ҮЛГІ 2 Өскемен қаласы
Питерских Коммунаров көшесі, 9-41
С.Я.Сайфулинаға
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кенті Ертіс полиметалл комбинатының Ертіс мыс балқыту зауытының жұмысшыларын штаттық орналастыру кестесінде электротермика цехінің, тозаңтұтушы бөлімшенің жеңілдікті зейнетақымен қамтамасыз ету бекітілген келесі мамандықтары туралы мәліметтер бар:
- 1982-1984 жылдары «тозаң-газ тұтушы қондырғыға қызмет көрсету бойынша оператор» мамандығы бар, жеңілдікті зейнетақымен қамтамасыз ету №1 тізім бойынша (құжаттар солай), жалпыодақтық каталог бойынша коды мен мамандық атауы – 15860, жұмыс уақытының ұзақтығы 6 сағат, еңбектің зиянды жағдайы үшін қосымша демалыс – 12 күн.
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ. 824, т. 1, і. 1812, б. 10, і. 1922, б. 7, і. 2043, б. 3.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы Н. Федорова
251347
8.3. Еңбек ақы бойынша
Еңбекақы көлемін растау үшін штаттақ кесте, жұмысшылар мен қызметшілердің жеке есеп шоттары (табуляграммалары), ведомостері, еңбекақы есептеу бойынша карточка-анықтамалар, есеп кітапшалары, еңбекақы беру бойынша (төлем ведомостері), еңбекақыны беру бойынша шығыс кассалық ордерлер пайдаланылады.
Еңбекақы бойынша мұрағат анықтамасы арнайы елтаңбалы, екі тілде әзірленген бланкке хатталады, онда барлық қажетті графалар ескеріліп, 4 жылдық еңбекақыны толтыру қарастыралған.
Еңбекақы бойынша мұрағат анықтамасының бланкісін толтырғанда құжат түрі көрсетіледі (жеке есеп шоттары, ведомостер және т.б.), беріліп отырған анықтаманың соңғы жылындағы ұйымның атауы көрсетіледі, оның ораласқан орны еңбек әрекетін растағандағы мұрағат анықтамасындағы тәртіпте көрсетіледі. Еңбекақы туралы анықтама беріліп отырған кезеңде ұйым атауында өзгерістер болса, еңбекақы туралы анықтамаға ұйымының қайта аталуы туралы қосымша анықтама беріледі. Тегі, аты, әкесінің аты ілік септігінде көрсетіледі. Егер құжатта туылған жылы, мамандығы көрсетілген болса, онда оны көрсету қажет.
Есептелген еңбекақы сомасы «Жиыны есептелген» графасына дәл құжаттағы сомаға сәйкестіріп, қойылады. Өз бетінше математикалық есептеулер жасауға жол берілмейді, бір немесе бірнеше ай үшін есептелген сома жоқ болған жағдайда «есептелген жоқ» деген белгі қойылады. Үлкен кезеңдегі еңбекақы есептеу сомасы қойылмаса «еңбекақы бойынша жеке есеп шоттарында 1994 жылғы ақпан -1995 жылғы қараша, 1996 ж. Л.Т. Тимофеева көрсетілмеген» немесе «1995-1997 жылдардағы еңбекақы бойынша ведомостер мемлекеттік сақтауға түскен жоқ» деген түсініктеме беріледі.
Міндетті түрде еңбекақыны есептеу сәтіндегі валюта көрсетіледі. Валютаның жыл ішіндегі өзгерісі ескертуде көрсетіледі (мысалы, «1993 жылдың қарашасынан бастап – теңге»).
Сонымен қатар, ескерту графасында басқа мәліметтер көрсетіледі, мысалы, бала күтуіне байланысты демалыста болуы, оқуға байланысты демалыс, еңбекақысы сақталмайтын демалыс және т.б.
Жекелеген жағдайларда бланкінің басқа екі графасы толтырылады. 1992 жылдан бастаған еңбекақы бойынша анықтамаларда «Оның ішінде» графасында бір мәртелік төлемдер, төлемақылар, өткен айдағы сомалар көрсетіледі (ол туралы анықтама соңында айтылады); 1998 жылдан бастап «Ескерту» графасына Зейнетақы жинақтау қорына аударылған сома міндетті түрде енгізіледі.
Анықтаманың соңында «Жиыны есептелгені» сомасына кірген аударымдар, құжаттардың жоқтығы туралы түсініктеме көрсетіледі.
Анықтамаға мұрағат басшысы қол қояды, лауазымды жазғанда мекеменің атауы көрсетілмейді, орындаушының қолы қойылып, елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
ҮЛГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УПРАВЛЕНИЕ АРХИВОВ
ОБЛЫСЫНЫҢ МҰРАҒАТТАР ЖӘНЕ И ДОКУМЕНТАЦИИ
ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫН ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ» «ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АРХИВ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ»
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ АРХИВНАЯ СПРАВКА
___________________ №_______________
Өскемен қаласы г.Усть-Каменогорск
В документах по личному составу Шығыс Қазақстан облыстық қоғам-дық тамақтандыру басқармасының №3 Қоғамдық тамақтандыру комбинатының (жеке есеп шоттарында) Өскемен қаласындағы . (мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның атауы / наименование организации,учреждения, предприятия)
жеке құрам бойынша құжаттарында/ имеются следующие сведения о заработ-ной плате Тимофееваның Любовь Викторовның, 1948г.р., кіші сатушінің
(тегі, аты, әкесінің аты / фамилия, имя, отчество)
еңбекақысы туралы келесі мәліметтер бар.
айлар/
месяцы
|
барлық есептелгені/
итого начислено
|
оның ішінде/
в том числе
|
ескерту/
примечание
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
рубльмен 1993 жылы / год
|
Қантар /Январь
|
1250-30
|
|
|
|
|
Ақпан /Февраль
|
1470-25
|
|
|
|
|
Наурыз /Март
|
1360-45
|
|
|
|
|
Сәуір /Апрель
|
---------
|
|
|
|
есептеу жоқ
|
Мамыр / Май
|
---------
|
|
|
|
есептеу жоқ
|
Маусым /Июнь
|
1260-42
|
|
|
|
|
Шілде /Июль
|
1260-54
|
|
|
|
|
Тамыз /Август
|
1530-05
|
|
|
|
|
Қыркүйек /Сентябрь
|
2000-32
|
|
|
|
|
Қазан /Октябрь
|
2100-26
|
|
|
|
|
Караша /Ноябрь
|
110-03
|
|
|
|
тенгемен
|
Желтоқсан /Декабрь
|
112-10
|
|
|
|
|
«Барлық есептелгені» графасына бірмәртелік төлем кірмейді.
Негіздеме: ШҚОММ, қ. 750, т. 2л, і. 5, бб.12, 20, 25, 30, 45
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г.Полякова
Орындаушы А.Мамырбекова
251347
Еңбекақыны төлем ведомостері немесе шығыс ордері бойынша растағанда «Барлығы есептелгені» графасына берілген сома қойылады. «Барлығы есептелгені» сызылып тасталады. Оның орнына қолмен «Берілген сома» немесе «Берілді» сөзі жазылады.
Еңбекақы бойынша мұрағат анықтамасының бланкісінде далалық қажеттілік төлеу ресімделеді, ол негізінен Шығыс Қазақстан аумақтық геологиялық басқарманың ведомстволық ұйымдарының қызметкерлеріне берілген (экспедициялар мен партиялар). Графаларды толтыру тәртібі еңбекақы есептеу бойынша графаларды толтыруға ұқсас. Мұнда графалар атауы қажетіне қарай қолмен толтырылады.
8.4. Зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды бекіту туралы
1998 жылыдан бастап жүзеге асырыла бастаған зейнетақы жарнасын аудару фактісі, әлеуметтік аударымдар (2004 жылдан бастап) төлемдік тапсырыстармен және және оларға қосымша Қазақстан Республикасының Зейнетақы жинақтау қорына міндетті зейнеақы жарнасын аудару тізімдерімен, әлеуметтік аударымдармен, зейнетақы жарнасын есепке алу карточкаларымен расталады.
Зейнетақы және әлеуметтік аударымдар фактісін растағанда құжат түрін, ұйымның атауы мен орналасқан орнын, тегін, атын, әкесінің атын, туылған жылын, төлемдік тапсырыс күні мен нөмірін, аударымдар қай кезең бойы жасалғанын (егер ондай деректер бар болса), аударымның дәл сомасын, пеняны (егер ол орын алса) көрсету қажет. Зейнетақы және әлеуметтік аударымдар сомасын кесте түрінде хаттауға болады. Кейбір мәліметтер жоқ болса ескерту сілтеме түрінде жақшаның ішінде немесе «Ескерту» графасы арқылы беріледі (егер анықтама кесте түрінде жасалған болса).
ҮЛГІ Новоявленка ауылы
Почтовая көшесі, 27/2
Б.М. Лавреншинге
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Өскемен қаласының «Завдорстрой-Өскемен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2000 жылғы төлемдік тапсырыстар мен оларға қосымша Зейнетақы жинақтау қорына міндетті зейнетақы жарнасын аудару тізімінде 1945 жылы туылған Лаврешин Борис Сихайловичтің зейнетақы жарнасын аударуы туралы келесі мәліметтер бар:
Төлемдік тапсырыс күні мен нөмірі
|
Қандай кезең ішінде
|
Сомасы
|
Ескерту
|
2000 ж. 10 ақпандағы №23
|
2000 ж. қаңтары
|
896-00
|
|
2000 ж. 24 наурыздағы №40
|
2000 ж. ақпаны
|
885-00
|
|
2000 ж. 14 сәуірдегі №52
|
----------------------
|
925-00
|
Аудару кезеңі көрсетілмеген
|
2000 ж. 20 сәуірдегі №45
|
----------------------
|
897-00
|
Аудару кезеңі көрсетілмеген
|
2000 ж. 15 мамырдағы №56
|
----------------------
|
215-00
|
пеня
|
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ. 995, т. 2л,
і. 226, бб. 3, 8, 16, 24, 32, 47, 66, 84.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы А. Калымжанова
761482
8.5. Тұру фактісін растау туралы
Азаматтардың бір мекенде тұрғаны ауылдық (поселкелік) кеңестердің, ауыл округтерінің шаруашылық бойынша кітаптарымен расталады.
Бірінші алфавиттік кітаптар (егер олар бар болса) қаралады, содан кейін тиісті шаруашылық бойынша кітаптарды қарайды.
Азаматтардың тұрғаны туралы мұрағат анықтамасының мәтінін жасағанда міндетті түрде ауылдың, Сельсоветтің (округтің), ауданның, облыстың атауы қысқартылмай ашық түрде, азаматтың тегі, аты, әкесінің аты, жанұя басы көрсетіледі. Тұрғаны туралы деректер (құжаттардың жоқтығы, құжаттардың табылмауы турады деректер) хронологиялық ретте көрсетіледі.
Құжатта болған қандай да бір жазбалар (кетуі, келуі туралы) жақшаға алынып жазылады. Сұралған кезеңдегі табылмаған мәліметтер ешқандай жағдайда айтылмай қалмауы керек, ол мәліметтің жоғы немесе құжаттың жоғы туралы өтініш иесіне міндетті түрде хабарланады.
Сұралған кезеңді растайтын құжат ішінара жоқ болғанда негіздеме берілгеннен кейін құжаттың жоқ болу себебі мен кезеңі көрсетіледі. Төменірек кеңес беріледі.
ҮЛГІ Ұлан ауданы
Таврия ауданы
М.Б.Борангуловаға
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Төлеген Тоқтаров сельсоветі Тас-Өткел ауылының шаруашылық бойынша кітаптарында 1938 жылы (күні көрсетілмеген) туылған Борангулова Марзияның (әкесінің аты көрсетілмеген) 1951-1953 жылдары тұрғаны туралы дерек бар.
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ. 855, т. 2, і. 11, б. 15, т. 3, і. 77, б. 17, і. 155, б. 2.
Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Төлеген Тоқтаров сельсоветі Тас-Өткел ауылының 1941-1950 жылдардағы шаруашылық бойынша кітаптары мемлекеттік сақтауға түскен жоқ, сондықтан жоғарыда көрсетілген кезеңдегі Борангулова Марзияның тұрғанын растау мүмкін емес.
Ұлан ауданының мемлекеттік мұрағатына хабарласуға кеңес береміз, мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Молодежный кенті, 5 үй.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы Н. Федорова
251347
Өтініш берушінің отбасы құрамында тұрғаны туралы мәлімет жоқ болғанда мәтін келесідей мазмұндалады: «Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Төлеген Тоқтаров сельсоветі Тас-Өткел ауылының 1951-1953 жылдардағы шаруашылық бойынша кітаптарында жанұя басы Борангулов Турардың отбасы құрамында 1938 жылы туылған Борангулова Марзияның тұрғаны туралы дерек табылған жоқ».
Кейде бірге тұрғаны туралы мәлімет сұралады. Бұл жағдайда мәтінде өтініш беруші сұраған отбасы мүшелері көрсетіледі.
ҮЛГІ Ұлан ауданы
Таврия ауданы
М.Б. Борангуловаға
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Төлеген Тоқтаров сельсоветі Тас-Өткел ауылының шаруашылық бойынша кітаптарында 1938 жылы (күні көрсетілмеген) туылған Борангулова Марзияның (әкесінің аты көрсетілмеген) 1951-1953 жылдары 1936 жылы туылған Борангулов Марат Жанатовичпен бірге тұрғаны туралы дерек бар.
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ. 855, т. 2, і. 11, б. 15, т. 3, і. 77, б. 17, і. 155, б. 2.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы Н. Федорова
251347
8.6. Ұйымды қайта атау, құру, жою туралы
Ұйымдарды қайта атау туралы мұрағат анықтамасын жасағанда қорлардың тарихи анықтамалары, істердің тізімдемелерінің алғысөздері, нормативтік-құқықтық актілер, өкімдік құжаттар, құрылтайлық құжаттар, құжаттар жинағы және тағы басқа ұйымның құрылуын, жойылуын, қайтақұрылуын растайтын құжаттар пайдаланылады.
Өтініш беруші сұраған кезеңді баяндайтын анықтама хронологиялық ретпен, фактілерді дәл мазмұндай отырып, өткен шақта болған өзгерістерге қатысы жоқ артық сөздерсіз беріледі.
Қайта атау туралы анықтама жасағанда ұйымның өз атауы, одан жоғары тұрған ұйымның атауы не министрлік атауы көрсетіледі, алғашында нормативтік-құқықтық актілерге, содан кейін өкімдік құжаттарға (немесе басқаларға) сілтеме жасалады. Нормативтік-құқытық актілер мен өкімдік құжаттамаларды жақшаның ішінде көрсетуге болады. Құжат уақыты сөздік-сандық тәсілмен, бірінші күні, содан кейін құжат нөмірі беріледі.
ҮЛГІ
Ұлан ауданы
Таврия ауданы
М.Б. Борангуловаға
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Өскемен сауда автобазасының 1971 жылғы 20 қыркүйектегі №465 бұйрығымен Қазақ ССР Автомобиль көлігі министрлігінің 1971 жылғы 29 қыркүйектегі №26 «Министрліктің автокөлік кәсіпорындарының атауларын ретке келтіру туралы» бұйрығының негізінде Өскемен сауда автобазасы 1971 жылғы 20 қыркүйектен бастап №2 Өскемен автокөлік кәсіпорыны (Өскемен АТП) деп қайта аталды.
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ. 1271, т. 1л, і. 33, б. 694, қ. 370, 1-3 тізімдемелердің алғысөзі, т. 3л, і. 84.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы Г. Жиренчина
765482
Қайта атаулар туралы анықтамада сұралған ұйымның қайта аталуымен бірге міндетті түрде жоғары тұрған ұйымның қайта аталуы, ұйымның басқа ведомствоға, министрлікке берілуі, меншік түрінің өзгеруі, ұйымдардың бірігуі, бір құрамнан бөлініп шығуы немесе бір құрамға бірігуі, функциялардың жүктелуі (егер ондай болса) көрсетіледі.
Анықтама мәтінінде тек нақты фактілер және орын алған ұйымдарды қайта атаулардың, қайта құрулардың, құрулардың, жоюлардың негіздемелері көрсетіледі. «қайта аталаған еді», «аталатын болды», «бағынатын болды» сөз тіркестеріне жол берілмейді. Бұндай сөздер «қайта аталды», «атау берілді», «бағыныштылғымен...» «қарамағына берілді», «жүргізуіне берілді» сөз тіркестерімен алмастырылады.
Қайта атау фактілерін растайтын құжаттар жоқ болса (немесе басқа өзгерістер) сұраныс қосымша құжаттар бойынша орындалады (бұйрықтар, жеке есеп шоттар, еңбекақы бойынша ведомостер, ұйым қорындағы басқа құжаттар бойынша). Бұл жағдайда қайта аталудың мөлшерлі уақыты көрсетіліп, қайта атау фактісін растау аталып өтіледі.
ҮЛГІ 1
Өскемен қаласы
Менделеев көшесі, 8-31
Н.В. Мацкоға
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Жеке құрам бойынша құжаттарға сәйкес 1997 жылғы қарашадан бастап «ЦУМ» АҚ «ЦУМ» Ашық акционерлік қоғамы (ААҚ) болып қайта аталған (жоғарыда аталған қайта атуды құжатпен растау мүмкін емес).
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ. 1389, т. 1л, і. 34, б. 106.
Жоғарыда көрсетілген кәсіпорынның қайта құрылуы туралы мәліметтер облыс мемлекеттік мұрағатында жоқ.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы Н.В. Щепетильникова
765482
ҮЛГІ 2
Өскемен қаласы
Октябрьская көшесі, 68
Н.Н. Сорокинге
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
1977 жылғы шілдедегі (дәл күнін анықтау мүмкін болмады) жеке құрам және негізгі әрекет бойынша бұйрықтарға сәйкес «Казмясорыбаторг» Қазақ Республикалық конторасы «Казмясомолторг» Қазақ Республикалық конторасы болып қайта құрылған, оның құрамына Өскемен тоңазытқышы кірген.
Жеке құрам бойынша бұйрықтарға сәйкес «Казмясомолторг» Қазақ Республикалық конторасының Өскемен тоңазытқышы 1984 жылғы ақпаннан бастап (дәл күнін анықтау мүмкін болмады) Өскемен таратушы тоңазытқышы болып қайта аталған.
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ. 1397, жеке құрам бойынша істер тізімдемелерінің алғысөздері.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы Г. Жиренчина
765482
ҮЛГІ 3 Өскемен қаласы
Октябрьская көшесі, 68
Н.Н. Сорокинаға
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Өскемен мырыш зауытының Құрылыс басқармасы 1942 жылғы қазанда Орджоникидзе қаласынан эвакуацияланған «Электроцинк» базасында құрылған (тек құрылыс директорын тағайындау туралы бұйрықпен расталады). Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ. 650, т. 4, і. 36, бб. 41-42.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы Е. Босых
765482
Ұйымның банкроттығы фактісін растағанда конкурс өндірісінсіз жою фактісін, кредиторлардың бақылауымен жағдайы жоқ борышкерлерді сотсыз жою процедурасын көрсету қажет.
ҮЛГІ Өскемен қаласы
Октябрьская көшесі, 68
Н.Н. Сорокинге
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облыстық сотының Шаруашылық істер бойынша алқасының 1995 жылғы 11 мамырдағы №3306 шешімімен «Шығыс-Бакалейторг» ААҚ банкрот деп танылып, жойылған.
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ. 59, т. 1л, і. 2247, б. 5.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы Е. Босых
765482
Сұралған қайта атауларды растайтын құжаттар жоқ болғанда берілетін анықтаманы хаттауға және құрауға еңбек әркетін растау анықтамаларына қойылатын талаптар қойылады.
8.7. Оқу фактісін растау туралы
Оқу орындарында оқу фактілері тиісті оқу орынының немесе жоғары тұрған ұйымның өкімдік құжаттарымен, оқушылардың қозғалысы туралы бұйрықтарымен, емтихан ведомостерімен, оқушылар тізімімен, аттестаттар мен дипломдар беру журналымен, басқа қосалқы құжаттармен расталады.
Оқу орындарында оқу фактілері туралы мұрағат анықтамасын жасауға еңбек әркетін растау анықтамаларына қойылатын талаптар қойылады. Анықтама соңында берілген мамандығы, дәрежесі, нөмірі және оқу орнын бітірген құжаттың күні көрсетіледі.
8.8. Марапаттаулар, атақ беру туралы мәліметтерді растау туралы
Медальдермен, ордендермен («Еңбек ардагері», «Ана даңқы») марапаттау атқарушы, өкілетті билік қорларының құжаттарымен расталады. Атақтармен («Социалистік еңбек екпіндісі», «Социалистің жарыс жеңімпазы» және т.б.) бастауыш партия ұйымдарының хаттамаларымен расталады.
ҮЛГІ 1
Өскемен қаласы
Серикпаев көшесі, 39-227
З.Л. Дюдиловаға
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
КСРО Жоғары Кеңесінің 1983 жылғы 12 тамыздағы Жарлығының негізінде Шығыс Қазақстан облыстық Халық депуттары кеңесі атқару комитетінің 1989 жылғы 16 қарашадағы №270-В шешімімен Дюдилова Зоя Леонидовна, КПСС 23 съезді атындағы совхозының қойма жұмысшысы көп жылғы адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ), қ. 176, т. 1, і. 298, б. 204
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы Н. Федорова
251347
ҮЛГІ 2
Өскемен қаласы
Серикпаев көшесі, 39-227
З. Жаксылыкова
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Каз ССР Жоғары Кеңесінің 1978 жылғы 8 желтоқсандағы Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар сельсоветінде тұратын үй шаруасындағы Жаксылыкова Зейнеш сегізінші баласы туғаннан кейін ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталды (орден куәлігі мен кітапшасының нөмірі көрсетілмеген).
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ),
қ. 176. т. 1, іс. 498, б. 104.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы Н. Федорова
251347
Достарыңызбен бөлісу: |