«Шемонаиха ауданының 2015 жылдың 3 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы» АҚпарат өнеркәсіп



жүктеу 43.83 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі43.83 Kb.
«Шемонаиха ауданының 2015 жылдың 3 айындағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы»

АҚПАРАТ
1. Өнеркәсіп

2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауданда 11,5 млрд.теңгеге өнеркәсіптік өнім шығарылды, ол өткен жылдың деңгейіне 140,2 %. Табиғи көлем индексі 108,8 % құрады.

Аудандағы өнеркәсіптің негізгі үлесін тау-кен өнеркәсібінің саласы құрайды (78,0%), өткен кезеңде 9,0 млрд.теңге сомаға өнім өндірілген, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе көп. Әрекеттегі бағада табиғи көлем индексі – 112,0 %.

Өңдеу өнеркәсібі жалпы көлемнің 18,7 % құрайды. Салада сомасы 2,2 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген, ол 2014 жыл деңгйіне 81,4 % құрады. Сала бойынша ТКИ – 93,6 %.





  1. Ауыл шаруашылығы

Тірідей салмақта 1026 тонна (100,3 %) ет, 8025,6 тонна (104,1 %) сүт, 1424 мың дана (103,0 %) жұмыртқа өндірілді.

ІҚМ мал басы 31458 бас (100,0 %), қой және ешкі- 15035 бас (101,8 %), шошқа – 10579 бас (49,0 %), жылқы – 3214 бас (103,6 %), құстар – 62081 бас (104,1 %) құрады.

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне ауданда 300 шаруа қожалықтары, 48 ЖШС, 1 КС, 1 ӨК ( 1.01.2014 жылға 314 ШҚ, 46 ЖШС, 1 КТ, 2 ӨК), ауыл шаруашылық өнімдерін шығарушылардың саны шағын шаруа қожалықтарын ірілендіруден 68 бірлікке қысқарды.

Ауданда 226,5 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері бар, оның ішінде 139,4 мың гектар егістік жер, 64,4 мың гектар жайылым, 17,5 мың гектар табиғи шабындық.

2015 жылғы егінге 2461за күздік дақылдар егілді, оның 847 га күздік қарабидай, 1614,02 га күздік бидай.

Бекітілген құрылымға сәйкес, 2015 жылы дәнді дақылдардың үлес салмағы 66,9 % құрайды, майлы дақылдар 20 %, оның ішінде күнбағыс 18 % және рапс, зығыр, соя – 2 %. Малды қажетті жеммен қамтамасыз ету үшін жемшөптік дақылдар жалпы алаңның 12 % алады, картоп және өзге де көкөніс дақылдары 1,5 % құрайды. Топырақтың құнарлығын және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін көтеру үшін ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер 2454 тонна минералды тыңайтқыштар жеткізіп беруге келісім-шарт жасасты, ол 2014 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары жаппай репродукциялы тұқымдардан және үшінші сыныпты тұқымдардан бас тартты. Зертхананың қорытындысы бойынша 16,1 мың тонна тұқым егін сапасына тексеруден өтті. Талдаудың нәтижесі бойынша 14,6 мың тонна – 1 және 2 сұрыпты (90,7 %). Ауыл шаруашылық құрылымдары элиталы және бірінші репродукциялы тұқым алып ауыл шаруашылық дақылдарын жаңартуды жалғастыруда.

2014 жылы ауданда барлығы 2080 га суарылатын жердің 483 га пайдаланылды. 2015 жылы жалпы алаңы 910 га 2 су шаруашылық объектілерін қалпына келтіру жоспарланған:

1. «Ертіс-Танур плюс» ЖШС Ертіс өзенінде суландыру жүйесін қалпына келтіру. Жобаны іске асырғаннан кейін суару алаңы 240-тан 440 га дейін ұлғаяды. Картоп өсіруге басымдылық берілген. 3 суару машиналары бар. Жобаның ағымдағы жағдайы: сорғы станциясы, магистральды және су тарту құбырлары қалпына келтірілуде, инженерлік іздеулер аяқталды. Жоба 15 % орындалды.

2. «Қозыбаев А» ШҚ Уба өзенінде суландыру жүйесін қалпына келтіру. Жобаны іске асырғаннан кейін суару алаңы 243-тен 470 га дейін ұлғаяды. 5 «Фрегат» суару машиналары бар. Жобаның ағымдағы жағдайы: ұзындығы 2,5 км су құбырының екінші магистральды желісі салынды, 3 суару құрылғылары сатып алынды. Жоба 80 % орындалды. Жобаны іске асыру 2015 жылғы маусым. Суармалы жерлерде картоп пен бидай өңдеу.

Ауданға көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 3000 тонна дизельдік жанармай қажет, оның 300 тоннасын ауыл шаруашылық құрылымдары аудан және обылыс нарығынан алды, 2730 тонна жеңілдік бағамен бөлінді, Павлодар МХЗ әкелетін операторлар анықталды.


3. Шағын бизнес

Ауданда 242 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, 2014 жыл деңгейіне 100,8 % (240 бірлік).

Әрекет ететін кәсіпорындар саны – 167 (жалпы санынан 69,0 %), 2014 жыл деңгейіне – 100,0 %. Оның ішінде белсенділер саны – 152 бірлік ( 2014 жыл деңгейіне 107,0 %). Бөлшек сауда айналымының көлемі 1724,4 млн.теңгені құрады, 2014 жыл деңгейіне 102,3 %. Табиғи көлем индексі – 97,8 %.
4. Инвестициялар мен инфрақұрылымдық кешен
Бағалауды есепке алғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 992,7 млн.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 54,7 %. Табиғи көлем индексі – 53,1 %. Құрылыc-монтаждау жұмыстарының көлемі – 173,0 млн.теңге, 2014 жыл деңгейіне 27,2 %.

Есепті кезеңде тұрғын үйді пайдалануға беру 1896 шаршы метрді құрады (74,3 %).



5. Бюджет
2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында жеке табыс бойынша аудан бюджеті 114,4 % орындалды, жоспар бойынша 304,5 млн.теңге, нақты түскені 348,3 млн. теңге (өткен жылғы деңгейге қарағанда 118,8 %).

2014 жылдың 1 сәуіріне аудан бюджеті бойынша берешек – 0,6 млн.теңгені құрады (2014 жыл – 0,5 млн.теңге).

2015 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша алгоритмдер аясында қосымша түсім 2,8 млн.теңгені құрады.

Бюджеттің шығыс бөлігі 99,8% орындалды: жоспар бойынша 728,3 млн.теңге, игерілгені 726,8 млн.теңге, шоттағы қалдықтар 1,5 млн.теңге.



6. Халықты жұмыспен қамту
Орташа айлық еңбекақы 98 602 теңгені құрады. Аз қамтылған азаматтар саны 709 адамды құрады (2015 жылдың 1 қаңтарына 716 адам).

2014 жылдың 1 тоқсанына ресми тіркелген жұмыссыздар саны 222 адам, ол 2014 жылғы деңгейден 15,3 % төмен (2014 жылдың 1 тоқсаны - 262 адам). Талданып отырған кезеңде 90 жұмыс орны құрылды, ол 2014 жылғы деңгейден 66,7 % жоғары (54 жұмыс орны).2015 жылға жоспар – 260 жұмыс орнын құру.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2014 жылғы деңгеймен салыстырғанда 47,4 % (2014 жылы – 114 адам, 2015 жылы – 60 адам), тұрғын үй көмегі – 8,8 % (2014 жылы – 250 адам, 2015 жылы – 228 адам), балалар жәрдемақысы – 18,6 % (2014 жылы – 86 адам, 2015 жылы – 70 адам) азайған.


7. Білім беру

Ауданда 5135 оқушысы бар жалпы білім беретін 24 мектеп, 1487 бала бар 3 қосымша білім беретін мекеме, ол жалпы оқушылар санынан 29 % құрайды, 1615 мектеп жасына дейінгі бала бар 3 балабақша, 380 мектеп жасына дейінгі балалар 6 «Мектеп-балабақша» кешені және 389 тәрбиеленушісі бар 14 шағын орталықтар (19 топ), 570 тәрбиеленушісі бар мектепке дейінгі 35 даярлық сыныбы жұмыс істейді. 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100% құрады, 1-ден 6 жасқа дейін – 75,5 %, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезек 0-ден 3 жасқа дейін 570 орын.

2015 жылы Шемонаиха қ. 280 орынға арналған балабақша құрылысы жалғасуда, объектіні пайдалануға беру уақыты 25 маусым.

8.Денсаулық сақтау

Туберкулезбен сырқаттанушылық 7 жағдай немесе 100 мың тұрғынға 15,1 (2014 жыл – 6 жағдай, 100 мың тұрғынға 12,8). Сәйкес кезеңде туберкулезден өлім-жітім тіркелген жоқ.

Қатерлі ісіктен өлім-жітім 24 жағдай (2014 жыл – 20 жағдай) немесе 100 мың тұрғынға 51,9.

Ауданда сәйкес кезеңде ана және бала өлімі тіркелген жоқ.


9. Құқықтық тәртіп

2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан аумағында 133 қылмыс тіркелді, ол 2014 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 27,9 % жоғары (2014 жылдың қаңтар-наурызы – 104).



Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің басшысы А.Самойлова


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет