Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда



бет12/19
Дата13.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#133863
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

Бұрынғы кластасының ең соңында өзінің түбіне жететін іс-әрекеті жайлы сөзін тыңдағанда, өзін-өзі ұстауда ақылға сыймайтын күш – жігер жазмышқа жазылып, болмай қоймайтын қозғалысты Арсен Саманчин ендігіде тоқтата алмас-ты. Тасауғанды кінәлағанымен, қарасаңшы, сонымен бірге ол кепілге алатындарды оңайға соқпаса да басып алу операциясын соншалықты тыңғылықты түрде ойластырғанына таңданысын жасыра алмады. Өзінің бұрынғы досының арынды да өжет қимылдары мен шешімге тола сәуле шашқан көздеріне назар аударып, тасқынды қажыр – қайраты мен бүкіл сенімінің игілікті тірлікке жұмсалмағанына өкінді. Бір уақыт ішінде сонымен бірге Арсеннің басында басқа да, қатерлі әрі таңқаларлық ойлар жөңкіле жөнелді. Сол үңгірдің ішінде кепілге алынғандармен бірге әлігі қарғыс атқыр Эрташ Курчалдың да болғанын, сол жерге оны Арсеннің өзі артына теуіп кіргізгенін қалады. Осыны ойлаудың өзі намысқа тиеді, пайымды емес те, тіпті, ұят–ақ, бірақ ойына сарт етті. Мәңгілік қалыңдық пен Айдана Самарованың жолына бөрене ағашты көлденең тастаған осынау тәкәппар, сұмпайы шоу–бизнесмен қорқыныштан жүрегі жарылып өкіре берсін, одан өтемақы ретінде бір тиын да талап етілмейді, оның орнына маңдайына қадалатын жалғыз оқты күте берсін... Және де аяқ астынан мағынасыз ой орала берді, яғни қарлығаштар алдын–ала ескертіп бостан–босқа құйқылжыта сайрамапты–ау. Мінеки, айтқанындай болды... Күлкілі әрі өкінішті... Қайдасыңдар қазір, қарлығаштар?..

Уақыт тал түске таянды, ал Тасауған тоқтамастан сөйлей берді, бәлкім, бұл сол аралықта өзін-өзі мықтап орнықтырғысы және өзіне деген сенімін күшейткісі келген шығар, ендігіде ол кепілге алынғандарды басып алудың нәтижелері туралы тақырыпты қозғады.



  • Мүмкін сен ойларсың, Арсен, біздер тек олжаға бөксек болды деп, содан соң, төрт қорапқа тола долларларды қайда сыйдырамыз, білмейміз ғой деп. Өйткені, кепілге алынғандар босай салысымен, әмбебап әзір тұрған арнайы әзірленген қарулы адамдар біздерге қарсы лап береді, бұл түсінікті. Қорықпа, Арсен, бұл да ойластырылған. Біздің қарамағымызда қосымша бейтарап жеті сағат уақытымыз болады. Бейтарап уақыт дегеніміз не және ол бізге не беретінін білгің келе ме?

  • Түсіндіруге әрекет ет. Әйтсе де, осы әңгіме мен үшін бүйіріме шаншу қадалғандай әсер етеді. Мен сенімен мүлдем басқа тақырыпта әңгімелескім келген–ді. Ал сен болсаң, өз шұңқырыңа түсіп алып, сол жерден айналаңа көз салмай, оңды–солды атқылай бересің.

  • Егер де мен өзің айтқандай шұңқырды паналасам, онда сен де қазір бізбен бір сол шұңқырдасың. Екеуміз ендігіде бірігіп қорғанамыз. Ал бейтарап уақыт туралы мен саған мына жәйтті айтайын. Біз өз мақсатымызға жеткен соң, араб ханзадалары үшін үңгірге жақын маңдағы Қоламта қойнауына өтемақыны жеткізген сәтте, бәрі де ойдағыдай екендігіне көзіміз әбден жеткенде, мінеки, сол кезде сен төбешікке шығып, өзіңнің дыбыс күшейткіш – мегафоның арқылы бәрі де есітетіндей ағылшын және өз тілімізде ұзақтығы жеті сағатқа созылған бейтарап уақытты жарияға жар салып айтқанымызды жариялайсың. Кепілге алынғандар үңгірде сау–саламат, адам баласының қолы тимеген қалыпта, нан, суымен, азық–түлігімен қала береді, ал біздер өз жолымызбен кетеміз. Сен сол сәттен бастап, жеті сағат бойы үңгірден шығуға және кіруге болмайтындығын мәлім етесің; үңгір ішіне жеті сағаттан соң қауіпсіз болатын сағатты, механизмі бар шешендердің ерекше миналары түгелдей қойылған. Және де осы мәліметті үш рет қайталап айтасың. Бұл біздің соңғы сөзіміз болады. Олар күте берсін, біздер сол уақытта брезент сөмкелерге, олар да дайын, екі қорапты салып, екі атқа артып, ұзап кетеміз. Аттар да әзір, шеф Бектұрдың аттары мықты. Бұл екі атты біздер араб ханзадаларынан тартып аламыз. Сөйтіп, бәріміз теңдеп артылған аттардың шылбырынан ұстап, тез–тез Үзеңгілес асуына қарай бет түзейміз. Жолдың бәрі жақсы зерттелген. Қауіп – қатер жоқ. Асудың алдында біздерді сол сағатта жаз жайлаудан келген біздің отбасымыздың көші күтіп тұрады. Сондықтан ешнәрсеге алаң болма.

Арсен Саманчин үндемеді. Ол осынау қанқұйлы, бірақ тамаша ойластырылған астыртын жоспарға неғұрлым байыбына барған сайын соғұрлым өзінің тұйыққа тірелгендігіне деген сенімі күшейді. Тасауғанның бестігінен жай ғана келісім бермей, олардың акциясына жеке өзінің қатысуын қаламайтындығын айтып, ара жікті ашып алу енді мүмкін емес–ті, өйткені, бұны өздерінің ой–ниеттеріне толық қанықтырып, осы фактілер арқылы оның қол-аяғын тозаққа бірге кірер алдында әбден матап байлап тастаған–ды.

  • Сен соншама мазалана берме, - деді Тасауған байқампаздық таныта. – Тәуекел ету керек, іс соған татиды. Өйткені, мен сені осынау іске әділ түрде ешбір алдарқатпай, бүкпесіз жариялылықпен шақырып тұрғаным жоқ па. Кейде мынадай жағдай болады, таудан қар көшкіні сау етіп түскенде, онымен бірге шыңырауға бәрі де лап етіп құлайды, тек қана бірнеше құстар дүркірей ұшып, аман қалып үлгереді. Мүмкін, біздер де дәл сол құстар секілді болармыз?

Арсен Саманчин иығын көтерді:

  • Мен еш нәрсенінің байыбына үңілмей–ақ қояйын. Дегенің болсын. Бірақ мен өзімше ойлаймын.

Және де осы уақытта оның қалта телефоны кенеттен сыңғырлай жөнелді. Екеуі де селк етті... Және де Арсеннің ағылшынша жауап бере бастағаны Тастанауғанды одан бетер құлағын тіккізе түсті, ол жақындай келіп, дәл бір нәрсені түсінетіндей кенеттен бетіне қан жүгіріп, тағы да дауысымен де, түрімен де өзін-өзі қолға алып, Арсеннің жүзіне назар аудара көзін қадады. Әңгіме бес минөтке созылды. Телефонды өшіріп, әңгіме кезінде тек қана “Ия, Боб! Жақсы Боб!” деген сөздерді ұққан Тасауғанға ханзада Хасанның баспасөз–хатшысы Роберт Лукас телефон соққанын түсіндірді. Және 15 шілде күні құрамында үш адам бар дайындық тобының ұшып келетіндігі белгіленгенін, бұл мәліметтің факс арқылы “Мерген” фирмасының офисіне жіберілетінін, олар өздерімен бірге биік таулы қарлы аймаққа арналған жаңа үлгідегі альпинистердің төсек қапшықтары мен аңшылардың басқа да жабдықтарын әкелетінін хабарлады. Және де осы борттың ішінде табиғатты түсіруге және болашақта арнайы фильм әзірлеу үшін аңшылықтың өзін бейнелейтін екі кинооператор болады. Лукас бәрін де қарсы алуын өтінді.

  • Мінеки, көрдің бе, іс орнынан қозғалды, – деді Арсен іскерлік танытқан үнмен. – Арғыкүні Әулиеатаға, аэропортқа жөнеуге тура келеді, жарайды, бұл жайлы тағы да шефпен сөйлесу қажет, - деді де Тасауғанмен ортадағы әңгімені аяқтау үшін класс бөлмесінде ары–бері жүрді де, терезеге қараған күйі ойлы жүзбен: - Тастан, мен шефпен ертерек көрісуім керек, - деді.

  • Ол Дастарханға кетпеп пе еді, бәлкім келмеген болар.

  • Келіп қалуы қажет, - деді Арсен Саманчин екіұшты үнмен. – Және де меніңше, біз екеуміз жеткілікті шүйіркелестік. Енді іспен айналысу керек.

  • Керек, әрине, керек. Бірақ әртүрлі істердің арасында ең маңыздысы болады. Сенде ешбір шүбә қалмасы үшін ең ақырында саған айтайын, Арсен: бәрі біздің жоспар бойынша баруға тиіс, тек қана солай және басқаша емес. Сенің миыңда не бер, ол сенің ісің, бірақ менің бұйрықтарымды орындауға сен әзір болуға міндеттісің, бұл ажал алдындағы соңғы минөттерге шейін дегендей сөз. Және де ойлама, мені сандырады деп! Немесе мені жын соққан деп! Менің ақыл–ойым мен күшім жайында. Сен ендігіде бізбен қосақтаулысың. Мен сені кемсіткелі жоқпын, керісінше, сен адам ретінде менен анағұрлым артықсың, бірақ жағдай солай, менің бұйрықтарым лезде орындалуға тиісті. Келіспеушілікті сездіруге ендігіде кеш. Біз сені осы жерге, ауылға шақырған жоқпыз, сен өз аяғыңмен келдің. Және де есте сақта: біздер бандиттер емеспіз, басқалар үшін біздер күні ертең солайша аталғанмен, біздер жай әншейін өз үлесімізді тартып алудамыз. Өзге жол жоқ.

  • Жақсы, - деп Арсен Саманчин оның сөзін бөлді, -сен көріп тұрсың, мен сенің сөзіңді құлақ сала тыңдадым. Сен мені еріксіз көндірмексің, ал бұны мен өзім шешуім керек.

  • Түсінемін, сенің орныңда болсам, мен де солай айтар ем. Бірақ қайталайын, біздер кері шегінбейміз. Біздің әрбіріміз Памирдің Ауған жағына аяқ басқан соң, кем дегенде бір аптадан кейін өз үлесімізді аламыз, соның ішінде саған да тиеді. Тау арқылы жүретін көш жолын мойныма өзім аламын, ол өңірді мен жақсы білемін. Қазір жаз мезгілі. Жолымыз болады, күмәнім жоқ. Сондықтан да өзімізбен бірге отбасымызды ілестіреміз. Оларды қалдыруға болмайды. Оларды біз үшін жазалайды. Саған жеңілірек, сен бойдақсың, бірақ бәрі де сен үшін әлі алда. Кепілге алынатындарды басып алу қарсаңында, мен айтқандай, біздің отбасымыз жолдарымыздың түйісуі үшін Үзеңгілес асуы түбінен өтеді. Бірақ біздің бесеуміздің отбасының біреуі де, ешбір жан да Қоламта қойнауында не болатындығынан бейхабар. Бұның оларға қатысы жоқ. Біздер шекара асамыз және де сол жерден, қодас өсірумен айналысатын ауған қырғыздарының арасынан алғашқы қонысымызды табамыз. Ал балаларға уақыты келгенде Қытайдан, Индиядан немесе Пакистаннан жоғары білім алып береміз, ендігіде ақша бар.

Телефон тағы да шырылдады. Бұл шеф Бектұрдың өзі болатұғын.

  • Сен қайдасың, тыңда? Сенде қандай жаналықтар бар?

  • Мен қазір мектептемін. Тастанауған екеуміз осы жерге кіріп шығайық деп шешкен едік. Мектептегі жылдарды еске алдық. Және де маған атты әкеліп көрсетті. Жақсы ат екен, мен ризамын, аға. Дәл қазіргі сағаттағы жаналықтар мынадай: баспасөз хатшысы Роберт Лукас қоңырау шалды. Арғыкүні дайындық тобы, үш адам және екі кинооператор келеді. Ханзадалардың өздері олардан соң, екі тәуліктен кейін келмек. Ия, мен өзім де тез арада офиске барамын, сонда бәрін де шешеміз. Алаң болмаңыз, бәрі де жайында болады. Барлығы кесте бойынша жүруде.

Өзінің шефі, Бектұр ағаймен сөйлескен кезде Арсеннің түк болмағандай, мұнда не болып жатқандығы жайлы сыр ашпағандығы Тастанауғанды тыншытқандай болды. Арсен Саманчин өзін емін–еркін ұстаған қалпымен:

  • Ал мінеки, шеф келіп кетуді бұйырды, онда өзің білесің, тірлік шаш етектен. Жарайды, Тастан, сөзді дөңгелетейік. Мен барайын.

  • Жақсы. Яғни, қаперіңде сақта: бір ғана белгі болады, сол күні мен өзімнің сержанттық, кеңестік күнқағыры бар және айналмасы қызыл бас киімімді киемін. Егер де мен сол бас киімімде болсам, онда менің бұйрығым бойынша барлық іс-әрекет жасалынады. Түсінікті ме? Және тағы да құлақ салып тыңда! Біздің операцияны бұзуға әрекет етпе! Әйтпесе, бәрі де жамандықпен аяқталады. Біздерді еш нәрсе тоқтата алмайды. Не біздер төлемақы аламыз, не ханзадалар аңшылықта немесе үңгірде жан тапсырады. Осыдан қорытынды шығара бер. Егер де сен өз ағайыңа бірдеңенің шетін сәл шығарып айтып қойсаң, одан бетер болады, бәрін де атып тастаймыз, ешкімді де тірі қалдырмаймыз. Егер де қашуға әрекет етсең және өзіңді судан пәк етпекші болсаң, жолда жетіп желкеңді қиямыз, әйтпесе, қалада тас қаптырамыз... Сенен өте өтінемін, түсінгейсің, өмірдің жақсылығынан саған қатер төндіргелі емеспін, басқа жол жоқтың қасы. Болды! Басқа ләм – мим демеймін! Ал енді қазір тоқтай тұр, осы жерге менің серіктерімнің барлығы да кірсін, - деп ол терезеге қарап айқайлады: - Ей, Құлтай, бәрін де бері шақыр. Мұнда келіңдер.

  • Неге? – деп Арсен таңданды.

  • Қазір көресің.

Осы уақыт бойы мектеп пен тып–тыныш ауланы шыдас беріп күзеткен жігіттердің төртеуі де лезде ішке енді. Олар класс ішіне кіріп, сап түзей қалғанда Тасауған оларға командирлік дауыс мәнерімен Арсен Саманчинді нұсқап:

  • Баяндаймын: біз барлығын талқыладық, барлық мәселелерді шештік. Ал ендігіде сендердің бәрің бері қарай жақындап талап етілгенді айтатын болыңдар.

Ең алдымен Арсен Саманчинге қарай Саксан–үрпек бас бір қадам жақындап:

  • Тек осылай және басқаша болуы мүмкін емес! – деді де шетке қарай жылыстады. Одан кейін қалғандары жалғастыра жөнелді:

  • Тек осылай және басқаша болуы мүмкін емес!

  • Тек осылай және басқаша болуы мүмкін емес!

  • Тек осылай және басқаша болуы мүмкін емес!

Сөзін түйген Тастанауған:

  • Ал, Арсен? Бәрі түсінікті ме? – деп сұрады.

  • Дәл солай ! Әскердегіше, бұйрық Құдайдан да жоғарырақ.

  • Бізде Ауғанстанда айтатын–ды: бұйрықсыз өмір сүрме, тіпті, қызға да барма деп. Ендігіде біздер алтаумыз. Іске кіріселік! Арсеннің өз ісі бар. Саксан менімен байланыста болады. Ал сендер үшеуің–Құлтай, Жылқош, Жандос түнемемен барлауда болып, ертең түске оралатын болыңдар. Көрерсіңдер, қай жерлерде аңдарды оңтайлы табуға болатұғынын. Ал асудың маңында пышылдап жүрген басы қазандай, құйрықтыны байқап қалсаңдар, қазірше мазаламаңдар. Бірақ оны Қоламта қойнауына қай сүрлеу жолмен, қалайша жақындату қолайлырақ болатындығын ойлап көріңдер. Аттарды күзету үшін қаруды жабдығымен толық алыңдар. Ең бастысы, аң аулау басталғанда биноклдермен тұратынымызды ойластырыңдар. Ал енді атқа қоныңдар. Ия, кілтті қарауылға беруді ұмытпаңдар, қайда жүр екен ол мас болып, табыңдар.

Сонымен, олар мектеп ауласында – ақ жан–жаққа тарқады. Арсеннің атын жетелеп әкетті, ал өзі болса көшеге бұрылып, бұрынғы колхоз кеңсесіне қарай жүрді, мұнда ендігіде “Мерген” фирмасының офисі жайғасқан–ды, осы жерде оны шефі – Бектұр аға күтіп тұрды. Арсен Саманчин жүз қадамдай жерді баспай жатып–ақ, Тасауған атымен шауып жетті, аттың ерінен түсіп, аттың жібінен ұстай онымен қатарласты. Бұрынғы айтқандарын тағы да әңгімелей бастады. Ескертті: егер басқаша болса, бәрі де құрдымға құриды, автоматпен парша–паршасын шығарады. Ал егер де өтемақы келсе, бірде біреуінің басынан бір тал шашы да жерге түспейді.

VIII


Олар екеуі осылайша түс мезгілінде тау маңындағы еңіске құлаған бас көшенің бойымен өте қиын әңгімеден соң, ортақ келісімді таппай бірге келе жатты, тіпті бойы да және иықтары да бірдей бұрынғы екі кластас ойластырылған іс-әрекеттің түпкі қазығына бірдей байланып, бүлікке қаншама тартылғанмен іші иіген жоқ–ты, ал Тасауған болса, Арсенді мәжбүрлеп көндірдім деген берік пиғылда еді.

Егер де қарсы алдынан желе жортып салт атты көрінбегенде олар әлігі қатерлі әңгімені тағы да жалғастыра берер еді. Оны шеф Бектұр Тастанауғанның офиске келіп, тапсырма алуы үшін жіберіпті. Салт атты, оның есімі Оразқұл болатын, дегбірінен адасты: өйткені, Арсен Саманчин секілді адам, оның үстіне Бектұрған Саманчиннің немере інісі көшемен жаяу келе жатқандықтан ат үстінде жайғасып отыру қолайсыз еді. Ендігіде олар үшеуі бірге келе жатты, Арсен шылбырдан жетектеген екі мініс атының ортасында болатын. Және де бұл кейін өзі мойындағандай, сол сағатта Тұйықжар ауылының көшесімен жаяу жүру тағдырдың ғана жазғаны екен.

Олар жайбарақат жүрді, өткен–кеткенді әңгіме етті, жаяу жүргіншілермен және есекке мініп жолда кезіккен жерлестерімен сәлемдесті, көптеген ауылдастары аулаларынан қарайлап, дауыстап үн қатты және өздерімен амандасты. Қалай дегенмен де Арсен Саманчин олар үшін танымал тұлға болатын, көпшілігі оның тұйықжарлық екендігін мақтан тұтатын. Бір ауланың алдында қақпа тұсында отырған кемпір сәлемдесу үшін түрегелді. Олар да тоқтай қалысты, осы кезде тура тапсырыс бойынша келгендей әлдеқайдан қолында кішігірім фотоаппараты бар жіті қимылды жас әйел пайда болды. Оның тұла бойы тал шыбықтай еді және жүзі де адам сүйсінерліктей болатын, қара торының әдемісі, күлгенде жүзі жайнай түсетін, көздері сәуле шашатын, үстіндегі джинсиі мен омырауы сәл ғана ашылған спорттық көйлекшесі мен шашының сәніне қарағанда өзге жақтан келгендігі анық байқалатын.


  • Сәлеметсіздер ме. Ой, қандай жақсы, үшеуіңіз бірдей жарасып келесіздер! Біздің Арсен аға ортада, ал қос қапталында ат ұстаған екеуіңіз! Керемет үштік! Рұхсат етіңіздер, мен сіздерді түсірейін, тамаша сурет болады! Бұған сөзсіз уәде беремін! Жоқ, сіздер тоқтамай жүре беріңіздер, мен үлгеремін, алдарыңыздан жүгіріп шығамын! Сіздер білесіздер ме, менің қолымдағы сандық фотоаппарат!

  • Сандық аппарат мұнда қайдан жүр? – деп Арсен Саманчин таңданды. – Тамаша!

  • Мен жолаушылай келдім, менің есімім Елес, көршілес Төменауылдан, мұнда әпкем тұрады, азырақ саулығы болмай жүр. Солай, солай! Бір–біріңізге жақындау тұрыңыздар, ал шылбырды қысқарақ ұстаңыздар! Мінеки, осылай, керемет! Мен де “Мергенге” барамын.

Және де ол жарасымды әрекетімен әрлі–берлі қозғалып, жүрген қалыпта ишарат жасап, объективіне түсірген сәттерде Арсен Саманчин кенеттен күтпеген халде өзін жеңіл сезіне бастады, бейнебір ол ұзақта тұрып – ақ, Тастанауғанмен арадағы зіл батпан әңгімеден кейін мезі еткен қорғасын салмақтан арылып, езілген жанын қолымен аялай алатындай көрінді. Сол қас қағым сәтте “дүние орнында болуы” үшін өзіне-өзі сенімді бола білудің қаншалықты маңызды екендігіне көзі жетті: және сондықтан да оның қайта–қайта суретке түсіре беруін қалады, сол себепті де оның Елес атты есімін бірден–ақ жаттап алды, атының өзі көз алдында елестеп тұру түсінігімен байланысты еді. Есімінің өзі айшықтылығымен және қысқалығымен жанды жай таптыратын–ды.

Ал Елес сол кезде олардың бөгеле тұруын өтініп, фотоаппарат экранындағы дайын болған бейнелерді көрсете бастады. “Қараңызшы, керемет, жігіттердің үштігі!” бәрі разы болды. Тастанауған: “Мінеки, сіздерге замана техникасы!” деп сәтін сала үн қатты. Арсен Саманчин оның атын атап:



  • Рахмет, Елес! Қанеки бірге суретке түселік, тек бізді кім суретке алады?- деді.

  • Ой, қандай керемет! Мен сіздермен естелікке түсуді өте қалаймын, - деп шаттанған ол, өз жандарынан өтіп бара жатқан бозбаланы байқап, өтіне сұрады: - Тыңдашы, Балабас, біздерді суретке түсірші. Мына түймені басып қалсаң болғаны.

Анау шынайы пейілмен келісті. Сол кезде олар объектив алдында бәрі бірге тұра қалды, Арсен мен Елес орта тұста, ал өзге екеуі жан қапталда шылбырын ұстаған аттарын жетелеген күйде. Жаны мен жаны қатар тұрғанда Арсен бірден–ақ оның денесінің икемге көнгіштігін және жайлылығын байқап, Елеске жақындай берді, ол кері шегінбеді, бір сәтке жабыса түсті. Бозбала фотоаппаратты сырт еткізгенде Арсен шапшаң түрде:

  • Рахмет, Балабас, тағы да бір рет қайталашы, - деді. – Және де олар қас–қағым сәтке бір–біріне магниттей тартылды...

Содан соң, қалай болғанын олар фотообъективтегі суретке қарай бастады. Елес өте разы еді:

  • Ой, қандай жақсы шыққан Арсен аға, тура тапсырыс бергендей–ау, ешқашанда осылай армандап көрмеп ем!

Шап–шағын экрандағы бейнелерге көз салып қараған Арсен:

  • Суреттерді қайтпекпіз, Елес? Қалай аламыз? – деп сұрады.

  • Әрине, Арсен аға, жақын күндер ішінде жасап шығаруға әрекет етем. Сіз әлі де кетпейсіз бе?

  • Қазірше жоқ, біздер мұнда “Мерген-бизнеспен” шұғылданып жүрміз.

  • Мен де осы күндерде мұнда боламын. “Мергендегілер” фирма және қонақтар үшін суреттер шығарып беруді өтінді. Және де шефтің өзі үлкен аңшылықтан оралған соң, қонақтарға арнап ауылдың ән–жырын тыңдатуға тапсырма берді. Бойжеткендер ән салады. Төменауылдан Баялы ақын келеді. Және мен де бір ән салсам деймін. Бірақ мен гитарамен шырқаймын.

  • Мәссаған? Ендігіде концерт болмақ па? Егер де орайы келсе, біздер де тыңдайық.

Және де олар одан әрі бірге кетті. Арсен сөз реті келгенде:

  • Елес, сен кәсіби суретшісің бе? – деп сұрады.

  • Жоқ, оншалықты емес. Мен бұрынғы кітапханашымын. Бір кездері пединститутта оқығанмын. Біздің өз автобусымыз болды, онымен облыс көлемінде тиісті кітаптарды тараттық, автобусымызды библиобус деп атайтынбыз. Соңыра бәрі құрдымға кетті. Библиобусты жекешелендірді. Жалақының жайын жақсы білесіз. Айына он бес долларға күніңді көре аймайсың, мінеки, сол себепті өзге істермен шұғылдануға тура келді.

  • Түсінікті, - деп Арсен күбірлей сөйледі, ал Тастанауған оған көп мән бере қарады, көрмейсің бе, жағдайдың қандай екендігін дегенді міндетті түрде айтқысы келді. Адамдар он бес доллар алғанға мәз, ал мұнда жиырма миллион төбеден сауылдап құйылмақ, сен болсаң, бәлсінесің!

Оразқұл кетіп қалды, Арсен Саманчин Тастанауғанның атқа мінбей, шеф Бектұрға тезірек баруға ынта білдірмегеніне таңданды. Бірақ ол әлі асықпады. Мейлі, солай–ақ болсын деп ойлады Арсен. Сәл–ақ бұрын екеуінің арасындағы болған жағдайды есіне алғысы келмеді, сөйлеуге де зауқы соқпады. Енді қайтпек, не істеу керек дерсің, егерде құдыққа екі адам құласа, біреуі төменге, екіншісі жоғары тартса, одан қалайша шыға алмақ.

Өзінің еркінен тыс осындай жағдайда кісікиік болып, аласталған, қатер төнген оның қайғы–қасіретін өзі білмесе де Елес бірнәрсені іштей түйсініп кенеттен пайда болды ма екен? Тағдырдың маза бермей ізіне түсіп қуалағанынан қалайша құтылмақ? “Құры әрман, кет ары және де ойламау қажет” деп, жанын жеген беймаза ойлардан қол үзбек ниетпен ол өзін ашынған халде мойындатқысы келді, жанына кездейсоқ келген және ешнәрсе қаперінде жоқ Елес бұны құтқару үшін осы жерде пайда болған деген сенімге бірте–бірте құлай берді... Жол–жөнекей ол ел мен елді шарлап саудамен айналысатынын емін–еркін айтумен болды. Әулиеатадан Саратовқа шейін поезбен барады, содан соң, Мәскеуге дейін ұшаққа мінеді, сол жерден көтерме саудамен тауарларды бір бағаға сатып алып, мұнда әкеліп сауда жасаушыларға басқа бағаға сатады. Он–он бес пайыз пайдасын көреді, солайша күн өтеді. Қазірше денсаулық бар. Және де оның айтқандарының бәрі–бәрі де неге екені белгісіз оның жанын жай тапқызғандай әсер етті. Қалай және не себепті кенеттен өзі осындай жағдайға тап болғандығын Арсен Саманчин өзіне-өзі түсіндіре алмады. Осынау сүйкімді, кездейсоқ жолыққан әйелге деген соншалықты ынтызарлық не себептен пайда болды? Ол әлі оны білмейтін, бірақ оның бүкіл болмысынан өзіне-өзі ие болудың өте қажет болып, қорқыныш пен әлсіздіктен өзін-өзі жоғалтайын деген сәтте сыйға тартылған махаббат пен тіректің берік уәдесін аңғарды. Қазірде ол екеуі өзінің “Нивасына” отырып, қалаға кетіп қалғысы келді, түн ортасына таман жетіп те алар еді. Ал онда оттар, әуендер... Бірақ олар қазірше ауыл көшесінде келе жатты, бәрі де жақсы ниетпен қарсы алды, иттер жүгіріп жатты, жазғы пеш мұржаларынан түтін будақтады, аулалардан үй иелері көз тікті, сәлемдесе үн қатты... Олар бұрынғы колхоз кеңсесіне қарай бет алған шақта Арсен оған өзімен сөйлескенде “сен” деп айтқан жөн деген жалғыз ауыз сөзді ғана жеткізді: жас аралары оншалықты алшақ емес, сондықтан бір – бірімен сөйлескенде “сен” деу қолайлы болып көрінді. Және де офиске кіре берісте, ол мұнда әлі де ұзақ бола ма деп сұрап үлгерді. Елес жауап берді:



  • Мен сені күтемін, Арсен, соншалықты, қанша қажет болса.

Ал ол:

  • Жақсы, сенің болғаныңа де шүкір, - деді.

Офисте де, аула ішінде және көшеде халық өте көп еді. Бүкіл ауыл алдағы болатын оқиғаны, шетелдік аңшыларды күтумен өмір сүрді. Бұрын – соңды болмаған жағдай ауылды дүрбелеңге салды. Тәңірі дінін ұстайтын өкіл өзіне қарасты адамдарды тау самалдары аңшылыққа ықпал етіп, қар барыстарын апандарынан қуып шығару үшін Үзеңгілес тауына бағыштап дұға оқуға шақырыпты деседі. Ауыл молдасы тәңірге табынушыға дүрсе бере ұрсуды ұмытпапты: тілекті Құдайға, Аллаға ғана айту керек, қайдағы бір желді желеу етпей деп. Бірақ бұның барлығы былайша айтқанда, сөз реті келгенде айтылған әңгімелер ғана. “Мерген” фирмасында шеф Бектұрдың басшылығымен тек аңшылыққа әзірлік жайы ғана емес, сонымен қатар ханзадалардың нөкерлерін орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты кеңестер өткізілді. Қариялар ауылда бұндай іс–шараның өкінішке орай бүгінде тарихтың қойнауына жасырынып үлгерген, кешегі социализмнің айырықша көрінісі болған, ерлер де, әйелдер де қатысатын колхоз жиналыстарынан кейінгі алғаш рет өткізіліп отырғанын рахаттана әңгімелейтін. Және де мұндай жиын ұлы қар барыстарының “нұсқауы бойынша” деп әзілдесетін.

Әлдекім өз ісімен шұғылданды, ал баз біреуі жақын маңды төңіректеп жүрді, бәлкім бір іске жарап қалармын дегендей. Арсен Саманчинге осындай аласапыран тірлік ұнады. Ол көптеген ауылдастарымен көптен бері жүздеспеген–ді, енді мінеки, кездесуге мүмкіндік табылды. Тек бір ғана жәйттан қысылып, іштей азап шекті, бұл – ауылдастарының Тастанауғанды құшақ жая қарсы алуы еді, ол жерлестері алдында танымал, әрі беделге ие болатын. Және де ол өзін-өзі керемет ұстай білді: жуық арада осындағылардың бәрінің жағасын ұстайтындай әрекетке баратынын өзінің ішінде жасырмағандай қалыпта жүрді. Және де ауыл әйелдерінің Тастанауған жайлы бұған бір ауыз ән шырқап бергенде де іші жылыған жоқ:

Ей, Ауған, ей Ауған,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет