Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есеп


Су құбыры желілеріндегі апаттар саны



бет21/21
Дата22.02.2016
өлшемі1.7 Mb.
#1458
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Су құбыры желілеріндегі апаттар саны жоспарлы көрсеткіш деңгейінде 1490 апатты құрады.
9. мақсат. Тұтынушылардың жылумен қамту қызметтерімен үздіксіз және сапалы жабдықтау
Жылумен қамту қызметтерімен жабдықталу деңгейін арттыру индикатор жоспарлы мәнге жетті және 10,2% құрады.

Ауыстырылған жылу желілерінің ұзындығы көрсеткіш 2,54 км құрады.

Паравойлық және жылу желілеріндегі апаттар саны көрсеткіш авариялардың 62 бірлікке азаюы есебінен орындалды, жоспар 271.

«Семей қаласының қолданыстағы жылумен қамту жүйесін жаңарту, қазандықтарды кеңейту және қайта жаңғырту» жобасы іске асырылуда, 2012 жылы 6,0 млрд.теңге бөлінді, Семей қ. жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.

Аягөз және Курчатов ққ. қазандықтар құрылысы және қайта жаңғырту бойынша жобалау-сметалыққұжаттама әзірленуде.

Жыл сайын жылу желілері мен қазандықтарда жылыту маусымына дайындық шеңберінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жылу желілерінде апаттардың санын азайту мақсатында жылу желілерін қайта жаңғырту және оқшаулағышты ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жылумен қамтушы ұйымдарда апаттарды шұғыл жою үшін көшпелі бригадалар ұйымдастырылған, олар қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
10. мақсат. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендеріндегі су тарту жүйелерінің үздіксіз және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Тұрғындардың су тарту қызметтерімен қамтылу деңгейін арттыру жоспар 40%, факт 34,16 %.

Канализациялық желілердегі апаттар саны көрсеткіш апаттардың 120 дейін азаюы есебінен орындалды, жоспар 680 бірлік.

Толық биологиялық тазартқыш арқылы ағын суларды өткізу 296 мың.куб.м құрады.

Тұрғындардың су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін ұлғайту мақсатында 2012 жылы 1 142 363,1 мың тенге сомасына 5 су бұру жобасы, соның ішінде 909 522,0 мың теңге республикалық бюджеттен және 232 841,1 мың теңге жергілікті бюджеттен.
бағыт: АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ, ЭКОЛОГИЯ
1 мақсат. Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту негізін құру, ауыл тұрғындарының өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету
Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендер санының артуы 2012 жылдың деңгейінде - 46. 2013 жылы облыстың тірек ауылдарын дамытуға 11,2 млрд.теңге, соның ішінде меншікті, қарыз және тартылған қаражат 5,6 млрд.теңге.

Ауылға білім саласының мамандарын тарту. 195 адамды тарту жоспарлған, іс жүзінде 386 адамға орындалды, білім беру мамандарына қажеттіліктің өсуіне байланысты әлеуметтік саланың сұранысқа ие болмаған салаларына бөлінген көтерме жәрдемақы қаражаты білім мамандарына қайта бөлінді.

Ауылға денсаулық сақтау саласының мамандарын тарту, көрсеткіш бойынша жоспар бойынша 66 маман тарту қарастырылған, 144 адам тартылды, ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау мамандарының ұлғаюына байланысты.

2013 жылы республикалық бюджеттен көтерме жәрдемақы төлеуге 393 әлеуметтік сала маманына 87,9 млн. теңге бөлінді және игерілді.


2 мақсат. Шекаралық елді мекендердің экономикалық әлеуетін және қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту
Шекаралас аудандарда халықық санының өсімі, 01.12.2013 жылғы жағдайға орындалу 99,1% құрады. Жоспарланған деңгейге жетпеу тұрғындардың шекаралас аудандардан көшіп кетуіне байланысты.
3-мақсат. Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту
«Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту» мақсатын іске асыру үшін 1 нысаналы индикатор мен 3 тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi қарастырылған. «Ластаушы заттардың жалпы шығарындысын төмендету» индикаторы мен «Тұрақты көздерден атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың шығарындылары» көрсеткiшi бойынша деректер ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында берілетін болады, «Су объектілеріне құйылатын нормативті-тазартылған сарқынды су» көрсеткiшi бойынша деректер ағымдағы жылдың ақпанында болады, «Қайта өңдеуге жіберілген коммуналдық қалдықтардың көлемі» көрсеткiшi орындалды.

1. Ластаушы заттардың жалпы шығарындысын төмендету.

ІІ-ІV санаттағы кәсіпорын-табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттама беру бойынша 2013 жылы атмосфера ауасына эмиссияға лимиттердің көлемі нормативті көлеммен салыстырғанда 7606 тоннаға төмендеді.

2. Тұрақты көздерден атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың шығарындылары.

Деректер 2014 жылдың 1 жартыжылдығында статистика органдарымен қалыптастырылатын болады.

Тұрақты көздерден атмосфераға шығарылатын жалпы шығарындының 75% жуығы І санаттағы кәсіпорындарға келеді, олар рұқсаттаманы ҚР ҚОСРМ мен оның аумақтық бөлімшелерінен алады.

3. Қайта өңдеуге жіберілген коммуналдық қалдықтардың көлемі.

«Хазипов Р.С.» ЖК деректеріне сәйкес 2013 жылы коммуналдық қалдықтар сұрыпталған және 140,3 тонна пластик пен картон қайта өңдеуге жіберілді.

4. Су объектілеріне құйылатын нормативті-тазартылған сарқынды су.

2013 жылы облыстың су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 1 қаулысы әзірленді және бекітілді.

Тұтас алғанда есепті кезеңде жоспарланған табиғат қорғау іс-шараларын тиімді іске асыруға қол жеткізу және жоспарланған мақсаттарға, міндеттер мен көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған шаралар қабылданды.

«Мемлекеттік орман қорының аумақтарындағы шабылған, өртенген және бұрын орман болған аумақтарды қалпына келтіру. Ормандарды өрттен қорғау» 4 мақсатын іске асыру үшін 1 нысаналы индикатор мен 3 тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi қарастырылған. Индикатор мен көрсеткiштер жылдың қорытындысы бойынша орындалды.

1. Мемлекеттік орман қорының орманы көмкерілген алаңы

ШҚО әкімдігіне ведомстволық қарасты 13 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік орман қорының орманы көмкерілген алаңы 2014 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 1272,1 мың га алаңды құрады. 2013 жылы орманы көмкерілген алаң Күршім және Марқакөл орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде орман орналастыру кезінде нақтылаудың есебінен 19867 га ұлғайды.

2. Ормандарды молықтыру алаңы

2013 жылы жалпы алаңы 580 гектар аумақта орман дақылдарын отырғызу жүргізілді, соның ішінде мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығын алған орман пайдаланушылар 59 гектарда, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10 гектарға артық.

636 гектарда орманның табиғи жаңаруына әсер ету бойынша іс-шаралар жүргізілді. 3 гектар алаңдағы орман тұқымбақтарында тұқым себу жүргізілді. Күзгі түгендеудің қорытындысы бойынша орман дақылдарының өнімділігі 76% құрады. Шаруашылық құнды түрлерден 831 кг орман тұқымы жиналды.

3. Орман өртінің орташа алаңын төмендету

2013 жылы мемлекеттік орман қорының аумағында 5 өрт оқиғасы болды, өрт жандырып өткен жер 23,8 га құрады, бір өрттің орташа көлемі 4,8 га құрады.

2013 жылы орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері келесі профилактикалық іс-шараларын орындады:

- жолақ жырту – жоспар 141/факт 141 шақырым;

- өртке қарсы жолдың құрылысы – жоспар 282,5, факт 305,5 шақырым;

- өртке қарсы тақырыптарға арналған семинарлар, лекциялар өткізілді;

- өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау туралы аудандық әкімдіктерге ұйғарымдамалар жазылып берілді.

Осыларға байланысты мемлекеттік орман күзеті ірі орман өрттеріне жол берген жоқ.

Жоспарлы көрсеткіштер толық көлемде орындалды.
БАҒЫТ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
1 мақсат. Азаматтар мен ұйымдар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін жоғарылату
Тұрғындардың әлеуметтік маңызды қызметтердің қөрсетілу сапасына қанағаттану деңгейі 61,69% жетті, жоспар 50%.

Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарына электронды қызметтер ұсыну және ақпараттандыру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалануды ұлғайту бойынша іс-шаралар кешені өткізілді.


Іс-шаралар жоспарында 2013 жылы 230120,2 млн.теңге сомасына 434 іс-шара қарастырылған, 192163,9 млн.теңгеге іске асырылды, соның ішінде:

«Экономика» бағыты бойынша жалпы сомасы 138635,7 млн. тенгеге 67 іс-шара қарастырылған, 121951,3 млн.теңгеге іске асырылды;

«Әлеуметтік сала» бағыты бойынша жалпы сомасы 40397,3 млн. тенгеге 193 іс-шара қарастырылған, 34473,7 млн.теңгеге іске асырылды;

«Инфрақұрылым» бағыты бойынша жалпы сомасы 47374,2 млн. тенгеге 132 іс-шара қарастырылған, 33053,3 млн.теңгеге іске асырылды;

«Ауылдық аумақтарды дамыту. Экология» бағыты бойынша жалпы сомасы 3593,1 млн. тенгеге 22 іс-шара қарастырылған, 2676,2 млн.теңгеге іске асырылды;

«Мемлекеттік қызметтер» бағыты бойынша жалпы сомасы 119,9 млн. тенгеге 20 іс-шара қарастырылған, 9,4 млн.теңгеге іске асырылды;

Мемлекеттік қаржы бақылау тарапынан 2013 жылы бақылау іс-шаралары келесі облыстық басқармаларда жүргізілді.
Ішкі саясат басқармасы.

ШҚО Тексеру комиссиясы 2012 жылғы стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламаларға бағалау өткізді. Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар бойынша қаулы шығарылды. Бұзушылықтар:

стратегиялық жоспарды іске асыру процесінде бюджет заңнамасын қадағаламау. 1613,5 мың тенгеге бұзушылықтар анықталды. Барлық бұзушылықтар жойылды. Тексеру қорытындысы бойынша басқарма қызметкерлері тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылған жоқ

.

Мәдениет басқармасы

ШҚО Тексеру комиссиясы стратегиялық жоспарда қарастырылған тікелей және соңғы нәтижеге жетуге тақырыптық тексеру өткізді. Бұзушылықтардың жалпы сомасы 76 146,0 мың тенге оның ішінде 12586,4 мың тенге өтеуге жатады, 12098,7 мың тенге қапына келтіруге. 5 326,9 мың тенге өтелді, қалпына келтірілгені 10 463,1 мың тенге.

ШҚО қаржы бақылау инспекциясы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР заңнамасын қадағалауға бақылау жүргізді. Бұзышылықтар анықталған жоқ.


Білім басқармасы

ШҚО Тексеру комиссиясы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты тиімді пайдалануға, жергілікті бюджет қаражатын материалды-техникалық жарақтандыруға бөлуге бақылау жүргізді. Барлық анықталған бұзушылықтар жойылды.

Тексеру қорытындысы бойынша басқарма қызметкерлері тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылған жоқ.

ШҚО қаржы бақылау инспекциясы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР заңнамасын қадағалауға бақылау жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 123 126,4 мың тенге сомасына бұзушылықтар анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша басқарма басышының орынбасары және әкімшілік – кадр жұмысының басшысы тәртіптік жазаға тартылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы:

ШҚО Тексеру комиссиясы – қайтарылуы тиіс 448,6 мың теңгеден бюджетке 73,3 мың теңге қайтарылды.

ШҚО қаржы бақылау инспекциясы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР заңнамасын қадағалауға бақылау жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 150 286,6 мың тенге сомасына бұзушылықтар анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша басқарма басышының орынбасары және бөлім басшысы, бас маман тәртіптік жазаға тартылды.


Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Республикалық бюджетті атқаруға бақылау жөніндегі есеп комитеті 2011 жылмен 2013ж. 1 жартыжылдықта республикалық бюджеттің пайдаланылуына бақылау жасады. Бұзушылықтар жойылды. 23.09.2013жылғы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру тиімділігіне бақылау жүргізілді. Тексеру кезеңі 2013ж. 8 ай.

ШҚО Тексеру комиссиясы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты тиімді пайдалануға бақылау жүргізді, 2012ж. бұзушылықтар сомасы 7 873,0 мың тенге бюджетке қайтарылды.

ШҚО қаржы бақылау инспекциясы 1.01.2011- 30.09.2013жылғы кезеңге тексеру жүргізді. Анықталған бұзушылықтар жойылды.

Тексеру қорытындысы бойынша 1 бас маман тәртіптік жауапқа тартылды.


Денсаулық сақтау басқармасы

ШҚО Тексеру комиссиясы стратегиялық жоспарда, бюджеттік бағдарламаларда қарастырылған тікелей және соңғы нәтижеге жетуге тақырыптық тексеру өткізді. және «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған ҚР Денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағалау жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша басқарма басшының орынбасары және бөлім басшысы, 5 бас маман тәртіптік жазаға тартылды.

ШҚО қаржы бақылау инспекциясы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР заңнамасын қадағалауға бақылау жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 150 39 303,7 мың тенге сомасына бұзушылықтар анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша ведомствоға қарасты мекеменің 2 басшының басшысы тәртіптік жазаға тартылды.

Құрылыс басқармасы

ШҚО Тексеру комиссиясы 01.01.2011 ж- 31.12.2012 ж кезеңде «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты тиімді пайдалануға, 2012ж. –69600,1 мың тенге бұзушылық сомасы бюджетке қайтарылды.



ШҚО Тексеру комиссиясы 01.01.2012ж-31.12.2012 ж. кезеңде стратегиялық жоспарда, бюджеттік бағдарламаларда қарастырылған тікелей және соңғы нәтижеге жетуге тақырыптық тексеру өткізді. Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану бұзушылығы анықталды.

ШҚО қаржы бақылау инспекциясы 01.01.2012 ж- 19.09.2013ж. кезеңде республикалық және жергілікті бюджеттерден денсаулық сақтау нысандарын салу және қайта жаңартуға, 01.01.2011ж-27.06.2013ж кезеңде білім нысандарын салу және қайта жаңартуға бөлінген қаражат игеруге бақылау жүргізді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет