Шерубай ҚҮрманбайүлы терминтану (оқу қүралы) "Атлас баспасы-2001" Алматы, 2006 бк81. 2-3 я7


§е — "радиоустановка", Ғипкзрпісһ



бет4/4
Дата21.06.2016
өлшемі1.17 Mb.
#151283
1   2   3   4
§е — "радиоустановка", Ғипкзрпісһ — "радиограмма", Ғегпзеһзепсшщз — "телепередача", Ғегпзеһаррагаі — "телевизор") орбуі терминнің халықаралықтығының шарттылығын көрсетсе керек.

Чехословакияда 30 жылдардан бастап неміс және латын-грек терминдерінің орнын алмастыратын терминдер жасап, терминологияны үлт тілі негізінде калыптастыру бағыты үстемдік етіп келеді. Ал француз тілді Канадада ғылым мен техниканың барлық саласындағы ағьшшын тілінен алынған терминдерді француз создерімен алмастырып, ғылыми терминологияны француз тілі негізінде калыптастыру бағытын үстанып отыр. Бүл жүмыс мемлекеттік маңызы бар іс деп саналады. Соңғы жылдары Францияда да үлт тілінің тазалығын сақгау мәселесіне айрықша мән беріліп, әсіресе, ағылшын тілінің әсерінен арылу жолында белсенді жүмыстар жүргізілуде.

Түркі тілдес халықгардың арасында мүндай жүмыс тек түрік тілінде жүргізілді деуге болады. 1932 жылы Ататүріктің тікелей араласуымен "Түрік тілі" қоғамының откізген бірінші құрылтайында бірнеше каулылар қабылданды.

Онда халық тілінің байлығын жинастыру туралы шешім қабылданды: 1) Халық тіліндегі және ескі кітаптардағы түрік тілінің байлықгарын жинастырып оны жарыққа шығару; 2) Түрікше жаңа соз жасау жолдарын іздестіріп, түрік түбірлері негізінде сез тудыру; 3) Түріктің жазу тілінде оте коп қолданылып жүрген шет тшдершен кірген сөздердің орнына таза түрік сөздерін алып, оларды жарыққа шығару және қалыптастыру10.

Жалпы түркі халықгарынық ортақ терминология-лық қор қүра алмауына, терминжасам тәжірибелерін бөлісуге мүмкіндіктің берілмеуіне қоғамның саяси жүйесі кедергі болып келді. Тәуелсіз түркі тілді мемлекеттердің күрылуына байланысты бүл мәселе көтеріліп жатқанымен түрлі себептерге байланысты әзірше нақты жүмыстар қолға алына қойған жоқ.

Біздің "аударуға болмайды" деп жүрген халықаралық терминдерімізді монғол тілінің игеруі де айрықша назар аудартады. Олар: микро-, авиа-, аэро, анти-, контр-, транс-, моно-, гидро-, нео-, граф-, грамма-, гипер-, супер-, ультра-, архи - сияқты грек, латын терминоэлементтерімен келетін халыкдралық терминдерді үлт тілі негізінде игеріп отыр. Мәселен, хэт даралат "гипертония", хэт ихэсгэл "гипербола"; бичил харуур "микроскоп", бичил гадаргуу "микрорельеф "; улэмж урцэг "макроспоры ", улэмж бутэц "макроструктура"; нисэх зам "авиатрасса", нисэх шугам "авиалиния", агаар судлал "аэрология"; агараарын эмчйлгээ "аэротерапия", ганц сэдэвт "монография % ганц утгат "моносемия "; шинэ иг хэллэг "неологизм", шин сийвэн "неоплазма" т.б."

Әр түрлі тілдердің термин жасауда үстанған бағыттары, терминжасам тәжірибелері оларда біздегідей халықаралық терминдер деп аталатын аударуға, үлт тілінің ерекшелігіне сәйкес өзгертіп жазуға болмайтын айрықша мәртебесі бар "киелі" сөздер тобының калыптасқанын көрсетпейді.

Алайда үлт тілдерінде халықаралық терминдердің орнын алмастыра алатын терминдер жасаумен бірге халықаралық терминологиялық қор қүруға деген үмтылыстың да бар екенін айтпасқа болмайды. Әзірге дүние жүзі халықтарының барлығына ортақ ресми мойындалған терминдер қоры қалыптаса қойған жоқ. Тек бірнеше тілдерде сол тілдердің фоно-морфологиялық зандылықтарына сәйкес түрлі деңгейде өзгеріске үшырау арқылы қолданылып жүрген терминдер тобы — халықаралық терминдер деп аталынып жүр. Бүл қатарға әсіресе грек, латын терминдік элементтерімен келетін терминдер көбірек кіреді. Өйткені терминолог ғалымдар дүрыс көрсетіп жүргеніндей, ондай терминдік элементтердің кдзіргі үлт тілдерінің ешкдйсысына қатыссыздығы, бірнеше тілге ортақтығы, үғымдар жүйесін бірізділікпен беруге бейімділігі сияқгы артықшылықтарының бар екендігі рас.

Қазақ терминологиялық лексикасының елеулі бөлігін халықаралық терминдер қүрайтыны белгілі. Ондай терминдерді "аударуға болмайды", "ондай терминдермен таңбаланатын үғымдарды біздің өз сөздеріміз бере алмайды" немесе "халықаралық терминдерсіз ғылымымыз дамымайды, өркениеттен шеттеп қаламыз" деген пікірлердің біржақтылығы сияқты "бірде-бір шет тілінің сөзін қалдырмай тап-таза үлттық терминология жасаймыз" деген пікірді де терең зерттеу барысында қол жеткен түбегейлі ғылыми түжырым деп тану қиын. Бүл мәселенің жан-жақты қарастырылып ғылыми түрғыдан толық шешімін таба алмай отырғаны ақикдт.

Сондықтан да халықаралық терминдер мәселесін арнайы зерттеп, оларды қабылдау, аудару және жазу тәртібін белгілеу қазақ терминологиясының даму бағытын белгілеу үшін өте қажет.

Осы түста "Сөздің халықаралық терминдер қатарына енуі немен байланысты?, "Кдзақтың төл создері қандай жағдайда халықаралық қолданысқа түсуі мүмкін?" - деген сүрақгардың туындауы занды.

Түркілер дүрілдеп түрған замандарда біздің сөздеріміз де өзге тілдерге жүздеп, мындап енгені тарихтан белгілі. Мәселен, Е.Н.Шипова 1976 жылы жарықкөрген "Словарь тюркизмов в русском языке" деп аталатын сөздігінде бір ғана орыс тілінде екі мыңцай түрік сөзі қолданылып жүргенін көрсетеді. Кейіннен тарих аренасындағы иеленген орнымызға карай біздің тіліміздің ықпалы да әлсіреді. Ал соңғы 70 жылдың көлемінде термин шығармашылығын дамытудан гөрі дайын терминдерді кдбьшдауға әбден дағдьшандық. Терминологияны халықаралықтандыру бағытын үстанып келгендіктен терминқорымыздың басым бөлігін өзге тілдерден дайын күйінде орыс тіліндегі қалпын сақтап қабылданған терминдер қүрайтын болды. Терминтануда осы терминқорды халықаралықтандыруға қарсы деинтернационализация деген процестің бар екендігін жоғарьща айттық. Бүл бүрын тарихи, саяси-экономикалық немесе басқа да жағдайларға байланысты өзге тілдерден дайын терминдерді шектен тыс көп қабылдап келген халықтардың сол халыкдралық терминдердің орнын өз тілдерінің сөздерімен жаппай алмастыру процесі. Мүндай процесс әдетте қабылдаушы тілдердің иесі болып табылатын халықтың ғылым-білімі, экономикасы дамып, үлттық мемлекеттің негізі нығая бастаған уақытта қылаң береді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде бізде де бүл қүбылыс пайда бола бастады. Үлттық мемлекетіміздің сипаты мен тіліміздің қоғам өмірінде алып отырған орнына, яғни елдегі тілдік ахуалға сәйкес деинтернационализация процесі бізде өте әлсіз, мардымсыз түрде жүріп жатқаны байқалады. Терминолог ғалым В.А.Татаринов бүл жөніде -"Деинтернационализация терминологии — это понятийный рост на национальной почве. (қою әріппен ерекшелеген біз — Ш.Қ.) Интернациональная терминология не бывает наднациональной, с ее помощью можно проследить особенности технологи-ческой конкуренции между культурами и сделать выводы о жизнестойкости той или иной национальной культуры"- деп жазады. (Татаринов В.А. Теория терминоведения. Том І.С. 226-227.)



Ғалым пікіріне сүйенсек, біз үғымдарды үлт тілінде атау арқылы үғымдар жүйесін өз тілімізде игере бастаған болып шығамыз. Алайда өлеуметтік лингвистикалық факторларға сәйкес бізде бүл процестің жандануына қарсьшықта бар. Үлт тіліндегі термин шығармашылығы жандана бастаса оны ггуризмге жол беріп жатырмыз деп дабырайта көрсетуге қүмар немесе объективтік, субъективтік түрлі себептерге байланысты соған мүдделі адамдар да жоқ емес. Түптеп келгенде, осының өзі үлттық негізі берік калыптасқан елге тән нәрсе емес. Кез келген үлттық мемлекет өз тілінің кең таралуын көздейді, мүмкіндігінің жеткенінше сол бағытта мақсатты жүмыс жүргізеді. Олар терминологияда деинтернационализация процесінің өз тілдерінің ішінде жүзеге асып, халықаралықтандыру процесінің өздері тарапынан өзге тілдерге қатысты жүргізілгенін қалайды. Оны терминологияны халықаралықтандыру ғылым қажеттілігі деп сөз жүзінде өзгелерге қатысты ғана айтқанымен, өздері керісінше бағыт үстанып отырған көптеген дамыған үлттық мемлекеттердің әрекетінен көруге болады. Айталық, француздар неге ағылшын сөздерін тіліне қабылдаудан қашады? Біз неліктен көршісі әрі туыстығы жағынан бізден гөрі әлдекдйда жақын француз тілі іргесін аулақ салып отырған сол ағылшын сөздерін қабьшдауға тиіспіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет