ШЫҒыс қазақстан облысы мемлекеттік мұРАҒаттындағы сұраныстарды орындау тәртібі туралы нұСҚаулық



бет2/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.58 Mb.
#21038
1   2   3   4

ҮЛГІ:

Семей қаласы

Ертіс көшесі, 17-189

К.Б. Татимиевке

МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Өскемен қалалық өндірістік тауарлар саудасы бойынша бөлімінің (Горпромторг) №2 шаруашылық есептегі дүкенінің жеке құрам бойынша бұйрықтарында 1948 жылы туылған Тимофеева Любовь Тимофеевнаның жұмысы туралы келесі деректер бар:

- 1969 жылғы 15 мамырдағы №40 бұйрықпен 1969 жылғы 17 мамырдан бастап «Ойыншықтар» бөліміне оқушы болып қабылданды;

- 1969 жылғы 10 қарашадағы №125 бұйрықпен 1969 жылғы 11 қарашадан бастап осы бөлімнің кіші сатушысы квалификациясы берілді;

- 1972 жылғы 4 қаңтардағы №142 бұйрықпен қаладан көшуіне байланысты 1972 жылғы 6 қаңтардан бастап жұмыстан шығарылды.

Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ.1130, т. 1л, і. 24, б. 185; і. 27, б. 211; і. 32, б. 12; і. 38, б. 208, т. 3л, і. 36, б. 72.

Шығыс Қазақстан облысы

мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы А. Атабаев

271482
Мұрағат анықтамасына осы анықтамада мазмұндалған деректерді растайтын құжаттар көшірмелері мен құжат үзінділері қосымша берілуі мүмкін.



Мұрағат үзіндісі – белгілі бір сұраққа, оқиғаға, тұлғаға қатысты мұрағат құжаты мәтінінің бір бөлігін айнытпай сөбе-сөз мазмұндайтын, құжаттарды іздеу деректері көрсетілетін ресми мұрағат құжаты.

Мұрағат үзіндісіне сұранысқа қатысты мәтінен алынған толық деректер енгізіледі, мұнда мазмұнды беру байланысы, әр үзіндінің мағынасы дәл сақталуы тиіс. Құжаттан алынған әр үзіндінің басы мен аяғына, сонымен бірге құжат мәтініндегі жекелеген сөздерді жазбай бос қалдырылған орынға көп нүкте қойылады. Бір құжат үзіндісіне тек бір құажаттан алыған мәтін үзінділерін кіргізуге болады. Бірнеше құжаттан алынған мәтін үзінділерін бір үзіндіге енгізуге болмайды, себебі бұл құжат мазмұнын бұрмалауға әкеп соқтыруы мүмкін.

Мұрағат үзіндісінің мәтінінде әр жолға ескертпе жасалуы мүмкін, ол ескертпелерде оқылуы қиын, түсініксіз жазылған немесе мәтіннің бүлінген жерлерінен алынған сөздер туралы айтылады, күмән туғызатын сөздер мен мәтін бөлігінің растығы «түпнұсқада осылай» деп көрсетіледі.

Үзіндінің соңында түпнұсқаның сыртқы ерекшеліктері сипатталады: мөрінің, миниатуралардың, су белгілерінің және т.б. болуы.

Мұрағат үзінділерін хаттауға қойылатын талаптар мұрағат анықтамасына қойылатын талаптарға ұқсас.

Мұрағат анықтамаларына, мұрағат үзінділеріне мұрағат басшысы және анықтама әзірлеген мұрағатшы қол қояды, елтаңбалы мөрмен расталады. Елтаңбалы бланкіде әзірленген мұрағат анықтамалары мен үзінділеріне мөр қойылмайды.



Мұрағат көшірмесі – куәлендірілген, құжат мәтінін сөзбе-сөз қайталайтын, іздеу деректері көрсетілген мұрағаттың ресми құжаты.

Мұрағат құжаттарының көшірмелері ксеро-, электро-фотография тәсілдерімен немесе басқа тәсілмен әзірленуі мүмкін. Мұрағат құжатының ксеро- немесе фотокөшірмесінің әр парағына «Көшірме рас» белгісі қойылады, мұрағат атауы мен іздеу деректері бар мөртабан қойылады. Мұрағат құжатының ксеро- немесе фотокөшірмесінің әр парағына қол қойылып, мұрағаттың елтаңбалы мөрімен бекітіледі.

Көшірме 3 парақтан артық болса тігілуі, нөмірленуі, жоғарыда баяндалған тәсілмен елтаңбалы мөрмен бекітілуі тиіс. Ксеро- немесе фотокөшірменің соңғы бетіне мұрағат атауы мен құжат түпнұсқасының іздеу деректері бар мөртабан, лауазымды тұлға мен орындаушының қолы, елтаңбалы мөр қойылады.
7. КЕҢЕС-ХАТТАРДЫ, ҚАЙТА ЖОЛДАУДЫ,

ТЕРІС ЖАУАПТАРДЫ, ІЛЕСПЕ ХАТТАРДЫ

ХАТТАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ОРТАҚ ТАЛАПТАР
Сұралған деректер мұрағат құжаттарында жоқ болып шыққан жағдайда жолданытын кеңес-хаттар, қайта жолдау, сұраныстарға теріс жауаптар құжат атын атамастан, елтаңбалы бланкіге немесе А4 форматты қағаз параққа хатталады.

Заңды немесе жеке тұлғалардың сұраныстарына кеңес-хаттар, теріс жауаптар жасалады және белгілі бір сұрақ бойынша сұрағат құжаттарында бар деректерді, құжаттардың сақталу дәрежесін, сұралған деректерді растауға қажетті құжаттардың жоқтығын баяндайды. Кеңес-хатта құжаттың орналасқан орны туралы кеңес беріледі немесе сұралған мәліметтің жоқтығы айтылады.

Заңды немесе жеке тұлғалардың сұраныстарына жасалған теріс жауапта (ақпараттық хатта) мұрағатта мәліметтің жоқтығы туралы хабарламаны формальді сүйеп салды жауапқа айналдырмау керек. Бұндай жауап жасағанда өтініш иесіне сұраған деректерінің жоқтығы туралы дәлелді жауап берілуі тиіс. Аталған құжаттарды хаттағанда да адресатты жазуға мұрағат анықтамасының адресаттарын хаттауға қойылатын талаптар қойылады.

Сұралған құжаттар көшірмелеріне, жекелеген жағдайларда мұрағат анықтамаларына, мұрағат үзінділеріне ілеспе хат жасалады, ілеспе хатта жіберілетін құжаттардың қысқаша аңдатпасы беріледі. Қосымшаның барлығы туралы белгіде парақтың, дананың саны көрсетіледі.

Кеңес-хатқа, ақпараттық, ілеспе хаттарға басшы қол қояды, елтаңбалы мөрмен расталады.

Қайта жолдау сұраныс орны бойынша түспегенде және сұралған құжаттың сақталған орны белгілі болған жағдайда хатталады.

Қайта жолданған хатта әрі қарай жолдауға жіберілген ұйымының мекен-жайы, өтініш иесінің мекен-жайы көрсетіледі. Адресатты хаттауға қойылатын талаптар мұрағат анықтамасының адресаттарын хаттауға қойылатын талаптарға ұқсас.

Хаттың бірінші азатжолы арыздарды ары қарай орындау үшін жолдау туралы және сұралаған мәліметтің қысқаша мазмұны мен кезеңі туралы мәліметтерден тұрады. Сөйлем соңында «өтініш берушіге жауап беру үшін» деп көрсетіледі (егер қажет болса).

Екінші азатжол негізінен сұраныс берушіге арналады, онда міндетті түрде сұранысты орындау мүмкінсіздігінің себебі, сұралған мәліметтің кезеңі көрсетіледі.

Түскен өтінштің және құжаттың, сонымен бірге оларға қосымша берілген құжаттың көшірмесі жасалып, хатқа қосымша беріледі. Мәтіннің соңында қосымша, оның парақтарының саны, қосымшаның кімге жолданғаны көрсетіледі.


ҮЛГІ

Жарма аудының

мемлекеттік мұрағаты

706000 Жарма ауданы

Қалбатау ауылы

Муслуманкулов көшесі, 42


Алматы қаласы

Тимирязев көшесі, 51-23

Л.В. Журавлеваға

Журавлева (Пахотина) Людмила Васильевнаның 1962-1990 жылдары тұрғаны туралы фактіні растау жөніндегі сұранысын жолдаймыз.

Өтініш иесіне Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Георгиевка сельсоветі Георгиевка ауылының 1962-1990 жылдардағы шаруашылық бойынша кітаптарының Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының сақтауына түспегенін хабарлаймыз.

Қосымша: 2 парақта 1-ші мекен-жайда


Шығыс Қазақстан облысы

мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы Г. Сарсембаева

765482
Қажет болса сұранысты бақылаудан алу үшін анықтаманың көшірмесін тапсыру, орындалған күнін көрсету туралы өтініште көрсетуге болады: «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатына анықтама көшірмесін факспен жіберуді сұраймыз. Орындау мерзімі – 15 күн».

Қайта жолдау хаттарының даналар саны хатта көрсетілген адресаттар санына тең. Барлық жіберілген даналарға директор қол қояды, елтаңбалы мөрмен расталмайды.

Сұраныс бұл мұрағатқа жатпайтын мәліметтер бойынша түссе, ал сұраныстың басқа бөліміндегі мәліметтер бар болса мұрағатта бар мәліметтер бойынша мұрағат анықтамасы жасалды. Ал бұл мұрағатқа жатпайтын мәліметтерді сұраған бөлігі бойынша ары қарай сұранысты орындау үшін мәлімет бар болуы мүмкін ұйымға немесе мұрағат мекемесіне қайта жолдау ресімделеді. Өтініш иесіне мұрағат анықтамасы ілеспе хатпен бірге жолданады, ілеспе хатта сұранысты әрі қарай орындау үшін құжат сақталған ұйымға жібергені туралы айтылады.



ҮЛГІ Алматы қаласы

Тимирязев көшесі, 51-23

Л.В. Журавлеваға
Журавлева (Пахотина) Людмила Васильевнаның 1962-1990 жылдары тұрғаны туралы фактіні растайтын мұрағат анықтамасын жолдаймыз.

Сонымен бірге, өтініш иесіне Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Георгиевка сельсоветі Георгиевка ауылының 1991-1995 жылдардағы шаруашылық бойынша кітаптарының Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының сақтауына түспегенін хабарлаймыз.

Сіздің 1991-1995 жылдары тұрғаныңыз туралы фактіні растау туралы сұранысыңыз әрі қарай орындау үшін және сұраныс иесіне жауап беру үшін Жарма ауданының мемлекеттік мұрағатына жолданды, мекен-жайы: 706000, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Мусулманкулов көшесі, 42.

Қосымша: 2 парақта.


Шығыс Қазақстан облысы

мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова


Орындаушы Г. Сарсембаева

765482


8. МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАЛАРЫНЫҢ МӘТІНДЕРІН

ҚҰРАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
8.1. Азаматтардың еңбек әрекетін растау туралы
Азаматтардың еңбек әрекеті жеке құрам бойынша өкімдермен, бұйрықтармен, жазбалармен, тіркеу және кадрларды есепке алу бойынша алфавиттік карточкалармен, жеке карточкалармен (Т-2 формалы), алфавиттік, атаулық, тарифтік тізімдермен, номенклатуралық қызметкерлер тізімдерімен, мамандардың тізімдерімен, қызметтік тізімдермен, алфавиттік және атаулық кітаптармен, жиналыстардың, мәжілістердің, конференциялардың хаттамаларымен, жеке есеп шоттарымен, есепке алу тізімдігімен, қызметтік мінездемелермен, кеңес берулермен, жеке іске кірістріліген куәліктермен, еңбекүнді есепке алу кітаптарымен, колхоз мүшелерімен есеп айырысу құжаттармен расталады.

Азаматтардың еңбек әрекеттері жұмыс кезеңі толық болғанына қарамастан тек сұралған кезең бойынша беріледі. Жекелеген жағдайларда (еңбек кітапшасы жоғалғанда, кезеңді мөлшермен көрсеткенде) еңбек ету кезеңінің басқа кезеңдері қаралуы мүмкін.

Азаматтардың бірнеше ұйымдағы еңбек әрекетін растау туралы сұраныс түскенде әр жеке ұйым бойынша жеке мұрағат анықтамасы жасалды.

Еңбек өтілін растау туралы мұрағат анықтамасының мәтіні өтініш иесі сұраған барлық мәліметті қамтуы тиіс (егер ондайлар табылса): қабылдау, жылжу, біліктілік беру, жұмыстан шығу туралы және т.б. Жекелеген жағдайларда демалыстар, оқуға жіберу және т.б. көрсетіледі.

Бұйрықтар санына (бірден көп) қарамастан анықтама мәтіні келесі сөйлемнен басталады:

«........(кәсіпорынның атауы ілік септігінде) жеке құрам бойынша бұйрықтарында .......(қызметкердің аты, әкесінің аты, тегі ілік септігінде) жұмысы туралы келесі мәліметтар бар:...»

Жоғары тұрған ұйымның ресми атауы, жердің атауы ұйымның ресми атауынан кейін қойылады. Жер аты ұйым атауында берілген жағдайда екінші қайтара жер атауы көрсетілмейді.

Анықтама қазақ тілінде хатталғанда қызметкердің аты, әкесінің аты, тегі, және бұл деректердің алдында оның туылған жылы (егер ондай ондай дерек бар болса) көрсетіледі. Одан кейін қос нүкте қойылып, жаңа жолдан сызықша арқылы кіші әріппен көмектес септігінде қабылдау, ауыстыру, жұмыстан шығару туралы бұйрық хронологиялық ретімен көрсетіледі (өкім, кей жағдайларда жазба). Мұнда деректер дәл көрсетіледі, бірақ бұйрық (өкім) мәтіні сөзбе-сөз қайталанбайды. Мұндағы етістіктер қабылдансын, аусытырылсын, жұмыстан шығартылсын түрінен қабылданды, ауыстырылды, жұмыстан шығарылды болып өзгертіледі. Құжаттың шығарылған уақыты сөзді-санды түрде көрсетіледі: 2005 жылғы 15 сәуірдегі. Анықтама қазақ тілінде хатталғанда бірінші бұйрықтың нөмірі, содан кейін шығарылған уақыты көрсетіледі. Содан кейін, міндетті түрде бөлімше, лауазымы, біліктілігі, дәрежесі, еңбек жағдайы көрсетіледі. Еңбек әрекетін растауға әсері жоқ артық мәліметтер көрсетілмейді. Соңғыда міндетті түрде қай күннен қабылданғаны, ауыстырылғаны, шығарылғаны (шығару себебі, Заң, оның бабы) көрсетіледі.
ҮЛГІ Өскемен қаласы

Cәтпаев даңғылы, 34-6

Л.Т. Тимофееваға

МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ

Өскемен қалалық өнеркәсіп тауарларының саудасы жөніндегі бөлімнің №2 шаруашылық есептегі дүкенінің жеке құрам бойынша бұйрықтарында 1948 жылы туылған Тимофеева Любовь Тимофеевнаның жұмысы туралы келесі мәліметтар бар:

- 1969 жылғы 15 мамырдағы №40 бұйрықпен 1969 жылғы 17 мамырдан «Ойыншықтар» бөліміне сатушының оқушысы болып қабылданды;

- 1969 жылғы 10 қарашадағы №125 бұйрықпен 1969 жылғы 11 қарашадан бастап осы бөлімнің кіші сатушысы квалификациясы берілді;

- 1972 жылғы 4 қаңтардағы №142 бұйрықпен қаладан көшуіне байланысты 1972 жылғы 6 қаңтардан бастап жұмыстан шығарылды.

Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ.235, т. 1л, іс.36 бб. 15, 20, 36.

Шығыс Қазақстан облысы

мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы А. Токжасарова

761482


Егер қандай да бір себептермен азаматтардың еңбек әрекетін растайтын өкімдік құжаттар жоқ болса сұраныс еңбекақы бойынша құжаттармен (ведомостер, жеке есеп шоттар, карточка-анықтамалар), жеке карточкалармен (ф.Т-2) немесе басқа қосалқы құжаттармен расталады. Бір ведомствоға бағынышты ұйымдардың еңбек ақысы орталақтандырылған түрде есептелетін жағдайда бұл құжаттарды жоғары тұрған ұйымның қорынан қарау қажет.

Еңбек әрекетін еңбекақы бойынша құжаттармен растағанда қандай кезеңдегі құжат екені, кім болып, қандай бөлімшеде жұмыс істегені көрсетіледі (егер бұндай мәліметтер болса). Ведомостерде бар қосымша жазбалар (жеке есеп шоттарындағы) тырнақшаға алынып, сөзбе-сөз жазылады.



ҮЛГІ

Өскемен қаласы

Сәтпаев көшесі, 34-6

Л.Т.Тимофееваға


МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Өскемен қалалық өнеркәсіп тауарларының саудасы жөніндегі бөлімнің №2 шаруашылық есептегі дүкенінің еңбекақы есептеу бойынша (жеке есеп шоттарында) ведомостерінде Тимофеева Любовь Тимофеевна 1969 жылғы мамыр-1972 жылғы қаңтар кезеңінде галантерея бөлімінің кіші сатушысы ретінде көрсетілген. Келесі жазба бар: «4.01.72 жылғы №142 бұйр. Қала шегініен тыс жерге кету».

Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ. 235, т. 1л, і, 36бб. 15, 20, 36.

Шығыс Қазақстан облысы

мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова


Орындаушы А. Токжасарова

761482
Азаматтардың еңбек әрекетін жеке карточкалар бойынша растағанда мәліметтер сөзбе-сөз барлық қысқартулармен бірге жазылады. Жеке карточкалар бойынша мұрағат анықтамасын кесте түрінде жасауға болады.


ҮЛГІ

Өскемен қаласы

Сәтпаев көшесі, 34-6

Б.Г. Чечеткинаға

МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Өскемен қаласы «Союзтеплострой» жылу техникасы объектілерінің құрылысы бойынша мемлекеттік одақтақ құралыс-монтаж трестінің Қазақ құрылыс-монтаж басқармасының жұмысшысы Чечеткин Борис Григорьевичтің ф. Т-2 жеке карточкасында оның жұмысы туралы келесі мәліметтер бар:

«08.02.69 ж. №35 бұйр. Рудненск учаскесі огнеупорщик 08.12.69 ж. бастап»;

«12.0870 ж. №163 бұйр. огнеупорщиктің 4 дәрежесі берілді 12.08.70 ж. бастап»;

«16.12.71 ж. бұйр. №96 бұйр. №96 огнеупорщиктің 5 дәрежесі берілді 16.12.71 ж. бастап»;

«10.03.72 ж. №24 бұйр. Бұқтырма учаскесіне ауыстырылды 01ү03ү72 ж. бастап».

«24.05.72 ж. №51-к бұйр. өз тілегі бойынша жұмыстан шықты» (күні көрсетілмеген.

Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ.235, т. 1л, і. 36, бб. 15, 20, 36.
Шығыс Қазақстан облысы

мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова


Орындаушы А. Токжасарова

761482
Еңбек өтілін жұмыс уақытын есепке алу тізімдігі бойынша растауға болады.



ҮЛГІ Өскемен қаласы

Сәтпаев көшесі, 34-6

К.М. Ибраимовқа

МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ


В.И. Ленин атындағы Ленин орденді, Октыбрь революциясы орденді Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының рафинадтау цехінің жұмысшылары мен қызметшілерінің жұмыс уақытын есепке алу тізімдігінде (1992 жылғы сәуірден бастап – «Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты» Акционерлік қоғамы) 1956 жылы туған Ибраимов Кайрат Муратович көрсетілген:

- 1982 жылғы 26 шілде – 1983 жылғы 31 наурыз – рафинадтау цехінің гидрометаллургиялық бөлімшесінің 2 (дәрежелі) аппаратшысы;

- 1994 жылғы 26 шілде – 30 қыркүйек рафинадтау цехінің (бөлімшесі көрсетілмеген) 1 (бірінші) санатты шебердің м.а. («26.07.94 ж. №130-к бұйр. 1 санат.шебер» деген жазба бар).

1994 жылғы 14 қараша – 31 желтоқсан рафинадтау цехінің (бөлімшесі көрсетілмеген) 1 (бірінші) санатты шебердің м.а. («14.11.94 ж. №201-к бұйр. 1 санат.шебер» деген жазба бар).

Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ. 650, т. 1л, і. 36, б. 15, 20, 36.
Шығыс Қазақстан облысы

мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова


Орындаушы А. Токжасарова

761482
Еңбек іс-әрекетін ішінара бұйрықтармен (өкімдермен), еңбекақы бойынша ведомостермен, жеке карточкалармен растағанда мұрағат анықтамасында алғашында бұйрықтағы мәліметтер, содан кейін ведомостегі, жеке карточкадағы мәліметтер мазмұндалады. Мысалы, өтініш берушінің еңбек әрекетінің белгі бір кезеңін растайтын бұйрықтар бар, ал қалған жылдарға қатысты бұйрықтар қандай да бір себептермен жоқ, бірақ өтініш берушінің еңбек әрекеті туралы мәліметтер жеке құрам бойынша басқа құжаттарда бар (еңбекақы бойынша ведомостерде, жеке карточкада немесе басқа құжаттарда). Бұл жағдайда анықтама мәтіні жоғарыда көрсетілген тәртіпте хронологиялық ретте қолда бар барлық бұйрықтарды көрсетуден басталады. Содан кейін еңбекақы бойынша құжаттарда, жеке карточкаларда көрсетілген мәліметтер баяндалады, және құжат түрі міндетті түрде көрсетіледі, мысалы «Жеке есеп шоттарда...»


ҮЛГІ 1 Өскемен қаласы

Сәтпаев көшесі, 34-6

Л.Т.Тимофееваға
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Өскемен қалалық өнеркәсіп тауарларының саудасы жөніндегі бөлімнің №2 шаруашылық есептегі дүкенінің 1969 жылғы 15 мамырдағы №40 жеке құрам бойынша бұйрығымен 1948 жылы туылған Тимофеева Любовь Тимофеевна «Ойыншықтар» бөліміне 1969 жылғы 17 мамырдан бастап сатушының оқушысы болып қабылданды.

Жоғарыда аталған кәсіпорынның еңбекақы есептеу бойынша ведомостерінде (жеке есеп шоттарында) Л.Т. Тимофеева 1969 жылғы мамыр – 1972 жылғы қаңтар кезеңінде сатушы ретінде көрсетілген.

Л.Т. Тимофееваның, жоғарыда аталған кәсіпорынның жұмыскерінің ф.Т-2 жеке карточкасында келесі жазба бар: «08.12.1970 жылғы №24 бұйрық.галант.кіші сатушы. 3 дәреже. 08.12.1970 ж.»

Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ. 750, т. 1л, і. 36, бб.15, 20, 36.


Шығыс Қазақстан облысы

мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова


Орындаушы О. Риппа

761482
ҮЛГІ 2

Өскемен қаласы

Cәтпаев даңғылы, 34-6

Л.Т. Тимофееваға
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Өскемен қалалық өнеркәсіп тауарларының саудасы жөніндегі бөлімнің №2 шаруашылық есептегі дүкенінің жеке құрам бойынша бұйрықтарында 1948 жылы туылған Тимофеева Любовь Тмофеевнаның жұмыс туралы келесі мәліметтар бар:

- 1969 жылғы 15 мамырдағы №40 бұйрықпен 1969 жылғы 17 мамырдан «Ойыншықтар» бөліміне сатушының оқушысы болып қабылданды;

- 1969 жылғы 30 тамыздағы бұйрықпен 3 дәрежелі кіші сатушы біліктілігі берілді;

- еңбекақы есептеу бойынша ведомостерде (жеке есеп шоттарында) Л.Т. Тимофеева 1969 жылғы мамыр – 1972 жылғы қаңтар кезеңінде сатушы ретінде көрсетілген.

- Л.Т. Тимофееваның, жоғарыда аталған кәсіпорынның жұмыскерінің ф.Т-2 жеке карточкасында келесі жазба бар: «18.12.1970 жылғы №24 бұйрық.галант.кіші сатушы. 3 дәреже. 08.12.1970 ж.»

Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ. 750, т. 1л, і. 36, бб.15, 20, 36.


Шығыс Қазақстан облысы

мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова


Орындаушы О. Риппа

761482


Азаматтардың еңбек әрекетін растайтын құжаттар ішінара жоқ болғанда негіздемеден кейін құжаттардың жоқ болу себебі көрсетіледі, құжаттардың орналасқан орны туралы кеңес беріледі.
ҮЛГІ Өскемен қаласы

Сәтпаев көшесі, 34-6

Р.Ф. Бердюгина
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Өскемен қалалық халыққа білім беру бөлімінің жеке құрам бойынша 1972 жылғы 15 қыркүйектегі №83 бұйрықтың §30-мен Бердюгина Раиса Федоровна №10 бала бақша-яслийіне 1972 жылдың 13 қыркүйегінен бастап тәрбиеші болып қабылданды.

Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ. 751, т. 1л, і. 37, б. 75 сырты, і. 38, 42, қ. 1111

Өскемен қалалық халыққа білім беру бөлімінің №10 бала бақша-яслийінің 1974 жылғы жеке құрам бойынша құжаттары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының сақтауына түскен жоқ, сондықтан Бердюгина Раиса Федоровнаның жұмыстан шығу (ауысу, біліктілік беру) дерегін растау мүмкін емес.

Құжаттардық сақталған орны белгісіз.

немесе

.... (ұйымның атауы) хабарласуға кеңес береміз, мекен-жайы: ................. (дәл мекен-жайы).


Шығыс Қазақстан облысы

мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова


Орындаушы А. Токжасарова

761482
Өтініште көрсетілген немесе еңбек кітапшасының көшірмесінде көрсетілген мәлімет жоқ болып шыққан жағдайда анықтама соңында «...(аты-жөні) жұмысы туралы мәлімет «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында жоқ» немесе «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында ..... мәліметтер жоқ» деп көрсетіледі.

Қаралған құжаттарда сұраныс беруші туралы мәлімет жоқ болса «... жылдардағы жеке құрам бойынша бұйрықтарда (еңбекақы бойынша ведомстерде, жеке есеп шоттарда, жеке карточкаларда және т.б.) .... жұмысы туралы деректер табылған жоқ» деп жазылады.

Бұйрықтарда қайта мазмұндағанда анықтама мәтінінде фактілер бұрмалаусыз көрсетілуі тиіс, мысалы: «жұмысты жалғастыруда деп саналсын» деген сөзді «жұмысты жалғастыруда» деп, «берілген өтінішіне сәйкес жұмыстан шығарылсын» деген сөзі «өз тілегі бойынша жұмыстан шығарылды», «өз тілегі бойынша жұмыстан шығып кеткен Л.Т. Тимофееваның орнына цех бастығы болып ауыстырылсын» дегенді «уақытша цех бастығы болып ауыстырылды» деп дәл мазмұнымен беріледі.

Өтініш беруші еңбек еткен жылдар ішінде ұйым қайта аталған жағдайда қайта атау туралы мәліметтер нормативтік құжаттарға барлық сілтемелер көрсетіле отырып, хронологиялық ретте мазмұндалады.

Ұйымның орналасқан орны (егер еңбек әрекетін растау туралы өтініштердің бірінде бұндай мәлімет сұралса) анықтама соңында еңбек еткен жылдар бойынша дәл күні көрсетіле отырып көрсетіледі. Басқа кезең сұралған кезде сұралған кезең көрсетіледі.

Ұйымның орналасқан орнын растау туралы жеке сұраныс түскен жағдайда сұралған кезеңдегі ұйымның орналасқан уақыты туралы мұрағат анықтамасы жасалды, немесе құжат мұрағатта жоқ болған жағдайда теріс жауап хатталады.
8.2. Еңбектің ерекше жағдайын растау туралы
Еңбектің зиянды жағдайы туралы мәліметтер (жеңілдікті еңбек өтілі) технологиялық процестердің сипаттамасымен, орындалатын жұмыстың сипаттамасымен, лауазымдық нұсқаулықпен және т.б. расталады, жоғарыда көрсетілген құжаттар жоқ болған жағдайда – жеке құрам бойынша бұйрықтар, штаттық кесте, ұжымдық келісім шарт пен расталады. Еңбек жағдайын растағанда мамандығы, учаске (цех, бөлімше және т.б.) туралы деректер, жұмыс сипаттамасы, еңбек жағдайы және басқа жұмыс сипатын растайтын мәліметтер мазмұндалады.

Еңбектің айырықша жағдайы туралы мұрағат анықтамасын хаттау мен құрастыру еңбек өтілін растау туралы мұрағат анықтамасын хаттауға ұқсас, жоғарыда аталған деректерден өзге құжат атауы, ұйым атауы, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, еңбек кезеңі көрсетіледі.

Жеке құрам бойынша бұйрықтарда еңбек жағдайының зиянды жағдайы көрсетісе, онда анықтамада «жұмысқа еңбектің зиянды жағдайымен қабылданды» деп көрсетіледі.

ҮЛГІ 1

Өскемен қаласы

Питерских Коммунаров көшесі, 9-41

С.Я.Сайфулинаға


МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Өскемен қаласы «Керамика» зауытының 1991-1992 жылдардағы жеке құрам бойынша құжаттарында 1961 жылы туылған Сайфулина Сания Якубовна қоспалар мен ерітінділер аппаратшысы ретінде көрсетілген, аппаратшылар п/ж В-8110 Жұмысшылар тізбесіне сәйкес («Керамика» зауыты) еңбектің айырықша жағдайына жататын мамандықтарға жатқызылған.

Өскемен қаласы «Керамика» зауытының техникалық сипаттамаларында жоғарыда көрсетілген мамандықтар бойынша орындалатан жұмыстардың сипаты туралы келесі мәліметтер бар:

- қоспалар мен ерітінділер аппаратшысы үнемі керамика бұйымдарының шликерлі құюымен және бериллий окисінен фильерлер арқылы формаға шликерлер және пресұнтақ әзірлеумен, дозалаумен, берилий окисі ұнтағын және пластификаторларды реакторға тиеумен айналысады.

Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ. 203, т. 2, і. 226, б. 2, б. 6.


Шығыс Қазақстан облысы

мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова


Орындаушы Е. Босых

761482



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет