Шығыс Қазақстан топономиясы (Б. Биярова, А. Әлімхан, Б. Келгембаева, Г.Құсманова) алатай



бет2/8
Дата11.05.2023
өлшемі33.69 Kb.
#473546
1   2   3   4   5   6   7   8
Бияров ШҚ топонимиясы

АРҒАНАТЫ - Тарбағатай сілемдерінің оңтүстік батысында жатканекі бірдей тау аты, Тарбағатай ауд. Ар көне түркі, монғол тілдерін- де сол «солтүстік» бағытын береді. Сонда таудың «соп қанаты» немесе аргана «арқар» деген қалмақ сөзінен жасалып, Аркарлы деген магына беруі ықтимал.
АРҚАТ - тау. Абай ауд. Абай мен Шәкәрім талай аң аулап, құс салған таулар тізбегі. Арқат оронимін Е.Қойшыбаев арка+т «аркатау» немесе этноним болуы мүмкін дейді. Ж.Болатов антротопоним, яғни, кісі атынан жасалған атау деген болжам айтады. Арқат көне түркі және монгол тілдерінде ар «арқа», «арт жақ», «солтүстік» деген сезі мен хад «жартас» дегенді білдіреді. Сонда Арқат «арқадағы қатталған тастар- дан тұратын тау» дегенді білдіреді. АРҚАУЫЛ -тау, Күршім ауд. Халық этимологиясы Қара-керей Қабанбай батыр жекпе-жекте өлтірген қалмақ батыры Арқауылдың атына орай койылған дейді. Ал ғылыми этимология бойынша Арқауыл - таза ороним (тау аты): Арка- +уул>Арқауыл Түркі-монғол тідерін- де арка «ту сырты», «үсті, «солтүстік» мағыналарын береді. Ал уул - монғол тілінде «тау» деген сөз. Демек, Арқауыл «Арқатау», яғни, малдың арқасына ұқсас, көлбеу біткен тауға берілген атау.
БАҚАНАС - өзен, Абай, Катонқарағай ауд. Бақанас гидронимін көптеген ғалымдар бақан+ас тұлғаларына бөледі де, бақан сияқты басы екіге айырылған өзен деп табады. Шынына келсек, бұл атау монголдын бага «аз», «шағын», «Қысқа» сөзі мен ус «су» түбірінің бірі- гуінен жасалған. Баға (н) ус >Бағанас>Бақанас. Қазақстанда бірнеше жерде кездесетін мұндай өзендердің кебі, расында, шолақ келеді. Сөйтіп, Бақанас – «шолақ, қысқа су (өзен)» деген мәнде тұрган атау.
БАТЫ- е.м; ж.Көкпекті ауд. Атауға монғол тілідегі баа «жасыл», «жас қамыс» +т (туынды сын жұрнағы) тұлғалары қатысқан. Мағынасы: жасыл қамысты жер.
БЕРЕЛ- мұздақ; е.м., Катонқарағай ауд. Халық этимологиясы «бергі ел» деген мағына береді дейді. Алайда, атау елді емес, жердің бір белгісін білдіруге тиіс. Атаудың негізінде көне түркі немесе моңғол сөзі жатыр деп шамалаймыз. Қосымша зерттеуді қажет етеді.
БҰЛҒАРЫТАБЫТЫ - тау; е.м. Күршім ауд. Халық этимология- сы «бұлғарыдан жасалған табыт» жөнінде айтады. Шындығында бұл монғ, булигаар «бұлғары+давааты» «кезендер», «асулар» деген көптік мәнді сездерінің біргуінен жасалған Булигааар давааты > Бұлғары табыты. Мағынасы «бұлғары сияқты жұмсақ, қорым тассыз асу, кезен» дегенді білдіреді. 19 ғасырда бұл жерде бұлғары зауыты болған деген деректі де тексерген жөн.
БҰРҚАТАСУЫ - асу (2150 м.) Қатонқарағай ауд. Асудың толық аты -Архат-Бурхат деп аталады. Ж. Болатов Архат, Бурхат - кісі аттары (антропонимдер) дейді. Моңғол-қазақ топонимдерін салыстыра зерт- теген Г.Сагидолдагийн бұл атауларды былайша таратады; Монг, ар «солтүстік+хад» «жартас» және «овер оңтустік» +хад «жартас». Мағынасы «биік таудың күнгейі мен теріскейі» дегенге келеді. Катонқарағай мен Марқакөлді жалғастыратын бұл маңызды асуды теріскейінен тоғыз ирек жолмен асып, күнгейінде 4-5 жолмен түсу керек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет