4 мақсат. Отандық мәдениетті сақтау, дәріптеу және насихаттау
«Отандық мәдениетті сақтау, дәріптеу және насихаттау» мақсатын іске асыру үшін 1 нысаналы индикатор – облыс тұрғындарының мәдениет саласының қызмет сапасына қанағаттанушылық деңгейі қарастырылған.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, облыс халқының мәдениет саласы бойынша қызмет сапасына қанағаттану деңгейі 2013 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған 68 % құрады және бұл 2012 жылдың көрсеткішіне қарағанда 1,04 % ұлғаюын көрсетеді.
Облыс халқының мәдениет саласы бойынша қызмет сапасына қанағаттану деңгейіне қол жеткізуі мәдени мекемелері желісінің жетілдіру және кеңейту, апатты жағдайдағы және күрделі, ағымдағы жөндеуге жататын мәдениет нысандарын қалпына келтіру, мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы қамтамасыз етілді.
2013 жылы мәдениет ұйымдарының желісін есепті жылда 11 клубтық мекеме және 3 кітапхана ашылумен барлығы 660 бірлікті құрады.
2013 жылы 8 мәдениет саласы объектісінің құрылысы және қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылды, 2 объект аяқталды, оның ішінде 1 объект пайдалануға берілді, 6 объект 2014 жылы аяқталады.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде елді мекендерінде 1 күрделі және 17 ағымдағы жөндеу жүргізілді, 131 жұмыс орны ашылды.
Облыстың мәдениет саласы ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуына 350 млн. теңге бөлінді.
Есепті жылы облыстық концерттік ұйымдармен 110-нан астам ірі мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді, сонымен қатар, 2013 жылы облыстың 45 ұжымы мен жеке орындаушысы әртүрлі халықаралық және республикалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындар мен құрметті атақтарға ие болды.
5 мақсат. Қазақстанның бірыңғай халқының факторы ретінде толерантты тіл саласын құру
«Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі» мақсаты индикаторының 2013 жылға жоспарланған көрсеткіші 74 пайыз. Орындалуы – 74,1 пайыз.
Тұрғындарға мемлекеттік тілді меңгерту бағытында Шығыс Қазақстанда 1 облыстық, 9 аудан, қалалық тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілермен қатар қазақ тілін үйренуге ниет білдірген барлық тұлғаларға кеңінен қолдау көрсету мақсатында тіл оқыту орталықтарының жанынан «Тілашар» тегін курстары ұйымдастырылып келеді. 2882 тыңдаушы мемлекеттік тілді оқумен қамтылған. 820 үйірме ұйымдастырылып, онда қазақ тілін оқуға 15419 адам қазақ тілін оқиды.
Орталық жанынан іске қосылған «Учимся говорить по-казахски» қашықтан оқыту сайтының қызметін пайдаланып отырған 370 мыңнан астам адамның 143 740-ы қашықтықтан оқыту әдісімен мемлекеттік тілді сайт арқылы үйренуде.
Әлеуметтану ғалымдарының қатысумен 2013 жылдың қараша айында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Қала, аудан әкімдігі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерімен сауалнама жүргізілді.
6 мақсат. Бұқаралық спорт пен жоғарғы жетістіктер спортын дамыту
Жыл қорытындысы бойынша дене шынықтыру мен спортпен облыс көлемінде шұғылданатындар саны 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 350,2 мың адамды құрады, бұл жалпы халық санының 25,1% құрайды. Облыста 2010-2013 жылдар аралығында 300 астам спорт нысандары салынды, соынң ішінде 2013 жылы спорт нысандарынң саны 182 бірлікке артты.
Халықты салауатты өмір салтына, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануына тарту бойынша келесі индикаторларға қол жеткізілді.
2013 жылы Шығыс Қазақстан облысында 2013 жылы 3996 спорттық-бұқаралық іс шаралары өткізіліп, 550 мың адамды қамтыды, соның ішінде 140147 балалар мен жасөспірімдер (18 жасқа дейін).
Ағымдағы жылы жоғарыда аталған индикаторла бойынша стартегиялық және бағдарламалық құжаттарда қарастырылған жоспарлардың асыра орындалғандығы байқалады.
Спорт резервін дайындау, халықаралық дәрежедегі спортшыларды жаттықтыру, шығыс қазақстан облысы спортшыларының сапалы және сәтті өнер көрсетуіне қолайлы жағдай жасау бойынша келесі индикаторларға қол жеткізілді.
Спор шеберлігіне 23491 адам жаттығуды (2012 жылы 21299 адам.) білім беру саласы мәліметтері бойынша балалар мен жасөспірімдер саны (6-18 жас аралығы) -170859, 2192 адамға артты. Жаттықтырушылар контингенті 867 маманға артты (2012 жылы-830). Әр спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасына кіретін спортшылар саны да артып, Шығыс Қазақстаннан 1000 спортшыны құрады ( 2012 жылы 947 адам.). халықаралық дәрежедегі 16 спорт шебері, 175 спорт шебері, 463 спорт шеберіне үміткер және 496 бірінші санатта спортшы дайындалды.
Өткен маусымда Шығыс Қазақстан облысы 571 медаль, соның ішінде : 217 алтын; 163 күміс; 191 қола.
7 мақсат. Шығыс Қазақстан облысының туризм индустриясын тұрақты дамыту
Мақсаттарды жүзеге асыру үшін 1 нысаналы көрсеткіш және 2 тікелей нәтижелер көрсеткіші қарастырылған. Статистикалық мәліметтер ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында беріледі.
-
Туристік салада қызмет көрсетуші ұйымдардың жиынтық табысын
2015 жылы 2008 жыл деңгейімен салыстырғанда 56,5% ға арттыру.
2013 жылы облыс жыл сайын Астана қаласында өтетін Astana Leisure «Астана-Демалыс» көрмесіне қатысты. Көрме қорытындысы бойынша ең үздік деп саналған 10 старт-ап жобалардың ішінде 5 жоба Шығыс Қазақстаннан болды:
-
«Шығыс Қазақстандық пантымен емдеу орталығы» ЖШС – «Катонқарағай» туристік сауықтыру кешені;
-
«Казахавиатур» ЖШС – Әуе туризмі;
-
«SAMRUC» ЖШС – «Гусиный» аралындағы туристік кешен;
-
«Екі Дос» ЖШС – Катон-Қарағайдағы емдік-сауықтыру базасы;
-
ЖК Ибрагимов Едіге Токтарханұлы – «Киіз үй қалашығы» қонақ үй кешені («Киіз үй қалашығы» қонақ үй кешенінің Жарма ауданы Қалбатау ауылында ашылуы).
Шығыс Қазақстан облысының туризмін дамыту кластерлік бағдарламасының Шебер-жоспары бекітілді. (ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министірлігінің вице министрі П. Раудың 07.11.2013 жылғы № 350 бұйрығы). Жоспарды жүзеге асыруға қазақстандық-неміс сарапшылары, "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ, «IPK International» тартылды. Жобада туристік индустрияны дамытудың 3 негізгі және 3 екінші кезектегі кластері анықталды. Инвестрлерді тарту бойынша бизнес-модельдер енгізіледі.
-
Ішкі туризм бойынша келушілер санын арттыру.
Облыстың халқына және қонақтарына ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету мақсатында "Шығыс Қазақстан облысының Туристік ақпараттық орталығы" КММ ашылды. Оның негізгі қызметіне Шығыс Қазақстан облысында демалу бойынша толыққанды ақпарат кеңістігін құру кіреді.
-
Кіру туризмі бойынша келушілер санын арттыру.
Облыста келушілерді орналастырумен шұғылданатын 265 орналастыру орындары 5177 нөмірге есептелген, олардың біржолғы сыйымдылығы 17049 төсек-орынды құрайды. Олармен 319143 адамға қызмет ұысынлған және 2393,2 млн. теңгеге қызмет көрсетілген.
Ең үлкен туристік қызметті жүзеге асыратын және тұруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді ұснатын субъектілердің саны Өскемен (60), Семей (53), Риддер (17), Үржар (88) және Зырян (40), Ұлан (11) және Катон-Қарағай (9) аудандарында орналасқан.
8 мақсат. Ұлт бірлігін және қазақстандық патриотизмнің нығаюын қамтамасыз ету. Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын жетілдіру арқылы мемлекеттілікті нығайту.
Есептік жылы бойы облыста ұлт бірлігін қамтамасыз ету, қазақстандық патриотизмді және мемлекеттілікті нығайту мақсатты жетілдіру боыйнша жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Мақсатты жүзеге асыруға 1 нысаналы индикатор және 1 нәтиже көрсеткіші қарастырылған.
«Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оңды бағалайтын тұрғындар үлесінің артуы» нысаналы индикатор 56,5,% құрады.
Ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатты оңды бағалайтын тұрғындар үлесі 84,5%-ке жетті.
Ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатты оңды бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру бойынша сындарлы іс-қимылдардың шаралары жетілдірілген болатын.
Өткен жылы сұхбат алаңдарының жұмысы аясында Қоғамдық кеңестің 37 отырысы, Саяси клубтың 5 отырысы, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің 2 отырысы өтті; мемлекеттік ақпараттық тапсырысты 24 республикалық және 26 облыстық БАҚ-ры жүзеге асырған, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 14 жоба іске асырылды.
Этномәдени бірлестіктердің өкілдерімін ұлтаралық қатынас саласындағы үйлестірілген жұмысы жалғастырылған.
Шығыс Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік даму Тұжырымдамасы және оңы іске асыру жөнінде іс-шаралар Жоспары бекітілді.
Құқық қорғау органдарымен бірге ұлттық ерекшеліктерге қатысты туындаған қақтығыстарды алдын ала анықтап, оның алғышарттарын жою, ұлттық төзімсіздіктің туындауы мүмкін көріністерге жедел әрекет ету бойынша шаралар қабылдануда.
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралардың және мемлекеттік саясат туралы тұрғындардың ақпараттану деңгейінің жоғарылауы тұрақты қоғамдық-саяси ахуалдың сақталуы, тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген жоғары сенім деңгейі табылады.
9 мақсат. Көшелерде және қоғамдық орындарда сенімді құқықтық тәртіп қамтамасыз ету, қылмысты ашу, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды анықтау
Көшелерде және қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сенімді қорғау, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды ашуды қамтамасыз ету мақсатында 1 мақсаттық индикатор және 4 түзу нәтиже көрсеткіштері көрсетілген, олар орындалған.
Тіркелген қылмыстар санының 25%– ға(2012 жылы 25 610– нан 2013 жылы32 002– ге дейін), өсуіне қарамастан 2013 жылдың қорытындысы бойынша облыстың жедел жағдайы тұрақты болып қалуда. Республикада тіркелген қылмыстардың саны бойынша- бұл үшінші көрсеткіш, ал қылмыстың өсуі бойынша – жетінші. Бәрінен бұрын қылмыстардың статистикалық өсімі қылмыстарды есепке алу және тіркеу мәселесі талаптарының күшеюіне негізделген.
Ауыр және аса ауыр қылмыс түрлернің үлесі тұрақты болып қалуда, сондай – ақ ауыр қылмыстар саны 4.5% – ға төмендеген. Аса ауыр қылмыстар саны (13%– ға) өссе де, оның өсімі есірткі өткізу (+29%) бойынша полиция жұмысына негізделген, сонымен қатар қасақана кісі өлтіру 5% – ға (124 – тен 118–ге) төмендеген. Сондай– ақ денсаулыққа ауыр зиян келтіру 5%– ға (190– нан 181–ге), қарақшылық шабуыл – 11%– ға (96– дан 85–ке) және тонау 5% – ға ( 1 368–ден 1 296–ға) төмендегенін атап өту қажет.
2013 жылы барлығы 18 740 ұрлық жасалған, бұл жалпы тіркелген қылмыстар санының 58%–ын (2012 жылы – 64%) құрайды, сондай– ақ олардың көп бөлігі орташа залал келтірген ұрлықтар, ауыр санаттағыларға тек 232 (немесе 1%) жатады. Өткен жыл ішінде мал ұрлығының саны 20% – ға (945–тен 753–ке дейін) азайып тұрақтанған.
Қылмыс жасағаны үшін жазадан бұлтартпастықты қамтамасыз ету бойынша Ішкі істер органдарының негізгі мінедеттерінің бірін жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасуда. Облыс бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу 63,7% – ды (республика бойынша – 44,3%), құраған, бұл облысты Республика бойынша 2 орынға шығарған. Ауыр қылмыс түрлерін ашу бойынша 61,1% – ды (республика бойынша – 41,4%), аса ауыр бойынша 81,1%– ды ( республика бойынша – 78,3%) құраған. 2012 жылмен салыстырғанда қасақана кісі өлтіруді ашу 1,6%– ға (88%), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 2% – ға (82%), зорлау 6,4%– ға (95,3%) және тонау 3,5%– ға (58,3%) ашу өскен. Сондай– ақ, барлық қылмыстарды ашу санаттары орта республикалық көрсеткіштен жоғары.
Есірткі заттарының заңсыз айналымы, есірткі трафигінің арналарын жабу, ұймдасқан қылмыстық есірткі топтарының әрекеттерін болдырмау бойынша күрес шараларын белсенді қабылдау. Барлығы 246 есірткі қылмыс (2012 жылы – 242), 183 өткізу фактісі (2012 жылы – 166), контрабанданың 9 фактісі (2012 жылы – 2) анықталған. Заңсыз айналымнан 185 килограмнан артық есірткі заттары, сонымен қатар 2,3 килограмм героин тәркіленген.
Мәжбүрлеп емдеуге АЕАМ 1 180 маскүнемдер (+4%) жолданған. Полиция белсенділігі арнайы мекемелердің (бүгінгі күні облыста 350 төсек-орын 3 АЕАМ жұмыс жасауда) мүмкіндіктеріне байланысты шектелетінін атап өту қажет, осының нәтижесінде сот шешімдері екі – үш ай кешігумен орындалады, ал оның ішінде 108 орындалмай қалған. Облыста барлығы Өскемен, Семей, Зырян қалаларында 3 медициналық айықтырғыш жұмыс жасайды, ал Риддер және Шемонаиха қалаларындағы мекемелер жұмысы жөнделмеген, бұл екі аудандағы мас күйдегі қылмыстылықтың айтарлықтай өсімі осыдан: 112% және 85% сәйкестендірілген.
Облыс жолдарында 1 579 жол-көлік оқиғалары тіркелген, онда 177 адам қайтыс болып және 1 968 жарақат алған. ЖКО саны 41% -ға өскен, жараланғандар - 43 %, ал қайтыс болғандар саны 12% -ға өскен. Жалпы жолдардағы жағдайды және қауіпсіздікті анықтайтын негізгі факторлардың бірі жол қозғалысының қатысушылары тәртібінің төмендігі болып табылады. Сондай – ақ, жолдардағы апаттылық жағдайына автопарктердің өсу қарқыны, жол төсеу сапасынан (жол қозғалысының қауіпсіздігін туғызатын автокөлік жолдарының 55% көбі ақаулары бар) көше- жол жүйелерінің және жол инфрақұрылымының даму қарқынының артта қалуы туғызады.
10 мақсат. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жоғалтулар және залалдар тәуекелінің максималды төмендеу мүмкіндігі
Мақсатты іске асыру үшін 1 мақсаттық индикатор және 1 тікелей нәтижелер көрсеткіші қарастырылған.
Жедел мәліметтер бойынша облыста 159 табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелген, бұл 2012 жылға қарағанда 12,6% аз, 2012 жылы – 182 жағдай тіркелген. Адам өлімі 116 адамды құрады, бұл 2012 жылдың осыған ұқсас мерзімінен 11% аз, 2012 жылы – 130 адам.
Сонымен жүргізілген талдау материалдық және адам шығынын азайғанын көрсетеді.
Жергілікті атқару органының 2013 жылғы жұмысын талдау қортындысы бойынша табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында аймақты дамыту бағдарламасын орындалды деп санауға болады.
Төтенше жағдайлардан материалдық және адам шығынын азайған, мақсаттық индикатор орындалды, тапсырмалар аясындағы барлық көрсеткіштер толық көлемде орындалған.
Өрттерге, зілзалаға, сырғымаға, селдерге, су басу, тасқын суға қарсы әрекет етуге инфрастуктуралардың қамтамасыз етілу деңгейіне, тікелей нәтижелер көрсеткішіне алдын алу жұмыстары көлемі есебінде қол жеткізілген.
Жыл бойы Департаментпен жоспарланған іс-шараларды іске асыру тиімділігін жоғарлатуға және мақсатқа қол жеткізу көзделген шаралар қабылданған.
Облыстың авариялық-құтқару қызметтерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту, алдын алу іс-шараларын жүргізу бойынша (әр түрлі ТЖ туындау кезінде халықтың өзін-өзі ұстау ережелерін насихаттау бойынша БАҚ жұмыс жасау) жоспарлы жұмыстар жүргізу.
Жыл бойы жал бекіту, тереңдету, өзен арнасын түзету, тасқын су, су басыңқырайтын аймақтардағы жұмыстарды атқару. Қалалар мен аудандарға шығу арқылы коммисиялардың және жұмыс топтарының жұмыстары, сондай-ақ өрттерге, зілзалаға, сырғымаға, селдерге, су басу, тасқын суға қарсы кешенді алдын алу шараларын қабылдау.
«Облыстың елді мекендерін сейсмикалық микро аудандау карталарын әзірлеу» шараларын ШҚО архитектура и қала құрылыс басқармасымен пысықталатын бөлімге ауыстыруды, «Тұрғын үйлерді, әлеуметтік және өндірістік бағыттағы нысандарды сейсмотұрақтылыққа тексеру жүргізу» және «Тұрғын үйлерді, әлеуметтік және өндірістік бағыттағы нысандарды сейсмотұрақтыландыру» шараларын ШҚО құрылыс басқармасымен жасалатын бөлімге ауыстыруды, «Гидротехникалық имараттарды қауіпсіздігін тексеру және беріктігін анықтау» және «Коммуналдық иеліктегі плотина және гидротехникалық имараттардың жөндеу жұмыстарын жүргізу» шараларын табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен жасалатын бөлімге ауыстыруды ұсынамыз.
2014-2015 жылдары іс-шараларды орындау үшін аудандар (қалалар) әкімдіктеріне уақытылы жобалық-сметалық құжаттар дайындау, жұмыс атқаруды талап ететін бағдарлама тармақтары бойынша сәйкес экспертизалық қортынды алу қажет. Сауда-материалдық құндылық алуды талап ететін шараларды орындау үшін уақытылы дәйектеме әзірлеу және оларды бағдарламаны жүзеге асыру жоспарымен анықталған қаржыландыру көзіне сәйкес мемлекеттік органдарға ұсыну қажет.
бағыт: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
1-мақсат. Халықты қол жетімді және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету
Халықтың байланыс және коммуникация саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі облыс бойынша индикатор орындалды және 65% құрады.
2015 жылға қарай жергілікті телефон байланысын 100 пайыздық сандық жүйеге көшіру деңгейіне жету, көрсеткіш орындалды және 95% құрады.
1000 және одан көп адамы бар елді мекендерді мобильді байланыс қызметімен қамтамасыз ету көрсеткіш 91% жетті және ұялы байланыс есебінен орындалды.
Ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілді, абоненттер CDMA-450 және ЦАТС желісіне қосылды.
Ескірген байланыс желісінің орнына көлік желісі жаңартылды. «Казахтелеком» АҚ меншікті қаражаты есебінен жаңарту іс-шаралары өткізілді және сандық АТС пайдалануға енгізілді, Казнаковка - Күршім; Үлкен-Нарын – Соловьево - Зырян; Көкпекті – Жантікей – Ақмектеп - Тұғыл-Зайсан; Таскескен – Үржар бағыттарында талшықты-оптикалық байланыс желілері салынды.
2 мақсат. ШҚО электрондық әкімдік қызметтерінің ашықтығы мен халықтың оны қолдануға дайындығын арттыру
Халықтың компьютерді меңгеру деңгейі жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіші 50,9% орындалды және қол жеткізілді.
.
3 мақсат. Құрылыс жұмыстарының көлемін ұлғайту
Құрылыс жұмысының табиғи көлем индексі: индикатор жоспарланған көлемнен 118,3%-ға немесе 15,3%-ға жоғары орындалды.
2012 жылға құрылыс жұмысының көлемі 2011 жылға қарағанда 118,1 млрд. теңгені 18,3% өсімімен құрады.
.
4 мақсат. Тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз ету
«Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға енгізу» индикаторы 248 мың ш.м. жоспары кезінде қол жеткізе алмады, 244 мың ш.м. енгізілді.
Облысқа тұрғын үй енгізу жылдың қорытындысы бойынша өткен жылдың деңгейінен 244,01 мың шаршы м. 1,5% өсімін құрады.
Несиелік тұрғын үй құрылысы.
2012 жылда 2011 жылдың енгізілуіне 3 есеге асатын жалпы ауданы 19,029 мың ш.м. 6 несиелік үйлері (312 пәтер) енгізілді.
Жалдамалы тұрғын үй құрылысы.
2012 жылы 15 көппәтерлі тұрғын үйлер және Өскемен қаласында 17 жеке тұрғын үйлер, Семей және Риддер қалаларында көп қабатты тұрғын үйлер сонымен қатар, Ұлан және Шемонаиха аудандарында Тарбағатай ауданында жеке тұрғын үйлер құрлысы жүргізілді. Курчатов қ. сондай-ақ Абай, Глубокое және Шемонаиха аудандарында үйлер мен пәтерлер мүліктендірілді. Бесқарағай, Зайсан және Күршім аудандарында тұрғын үйлерді қайта жаңғырту жүргізілді.
2012 жылы кезекте тұрғандар үшін 2011 жылдың қорытындысында 2 есеге асатын жалпы ауданы 16,3 мың ш.м. 6 көппәтерлі (364 пәтер) тұрғын үйлер және 7 жеке тұрғын үйлер, жалпы ауданы 7,6 мың ш.м. жас отбасылар үшін – 3 тұрғын үй (290 пәтер) салынып және мүліктендірілді.
2020 - Әлеуметтік бағдарламаны іске асыру.
Өскемен, Семей қ.. Көкпекті ауданында 220 жеке тұрғын үйлер құрылысы сонымен қатар, Риддер, Зырян, Семей, Өскемен қ. 5 көп қабатты (290 пәтер) тұрғын үйлер құрылысы жүргізілді.
Жалпы ауданы 12,8 мың ш.м. 1 көппәтерлі (60 пәтер) тұрғын үй және 114 жеке тұрғын үй енгізілді.
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы шеңбері тәртібінде 12 айға барлық қаржыландыру көздері есебінен 11,8 млрд. теңге бөлінді.
5 мақсат. Автожол саласының инфрақұрылымын дамыту деңгейін жоғарылату
Мақсатқа жету үшін 1 мақсатты индикатор және тура нәтиже көрсеткіші қарастырылған. Индикатор және көрсеткіштер жыл қорытындысы бойынша орындалды.
-
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Индикатор 74 % жетті.
Аталған индикаторға жету жалпы болжамды тура нәтиже көрсеткіштерді орындаумен жүзеге асты.
-
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу және қайта жаңғырту.
Аталған көрсеткіштерді жүзеге асыру үшін «Таңсық станциясы-«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ескерткіші» автожолы, 0-11,25 шақырым салынуда және «Көгілдір бұғаз» демалыс базасына кіре беріс» автомобиль жолын қайта жаңғырту аяқталды, жалпы ұзындығы 18,3 шақырым.
-
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу.
Көрсеткіштерге жету мақсатында жалпы ұзындығы 44,5 шақырым автомобиль жолдарына күрделі жөндеу, жалпы ұзындығы 113,2 шақырым автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізілді.
6 мақсат. Облыс тұрғындарын сапалы, қолжетімді көлік қызметімен қамтамасыз ету
Мақсатты іске асыру үшін 2 нысаналы индикаторлар және 1 тікелей нәтиже көрсеткіші қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша индикаторлар және көрсеткіштер орындалды.
1. Жүк айналым көлемі жоспары орындалды, 13100,3 тонна шақырымға жетті немесе 2012 жылғымен салыстырғанда 116,4 %-ға артық.
2. Жолаушылар айналым көлемі жоспары орындалды, 21 129,1 млн жолаушыға жетті.
Көрсеткiшке жету мақсатында ай сайынғы бақылау, жүк және жолаушыларды тасымалдау бойынша статистикалық мәліметтерді бақылау жүргізілді. Көліктік, қалалық электр және су көлігімен 1606,6 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 10,1 % артық.
Жолаушы тасымалымен қамтамасыз етілмеген елді мекендерді облыс орталығына тұрақты қатынаспен қамтамасыз ету мақсатында Жоспар-кесте әзірленді.
3. Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендердің үлесі жоспарлы көрсеткіш деңгейіне жеткен.
Әлеуметтік маңызды «Защита-Зырян» және «Защита-Лениногор» қатынастарын субсидиялауға 2013 жылы 271,6 млн. теңге бөлініп, толық көлімде игерілді.
«SCAT» әуекомпаниясымен орындалатын облысішілік әлеуметтік маңызды «Өскемен - Зайсан», «Өскемен – Семей - Үржар» тұрақты әуе рейстерін субсидиялауға 2013 жылы облыстық бюджеттен 146 517 мың. теңге бөлініп, толық көлімде игерілді.
2013 жылы елді мекендерді тұрақты жолаушы қатынасымен толық қамту мақсатында облыспен 7 тұрақты қалааралық қатынас жаңғыртылды.
7 мақсат. Облыс азаматтарының жайлы тұруы
Коммуналдық қызмет көрсетулердің сапасына қанағаттануы 60% орындалды және жоспарланған мәнге жетті.
Апатты жағдайдағы кондоминимум нысандарының үлесі жоспарланған мәнге 41% жетті және орындалды.
Электрмен қамтамасыз етумен қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендердің үлесінің артуы, 2015 жылға қарай олардың жалпы санына
99% дейін қол жеткізілді, жоспар 98%.
2012 жылы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы модернизациялау Бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен көлемі 812,5 млн. теңге қаражат бөлінді.
1-ші механизм бойынша 28 тұрғын үй 280,5 млн. теңге сомасында жобаға қатысады, 12 үйдің жөндеулері аяқталды, 16 үй 2013 жылға өткізілді. Бөлінген 312,5 млн. теңгеден 143,0 млн теңге қолданылды (игерілді) немесе 46%, яғни 100%-ға игерілді.
2 тетік бойынша Өскемен қ. жобада 37 тұрғын үй қатысады, барлық үйлер жөнделген. Барлық қаражат 300,0 млн. теңге толық игерілді.
Семей қ. 13 тұрғын үй жобаға қатысады, 3 үй жөнделді. Бөлінген 200,0 млн. тенгеден 172,0 млн. теңге немесе 87% игерілді. Қалған сомаға қосымша 4 үй бойынша шарт жасалды, жұмыс жалғасуда.
Қаражатты міндетті жинақтау тетігі енгізілуде және қолданылуда. Өскемен қ. 8 нысан және Семей қ. 7 нысан 15 көпқабатты тұрғын үйде энергоаудит жүргізілген.
Барлық бұрынғы элетр желілері оммуналды меншікке берілген, осы кезеңде қалалар мен аудандар әкімдіктері құқық белгілеуші құжаттар дайындауда.
Электрлендірілмеген 13 ауылыдқ елді мекеннің электрификациясы аяқталды.
8. мақсат. Шығыс Қазақстан облысының халқын қажетті мөлшерде және кепілді сапада тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету
Тұрғындардың орталықтандырылған сумен қамтуға қолжеткізу деңгейін арттыру нысаналы индикатор орындалған жоқ, жоспар 82,4% факт 81,9%. Төмендеудің негізгі себебі көші қон ағымымен және сәйкесінше Өскемен қ. абоненттердің азаюы, ауылдық жерде тұтынушылар санының көбеюімен байланысты.
Жыл соңында 11 сумен қамту нысаны енгізілді, ауыз су 4,2 мың тұрғыны бар 5 ауылда жеткізілді, 15,2 мың тұрғыны бар 6 ауылда сумен қамту жақсарды.
Достарыңызбен бөлісу: |