- Оқушылардың танымдық-ізденушілік қабілеттерін дамыту жолдарын зерттеу барысында интерактивті зерттеу әдістерін қолдану.
Оқушылардың танымдық-ізденушілік қабілеттерін тұздар гидролизі реакцияларын зерттеуде коммуникативті дағдылар мен біліктерді дамыту.
Ғылыми жаңашылдығы:Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде:
- Эксперименттік зерттеулерді жүргізу арқылы химиядан тұзлар гидролизінің әдістемесін жетілдіру химиядағы маңыздылығы көрстетілді; -гидролиз реакцияларын химия пәнінің мазмұнына сәйкес дидактикалық талаптар нақтыланды;
-оқушылардың танымын технологиялық, жеке-тұлға қызметтік жаңа парадигма талаптарына сай қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізі анықталды:
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі: Дипломдық жұмыс компьютермен терілген. Кіріспе, негізгі бөлім: әдебиеттерге шолу бөлімі, ғылыми-зерттеу бөлімі, зерттеу нәтижелері және талдау бөлімі, қорытынды, -пайдаланылған әдебиеттер тізімі, 40-бет, 9-кесте, 4–сызбадан тұрады.
1ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1Жаңа технология жүйесi бойынша химиядан білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамытудағы ролі
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі соңғы кезде оқыту мен оқушылар білімін тексеруде жаңа технологияны іздеп, енгізуге көп көңіл бөліп келеді. Химия пәні оқушының таным белсенділігін арттыратын, өзіндік ізденісін қалыптастыратын, логикалық ойын жетілдіруге мүмкіндік беретін, күнделікті тіршілік етуге қажетті химиялық білім мен білікті саралауды қажет етеді.
Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, педагогика парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық параметрлерімен (іс-әрекет сипаты, жеке интеллектуалды даму, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеуі, жауапкершілігі, өз еркімен ұсыныс жасау, т.б.) бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды, керісінше дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуге аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады.
Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып қоймай, тың ізденістер жасауы тиіс.Сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу – оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешеді. Оқушы мемлекеттік стандартты қана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Деңгейлеп дифференциациялау ішкі дифференциациясының функциясын атқара отырып, тиімді түрде мектепте қосымша білім беруді кіріктіре жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде көптеген пәндерді тереңдетіп оқытатын курстар деңгейлеп дифференциациялау ішіне кіреді [1-3].
Жаңа технология дегенiмiз - педагогикалық шеберлiктi жетiлдiрудің жолдары деген түйiнге тоқтауымызға болады. Жалпы оқыту технологиясы бiлiм берудің тиiмдi жолдарын зерттейтiн ғылым ретiнде танылады.
Химиядан сабақты түсiндiру процесiнде белгiлi бiр технологияны қолдану арқылы мұғалім жоғары нәтижеге жетудi көздейдi.
Жаңа технология мынандай негiзгi бағыттан тұрады:
-жеке тұлғаның ерекшелiктерiн ескеру;
-оны тәрбие процесiнің басты объектiсi ретiнде алып қарау.
Осындай жаңа технология бағыттарын қолдану, оқып үйрену, меңгеру және өмiрге сабақты дамыту кезеңдерi арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, жаңа технологияны меңгеру негiзiнде оқушының кәсіби және рухани-адамгершiлiк қабiлетi, өз бетiмен бiлiм алудағы белсендiлiгi артады. Осыған сәйкес қазiргi уақытта оқыту үрдісiн ұйымдастыру және бiлiмдi бағалау мен бақылаудың жаңа түрлерi қарастырылған.
Оқыту жүйесiн пайдалана отырып, химия пәнiн оқытуды тағы да мынадай бағыттарда жүргiзуге болады:
-химия бiрiктiрiлген жүйе бойынша, яғни белгiлiк-таңбалық көрнекiлiктер түрлерi («тiрек сигналдары», «тiрек конспектiлерi», «тiрек белгiлерi» және «тiрек таңбалары»);
-ұжымды оқыту жүйесi;
-модульдi оқыту жүйесi (блоктап оқытудың жетiлдiрiлген түрi);
-шоғырландырып, қарқынды оқыту жүйесi;
-сабаққа жергiлiктi жер материалдарын пайдаланып оқыту;
-сабақты компьютерлеу және ақпараттандыру;
-химия сабағын экологияландыру;
-химия сабағының эксперименттiк бөлiгiн көбейту;
-педагогикалық эксперимент жүргiзуге баулу.
Химия пәнiн оқытудың тәжiрибесiнде оқу материалын ұсақ тақырыптарға бөлмей, бiрiктiрiлген жүйе бойынша оқыту және онда белгiлiк-таңбалық көрнекiлiктердің түрлерi «тiрек сигналдары», «тiрек конспектiлерi», «тiрек белгiлерi» және «тiрек таңбаларының» деп жiктелетiн оқу құралдарын қолдануға болады.
Химия пәнін үйрету барысында компьютерді қолдану жеке ғылым ретінде қалыптасуына себеп болады. Мысалы, химиялық үрдістер және құбылыстарды үйренуде қарастырылатын оқу материалын модельдеу және компьютермен байланыстыру маңызды болып табылады. Үрдістер және құбылыстарды компьютерде модельдеу - мектеп зертханасында көрсетуге қиын не ыңғайсыз құбылыс және тәжірибелерді үйренуде табылмас құрал болып есептеледі. Химия сабақтарында компьютерді қолданудың тағы бір пайдалы ерекшелігі – оқушылардың ғылымға болған ынтасы күшейеді, сана сезімі және өзін-өзі тануға қызығушылық қалыптасады және оқуға дейін көзқарасы өзгереді [4-6].
Достарыңызбен бөлісу: |