билерінің шешендік сөздері жəне оның əдебиеттегі тарихи орны» атты диссертациясында белгілі қазақ билерін атап,
олардың шешендік сөздерінің мəнін толығырақ аша түскен.
С.Сейфуллин шешендік сөздердің əдебиет тарихынан алатын
орнына тоқталып, «Билер айтысы» деген атаумен бұл саланың əлі
де тың зерттеулермен толыға түсу керек екеніне тоқталып өтеді.
С.Сейфуллин сонымен қатар қазақ билерінің қоғамдағы орнын, билер қызметінің халық өмірімен тығыз байланыстылығын көрсете білді. Кейінгі кезеңдерде шешендік өнердегі билердің
рөлін зерттеген кейінгі зерттеушілер Сейфуллин еңбегіне арқа
сүйеген.
Ғалым Балтабай Адамбаев шешендік өнерді əдеби тұрғыдан
қарастырып, жинақ етіп құрастырған бірден-бір ғалым. Оның
еңбектерінде ұлттық шешендік өнер теориясы дамуының
келесі бір кезеңі көрініс тапқан. Ғалым өзіне дейінгі
зерттеушілер ұсынған «билер сөзі» деген терминді
«шешендік сөздер» терминімен алмастырып, тақырыптар
аясын айқындап, мазмұндық, құрылымдық жағынан топтарға
жіктеп берген.
«Шешендік сөздердің əлеуметтік жəне əдеби эстетикалық мəнін, жанрлық көркемдік ерекшеліктерін ашып анықтау үшін сөз нұсқаларын талдаймыз жəне мазмұнына шешендік арнау, шешендік дау, шешендік толғау деп үш салаға топтап зерттейміз» деп көрсетеді. «Шешендік өнер» деп аталатын
еңбегінде шешендік өнерді зерттеуге үлес қосқан ғалымдар:
Ш.Уəлиханов, А.Васильев, С.Сейфуллин, Ə.Мəметова. М.Ж.Көпеев, М.Əуезов есімдерін, олардың би-шешендер
туралы айтқан пікірлері мен жинаған шешендік сөздері
туралы жазады.
Тілші–ғалым Рабиға Сыздық шешендік өнер
мен шешендік сөздің ара-жігін ашып, анықтама
береді. Ғалым бұл еңбегінде шешендік өнерге
қойылатын шарттарды көрсетіп береді.
Сондай-ақ Р.Сыздық шешендік пен поэзияның