Шермахан Баян Саматқызы «ТҰздар гидролизі» тақырыбын дамыта оқыту әдістемесі 6В01540- химия білім беру бағдарламасы


Химиядан білім берудегі оқыту әдістері, тәсілдері және құралдарынзерттеу арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту



бет5/20
Дата28.03.2023
өлшемі268.11 Kb.
#471278
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
18 мартта Баян 23жылы

1.2Химиядан білім берудегі оқыту әдістері, тәсілдері және құралдарынзерттеу арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту

Химиялық білім берудегі әдістердің жіктелуі және химияны оқытудың әдістері білім беру тәжірибесі мен әдебиетіндегі дидактико – әдістемелік құралы арқылы жүзеге асуы керек. Білім беру мен білім алудың жіктелуі – құрылатын нәтижелі және перспективті әдістемелік интеграция – дифференцация әдістемелік тәсіл болып табылады, ол интеграция мен дифференцияның түрлі негіздеріне, сонымен қатар түрлі мысалдар мен әдістеріне негізделген. Химия мұғалімі (бастапқы немесе тәжірибелі) химиялық білім беру әдістерін оңтайлы таңдау мен іске асыру үдерісінде оның барлық жұмыс істеу деңгейлерін орынды ескерілуі керек (1-ші кесте):


1-Кесте. Химиялық білім берудегі әдістердің деңгейлері





Деңгейлер

Мазмұны

Методологиялық деңгей. 

Бұл деңгей бізге ұсынылған дидактика және химияны оқыту методикасында химиялық таным және басқада жалпы нысандарды байланыстырумен жетекші идеяларарды жүзеге асыру мақсатында, үздіксіз интеграция идеясын және материяның әртүрлі түрлерін саралауда, қозғалыс және энергияда (бір бөлігі, химиялық), ғылыми – жаратылыстану және гуманитарлық білім беру тапсырмаларын шешу мақсатында, химиялық және басқа ғылымдармен байланысында интегративті тәсілмен жұмыс істейді

Жалпы логикалық деңгей

Бұл деңгей дидактика және жеке химияны оқыту методикасында кең қолданылатын индукция, дедукция, аналогия, анализ, синтез, салыстыру, ерекшелеу, жариялау, жалпылау, систематикалық, моделдеу, жобалау, интеграция әдістерді біріктіреді

Жалпы педагогикалық деңгей. 

Бұл деңгейге мазмұндау (дәріс, әңгіме, суреттеу, әңгімелеу) әдістері сияқты сұхбат, өзіндік жұмыс әдістері жатады

Дидактика-методикалық деңгей

Бұл деңгейде химияны оқытудың нақты әдістері мен химиялық зерттеу әдістерінің қызметі қарастырылған. Оған мыналар жатады: химиялық нысан және олардың бейнелерін бақылау; химиялық эксперимент; химиялық нысандарды моделдеу (статикалық және динамикалық, құрылымдық-ұқсас және қызметтік-ұқсас, аналогтық және символ-графикалық); химиялық нысандардың сипаттамасы; химиялық фактілер мен құбылыстардың түсіндірмесі (1 - сызба).

Сызба1. Химиялық білім берудегі әдістердің деңгейлері



Жалпы логикалық

Барлығы қолданылады

Жалпы педагогикалық

Мұғалімдер, тәлімгерлер

Нақты химиялық

Тек химияны оқитындар

Химиялық білім беру әдісін білім беру қызметінің сипатына қарай көрсетілген әдістің қызметін жоғары деңгейде маңызды кластарға бөлу қажетті: оқыту әдісі, тәрбиелеу әдісі, дамыту әдісі (2. – схемаға қараңыз).
2 – сызба. Химиялық білім беру әдістерінің кластары



Химиялық білім беру әдістері






Дамыту әдісі

Білім беру әдісі

Тәрбиелеу әдісі

Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатка ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:


- білім беру – бұл мақсат окушылардың танымдык іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді; - тәрбиелеу – әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқытудың мақсаты – дамытудың қоғамдық – тарих тәжірибесінің жан – жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымның, техникалық, сондай-ақ өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына сәйкес кетеді[7-9].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет