8.9. Мәліметтерді азаматтық хал актілеріннің, шіркеу-приходтық кітабының жазбалары бойынша растау туралы
Туу, қайтыс болу, некеге отыру, неке бұзу сияқты фактілер АХАЖ бөлімдерінің құжаттарымен, метрикалық шіркеу кітаптарының жазбаларымен (1923 жылға дейінгі) расталады.
Туу, некеге отыру, қайтыс болу фактілерін метрикалық кітаптардың жазбалары бойынша растағанда метрикалық кітаптың атауы, шіркеу атауы, оның орналасқан орны туралы, метрикалық кітаптың басқы және соңғы күні туралы мәліметтер толық баяндалады.
Туу туралы жазбаға ата-анасы, сенетін діні, нәрестенің туылған күні, шоқындырылған уақыты, шоқындырудағы шоқындыру құпиясын жүзеге асырған өкіл әке, священник, псаломщиктер туралы мәліметтер кіреді.
Некеге отыру туралы жазбада некеге отыратын тұлғалар, олардың жастары, діндері, некеге түсу күндері, екі жақтың куәлері, неке қию құпиясын жүзеге асырған священник туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қайтыс болу туралы жазбада ата-анасы туралы (егер ол бала болса), қайтыс болған адам туралы мәлімет, жасы, өлім себебі көрсетіледі.
ҮЛГІ 1 Өскемен қаласы
Әуезов даңғылы, 14-45
О.В. Герасимовке
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Омбы рухани консисториясының Өскемен қаласы Покровск Соборының 1895-1919 жылдардағы туу туралы метрикалық кітабында Перм губерниясының Олинск уезді Покров-Асыл болысының Сходской деревнясының шаруасы Максим Петрович Батуев пен оның заңды әйелі Фекла Степановна Батуевадан, екеуі де христиан дінінде, 1895 жылғы 13 қаңтарда қызы Ксенияның туғаны туралы жазба бар. Шоқындыру 1895 жылы 16 қаңтарда болған. Шоқындыруда өкіл ана солдаттың әйелі Мария Стефановна Мезенцева болды. Шоқындыру құпиясын священник Петр Павловский және дьякон Константин Львов жүзеге асырды.
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ),
қ. 752, т. 11, і. 11, бб. 59-60.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы И. Дурново
254310
ҮЛГІ 2 Өскемен қаласы
Әуезов даңғылы, 14-45
О.В. Сухоруковке
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Томск рухани консисториясының Спасо-Преображенксий шіркеуінің 1895 жылғы туу, неке қию, қайтыс болу туралы метрикалық кітабында Александровск болысының Выдриха деревнясының шаруасы 20 жастағы Зотий Лукич Сухоруковтың бірінші рет өзімен бір діндегі сол болыстағы және сол деревнядағы шаруа қызы 17 жасар Зинка (құжатта солай) Зотиковна Казанцевамен некесі қиылды. Неке қию құпиясын священник Алексей Ливанов жүзеге асырған. Неке қиюда күйеу жігіт тарапынан куә Шемонаиха селосының шаруасы Иван Гаврилович Степанов, қалыңдық тарапынан Шемонаиха селосының шаруасы Сергей Ильич Агофонов және жарақаты бойынша запасқа шығарылған Федор Григорьевич Худяков болды.
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ),
қ. 752, т. 11, і. 11, бб. 59-60.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы И. Дурново
254310
Мәліметтерді азаматтық хал актілерінің жазбалары бойынша растағанда АХАЖ бөлімінің толық атауы, сельсоветтің атауы (бағыныштығы солай болса), орналасқан орны, қай жылғы жазба екені, туылған уақыты, ата-анасы туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, басқа қосымша деректер (егер ондайлар көрсетілсе) көрсетіледі.
ҮЛГІ 1 Өскемен қаласы
әділет басқармасының
азаматтық хал
актілерін жазу бөлімі
Өскемен қаласы
Киров көшесі, 68
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Семей губерниясы Өскемен уезді Өскемен қалалық азаматтық хал актілерін жазу (АХАЖ) бөлімінің 1924 жылғы азаматтық хал актілері жазбасында 1924 жылғы 10 қарашадағы №56 актілік жазбасында Семей губерниясы Өскемен уезді Өскемен қаласында 1924 жылғы 9 қарашада Свекло Станиславтың туғаны туралы актілік жазба бар. Ата-анасы: әкесі – Свекло Николай, 26 жаста, техник, шешесі – Свекло Валентина, 27 жаста, үй шаруасында.
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ),
қ. 190, т. 1, і. 4, б. 281сырты.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы И. Дурново
254310
ҮЛГІ 2
Глубокое ауданы
Алтайский кенті
Луговая көшесі, 14
Е.Ф. Подрезоваға
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық азаматтық хал актілерін жазу (АХАЖ) бюросының құжаттарында 1924 жылғы 18 қарашадағы №476 1924 жылы 8 қарашада Өскемен қаласында Подрезова Елизавета Федоровнаның туғаны туралы жазба бар. Ата-анасы: әкесі – Подрезов Федор (әкесінің аты көрсетілмеген), шешесі – Подрезова Арина (әкесінің аты көрсетілмеген).
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ),
қ. 190, т. 1, і. 4, б. 281сырты.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы И. Дурново
254310
8.10. Нотариалдық әрекеттерді, мүліктік құқылар мен меншік құқыларын растау туралы
Нотариалдық әркеттер нотариалдық құжаттар көшірмесін бере отырып, нотариалдық контораның құжаттарымен (өсиетнамалар, тізілімдермен, мұра құқығы туралы куәлікпен) расталады.
Меншік құқығы (жер пайдалану, пәтер, көлікжай бөлу және т.б.) облыстық, қалалық, аудандық атқару комитеттерінің, әкімшіліктердің, әкімдіктердің шешімдерінің, қаулыларының, өкімдерінің, хаттамаларының көшірмелерімен, аумақтық жер комиттерінің, сот және мекемелердің құжаттарымен расталуы мүмкін.
Құжат түпнұсқасын беруге Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңымен тыйым салынған. Мемлекеттік мұрағатарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шекте мемлекет меншігіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарына иелік ету және оларды пайдалану құқығы берілген (яғни меншік иесі болып табылады). Мұрағат құжаты меншік иесінің келісімінсіз тек сот шешімінің негізінде алынуы мүмкін. Мұрағат құжатының түпнұсқасын сот-тергеу әрекеті үшін алғанда меншік иесіне оның телданасы (дубликат) немесе көшірмесі қалдырылады. Сот (тергеу) процесі аяқталғаннан кейін құжат түпнұсқасы меншік иесіне қайтарылады.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік мұрағаты қызметтік куәлік болған жағдайда құжат түпнұсқасын тек уақытша қолдануға ғана бере алады, құжатты алу процедурасы уақытша пайдалануға беру туралы тиісті құжаттар хатталған соң жүзеге асырылады. Заңнамамен бекітілген тәртіптен тыс құжат түпнұсқасын беру немесе алған құжаттарын қайтармау жоғарыда көрсетілген Заңды бұзу болып табылады.
Құжаттар көшірмелерін хаттау осы Нұсқаулықтағы мұрағат көшірмесін хаттауға қойылатын талаптарға ұқсас (6 тарауды қара). Көшірмелерге міндетті түрде осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес ілеспе хат қосымша беріледі (7 тарауды қара).
ҮЛГІ
Өскемен қаласы
Луговая көшесі, 14
Е.Ф. Подрезоваға
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Әкімінің 1995 жылғы 24 қарашадағы №275 «Ветерок» бағбандар қоғамы мүшелерінің жерді өмір бойы пайдалану құқығына құжаттарды қайта хаттау туралы» шешімінің мұрағат көшірмесін жолдаймыз.
Жоғарыда аталған шешімге қосымша құжаттарда «Ветерок» бағбандар қоғамы мүшелерінің тектері бойынша тізімдері болған жоқ.
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ),
қ. 296, т. 1, і. 168, б. 53.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы И. Кольцова
251347
8.11. Сот шешімдерін растау туралы
Азаматтық және қылмыстық істер бойынша шешімдер, анықтамалар, үкімдер облыстық, қалалық, аудандық соттардың, сот-тергеу органдарының құжаттары негізінде тек көшірме түрінде беріледі. Сот құжаттарының көшірмелерін беру де осы Нұсқаулықтағы мұрағат көшірмелерін беру тәртібіне ұқсас (6 тарауды қара). Көшірмелерге ілеспе хаттар қосымша беріледі.
8.12. Эвакуация фактісін растау туралы
Эвакуацияланғандар туралы мәліметтер Қазақстан коммунистік партиясының құжаттарымен расталады. Анықтамада партия атауы, эвакуацияланғандар туралы құжаттар атауы (тізімдер), эвакуация жері, эвакуацияда өмір сүрген кезеңі, эвакуацияланған тұлға туралы толық мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туылған жылы, ұлты, мамандығы, бұрынғы жұмыс орны, эвакуацияланған жердегі жұмыс орны) көрсетіледі.
ҮЛГІ 1
Украина
94016, Луганск облысы
Стаханов қаласы
К. Маркс көшесі, 91-2
М.Л. Рудницкаяға
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Қазақстан компартиясының Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің құжаттарында 1941 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданына эвакуацияланған және 1944 жылғы 1 сәуір жағдайында көрсетілген ауданда тұраған азаматтардың тізімі бар, олардың ішінде: жанұя басы – Слуцкий Арнольд Григорьевич, 1892 жылы туылған, ұлты – еврей, Днепропетровск қаласынан эвакуацияланды, эвакуацияға дейінгі жұмыс орны «Балалар клиникасының» дәрігері, тізім жасалған сәттегі жұмыс орны санаторий дәрігері (құжатта солай): әйелі – Валкина Мария Абрамовна, 1898 жылы туылған, дәрігер (басқа мәлімет жоқ); қызы – Слуцкая Элла (құжатта солай), 1933 жылы туылған, оқушы; қызы Слуцкая Нора Арнольдовна, 1937 жылы туылған, оқушы.
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ),
ққ. 19-п, т. 1, і. 212, бб. 6, 40.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы И. Кольцова
251347
ҮЛГІ 2
Өскемен қаласы
Виноградов көшесі, 19-52
Н.И. Савельевке
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Қазақстан компартиясының Өскемен қалалық комитетінің құжаттарында Мурманск облысы Кандалакша қаласы «Нивагэсстрой» кәсіпорнының 1941 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласына эвакуацияланған жұмысшыларының тізімі бар, тізімде Савельева Анастасия Антоновна (құжатта солай) бар, 1902 жылы туылған, Ленинград облысы Порховской ауданының тумасы, Өскемен қаласы «Иртышгэсстрой» кәсіпорнының аз.құрылыстар (құжатта солай) комбөлімінің тау жұмысшысы.
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ),
ққ. 19-п, т. 1, і. 115а, б. 65.
Отбасының басқа мүшелері туралы және жанұя басы Савельев Иван Савельевич туралы тікелей деректер Шығыс Қазақстан облыс мемлекеттік мұрағатында жоқ.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы Н. Федорова
251347
8.13. Кулактың мүлігін алу, мүлігін алу, Шығыс Қазақстан облысы шегінен тыс жерге көшіру
Кулаксыздандыру, мүлігін тәркілеу, көшіру фактілері Өскемен қалалық, аудандық атқару комитеттерінің, жұмысшы, шаруа, қызылармияшылар депутаттары сельсовттерінің, Қазақстан компартиясы комитеттерінің құжаттары негізінде расталады. Анықтамада партияның немесе сельсоветтің атауы, кулаксыздандыру, тәркілеу, көшіру туралы құжаттардың атауы (тізімдер), құжаттарда бар кулаксыздандырылғандар туралы барлық мәліметтер (тегі, аты, әкесінің, аты, туылған жылы, кулаксындандыру себебі, шаруашылық және т.б.) көрсетіледі.
ҮЛГІ
Шығыс Қазақстан
облысының прокуратурасы
070004, Өскемен қаласы
Пермитин көшесі, 21
2009 жылғы 3 қыркүйектегі №13/116-09 сұранысқа
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер партиясының (ВКП (б) Уба аудандық комитетінің 1928-1930 жылғы мемлекеттік сақтауға толық көлемде түспеген құжаттарында Уба ауданының кулактарының, сайлау құқығынан айырылғандардың (кулаксыздандырылғандардың) 1930 жылдың қыркүйегі жағдайындағы тізімі бар, тізімде Колмакова Анистифора (әкесінің аты көрсетілмеген) бар, келесі жазба жазылған: «кулак, кулак шаруашылығы, тұқым қорына тұқым өткізбегені үшін жауапқа тартылған, дауыс құқығынан айырылған, жалдамалы күшті пайдаланушы».
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ),
қ. 3, т. 1, і. 4, б. 52.
Колмаковтар отбасы мүшелері туралы, мүлігін тәркілеу және Шығыс Қазақстан облысы шегінен тыс жерге көшіру туралы мәліметтер Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатында жоқ.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы Н. Федорова
251347
8.14. Әкімшілік-аумақтық өзгерістер туралы
Әкімшілік-аумақтық өзгерістер туралы мұрағат анықтамаларын жасау үшін әкімшілік-аумақтық құрылым туралы жинақтар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының актілер жинағы, КСРО, КазССР Жоғары Кеңесі ведомостері, нормативтік-құқықтық актілер пайдаланылады.
Анықтама хронологиялық ретте, орын алған аумақтық өзгерістер мен әкімшілік бағыныштықтар фактілері өткен шақта дәл мазмұндалады.
ҮЛГІ
Өскемен қаласы
Виноградов көшесі, 19-52
Н.И. Савельевке
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 11 қыркүйектегі Жарлығымен, Шығыс Қазақстан облыстық Еңбекші депуттар кеңесі атқару комитетінің 1963 жылғы 25 мамырдағы шешімімен Горная Ульбинка және Тарханка сельсоветтері бір сельсоветке – Фрунзе сельсоветіне біріктірілген.
Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумының 1964 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен ауылдық және өнеркәсіптік аудандарға бөлу жойылды, Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы құрылды, оның құрамына Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы Фрунзе сельсоветінің Михайловка селосы кірген.
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ),
КСРО Жоғары Кеңесі ведомостері, 1963 ж., №12, 273 бет; 1964 ж. №25, 496 бет.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы Н. Федорова
251347
8.15. Ата-тектік сипаттағы сұраныстар
Ата-тектік сипаттағы сұраныстарды орындау туу, қайтыс болу, некеге отыру, неке бұзу фактілерін растау туралы сұраныстарды орындауға ұқсас АХАЖ бөлімінің құжаттары, метрикалық шіркеу кітаптарының (1923 жылға дейін) жазбаларымен расталады.
Анықтамаға туу, қайтыс болу, неке қию фактілерін растау туралы анықтамаға ұқсас сұралған отбасы, ата-тек туралы барлық табылған мәлімет оқиғаның хронологиялық ретінде енгізіледі (8, 9 тарауды қара).
ҮЛГІ
Мәскеу әлеуметтік-мәдени
бағдарламалар институты
127018 Ресей
Мәскеу қаласы
Октябрьский қысқа көшесі, 8 үй.
МҰРАҒАТ АНЫҚТАМАСЫ
Томск, Омбы рухани консисториясының Николаев шіркеуінің (Ульбинский поселкесі) 1885-1919 жылдардағы, Томск, Омбы рухани консисториясының Өскемен қаласы Покровск Соборының 1894-1995, 1906, 1909-1910, 1919 жылдардағы мемлекеттік сақтауға аз көлемде түскен метрикалық кітаптарында Черепановтар отбасы туралы келесі мәліметтер бар:
- 1885 жылғы 15 ақпандағы неке қию туралы...
- 1895 жылғы 13 ақпандағы шаруа... туғаны туралы...
- ... қайтыс болғаны туралы...
- ... туғаны туралы.
Негіздеме: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (ШҚОММ),
қ 752, т. 8, і. 3, б. 55 сырты-56.
Черепановтар отбасы туралы басқа мәліметтер Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатында жоқ.
Шығыс Қазақстан облысы
мемлекеттік мұрағатының директоры О.Г. Полякова
Орындаушы И. Дурново
254310
8.16. Тақырыптық сипаттағы сұраныстар
Тақырыптық анықтамаларға сұраныс объектісі болып табылатын белгілі бір зат немесе сұрақ туралы мәліметтер кіреді (мекеме, оқиға, әкімшілік-аумақтық құрылым, мекеменің құрылым тарихы және т.б.), мұндай анықтамалар көбінесе мекемелердің сұраныстарына беріледі, жекелеген жағдайларда сұраныс жеке емес, қоғамдық сипатқа ие болғанда азаматтардың өтінішері бойынша да беріледі.
Басқару органдарына, мемлекеттік мекемелерге олардың әрекеттеріне қатысты барлық сұрақтар бойынша анықтамалар беріледі.
Жоғарыда көрсетілген сұраныстардан өзге облыс мемлекеттік мұрағатына басқа сұраныстар да түсуі мүмкін: әскери бөлімде қызмет өтеу туралы, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеу орнында болуы, саяси құғын-сүргінге ұшырау, ақтау, арнайы тұрақта болуы, азаматтарды іздеу туралы.
Қазақстан аумағында 1919 жылға дейінгі азаматтардың революцияға дейінгі әскери бөлімдерде қызмет етуі туралы құжаттар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында сақталады (Алматы қаласы, Абай даңғылы, 39). 1918-1936 жылдардағы республикалық маңыздағы барлық кеңестік мекемелердің құжаттары сақталады.
Облыс мемлекеттік мұрағатында әскери қызмет туралы құжаттар жоқ. Бұл факт көрсетілген әскери бөлімдердің немесе олардың құқықтық мұрагерлерінің немесе жоғары тұрған ұйымдардың құжаттарымен расталады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.) Кеңес Армиясындағы қызмет өтеуге қатысты құжаттардың, соғыстан кейінгі кезеңдегі құжаттардың үлкен бөлігі Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатында (Подольск қаласы, Киров көшесі, 74), жарақаттану, госпитальда емделу фактілері Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігінің Әскери-Медициналық мұражайында (Санкт-Петербург қаласы, Лазеретный қысқа көшесі, 2) сақталады.
Саяси қуғынға ұшырау туралы өтініштер Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаментіне жолданады; арнайы орналастыру (спецпоселение), эвакуация туралы фактілер (облыс мемлекеттік мұрағатында жоқ болған жағдайда) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті басқармасына; ақтау туралы сот және прокуратура органдарына қайта жолданады.
Азаматтарды іздеу облыс мемлекеттік мұрағатының құзіретіне кірмейді.
Қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңы.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңы.
2008 жылғы 1 ақпандағы «Мұрағат анықтамаларын беру туралы» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты.
«КСРО мемлекеттік мұрағаттарының негізгі жұмыс ережелері туралы». М., 1984.
«КСРО мұрағат ісінің теориясы мен практикасы», М., 1966.
«Еңбекшілердің сұраныстары бойынша мұрағаттарда анықтама жүргізу және анықтама, үзінділер, көшірмелер беру тәртібі туралы», Қаз.ССР ОММ, Алматы, 1966.
2009 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын жинақтауды, сақтауды, есепке алуды, пайдалануды ұйымдастырудың біртұтас ережелері».
2003 жылғы 29 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарындағы құжаттандырудың және құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелері».
2000 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын уақытша ведомстволық сақтау тәртібі мен мерзімі туралы нұсқаулық».
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпараттар және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттарды және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының 2001 жылғы 9 шілдедегі №43 бұйрғымен бекітілген «Шет елдерден түскен әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау тәртібі туралы нұсқаулық», Алматы, 2001.
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының ғылыми-әдістемелік комиссиясының 1977 жылғы 17 наурыздағы №3 шешімімен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының құжаттары бойынша әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау жөніндегі нұсқаулық», Өскемен қаласы, 1977.
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының ғылыми-әдістемелік комиссиясының 2000 жылғы 20 сәуірдегі №1 хаттамасымен мақұлданған әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау жөніндегі әдістемелік кеңестер.
Достарыңызбен бөлісу: |