Қалам өткеге,
Қанжар серппейді.
Жеу үшін жемейді,
өмір сүру үшін жейді.
Жуалдыз шаншар жұрым жоқ.
Жемісі көп ағаштың бұтағы төмен.
Бұл мата да, демек,
Бәрібір, сол кенеп.
Кеш келдің,
Кеш келсең де
Қош келдің.
Ақиқат – шындық.
Ұсталмаған киікті,
Ұсынумен сый ұтты.
Батылды балталасаң да,
Қан шықпайды.
Қасқыр мен қой бір жерден су ішпес.
Анаң өлсе,
Өгей шешенің қабағына қарамағанда қайтесің.
Нақақ төгілген қан құмға да сіңбейді.
Құладын құласа,
Қарға көзін шоқиды.
Жүгіріп өтті,
Кебісін тасқа сыдырып өтті.
Жылан шаққан адам,
Ала жіптен де аулақ жүреді.
Шаштаразылар бос қалса,
бір-бірінің шашын алады.
Нардтың тастары сәтті түсе берсе,
Бәрі де шебер ойыншы болар еді.
Сұлуға сүрме керегі жоқ.
Ауған мақал-мәтелдерінен.
Жаңбыр жауса, жарлының жаны жадырайды.
Шапалақ жесе, шайтан да ауырады.
Тиын құрлы құны жоқ.
Қонаққа да, қолдиірмен тартқызады.
Ұны болмаса да,
Тандыр орнатты.
Түйе жүкті тарта алмаса да,
Түңіліп бақыруын қоймайды.
Үнділік жігіт досының құрметіне сиыр етін асады.
Әрі құрма тапты,
Әрі сауап тапты.
Шаштараз емес едім,
Шарасыздан шаштараз етті.
Түйенің қай жабасына жатқанын қара.
Шөлдеген түсінде көл көреді.
Інжірдің гүліндей тым сирек кездеседі.
Түйе тұрғанша, күрмеп қал.
Сенің әуезің – гүлдің әуені.
Ішін арақ жайлаған адам сүтті де үрлеп ішеді.
Сол табағы,
Сол тамағы.
Түйені көпірдің астына дапсырып қоя алмайсың.
Я өлем,
Я жеңем.
Сұрай-сұрай Меккеге жетеді.
Не таққа мінем,
Не тақтайға түсем.
Ұрының сақалында сабан салбырайды.
Сұрағына қарай жауабы.
Түн қаншама қараңғы болса да,
Анасынан қызын ажыратуға болады.
Ұсақшылдық ұзаққа апармайды.
Тырнағын іліктірді дегенше,
Жұдырығын орналастырады.
Сұр ит – бөрінің бөлесі.
Өз үйінің жиырма күн иесі болса,
Бір күн ұрысы болады.
Тегін шарапты қазы да ішеді.
Сенен де өлемін,
Сенімен де өлемін.
Менің қызым –
Әрі қызығым,
Әрі шыжығым.
Өткелін білмей
өзенге түспе.
Құдай да таза,
Қора да таза.
Арыншыл атқа алаң тар.
Ұрыға тауда да орын жоқ.
Түн қараңғы болса да,
Алма түгел санаулы.
Тойған соң торта жүрмейді.
Секіруін секірерсің –
Жығылып қалсаң, өкірерсің.
Марқұмның малы өзімен бірге кетеді.
Өсекшінің беті ешқашанда ағармас.
Құлағын салып,
Басын ұтқызды.
Бұл іс – Халиса ботқасы емес.
Тауықты таңбалауға ине де жарайды.
Саусағы сыналаса,
Жұдырығы жа жайласады.
Мысықты етке қарауыл қойды.
Өрт нақ қызғанда,
су тапқызбайды.
Құмнан жүн иіреді.
Біреуге – қайғы,
Біреуге – қуаныш.
Аспанға тас атпа,
Тақияң темір емес.
Тау тақтайға ұқсамас.
Мұсылмандық – тілінде,
Ал кәпірлік – ділінде.
Сарымсақ жемесең, аузыңнан иісі шықпайды.
Не ексең – соны орарсың.
Жұлқылап сен тарттың,
Ұятқа мен баттым.
Марқұмның өзі де,
Сөзі де бірге көміледі.
Өлген пілдің ішінде
Тізеден кешер су бар.
Қыстағы алаудан
Көктемдегі шуақ артық.
Жақсылыққа асыққаның –
Берекет.
Жамандыққа асыққаның –
Пәлекет.
Басқаның тойы –
Аш қарын тойы.
Алуа жегішке күнде мейрам.
Тісі бар да тарысы болмады.
Ұрлатып алды –
Ұрасына құлап салды.
Сүтті мысыққа тапсырды.
Теміршінің үйі
Өртеңген соң құлпырды.
Ажал алқымдағанда безгекке зар боларсың.
Өзі сөгеді,
өзі тігеді.
«Ханмын!» деп кеудеңді қақанмен,
Хандықты тақпайды.
Үйшігіндегі ит жолбарыстан да жоталы.
Өз қоңын өзі кескіледі.
Бір сөзбен қараттым,
Мың сөзбен қанаттым.
Жақсы ат өзін-өзі асырайды.
Бұқалар сүзісті –
Бұталар сынды.
Емен қандай болса,
Сынасы да сондай.
Бақыраш сайын балық асылмас.
Айша да жақсы-ау,
Ғайша да жақсы-ау!
Өз айыбын – буға,
Өзгенікін тауға теңейді.
Қара итін де қара ешкісінің
бағасымен сатады.
Жақсы жеңгең – жарты анаң.
Басқаның қайғысы басымды ауыртпас.
Ақылды дұшпан ақымақ достан артық.
Бір ұра жүннен
Ұршық жіп иірмейді.
Жақсыдан – адам,
Жаманнан – сабан туады.
Батырдың өзегі үзілгенімен,
өзі өлмейді.
Қатесіз адам – қаперсіз надан.
Аға мен тағаның арасында да есеп жүреді.
Жауынгерді жауыр ат жалықтырар.
От пен су –
Біріне – бірі у.
Еттің, өттің –
Дегеніңе жеттің.
Қызған темірге қызыл иек те өтпейді.
Ор қазба – сор қазарсың.
Жетесіз ұл әкесіне тіл тигізеді.
Ағайынды болсаң да,
Ажалды екеніңді ұмытпа.
Оқталмаған мылтық та,
Тоқтатуға жарайды.
Талқан жеп отырып сыбызғы тарта алмайсың.
Қарыз алдың – қайғы алдың.
Жайранның1 жаясы тәтті,
Жабағы жүні қатты.
Екі қасқа бас та –
Басқа, басқа.
Жүректегі лапылдаған отты
Молданың ішірткесі де өшіре алмайды.
Әкесі тете атпаса,
Шешесі май сатпас еді.
Балық жегің келсе, балағыңды түр.
Адам — әдет құлы.
Қара шатыр ағармас.
Жоғарыға түкірме,
Бетіңді көмер көбігі.
Қанды кектің салмағы –
Екі үйді түгел жалмады.
Ат ұстасаң – баға біл,
От ұстасаң – жаға біл.
Жауыннан қашып,
Науаға тығылды.
Ескі көрікті ысқылап тазартпайды.
Бөтен тесек жарты-ақ түн жатқызады.
Өлтіріп алып өкінді.
1. Жайран — дикобраз.
Алуаның ішінде де ақ қылшық бар.
Жүгін қарымен көтереді.
Қайыр тамшылатпасаң да,
Қаншығыңды арсылдатпа.
Жүз бастың шашын жібітіп,
Біруін де Қырмаған.
Адамды – тілі,
Атты жүгі асырайды.
Біреудің сорпасына соқтығысып сорың бар ма?
Қабырғада да құлақ бар.
Мықты болсаң түйенің мойнынан ұсташы.
Күркіреуі күшті де,
Сіркіреуі сирек.
Бес саусақ –
Бір-біріне өш саусақ.
Жүз бауырсаққа
Бір шөпшек жеткілікті.
Ауыз асаса,
Көз бетін басады.
Қасығы сынған қазаннан ұрттайды.
Бір кесесі – ішімде,
Екіншісі – түсімде.
Арық ауыздың сөзі семіз.
Жүрек жүрекке жол табады.
Дана да емес,
Шала да емес.
Көп сөзділік – кезбе бүлік.
Бір құлағынан кіреді,
Екіншісінен шығады.
Жүрек тілесе жүрдек аяқ жүгірер.
Кірпіктің көзге ауырлығы жоқ.
Ерніңді шүйірдің,
Етегіңе шиырдың.
Бір таспек екі құсты ұрып алды.
Жіп жіңішке жерінен үзілер.
Қақсал атты қарғытуға үйретпе.
Ит үреді, керуен өтеді.
Зауық пен пікір — әртүрлі.
Жолбарыстың үңгірінен жолбарыстың күшігі өреді.
Түктен ноқаттай нүкте артық.
Төбемде – қабылан,
Төменде – шыңырау толы жылан.
Жесір әйелдің екі өгізіндей:
Бірі табылса, бірі жоғалады.
Дұшпанды біреу шабады,
Атақты сәду алады.
Ұсталмаған қары –
Ұрылардың ханы.
Бұқараңмен – жансың,
Бұқарасыз – шаңсың.
Сел боп шекер жаумайды.
Жамандық – ханнан,
әрекет – құдайдан.
Аш адам айғайға басса,
Жалаңаш адам жолдан қашады.
Жылы иірімге
Жын үйіріледі.
Түктен нүкте де шықпайды.
Жүзімнің жақсысын жыртқыш жұлады.
Есек есекке ауыр емес.
«Тесіксің!» деп елек шелекке күлді.
Екі аяққа қарызданып,
Тағы екі аяқ жалғады.
Нар ұстасаң, жарыңды биік қып соқ.
Жығыларың бар
Несіне көтерілдің.
Өзіңді құштарлық билесе,
көзіңнен ұйқы қашар.
Мұрны кесілген жан пышақты аузына да алмас.
Әлемге төнер сынақ көп.
Денім де,
Денем де өзімдікі.
Жаман әдеттен тиюға,
Жақсы әдетті аяма.
Орындалмасын десең,
Бір істі бес кісіге тапсыр.
Жарылқарым — денем,
Сонан кейін — әлем.
Бәрінің бағасы бақалшының қалтасында.
Ақымақ достан ақылды дұшпан абзал.
Саусақтар да сақинаға таласады.
Үй де қараңғы,
әжем де жоғалды.
Бір гүл көктем жасай алмайды.
Аяғыңның ұшына да қара,
Аллаңның тұсына да қара.
Тырнақ пен тістің етіндей,
Татулықта түйткүл жоқ.
«Жанымды құрбан» дегенге
Жалаңаш қылды төседі.
Оразаны ол тұтып,
Ауызашарын бұл жасайды.
Өз түйінінен
Өзгенің тиынын артық көреді.
Босап қайтқан уысым –
Жауымнан бетер туысым.
Тағдырдан тазша да құтыла алмайды.
Бидайды көрсетіп, арпаны сатты.
Кедейдің азанында да ажар болмайды.
Батырды өлтірерсің,
Ал даңқын қайтерсің?
Қар суық па,
Қайғың суық па?
Баласы жыламасы,
Анасы жұбатпайды.
Тікенексіз болса,
Әтіргүл болар ма.
Гүлдің орны – бұта,
Төлдің гүлі – бота.
Ақырған аюдың ала тонын сатпа.
Әлдіні ұра алмайсың,
Әлсізді ұстай алмайсың.
Кемпірі өліп еді,
Кекірігі де таусылды.
Етігіңе қарай,
Етегіңді көтер.
Ауыз сайын қызыл тіл
Оймақ ауыздың апандай сөзі.
Тілді үйірді,
Қарынды қуырды.
Артықты тыртық билейді.
Шуы көп те,
Құны жоқ.
Ағаның өткені –
Інінің өткелі.
өткен іске өкініш жоқ.
Жиырма ма, жиырма жарым ба?
Қол соғу үшін де қос алақан керек.
өзіңдікі ме,
өзінікі ме – атқа бәрібір.
Алдымен сәлем,
Содан кейін келең.
Бос құмыраның жаңғырығы әуезді.
Еңбексіз береке жоқ,
Еңбекте мереке көп.
Жақсы еттің сорпасы да майлы.
Құмырсқа қаза табарда,
Қанат тағады.
Ажал қия бастырмайды.
Өтірікпен өткелден өте алмайсың.
Май майға құйылады.
Шын ұнатсаң,
Басқасын қаламассың.
Шын ұйықтасаң,
Тасқа да қарамассың.
Пияз да болса, назы болсын.
Думанның болатыны болжам емес.
Қызық тарқаған соң қынаңды алып таста.
Мен, тіпті, жатқан сиырды да сипаған емеспін.
Жүрегім жүрексінсе,
Қалшылдайды да, тоңады.
Мойнындағы қарыздан қой да өледі.
Немере ағаң –
Жең ішіндегі жылан.
Сабанның астына су жібер.
«Мойның неге қисық?» десе түйеге:
«Түзу нәрсе пешенеме тие ме?» депті.
Соқырдың құдайдан сұрайтыны – екі көзі.
Тілі – тәтті,
Діні – қатты.
Суға кетуші жаңқаға жармасады.
Бұлақ басынан былғанады.
Сұйық айранды судай сапырды.
Тағдырға жазылған өзгермейді.
Патай1 жесең, бұлақтың басына барып отыр.
Сұлу туыстың да сұмпайы аяғы бар.
Арқасы аспанға тисе де,
Ақылы аяғының астында жатыр.
Шам жарығы түбіне түспейді.
Түйеге «Ойна!» десең,
Дүниенің ойранын шығарады.
Ініне кіре алмай жүріп, тышқан құйрығына
сыпырғыш байлап алыпты.
Тірі піл жүз мың тұрады,
өлгеннен соң – екі есе.
Үндемей қапқан – ит емес.
Ұйықтап жатқан арыстанды неге оятасың?
Махмуд Қашғаридың
«Дивани лұғатит түрк» кітабындағы
мақал-мәтелдерден.
Жамаулы киім де жаңбырға жарайды.
Көп сөзді ұғынып болмайды,
Қатты тасты үгітіп болмайды.
Іңген ыңыранса,
Бура боздайды.
Көсеу ұзын болса, қол күймейді.
1. Патай — бұрыш қосқан тағам.
Елшіге өлім жоқ,
Күлде көмір жоқ.
Куәнің сөзі куәлік бергенде білінеді.
Қолда өскен бұзау өгіз болмас.
Кезден алыстаған,
Көңілден де алыстайды.
Ханның ісі басталса,
Қатынның ісі тоқтай тұрар.
Шағыр көзді ит атқа теңесе алар,
Бірақ шағыр көзді ит итпен теңесе алмайды.
Шоқай кисе, аяқ ауырмайды.
Тоқым жапса, ат жауыр болмайды.
Шашы бұлттай қалың.
Кішкентай тесікке,
Келсаптай құйғыш қой.
Шалбары бүтін саспай-ақ отыра береді.
Бақыттыға бақ-дәулет бас көтертпейді.
Бақыт белгісі-ғылым мен ақыл.
Керістен ұрыс басталар.
Толған айды қолмен бұлғамайды.
Қарындасқа бауырласың келді дегенде – елемеді.
Қайын атаң келді дегенде – желе жөнелді.
Түйе мінген қой арасына жасырына алмайды.
Жүйрік тазыны түлкі ғана жек көрер.
Түтінді түрткен, өзі өртенеді.
Пысықтың ерні майланар,
Жалқаудың басы айналар.
Зымыраған ғұмырға адам тоймас,
Мәңгі сүрмес, бір күні өлмей қоймас.
Түйенің өзі үлкен болса да,
Құмалағы үлкен емес.
Күлді үргеннен, шоқты үрген жақсы.
Туысың дегенде суық қарап еді,
Қайын атаң дегенде құрақ ұшты.
Жауыңның семіз етінің сорпасынын,
Жақыныңның тортасы артық.
Өгіздің аяғы болғанша,
бұзаудың басы бол.
Бір түлкінің терісін екі рет сыдырмайды.
Күз әуені жаздан белгілі.
Күйеуге асыққан әйел байға жарымас,
Күйгелек еркек үйге жарымас.
Алыптармен алыспа,
Бектерменен таласпа.
Суды көрмей етігіңді шешпе.
Көкке қарап түкірме, көзіңе түсер көбігі.
Диірменді тиянақты жерге орнатпаса,
Тұтқиылдан жар пайда болады.
Тәтті сөзге алданған
Жақсы жұмысын ақсатар.
Бақытсыз бейбақ құдыққа құласа,
Үстінен құм жауар.
Тіл байлығыңды –
Тіс те шеше алмайды.
Баланың ісі сеп болмайды,
Ешкінің мүйізі сап болмайды.
Айқай шықса – қиналады.
Аттан шықса – жиналады.
Құдықтағы су да құлға жоқ.
Аңшы тұтудың қанша амалын білсе,
Аю құтылудың сонша айласын жасайды.
Бес саусақ бірдей емес.
Епті сөзімен тәтті дастарқаннан дәм татады.
Арқасыз ат қыр аса алмайды,
Арқасыз ер бір баса алмайды.
Бидай арқасында қарамық та су ішеді.
Адам тәнінің сұлулығы саулығында.
Ағаш екпей жеміс бермес,
Іс бітпей жеңіс келмес.
Билей білмейтін кемпір,
Бұрылуға жер тар дейді.
Адамда да ала-құлалық болады.
Бойдақтың бешпетіне де елу кез сөз емес.
Лақта жілік жоқ,
Балада білек жоқ.
Бос нәрсеге ие жоқ.
Терісін сыдырған соң
Пышағыңды сындырма.
Сүйекті адам сүміреймейді.
Қорада бұзау туса,
Далада шөбі өседі.
Мұздан су ғана тамар.
Мысықтың баласы дәл анасындай мияулайды.
Алыстың хабарын керуен келтірер.
Анасы жұқалап нан жапса,
Баласы бұтарлап асайды.
«От,от!» дегенмен ауыз күймейді.
Түтінсіз жалын болмас,
Кінәсіз ұлан болмас.
Ол көпірді су басып,
Сел алып кетті.
Диірменде туған тышқан
Күн күркіреуінен саспайды.
Отты жалынмен өшірмес.
Күміс күнге қонса,
Алтын іздеп барады.
Ініне қарап үрген түлкі түрінен айрылады.
Пайда түсетінін білсе,
Саудагер сүйіктісін де сатады.
Сараңның даңқы шықпас.
Саудагер асыл затын жол үстіне де жаяр.
Кешке бұлт қызарса,
Қатыны ұл табар.
Таңда бұлт қызарса,
Ауылын жау шабар.
Су бермегенге сүт бер.
Кісі аласы – ішінде,
Жылқы аласы – сыртында.
Өткір пышақ та өз сабын кеспейді.
Тал көлді жағаласа,
Қайың белді белдеулер.
Қазбен таласқан қарғаның таңы айырылар.
Тау таумен қауышпайды,
Адам адаммен қауышады.
Қала құлар,
Әдет қалар.
Таянышы бар таймайды.
Қанды қанмен жумайды.
Қаз қозғалса, үйрек көлді жағалайды.
Тау теріскейінен қары азаймас,
Қоңыр қойдың қоңы азаймас.
Қара бұлтты жел ашар,
Қара құлыпты пара ашар.
Қарғаның кәрісін кім айырар,
Қарғаштың өкпесін кім қайырар.
Ағыны қатты су да көпірсіз болмас.
Шыдамсыз лашынды бөктерсе,
Асықпаған сұңқарға жетер.
Жылан өз иірлігін білмейді,
Түйенің мойнын күндейді.
Әкенің тоны шақ келсе,
әкені бала жоқтамас.
Бақытсыз бейбақ құдыққа құласа,
Қинау үшін құйын шығарып алады.
Қорыққанға қойдың басы да қос көрінер.
Құлан құдыққа түссе,
Құрбақа айғыр болар.
Бөтеннің малы қолыңда тұрса да бөтен.
Қарыз алушы – арыстан,
Қарыз беруші – тышқан.
Әдеп пен адамгершілік ана тіліңнен нәр алады.
Қарттар сөзі бекер кетпейді,
Шыбық ексең – бақ үзілмейді.
Жібекке жібек жамаса,
Жүнге жүн ғана жарасар.
Уақыты озған өңге,
Бояу жағу ұят емес.
Зұлмат есіктен кірсе,
Ынсап түндіктен шығады.
Ит ұялса, тастаған сираққа да ұмтылмас.
Қауыны талапайға түссе,
Иесі екі қолымен жармасады.
Қорқау да көршісін жемейді.
Ит қаппайды деме,
Ат теппейді деме.
Өлермен өгіз балтадан қорықпайды.
Тесік інжу жерде қалмас.
Керіспейінше, ашу басылмайды.
Жел тұрмайынша, күн ашылмайды.
Кең тон тозбайды,
Кеңесті іс азбайды.
Дәрісі бардың кәрісі де өлмейді.
Асыққан адам үйіне жете алмайды.
Қолдағы бар – мыс,
Қолдағы жоқ – алтын.
Анасы ащы алма жесе,
Баласының тісі қақсайды.
Оғы шалыс ұшпайтын аңшы болмас,
Жаңылыспайтын емші болмас.
Атасы бірдің арасындағы араздақ өшпейді,
Анасы бірдің арасындағы татулық көшпейді.
Асыққан шыбын сүтке түсер.
Атының жауыры бауырына мирас.
Тай өссе, ат тынығады,
Бала өссе, ата тынығады.
Ауыз жесе көзі ұялады.
Қора толы мал да көсемсіз қалмас.
Әдеп басы – тіл.
Тезек қарда жатпас,
Жаман жақсымен араласпас.
Арыстан алыстан ақырса,
Аттың аяқтары шалынысар.
Тамақ табағымен емес, тұзымен дәмді.
Торлаған бұлтты боран қашырар.
Арыстанды арбап ұстасаң да,
Қуыршақты зорлап ұстай алмайсың.
Қаһарман да қолдаусыз қорған бұза алмас.
Қонағын барымен сыйласа,
Жанымен ырза болар.
Көрпесіне қарай көсілмегеннің бақайы үсір.
Дұшпанға қарсы құрал әзірлеген –
Тұтқыр болады.
Құрал әзірлемеген – тұтқын болады.
Егін салғанда келісім болса,
Қырман басында керісу болмайды.
Сыналмаса – алданар,
Сақтанбаса – сандалар.
Ел өзгерсе де, әдет өзгермейді.
Тастақ жерде қияқ болмайды,
Сондай-ақ, тазда ұят болмайды.
Еңбек еш кетпес.
Тасты шайшай алмаған,
Тілімен жалайды.
Есек айтады:
Тірі болсам, теңізден де су ішермін.
Әдеп пен құлақтың анасы – тіл.
Жақсының сүйегі жерде қалғанымен,
Аты мәңгі елде қалады.
Жалқауға табалдырық та таудай көрінер.
Сүзеген сиырға тәңірі мүйіз бермес.
Жаңылмайтын мерген – жаңбыр.
Қонақ келсе – құт келер.
Құлың – дұшпаның.
Адам мәңгі сүрмейді,
Көрден қайтып келмейді.
Құлақ естісе – көңіл біледі,
Көз көрсе – құмарлық келеді.
Жер тауымен салмақты,
Ел қауымымен салмақты.
Қырық жылда бай мен кедей теңелер.
Қыстың көркі – алау.
Дүзде бөрі ұлыса,
Үйде ит қыңсылар.
Қытай ханының жібек кемзалы көп,
Бірақ олар да өлшеніп пішіледі.
Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Жақсы адамның көңілі хош болады.
Қырғауылды торуылдасаң да,
Үйіңдегі тауығыңды ұмытпа.
Қырсызбен ұрыссаң да,
Арсызбен ұрыспа.
Бір молданың басы ауырса,
Бар молданың басы ауырмас.
Қызыл су да көпірсіз болмайды.
Бір қарға қыс әкелмес.
Құрғақ қасық ауызға жетпес,
Құрғақ сөз құлаққа өтпес.
Танымайьын адамнан,
Таныс шайтан көп жақсы.
Құзғын – қорқау қасқырдың олжаласы.
Үлкенмен бала дауласпас,
Қырғи мен сұңқар жауласпас.
Балықтың өзі суда,
Көзі сыртта.
Жалғыз қаз қаңқылдамас.
Бөрік бассыз болмас.
Батырды ренжітіп, зәбір қылма.
Ұшқыр аттың арқасын жауыр қылма.
Құрғақ ағаш иілмейді.
Батыр жауда сыналады,
Дана дауда сыналады.
Жалқауға бұлттың көлеңкесі де жүк.
Белгі болса, адам жолдан адаспайды,
Білігі болса, кісі сөзден шатаспайды.
Ескі көр тірілерге үй болмайды,
Тақыр жерде аңшыда күй болмайды.
Қос қылыш бір қынапқа сыймайды.
Бара-бара мың болар,
Тама-тама көл болар.
Арыстан қартайса, тышқан інін аңдиды.
Талдың жұмсақтығы өзіне жарасар,
Қайыңның қаттылығы өзіне жарасар.
Ескі садақ сынығынан,
Жаңа садақ шығады.
Тауды арқанмен жығуға болмайды,
Теңізді қайықпен жабуға болмайды.
Екі қошқардың басы бір қазанға симас.
Аш не жемейді,
Тоқ не демейді.
Ет тырнақтан ажырамас.
Жалғыздықтан көрі, ақымақ
Болса да, жолдасың болғаны абзал.
Барлық жүкті көтерген түйе,
Бақырды да көтеруге күші жетеді.
Жаяудың көлігі – шарық,
Күші – азық.
Жаяудың көлігі – шарық,
Күші – азық.
Қызбен күреспе,
Қысырмен жарыспа.
Қараим мақал-мәтелдерінен.
Ағаш шешінгенде,
Адам киінер.
Орылмай тұрып қурайды.
Істі азанда бастасаң,
Іңірде тойларсың.
Шалбары жоқтың ойынан алты кез бөз кетпес.
Шықпаған жанда үміт бар.
Үлес те емес,
Бөліс те емес.
Шөлмекшіден шөлмек сұрай ма екен.
Үйленуді де уйрену керек.
Ағаш киінгенде,
Адам шешінер.
Қонақасын қожасы асаса да,
Қонағына де кезек келер.
Ұрсаң – секірт,
Асатсаң – кекірт.
Қалады халық бар,
Халықта ғұрып бар.
Ұлың болса – от болсын,
От болмаса – жоқ болсын.
Пайдаға жүгірген,
Пәлеге жолығар.
Сырыңды айтпа досыңа,
Достың да досы болады,
О да айтар досына.
Төбелес кезінде
Палау үйлестірілмейді.
Соқырдың көзі – тілегі,
Екеу берсең – жарылмайды жүрегі.
Жаман атағың шыққанша,
Жаның шықсын.
Ол тағдыр шеңберінен таласып өткен.
Жыл бойы қайда болсаң, онда бол
Белдезерде1 үйде бол.
Тулады жүрек, кетті бас,
Тоқтады жүрек, қайда бас.
Жолаушы да жолына жарасар.
Асына қарай ісі.
Тойға барсаң, тойып қайт.
Жел еспей,
Бұлт көшпес.
Тоқтық нанды кемітеді,
Аштық ішекті шірітеді.
Елдің тіліне ерме.
Жаттың атына мінген тез түседі.
Алдыңғы күпшек қайда жүрсе,
Соңғы күпшек сонда жүреді.
1.Белдезер — апан-наурыз айлары
Алтын, алтын –
Жоғалтпайды нарқын.
Сен де – хан, мен де – хан,
Атқа жемді кім салар.
Күйді білген қатыннан,
Үйді ұстаған қатын артық.
Қара жерден аппақ бидай өнеді.
Әкесіз жетім – құр жетім,
Шешесіз жетім – тұл жетім.
Арыстанмен – арыстан,
Қозымен қозы болсаң да,
Есекпен есек болма.
Біреу басқа,
Біреу шашқа құрмет көрсетеді.
Аппақ ақшаң қаралы күнге қажет.
Жаса, жаса –
Кер тамаша.
Сүтке аузын күйдірген,
Қатықты да үрлеп ішер.
Түсіңде көрмегеніңді,
Мен өңімде көрдім.
Досын сыйлағанның итіне сүйек тастар.
Менің көргенімді,
Дұшпаным да көрмесін.
Қызым, саған айтам,
Келінім, сен тыңда.
Заман саған үйлеспесе,
Сен заманға үйлес.
Итсіз ауыл болмайды.
Көргенге көз тоймас.
Ауырған жерден қол кетпес,
Сүйген жерден көз кетпес.
Шуақ жасыңды құрғатқанмен,
Жаныңды жұбата алмайды.
Кімнің арбасында отырсың,
Соның әнін сал.
Қорқақты қорқытпа,
Батыр болады.
Не басын тасқа соқсын,
Не тасын басқа соқсын.
Ат қоймайды,
Ит жалмайды.
Әркімнің өз баласы өзіне тәтті.
Ақылды дұшпан,
Ақымақ достан артық.
Мақтаншақтың қазаны бос қайнайды.
Атқа мініп,
Ат іздер.
Өзі тойса да
Көзі тоймайды.
Өсектен адам өртенген.
Тыр жалаңаш күресі –
Сол ғой барлық үлесі.
Ошағына қарай отыны.
Сатарын мақтайды,
Аларын даттайды.
Жаңбырдан қашқан
Бұршаққа кез болар.
Бас аман болса,
Қалпақ табылады.
Мінсіз жар іздеген жалғыз қалар.
Достарыңызбен бөлісу: |