Ші бет беттен Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 1.77 Mb.
бет4/12
Дата09.06.2016
өлшемі1.77 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

в) қанаған жерге қанның неше түрлі бөлшектерін енгізу (тромбин, қан тоқтататьш губка, фибриңдік пленка, биологиялық антисептикалық тығын);

г) қансыраған малға қан құю, қанның сұйық бөлімі, тромбоциттер массасы, антигемофильды глобулин А.

Қан ағып жатқан малға консервіленген қаннан 200-500 мг. құйса, ол қанды ұйытып, қан ағу процессін тоқтатады. Жаңа ғана дайындалған цитрат қосылған қанды құйса, оның да қан тоқтатар қабілетінің жоғары екені байқалады. Қол астында дайын қан болмай қалса, қан бөлшектерін, сарысуын немесе плазманы тамырға жіберіп, қан тоқтатуға болады.

Ең бір қиын да ұзаққа созылатын операциялардан кейін немесе қансырау салдарынан ағзада қан ұю процесі бұзылып, фибринолиз дейтін жағдай пайда болады. Осындай жағдайда плазмадан алынған фибриноген дәрісі қоданылады. Ауру малдың қан тамырына енгізілген фибриноген тромбин әсерінен, ұйыған қанда ерімейтін фибринге айналып, қанның ұю процесін тездетеді. Фибриноген ұнтақ дәрі. Оның 1-2 грамын 250-500 мл. физиологиялық ерітіндіде ерітіп, күре тамыр арқылы жіберіп отырады.

Қанның ұю процесін қалыпқа келтіруге себепкер болатын - витаминдер. Қансыраған жануарға С (аскорбин қышқылы), К (викасол) витаминдері қолданылады. Сол сияқты қан бөлшектері - тромбин атты зат қанды ұйытуға белсене қатысады. Егерде осы затты тамыр арқылы енгізсе, ол қанап тұрған тамырдың қанын ұйытып қана қоймай, тамырдың өз ішіндегі қанды да ұйытады. Сондықтан да осы дәріге дәкені малып, жараға таңғыш ретінде ғана салуға болады. Месқарын немесе қуықтан аққан қанды тоқтатуға амал қалмаса, осы тромбинді яғни оның ерітіндісін осы органдардың ішіне енгізіп, пайдалануға болады.

Соңғы кезде тромбинді жарақатға жеке түрде ғана емес, сонымен қатар фибриндік мақта, желатиндік губкамен қосып салатын болып жүр.

Осы губканы қанап тұрған жарақатқа, не ұнтақ ретінде, не тампон ретінде салып қойса, қанау тоқтайды.

Іріңдеген жарақат канаған кезінде, іріңге де қарсы, қан тоқтататын әсері бар биологиялық антисептикалық тығынның көмегі зор. Аталмыш тығынның құрамына қанның сұйық бөлшегі плазма, антибиотик, желатин басқа да дәрі-дәрмектер кіреді.

Жылқының немесе донор болған малдың қан сарысуын қансыраған малдың бұлшық етіне енгізсе, қан ұю процесі тездетіледі, қансырауды тоқтатады.

Операция кезінде бүйректен, көк бауырдан, мидан, бауырдан аққан қанды тоқтату үшін қанап тұрған органның жарақатын тромбоминазаға бай іш май-шарбымен, не бұлшық етпен тығындайды. Осы әдіс айтарлықтай нәтиже береді.

Химиялық әдістер. Химиялық заттардың қан тамырына әсері - қан тамырының өзегін тарылтып, тамыр өзегінің диаметрін кішірейтеді, екіншіден, қан тамырындағы қанның ұю процесін тездетеді. Тамыр өзегінің диаметрін тарылтатын дәрілерге адреналин жатады. Тағы бір қолданылатын дәрінің аты — спорынья. Қан тоқтату үшін спорынья - қастауыштан дайындалған дәрілер жатыр, өкпеден аққан қанды тоқтата алады.

Қанның ұю процесін жақсартып, аққан қанды тоқтату үшін химиялық заттардың арасында кең өріс алғандарды атап өтсек: кальций хлориді, натрий хлориді, глюкоза және т.б.

Кейбір жағдайларда аминокапрон қышқылын не ішуге, не қан тамыры арқылы енгізуге болады. Кейбір созылмалы аурулардың салдарынан тамырдан аққан қан көлемсіз, бірақ күнделікті ағып тұрғандықтан ауру мал әлсіреп, созылмалы қан жоғалту жағдайына ұшырайды. Мұндай малды дұрыс емдеу үшін алдымен оның негізгі дертін емдеу керек. Яғни малдың іш қуысында жарақат болса, біріншіден, осы ауруды дұрыс емдесе, қанау өзімен тоқтайды.

Қан қысымын төмендету әдісі. Ауру малдың ірі қан тамырларына, бас миына операция жасалған кезде немесе қан қысымы жоғары ауру малға, қандай да болсын операция жасалынған кезде, операция жасалып жатқан жерден қан көп мөлшерде кетпес үшін, ағзаға ганглиоблокатор тобына жататын дәрілер енгізіледі. Дәрілердің осы тобына арфонад, гагроний, гексаметоний дәрлері жатады.

Ауру малдың операция кезінде қан қысымын төмендету ушін арфонад дәрісі кең қолданылады. Ол үшін арфонад дәрісінің 0,1 % ерітіндісінен ауру малдың әрбір 1 кг салмағына, осы дәрінің 0,1-0,2 грамын алып, оны натрий хлорид тұзының изотоникалық ерітіндісімен сүйық жағдайыға келтіреді. Сонда 60 кг салмағы бар ауру жануарға (60x0,2) -12 грамм арфонад дәрісін алып, оны тұзды суға еріткеннен соң ағзаға енгізгенде, ауру малдың қан қысымы бірталай төмендеп, операцияны құрғақ (қансыз) жағдайда жасауға мүмкін туады.

Операцияны ауыртпай жасау үшін, жансыздандыруды құрастырылған дәрілермен өткізуте де болады. Операция жасалып жатқан жерде ауырсыну сезімі пайда болмас үшін әрбір дәрінің тек қана пайдалы қасиеттеріне сүйене отырып, соларды қосып, құрастырып наркоз беріп отырады.

Қазіргі кезде ауру малға құрастырылған наркоз беру үшін, ең алдымен оған вена қан тамыры арқылы не тиопентал-натрий, не гексенал дәрісін жіберіп (ингаляциялық емес наркоз), ауру малды ұйықтатады. Енді ауру мал терең ұйқы жағдайына жеткеннен соң, оның веналық қан тамырына курареге ұқсас дәрілер егіп, ауру малдың бұлшық етерін босаңсытады. Бұлшық еттері босағандықтан, кеуде тыныс алу процесіне қатыса алмайды. Кеуде қозғалмай қалады. Ауру малдың аузына ларингоскоп аспабын енгізіп, соның көмегімен, кеңірдекке наркоздық аппаратқа жалғасқан резеңкелі түтік енгізіп, кеңірдек ішіне не эфир оттегі, не азоттың шала тотығы (наркоздық зат ретінде) беріліп отырады. Ауру мал осыдан кейін наркоздық терең ұйқы жағдайына ұшырайды. Ауру мал осындай жағдайда жатқанына қарамастан, жүйке жүйесі кесілер алдында естен танып қалмау үшін, сол жүйке жүйесіне қосымша новокаин дәрісінің не 0,25% не 0,5% ерітіндтсін енгізу керек. Мысалы, ауру малдың аяғын кесіп алып тастар алдында санның жүйке жүйесіне алдын-ала новокаин дәрісін егіледі.

Қансырауды емдеу. Жүрек жұмысын жақсарту үшін кофеин, тынысы ауырлаған жағдайда лобелин қолданады, мейілінше су береді. Қан тамыры арқылы 5% дейін глюкоза қосып физиологиялық ерітінді жібереді. Оны тері астына да жіберуге болады. Қан алмастырып сәйкес қан құю, немесе оның орнын басатын ерітінділер — полиглюкин, реополиглюкин, гемодез және В.Н.Петров ерітіндісін қолданады.

Қан және қан алмастыратын заттарды қүю. Кеткен қанның орнын толтыру үшін тамырға, қан айналымына қан қызыл түйіршіктер қосылады. Жан-жануардардың көк етінен және өсімдіктердің қабығынан өтпейтін, кристалданбайтын химиялық затты коллоид десе, осындай коллоид ерітіндісін, тұздың изотониялық ерітіндісін, глюкозаны енгізіп, қан құрамын, оның көлемін бірқалыпта келтіреді.

Қан құюдың тарихы. Қан құю туралы ілімді үш дәуірге бөлуге болады. Бірінші дәуір — сонау ескілік заманнан 1628 жылы Гарвейдің қан айналым заңы шыққанға дейін. Екінші дәуір - 1628 жылыдан 1901 жылыға дейін, яғни агглютинация заңы ашылғанға дейін. Үшінші дәуір - бүгінгі күнге дейін.

1666 жылы ағылшын ғалымы Лауэр иттерге қан құйғанын жариялады, ал 1667 жылы француз ғалымы Дени мен хирург Эмерец қозының қанын өте қиын жағдайда жатқан ауру жануарға құйып, сол ауру малдың осыдан жазылып кеткенін мәлімдеген. Келесі жолы осындай қан құйған науқас өліп қалды. Сот болған кезде бұл екі дәрігерді жақтаған Франция Ғылым академиясының өкілдері өте ақылды шешімге келіп, әрбір қан құю алдында академиядан дәрігерлер рұқсат алуы керек деген.

1679 жылы Мерклин және 1682 жылы Этген - Мюллер деген дәрігерлер өз бетімен екі түрлі қанды, яғни екі адамның қанын біріктірсе, қан ұйып қалады, ондай қандарды құюға болмайды деген шешімге келді. Зерттелмеуіне қарамай, сәтті қан құю операциясын 1819 жылы ағылшын дәрігері Блондель жасады. Ол бір адамның қанын екінші адамға сәтті құйды.

Қанның ұюы, қан құюға кедергі жасайды. Сол себептен қанның фибрининін жоғалтуды 1835 жылы Бишофф ұсынды. Бұл пікір де кең өріс ала алған жоқ. Қансыраған ауру адамның өлімі тек қан жетпегендіктен және сондай адамды өлімнен алып қалу үшін тек қана қан құю керек деген Гайемнің пікірі ғылыми тұрғыдан өте дұрыс пікір болатын.

Россияда 1830 жылы С.Ф. Хотивицкий босанған әйел қанды көп жоғалтса, оны қолайсыз жағдайдан алып қалатын, тек қана қан құю деген. Ал 1832 жылы Санкт-Петербург қаласының дәрігері Вольф, босанған кезде қансырап өліп бара жатқан әйелді тек қана қан құю арқасында ажалдан алып қалған. 1865 жылы орыс ғалымы В. Сутугин қанды ұйытпайтын амалдарын тауып, тамырдан алған соң, ұзақ уақытқа дейін сақтауға болатынын мәлімдеді. Қан құю мәселелеріне көңіл бөлген орыс ғалымдары — Х.Х.Саломон, Н. Раутенберг, С.П. Коломнин, И.В. Буяльский болған.

Қан топтары. Ұзақ зерттеулердің арқасында кез келген адам қанының құрамында басқа адамның эритроциттерін жабыстырып тастайтын агглютинация үрдісін жүргізетін ерекше заттардың болатыны анықталған. Австрия ғалымы 1901 жьшы К. Ландцггейнер 1901 жылы адам эритроциттерінің құрамында екі түрлі антигендер - агглютиногендер, ал плазмада екі түрлі антиденелер - аглютининдер болатынын дәлелдеді. Агглютинагендер латын әліпбиі бойынша А және Б әріптерімен белгіленеді, ал агглютининдер грек әліпбиі бойынша альфа (а) және (Ъ) әріптерімен белгіленеді.

Бір малдың қан құрамында агглютиноген және агглютинин екеуі бірдей болмайды. Себебі бір әріптес агглютинин, мысалы А-агглютиногенімен кездессе, олар өзара жабысып қалады. Сол себептен бір малдын қанына агглютиноген А болса, басқа агглютинин түрі Ъ болуы керек.

Агглютиногендер тек қана эритроциттердің құрамына ғана кіріп қоймай, сонымен бірге сілекейде, асқазан сөлінде, басқалай сұйықтарда да кездеседі. Осы күндері агглютиногендердің үш жүздей түрі ашылған.

Агглютиниңдер белоктың бір түрі -г- глобулиннің молекулаларынан құралған. Агтлютининдер өз құрамына қарай екіге бөлінеді. Бірі өмір бойы өз қасиетін жоғалтпай - өзгермесе, екінші түрі эритроциттердегі агглютиногендерге қарсы, плазмадағы лейкоциттерге қарсы, сонымен бірге тромбоциттерге қарсы күресетін қабілетке ие.

Бір адамның қанын екінші адамға құйғанда қандар өзара жабысып қалмау үшін, қан төрт топқа бөлінген. Мал қаннының топтарына келсек, әлі күнге дейін белгісіз жайлар көп. Мал эритроциттерінде көптеген агглютиногендер болады. Сондықтан оларды 4 топқа бөлу мүмкін емес.Әрбір топта бірнеше агглютиногендер түзеді, сол себептен мал қаны генетикалық жүйеге бөлнеді, Мәселен,ірі қарада 85 агглютиноген боландықтан, оларды 11 генетикалық жүйеге бөледі. Жылқыда 16 агглютиноген 8 жүйе, қойда 26 агглютиноген 7 жүйе, шошқада 50 агглютиноген 14 жүйе, тауықта 60 агглютиноген 14 жүйе болады (Т.Несіпбаев,2005).

Қанның құрамында қандай агглютиноген, қандай агглютинин барын білуіміз керек.

Ғылымның өсіп-өрлеуіне байланысты қаны I-ші топқа жататын малдардың қанында агглютиноген жоқ - 0, ал плазма сарысуында а жэне Ъ -агглютининдері бар. Бірінші топқа жататын малдардың қан формуласы Оа деп белгіленеді.

Қаны II топқа жататын малдардың эритроциттерінде А-агглютиноген, қан сарысуында Ъ -агглютинин болады. Формуласы А,

Қаны III топқа жататын малдардың эритроциттерінде Ъ - агглютиноген, қан сарысуында а-агглютинин болады. Формуласы Ва.

Қаны IV топқа жататын малдардың эритроциттері екі бірдей А және В агглютиногендері болса, қан сарысуында агглютининдер жоқ (О).

Төрт топқа бөлген қандарды формулаға түсірсек, сонда I топқа жататын малдардың қаны I аһ), II топ (Ай), III топ (А,), IV топ болып жазылады.

Соңғы жылдары қаннын тобын қысқартып жазу үшін топтың санын цифр арқылы және эритроциттерге агглютиноген белгісімен ғана көрсетеді. Қысқартылған түрде қан тобы: 1(0); П(А): ІІІ(В); ІҮ(АВ) деп жазылып жүр.

Агглютиногендер мен агглютининдердің қосылып жабысуына қан құрамына кіретін гемолизиннің де қатысы бар. Комплемент бар жерде гемолизин қанның торшаларын, эритроциттерді бұзып, ерітіп жібереді.

Төл дүниеге келгенде оның қаны төрт топтың біріне жатады да, ол өмір бойы өзгермейді. Барлық қанды пайдаланады. Әртүрлі топқа жататын малдардың қанын екіге бөліп, оның сүйық бөліміндегі белгілі агглютининдер арқылы, қанның қай топқа жататынын айыруға болады. Сол сияқты , стандартқа сәйкес эритроциттердегі агглютиногендер белгілі болса, белгісіз аглютининдерді табуға болады.

Стандартқа сәйкес қан сарысуын дайындау үшін мал қанынан эритроииттерді шығарып тастайды. Сонда осы қанда тек қана агглютинин қалады. Агглютининнің титрі белгіленеді. Титр дегеніміз - қан сарысуының күші. Яғни қан сарысуы 2 рет, 10 рет, 50 рет сумен ерітеді. Ең көп ерітілген кездің өзінде де қан сарысуы өз қасиетін жоғалтпайды. Осындай сарысуды бор қышқылын немесе тимол дәрісін қосып, шыны сауыттың ішіне енгізіп, өзегін қыздырғыш арқылы бітеп тастайды. Шыны сауыттың сыртына жабыстырылған кағазға осы агглютининнің титрі көрсетіледі.

Жарақаттың жазылу биологиясы. Зерттеулер кез келген жарақаттың жазылуының биологиялық заңдылығы бірдей екенін көрсетті. Пайда болғаннан бастап жарақатта жазылу процессі басталады. Жарақаттың айналасында әр түрлі патологиялық өзгерістер пайда болады. Олар сол жердегі қан айналасының, жүйке қызметінің өзгерістері, осыған байланысты биохимиялық және биофизикалық өзгерістердің әсерімен жарақат бірте-бірте өлі еттерден тазарып, қуысы ұлпарларға толып жазылады. Осыны жарақаттың басынан аяғына дейін болатын жазылу процессінің биологиясы дейді. Бұл процесстің белгілері жарақаттың екінші реттік жетілуімен жазылғанда айқын байқалады да, ал жарақат бірінші реттік жетілуімен немесе қабыршықтанып жазылғанда сыртқы белгісіз өтеді.

Клиникалық белгілеріне қарай Н.П.Пирогов жарақат процессінің үш сатысын айырады: 1) ісіну, 2) тазару, 3) грануляция сатысы. Цитологаялық және патологиялық өзгерістеріне қарай Н.Ф.Камаев (1962) жарақат процессін келесі кезеңдерге бөледі:

1. Ерте пайда болған (12 сағат шамалы) - мұнда қабынудың алғашқы белгілері біліне бастайды.

2. Дегенеративтік — қабыну дәуірі.

3. Регенерация дәуірі.



И.И.Кузин үш кезеңі, регенерация, тыртықтану және эпителийлену кезеңін ажыратады. Жарақаттағы биофизикалық - химиялық өзгерістеріне қарай И.Т. Руфанов жарақат процессін екі кезеңге бөледі: гидратация кезеңі немесе жарақаттың биологиялық өздігінен тазаруы; дегидратация кезеңі немесе регенерация қалпына келу кезеңі. Осы соңғы жіктелу ең қолайлы деп саналады.

Жарақаттың жазылуының бірінш кезеңі (гидратация). Бұл кезең жарақаттанған жерде альтерациялық процестердің басым жүруімен сипатталады. Жазылу айқын морфо - функционалдық, биофизика - химиялық, иммуно - биологиялық процесстермен жүреді. Жарақаттанған жердегі ортада кали көбейіп, қышқылдылық артады. Басты өзгерістер қан тамырларының зақымдалуларынан басталады. Капиллярлардың қабы созылып, қанның белок бөліктері ұлпаның сыртына сүзіліп шығады, тотығу - қалпына келу процесстері нашарлайды. Осы жердегі патологиялық процесстердің үдеуі жүйке жүйесінің қалыпты қызметінің өзгеруіне байланысты. Жарақаттанған ұлпаның оттегімен қоректенуі төмендейді. СО2 көбейеді. Қан арқылы келген оттегі зақымданған жердің торша аралығына қаннан шыққан белоктармен байланысып, торшаның өзіне толық жетпейді. Ұлпаларда зат алмасуы бұзылып аяғына дейін толық тотықпаған заттар көбейеді. Көмірсутек алмасуының бұзылуынан сүт, пировиноград тағы басқа қышқылдар, белок алмасуы бұзылуынан — амин қышқылдары, кетон заттары; майлар мен липидтер алмасуы бұзылғаннан — май қышқылдары көбейеді. Сөйтіп жарақаттанған ұлпаларда қышқыл заттар көбейіп жергілікгі ацидоз пайда болады. Қышқыл орта ең алдымен фагоцитозды тоқыратады. Егер қалыпты рН 7,0 - 7,1 болса, ацидозда рН 6,8 - 6,5 – ке, кейде одан да төмендейді. жарақаттағы рН 5,5 – тен төмендесе ондағы қанның ақ түйіршіктері – лецкоциттер түгел қырылып, іріңнің пайда болуына жол ашады. Осындай ацидоз және микробтардың уыттары лейкоциттердің фагоцитоздық қасиетін төмендетеді, қырылуына себеп болады. Өлген лейкоциттерден протеолдық ферменттер (лейкопротеаза, протеаза, пепсиназа, оксидаза, липаза, диастаза, лимфопротеаза, коллагеназа, протейдаза) бөлініп шығады. Осы ферменттердің және қышқылдардың әсерімен жарақаттардағы өліеттер ыдырап, езіліп сұйық затқа айналады, осылай ірің пайда болады. Ірің жарақаттың қуысынан жарақат толық тазарғанша ағады. Жарақаттардағы гистолитикалық (ұлпаның ыдырауы) процесстер физиологиялық белсенді заттардың (гистамин, ацетилхолин т.б.) жиналуына әсер етеді. Осымен қатар ұлпа сұйығында жарақаттанған торшалардан шыққан К йоны көбейеді. Ол жарақаттың ауырсынуын өршелендіріп, капилляр қабырғаларының және торша мембраналарының (жарғағының) өткізу қабілетін жоғарылатады. Жарақаттарға сұйық заттардың жиналуына қосымша осы жағдай өз әсерін тигізеді. Ферменттердің әсерімен белок, май және көмірсулар ыдырап, жарақаттанған жердегі осмотикалық қысым 0,19 МПа дейін көтеріледі. Бұл өзгерістер қан мен лимфа айналасын нашарлатады және ұлпалардың өліеттенуін үдетеді. Бүлінген ұлпалардың ыдырауынан пайда болған улы заттармен организм үнемі күрес жүргізеді. Ол үшін барлық ұлпалар мен торшаларда болатын әр түрлі протеолиттік (белоктарды ыдырататын) және липолиттік (майларды ыдырататын) ферменттерді пайдаланады. Жазылудың бірінші кезеңінде жарақатта төмендегі ферменттер көп болады: Лейкопротеаза - өліеттенген, шіріген ұлпаларды және фагоцитозға ұшыраған бактерияларды ыдыратады. Протеаза – жарақаттағы өлген микробтарды, ұлпа торшаларын, лейкоциттерді ыдыратады. Жарақаттың жазылу процессі қалыпты жүргенде біртіндеп бұл құбылыстар қалыпқа түсе бастайды. Осы айтылған биофизика-химиялық процесстердің әсерімен жарақат біртіндеп өліеттерден, іріңнен тазара бастайды да осы уақыттан бастап жарақаттың жазылуының екінші кезеңі басталады. Жарақаттың жазылу процессі қалыпты жүрмей, жарақаттың көлемі үлкейіп, оның қуысы өліеттен және іріңнен тазаруы болмаған жағдайда ол асқынып жарақат инфекциясына айналады. Ацидоз жағдайы ұлғая түседі. Ұлпалар қосымша өліеттеніп, ірің көбейеді. Жарақаттың іріңнен тазаруы қиындап, организмде іріңді резорбтикалық қызба немесе сепсис пайда болуы мүмкін.

Жарақаттың жазылуының екінші кезеңі (дегидратация). Бұл кезенде қабыну процессі бәсеңдейді, ұлпалар дегидратацияланып, жарақаттың айналасындағы ісік қайта бастайды. Бұл кезең жарақаттанған жерде регенерациялық процестердің, яғни бүлінген ұлпалардың өліеттенуінен жаңа ұлпалардың пайда болуы басым жүруімен сипатталады. Бұл кезеңнің басынын бастап аяғына дейін ұлпалардың пролиферациясы (жаңадан пайда болған торшалардан ұлпалардың өсіу процессі) жүреді. Жарақаттың беті сәл дымқылданып, қызарып, жаңадан пайда болған бүршіктелген (грануляциялық) ұлпамен қапталады. Ол жердің қан айналысы, жүйкеленуі, соған сай зат – газ алмасуы қалыпқа келіп (трофикасы), кейіннен толық жазылғанда жарақаттың беті тыртықтанады. Осындай өзгерістеріне қарай бұл кезең екі сатыға бөледі: 1 - сатысы — бүршіктену (гранулды) саты, 2-сатысы — эпидермис және тыртық пайда болу сатысы.

Дегидратация кезеңінде жарақаттардағы бірінші кезендегі патологиялық процесстер бәсендеп, өліеттерден тазарып, зат алмасуы қалыпты жағдайда өте бастайды. Осыған байланысты қышқылдық та азайып, ұлпалардың ыдырауы азаяды, Са йоны көбейеді. Ол қан тамырлары және торша мембраналарын тығыздатады. Экссудатта және ұлпа аралық сұйықтарда регенерация стимуляторлары және нуклеин қышқылдары (РНК, ДНК) көбейеді. Олар белок құрастыруына қатысып, жазылу процесстерін жеделдетеді. Осы процесстердің әсерінен жарақаттың қуысы жас дәнекер ұлпамен толықтырылады, кейіннен ол тыртыққа айналып беті эпидермиспен қапталады.



Мал түліктеріне қарай жарақат процесінің биологиялық ерекшеліктері. Жануарлардың жарақатқа сезімділіктері олардың түрлері мен бағылатын ортасына байланысты екені белгілі. Бұл олардың филогенетикалық (даму тарихы) дамуына байланысты пайда болған жарақатқа табиғи бейімділуі. Осыған байланысты жануарлардың түріне қарай жарақаттың өлі ұлпалар мен бөгде заттардан тазаруы үш түрлі жолмен жүреді; а) іріңді - ферментативтік, б) ірінді - секвестрлену, в) секвестрлену.

Жарақаттың іріңді – ферментативтк жолмені тазаруы. Жарақаттың осындай жолмен тазаруы жылқыларда және ет қоректілерді (иттерде) болады. Мұнда гидратация айқын білініп, жарақаттың айналасы ісініп тұрады. Қолмен сипап, басып көргенде ауырсынады. Ферменттердің әсерімен жарақаттағы өліеттер ыдырап - сұйылып, микробтар жойылады. Оның бәрі іріңге айналып сыртқа ағады. Осымен қатар жарақат аумағында иммунобиологиялық процесстер үдейді. Ұлпа кедергісі құрылып, микробтардың жан-жаққа таралуына бөгет жасалынады. Бұл түрдің ерекшелігі — жарақаттың аузы жақсы ажырап, ірің сыртқа тоқтаусыз ағады, жарақаттың тазаруы аз уақытта өтеді. Жарақат өлі ұлпалардан тазарған сайын қабыну, ісіну, аурушаңдық басылып, жарақат процессі дегидратация – регенерация сатысына аусады. Кейде жарақаттың ауызы тарылып, іріңнің сыртқа ағуы нашарлап, ол денеге тараса іріңді – резорбтикалық (іріңнің денеге сіңіуінен) қызба пайда болуы ықтимал.

Жарақаттың іріңді – секвестрлену жолыімен тазаруы. Ірі қара мал, ешкі, шошқалардың көлемді жарақаттары осылай жазылады. Алғашқы сағаттардан бастап жарақаттың ішіне фибринді экссудат жиналады, ол өліетермен араласып фибринді - ұлпалық қоспаға - секвестрге айналады. Біраз уақыт өткеннен кейін ол кеуіп, қатайып, оның ішінде қалған бөгде заттар мен микроорганизмдер организмге әсерін тигізе алмайды. Сау ұлпамен шекаралас жерде іріңді - демаркациялық қабыну үрдісі пайда болады. Онда гидратация бәсең болады. Жарақаттың іріңді - ферментативтік жолмен тазаруға қарағанда іріңді - секвестрлену жолымен тазаруы баяу жүреді. Ірі қара малдың жарақаттың ауызы қабыршақпен бітеліп, сырттай қарағанда жазылғандай болып көрінеді. Бірақ оның астында ыдырау процесстері жүріп жатадыда пайда болған ірің сыртқа шықпай іште қалып қояды. Қойда фибринді - ұлпалық қоспа грануляция ұлпасымен қапталып жарақаттың орнында көпке дейін сақталып, қатты болып тұрады. Кейде көлемді, өліеттері көп, зардапты микробтар көптеп енген жарақаттарда фибринді - ұлпалық қоспа жарақат инфекциясының дамуына себеп болады.

Жарақаттың секвестрлену жолымен тазаруы. Секвестр - жарақаттағы ұйыған қан, фибринозды экссудат және өліеттердің кебуінен пайда болған құрғақ қоспа. Жарақаттың мұндай тазару кеміргіштер мен құстарда тән. Ал басқа жануарларда терінің беткі қабаты сызылып, жырылып кеткенде ғана кездеседі. Жарақат секвестрлену жолымен тазарғанда жарақаттың қуысы фибринге толып тығыздалып, ұйытқыға айналады. Ол кеуіп, жарақаттың бетін қабыршақтанып жабады да қосымша жарақаттардан, микробтардан қорғап, жарақаттың жазылуына оң әсер етеді. Жарақаттың қабырғаларынан өскен түйіршіктелген ұлпа қоспаны бірте - бірте итеріп шығара отырып, жарақаттың қуысын толық толтырады. Процесстің аяғыңда жарақат қоспадан босап, түйіршіктелген ұлпамен толып, беті эпителимен жабылып, орны сәл тыртықтанып немесе тыртықсыз бітіп кетеді.

Жарақаттың жазылуы. Жарақаттың жазылуы үш түрде жүреді:

1. Бірінші жетілумен жазылуы.

2. Екінші жетілумен жазылуы.



3. Қабыршықтанып жазылуы.

Жарақаттың бірінші жетілумен жазылуы. Жарақат бұл түрмен жазылғанда жазылу мерзімі қысқа, 5 – 7 күн. Қабыну процессі бәсең өтеді. Іріңдемейді. Жазылған соң жарақаттың орнында білінер-білінбес тыртық қалады немесе мүлде тыртық қалмайды. Асептикалық операциялық жарақаттар, жаңадан пайда болған жарақаттарды дер кезінде хирургиялық жолмен өңдеп, қанын тоқтатып, жарақат жиектерін беттестіріп тіккенде осылай жазылады. Жарақаттардың бұлай жазылуындағы даму процесстері өзіне тән болады. Жарақат тігілгеннен кейін немесе басқа жолмен оның шеттері біріктірілгеннен кейін, оның қуысына қан және сарысулы - фиброзды экссудат жиналады. Ұйыған қанның фибриногені қуысты толтырып, жарақаттың қабырғаларын бір-біріне жабыстырады, осыны алғашқы (фибриногендік) жабысу дейді. Бірінші тәуліктің ішінде сарысулы - фибринозды қабыну процесстері дамиды, қан торшалары және фибробластар жиналады. Қабыну процессінің әсерінен қышқылдың көбейіп протеолиз, фагоцитоз дамиды. Жарақат ішіндегі аздаған өлі ұлпалар сұйылады, микробтар фагоцитозға ұшырайды. Осымен қатар капиллярлардың ішкі эндотели қабаты ісініп, электропотенциялдарының айырмашылығынан және беткейлі тартылудың төмендеуінен эндотелилік өскін түрінде жарақатты жабыстырып тұрған фибриногендік ұлпаға өсе бастайды. Эндотелилік өскіндер екі жақтан бір-біріне қарсы өсіп, қосылады, соңынан іші қуыстанып капиллярға айналады. Осылай қан айналысы орнына келеді. Капиллярлардың айналасына лейкоциттер, моноциттер, макрофагтар тағы басқа торшалар жиналып, олар дами келе фибробластар айналады. Бұл процесстер жарақаттың 3 - 4 тәулігінде өтеді, мұны екінші (дәнекер ұлпалы) жабысу дейді. 4-5 тәуліктерде фибробластар өсіп, ұзарып бір ыңғайлы реттеледі. Осылай талшықты дәнекер ұлпа, коллагенді талшықтар пайда болады. Бұл пайда болған ұлпаның беті алғашында кедір – бұдырланып тұрады. Осыған орай оны түйіршікті ұлпа деп атайды. Кейіннен қабыну процессі бәсендеп, жаңа пайда болған дәнекер ұлпаның үсті терінің мальпигий қабатымен қапталады. Бірте-бірте дәнекер ұлпаның талшықтары ықшамдалады, жіңішкеріп тығыздалады, тыртыққа айналады. Ол алғашқы кезде қызарып бұртиып білініп тұрады. Уақыт өткен сайын қан тамырлары тартылып бозара бастайды, тартылып кішірейеді. Пайда болған тыртық ұлпасында басынан бастап жүйке тамырлары да қалыптаса бастайды. Дәнекер ұлпалы жабысу иттерде 6-7 тәулікте, жылқыларда 8-10 тәулікте, ірі қара малда, қой, ешкілерде 7-9 тәулікте жетіліп бітеді.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет