыс графикасымен бірге түзілген емле ережесінің жобасында да, 1941ж. орфография сөздігінде де, 1948ж. М.Балақаев құрастырған сөздікте де ұсталынды. Алайда сол сөздер орыс тіліндегі аудармасы бөлек жазылатындықтан (народное хозяйство - халық шаруашылығы, т.с.с.), орыс орфографиясында фразеологиялық тіркестердің бөлек таңбаланатындығынан, қазақ тіліндегі идиомалық атаулар мен лексикалық атаулардың арақатынасы, қазақ тіліндегі сөзайналым процесі тұрғысынан дұрыс түсінілмегендіктен бөлек таңбаланатын сөздер қатары көбейді. Сондықтан ҚТОНЕ-не, ҚТОС-не енген өзгерістер, негізінен, бірге жазылатын сөздердің емлесін толықтыруға бағытталды.
Дәріс – 13

Қазіргі қазақ орфографиясы негізгі принципі

Н.Гвоздев, В.Щерба, Я.К.Грот, М.В.Ломоносов, В.К.Тредиаковский, Д.Н.Ушаков, С.Г.Обнорский, Л.Б.Селезнева зерттеулеріндегі емле принциптерінің сипаты талдана келіп, қазақ жазуында морфологиялық принципке негізделген ережелерге бірге, бөлек жазылатын құрама сөздер (ат қора, қара балшық), орыс тілінен енген атау сөздер, күрделі зат есім, сын есім, сан есім, күрделі етістік, идиома, тұрақты тіркестер, еліктеуіш сөздер, тұлғасы өзгермейтін кіріккен сөздер, терминдер, жер-су атаулары, шылау сөздер жататыны байқалды. Орыс тілінде сөздің грамматикалық мағынасы түбірдегі бір фонеманың өзгеруі арқылы беріледі, яғни Л.В.Ломоносов айтқандай, бегу/бежать сөздерінің мағынасы г-ж алмасуында жатыр. Аталған алмасудың жазуда таңбалануы фонеманың негізгі реңкін бейнелейтін фонематикалық принципке сәйкес келеді. Сондықтан орыс жазуының негізгі принципі фонематикалық болып анықталуының уәжі бар дейміз.

Ал жалғамалы тіл – қазақ тілі үшін түбірді барлық позицияда бірдей жазудың мүмкіндігі жоғары. Сондықтан түбірдің морфологиялық принциппен жазылуын кезінде қазақ жазуы жеңіл қабылдады. Олай болса, Е.Омаров айтқандай, “сөз жүйесінше дұрыс болған жазу дыбыс жүйесінше де дұрыс болуы шарт, себебі, қазақша сөздің түбірі өзгермейтін болған соң, біздің дыбыс жүйесіндегіше жазғанымыз сөз жүйесінше де дұрыс болады” [17, 49б.]. Сондықтан сөздің түбірін сақтап жазу дегенді орфографиялық морфеманы сақтап жазу деп түсіну керек деп ойлаймыз.

Қазіргі қазақ орфографиясындағы морфологиялық принциптен ауытқыған қатарға түбір соңы мен қосымша жігіндегі қ-ғ, п-б, к-г алмасулары жатады делінеді. Бұл орфограмма фонетикалық алмасуды таңбалай ма, әлде фонематикалық сипатты білдіре ме дегенге 1924ж. құрылтайда сөйлеген Е.Омаровтың мына сөздері жауап береді деп ойлаймыз: “... тұйық буынның соңғы дыбысы еш уақытта да б, ғ, г, д болмайды... бұларды дыбыс жүйесіне келтіріп естілуінше жазамыз... Бұл дыбыстардың асылы п емес, б болуға тиіс деп, қаб, таб, доб деп жазамыз. Мұнымыз дыбыстың асылын зерттегеніміз, бірақ бұлай жазу дыбыс жүйесінше де, жеңілдік жағынан да қолайсыз... тап-табы п-ның асылы б деп, б-мен жазған соң, ток-тогі к-ні тог деп жазуымыз керек еді. К, қ, п-ның ережесі бірін-біріне үйлеспейді. К-нің ережесі дыбыс жүйесінше де, п-ның ережесі асылын зерттеумен болған, к-нің ережесі жеңіл де, п-ның ережесі қиын, желп, серп-терді п-мен, қап, топ-тарды б-мен жазамыз, сөйтіп, п мен б-ның асылын айырамыз, бірақ қорқамын, үркеді дегенде де өзгермейді. Сондықтан п-ны да дыбыс жүйесінше жазуымыз керек” [17, 30б.]. Ал қазіргі зерттеулерде қап сөзіндегі [п] дыбысы да негізгі реңк, қабы сөзіндегі [б] дыбысы да негізгі реңк, яғни қалыбы, қалпы, сабы, сапы деген сөздеріндегідей мағына ажырататын дыбыс алмасу бір деңгейде қарастырылады. Жалпы, қазақ тіліндегі мұндай сипатты сөздердегі дыбыс алмасуларды жаппай қамтитын құбылыс болмағандықтан, морфонологиялық алмасу, яғни тарихи алмасуға жатқызады. Ал морфонологиялық алмасу жазуда жүйелі түрде көрініс табады. Сондықтан ғалымдар қазіргі ДЖ морфонологиялық сипатта дейді. Мысалы: қалып - қалыбы (кірпіш құятын, нан салатын қалып), қалпы (сипаты, күйі), сап-сабы (күректің сабы), сапы (еңбек сапы). Бірақ тәуелдік жалғауы қосылған сөздерде ғана (қалыбы-қалпы) мағыналық айырмашылық көрінеді, ал қалып сөзі мен қалыбы сөзі бір мағынаны білдіреді. Егер жазуда фонема таңбаланатын болса, мұндағы мағына ажыратушылық белгі қандай сипатта болады? Сондай-ақ бұл қатарға <қ>, <к> фонемаларының түбір мен қосымша, екі сөз жігінде ұяң <ғ>, <г> фонемаларына айналып айтылуы және жазылуы да кіреді. Мысалы: балық-балығы, ақ-ағы, көк-көгі, жақ-жағы, бақ-бағы.

Сөйтіп, жазуда фонеманың әлсіз позициядағы түрленімі емес, әлді позициядағы реңкі белгіленеді деген ұстаным тұрақтана алмады. Бұны қазақ жазуындағы фонетикалық принциптің қосалқылығынан іздеу керек. 20-30жж. қолғап, жаздыгүн, қыстыгүні сияқты сөз қатары фонетикалық принциппен жазылды. Сонда байқап отырсақ, фонетикалық принципке қ, к фонемаларының позициялық түрленімі, БС жігіндегі қос дауыстының біреуі, түсірілуі сондай-ақ қысаң езулік ы, і фонемаларының соңғы буынындағы емлесі “ілігіп” отыр.
Дәріс - 14

ы, і, ә әріптерінің орфограммасы

Қазақ тіліндегі <ы>, <і> фонемалары – қысаң, езулік инвариантының жуан-жіңішке сингармоварианттары. Қазақ фонологиясы екі варианттың да мағына ажырататын, сөзді айыратын, сөзді танытатын сипатына қарай <ы>, <і> дыбыстарын екі фонема деп таниды. Сондықтан қазақ жазуының акцентті-фонологиялық кезеңінен бастап фонемалардың таңбасы бар. Алайда, ы, і қысаңдарының фонемалық сипатынан бөтен, қазақ тілінің буын сатысынан қалған дауыссыз дыбыстың жуан-жіңішкелігін білдіретін немесе екі дауыссыз аралығында бір дауысты жазылу керек деген қағидаға сәйкес таңбаланатын қосымша дәнекерлік қызметі бар. Қазақ орфографиясында ы, і әріптерінің осы екі қызметі сараланбай, емледе проблема туып отыр. Жұмыста ы, і әріптері емлесінің қалыптану негіздері А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов зерттеулерінен, 1924ж.,1940ж., 1953ж., 1956ж. емле ережелерінен ізделді. Сонда жазу тарихында ы, і әріптерінің емлесіне қатысты екі бағыт болғаны байқалды. Бір бағыт жазуды нормалаудың алғашқы сатысында ы, і әріптерін мүмкіндігінше қысқартуды қалыптандырды (халық - халқы, көрік - көркі, өлі ара - өлара, алтыатар - алтатар (ҚТОС, 1988ж.), ешкіемер - ешкемер, алтыаяқ - алтаяқ, саптыаяқ - саптаяқ, сарыағаш - сарағаш, сарыөрік - сарөрік. Екінші бағыт селбеспе (дәнекер, қыстырынды) дыбыс ретінде, 2-3 дауыссыз дыбыс қатар келмейді, түбір мен қосымшаның (фондыға, киоскіге), сөз, буын аяғы б, д, ғ, г ұяңдарына аяқталмайды деген қағидамен тағылым, абырой, әділет, әбілет, жағылан, жебірейіл, жұдырық, қабылан сияқты сөздерде ы, і әріптерін таңбалануды ұсынады. Сөйтіп, осындай бағыттардың үрдісінен ы, і әріптерін қысқартып жазудың мынадай сатыларын көруге болады (1-сурет):




I


ойнау, үр(і)кек, қыр(ы)нау, жи(ы)нау, қай(ы)рақ…




II

қ(ы)йын, ж(ы)йын, т(і)йме, к(і)йме, м(ы)й…







III

тақ(ы)йа, дар(ы)йа, дүр(ү)йә, жар(ы)йа, қ(ы)йар…







IV

жіб(і)йді, ер(і)йді, ыс(ы)йды…







V

оқ(ұ)у, тоқ(ұ)у, жаз(ы)у, кір(і)у…







VI

мой(ы)ны, бөр(і)кі, ер(і)ні, дау(ы)сы…






VII


өл(і)ара, алт(ы)атар, сапт(ы)аяқ…






VIII


бағ(ы)лан, саң(ы)лақ, тар(ы)лан…






IX


балықот(ы), алмаағаш(ы)…





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет