Жарлылығын жасырған – жарымас.
Аш қайғысын тоқ білмейді.
Аурудың көңілін сұрау – дәру.
Бақаның өзі шелде,
Көзі көлде.
Ақылды отқа қарайды,
Ақымақ қазанға қарайды.
Жаман жоқтан жоғарылау.
Маңдайы құтты – батыр,
Таңдайы құтты – шешен.
Ерте тұрған жігіттің ырысы артық.
Алпыс күн атан болғанша,
Алты күн бура болсаңшы.
Жаман өзі үшін бүлінеді,
Жақсы елі үшін жүгіреді.
Қардың басын қар жұтар,
Ханның басын хан жұтар.
Бала,
Баланың ісі шала.
Еті түгіл табағымды таба алмай жүрмін.
Айға сенген үсіп өлер,
Байға сенген аштан өлер.
Күніне ет жеген жан мал табар ма?
Айында ет жемесе, жан бағар ма?
Бай малайдың парқын білмейді,
Бәйбішесі артық тілдейді.
Қауіпің қайда болса,
Қатерің содан.
Жарлымен жауласқанша,
Баймен барымталас.
Балам көп деп мақтанба,
Топқа кірмей жатқанда.
Ауруда – шаншу жаман,
Сөзде – қаңқу жаман.
Дос сыртыңнан мақтайды,
Дұшпан көзіңше мақтайды.
Су атасы — бұлақ.
Бойы қасқаның дауысы зор.
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді.
Жас шаығнда сүзеген болса,
Қартайғанда сотқарлығы тізеден болар.
Адам болу — әсте-әсте,
Айуан болу — бір пәсте.
Баяғы, баяғы –
Байқожаның таяғы.
Әйел жалған айтпайды,
Жаңылыс естиді.
Қайтарған адам малсақ.
Білгеннен көргенің көп,
Көргеннен көрмегенің көп.
Арам тамақ ас болмайды.
Жаман – кісіден кейін, иттен ілгері.
Бар бадарын айтады,
Жоқ зарын айтады.
Ер — әлімен,
Жер — кенімен.
Аларманға алтау аз,
Беременге бесеу көп.
Жалғыз қарға жарымас.
Қымыз – кісінің қаны,
Ет – кісінің жаны.
Бөрік астында бөрі бар.
Екі ел екі тарап болса, екі жігіт қатын алады.
Басына тартса – аяғына жетпейді,
Аяғына тартса – басына жетпейді.
Қымызды үйде – аяқшы,
Қызды үйде – тияқшы.
Ас – иесімен қадірлі,
Бас – миымен қадірлі.
Жаңылмайтын жақ болмайды,
Сүрінбейтін тұяқ болмайды.
Айран ішкен құтылып,
Шелек жалаған тұтылды.
Аштықта алтыннан жарты уыс жарма артық.
Дәулет басса –
Ет басады,
Бейнет басса –
Бит басады.
Санасыз қара суға семіреді.
Бұра сөйлеген күлуге жақсы.
Жасырған кеселді өлім әшкерелейді.
Үйде батыр, жауға жоқ.
Берген жомарт емес,
Алған – жомарт.
Диуананы ұрса, мазарға қашар.
Жаманның тонын кисең,
Тойда даулайды.
Білтесіз шырақ жарық шашпас,
Әрекетсіз жігіт ілгері баспас.
Арпа жеген ат ойнақтар.
Жаман құсты жақсы бақса – сұңқар болады.
Бір әке отыз ұлды асырайды,
Отыз ұл бір әкені ауырсынады.
Ерегістен ер өледі.
Ата-анам бар болсын,
Ауыз-мұрны тар болсын.
Жақсы сөз жан семіртеді,
Жаман сөз жан кейітеді.
Айуанға – таяқ,
Адамға – ишарат.
Қысасыз қиямет жоқ.
Битті қонақ сияды,
Итті қонақ симайды.
Екі кісі күнәкар болса,
Үшінші кісі – дәнекер.
Батырлыққа дауа жоқ.
Қарға қарқылдап ұшқанмен қаз болмайды.
Жаралы киік жата алмас.
Басы ауырып, балтыры сыздағандардың
ештеңемен ісі жоқ.
Аңдыған ұры алмай қоймайды.
Есегінде тұсау жоқ,
Түйесіне қом жасамақ.
Ашулы жанның жанына жолама.
Жау кеткен соң қылышыңды көңге шап.
Қазан асулы,
Ас пісулі.
Боз қойдан жуас,
Ақ қойдан аңқау.
Үйіңде сүтің төгілсе,
Далада бұзауың еміп кетер.
Жаман сиыр жарда бұзаулайды.
Азансыз молда болса да,
Қазансыз қатын болмайды.
Жалғыз молда – жарты адам,
Екі молда – бір бүтін.
Бірді тапсаң – жасап өт,
Жасап өтсең – асап өт.
Әркім күлді өз күлшесіне тартады.
Еңбексіз диқанның күні өтпейді.
Баста ұтқан байымас,
Кейін ұтқан танымас.
Астың тұзын татқан біледі.
Жеткеннен – таяқ,
Жетпегеннен – жұлырық.
Бесіктегі баланың бек боларын кім білер?
Ел ішінде жұрт жүреді,
Ет ішінде құрт жүреді.
Атқа жеңіл – тайға дәл.
Жалды болса – ат,
Жағалы болса – тон.
Қазаншының еркі бар,
Қайдан құлақ шығарса,
Бөдененің ұясын көр де, етіне өкпелеме.
Ұрысы күшті болса, иесі айыпты болады.
Есегі бір теңге,
Тоқымы мың теңге.
Күлшелі бала сүйкімді,
Тұлпар тұяғы дүбірде қызады.
Байды бәлекет басса, жортуыл бастайды.
Қатыны жақсының –
Байы да батыр.
Жығылған күреске тоймайды.
Дау ескірмейді,
Асыл шірімейді.
Атан өлсе, тайлақ бар –
Қомы жерде қалмайды.
Деген екен, деген екен –
Бір қоянды бір қоян жеген екен.
Бойына біткеннен кейін тумай қоймайды.
Май сасыса тұз бар,
Тұз сасыса не бар?
Жасында жігіт оқталады,
Қартайғанда тоқталады.
Түк біткен сайын қалтырауық.
Дәулес төрін бермейді,
Өлсе – көрін бермейді.
Егеуге бергісіз үскі бар,
Екеуге бергісіз күшті бар.
Быламықтан да тіс сынады,
Ақша қарда да аяқ сынады.
Атқосшың болмаса,
Жүгеніңді алып атқа бер.
Жаман қатын түскен жерін,
Төркін тұтады.
Бір байдың жұртына екі тышқан таласыпты.
Еркек бала сұңқар болсын,
Сұңқар болмаса бордай солсын.
Алдыңа ас тартса,
Атаңның құнын көш.
Жақсы жігіттің жасын сұрама,
Жақсы аттың тісін санама.
Қырғыздікі қырық жылда.
Бөрі атар жігітті бөркінен таны.
Етігі жаман – төрді былғайды,
Өзі жаман – елді былғайды.
Көп батырдан жау қашады,
Көп шешеннен дау қашады.
Басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ.
Жырылғанды ұры алады.
Жаман атты жал басар.
Ауырғанды сұраса,
Айыққанға пара-пар.
Деспе,
Дескеннен кейін көң жеспе.
Бозынач1 болса, ботам менің өлер ме еді.
Майхана көрмей бала оңбас.
Шыбықтың иілгені — сынғаны,
Жігіттің ұялғаны — өлгені.
Жүйелі сөз жүйесін табады,
Жүйесіз сөз иесін табады.
Шөлмек мың күн сынбайды,
Бір күн сынады.
Бірін екі қылып,
Битін сірке қылып.
Диқан болсаң, басыңда бол,
Малшы болсаң, қасыңда бол.
Ебін тапқан екі асайды,
Еңсесі түскен бір асайды.
Білген жолыңды әкеңе де бер.
Арғымақтың жақсысы:
Шапса – көлік, сатса – пұл.
1. Бозынач — өлмес, солмас гүл.
Жаман қатын терісін жимай, иттен көреді,
Басын жумай, биттен көреді.
Бәйбішенің байлығы –
Түйеде қара сандығы.
Ер қадірін ер біледі,
Зер қадірін зергер біледі.
Алары болар бергеннің,
Атқаны – олжа мергеннің.
Жақсыға жата қал,
Жаманға қата қал.
Қыңыр іс қырық жылдан кейін де білінеді.
Бөрі – етектен,
Жау – жағадан.
Екі күнге иесі бермейді,
Бір күнге көлік өлмейді.
Күш атасын танымайды.
Сұлу – сұлу емес,
Сүйген – сұлу.
Кімнің жерін жерлесең,
Соның жырын жырла.
Басы домалақтың барлығы да адам бола бермейді.
Қарғаның «қаңқ!» дегені өзіне қуаныш.
Жасы құрдас емес,
Заманы құрдас.
Кедей болсаң, көшіп көр!
Аш қалдың –
Кеш қалдың.
Қасқырдың аузы жесе де – қан,
Жемесе де – қан.
Өткір қылыш қол кесер.
Болар іс болды,
Бояуы қанды.
Өрге тартса, нар да алқынар.
Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.
Бір мұнараға шыға алмай тұрып,
Екінші мұнараға аяғын созады.
Арадай жерге,
Шарадай жиын.
Жан бергеннің қасында тұрма.
Ағасын көріп, іні өседі,
Апасын көріп, қыз өседі.
Бір ұядан – бір шірік.
Әркімде бар бір қиял,
Ал қиялды кім тияр.
Елмен дауласпа,
Ермен жауласпа.
Жаман ит жармаға жармасар.
Батар күннің де атар таңы бар.
Епсіз мерген құрды атады,
Қарайған қырды атады.
Ала жылқы жоғалмас,
Арамза жан оңалмас.
Ауыл иттің құйрығы қайқы.
Аузымен орақ орады,
Артымен масақ тереді.
Жаман тайдан тайынша жақсы.
Арық атқа қамшы үйір.
Ескіні тіксең, есің кетеді.
Басқа түссе, байтал да жорға болар.
Ұлдың жаманы – ұйғақ,
Қыздың жаманы – қаңбақ.
Жаманның жаны ардақты.
Адамнан ақыл қашып құтыла алмайды.
Білімді әр пәледен құтылар.
Білімсіз мың пәлеге тұтылар.
Әкеден ұл туса – игі,
Әкенің жолын қуса – игі.
Ер аштан өлмейді,
Намыстан өледі.
Беріп жаман атанғанша,
Бермей сараң атан.
Асым қалса қалсын,
Ісім қалмасын.
Жамандық іздетпей-ақ табылады.
Құдай баққанды,
Құдай сақтайды.
Елек сұрап барып, ерге тиіп кетіпті.
Ат сұраған қорлық емес,
Ер – тоқым сұраған қорлық.
Жаман ерге мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.
Қанағат қарын тойдырады.
Бөлінгенді бөрі жейді.
Тауды, тасты су бұзады,
Адамзатты сөз бұзады.
Екі тау қосылмайды,
Екі ел қосылады.
Күзгі мұздың айнадайынан қашпа,
Көктемгі мұздың айнадайын да баспа.
Бай бауырын танымас,
Сауда жоққа қарамас.
Қатыны ерге қарайды,
Ері жерге қарайды.
Жылылық болмай қар кетпес.
Бөтен елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Баспас ат, өтпес пышақ – жұрт айтады.
Жігітті осы екеуі қартайтады.
Ескі мешітке көкек азаншы,
Есі кеткенге өсек азаншы.
Ары жоқ – күлкішіл,
Санасы жоқ – ұйқышыл.
Жатып өлгенше,
Атып өл.
Аузы күйген үрлеп ішеді.
Бейтаныс жердің ой-шұқыры көп.
Тірі қойғанды құр қоймайды.
Жаманның жан рақаты – ұйқы.
Адам – сөйлескенше,
Жылқы – кісініскенше.
Білім – елге,
Су – жерге.
Әулие де жақынын жақтайды.
Ет жемейтін жыртқыш жоқ.
Беріп, берен болғанша,
Бермей, сараң бол.
Асылсаң,
Асыл ағашқа асыл.
Жаманға табаныңды көрсетпе.
Бидайдың барар жері — диірмен.
Екі таудың шөбін аяған киік – аш қалар.
Ат сыйлаған ерде отырады,
Ер сыйлаған төрде отырады.
Жамандықты амандық жеңеді.
Қандай айғыр салсаң,
Сондай ат мінерсің.
Бөлтірік ит болмайды.
Тоқ аштың сырын білмейді.
Екпінді болсаң, елің сүйеді,
Құрбы-құрдас теңің сүйеді.
Күз – талас уақыты.
Байымас жігітке көтерем мал жолығар.
Қатынымен ұрысқан қайынына сәлем бермейді.
Азулыға қызық заман,
Бейшараға бұзық заман.
Әркімнің жүрген жері – Мысар шаһары.
Өзгенің жаршысын жазғырғанша
Өз жаршыңды жазала.
Біреудің асына мойныңды созба.
Ажырасар тамыр ердің артқы қасын сұрайды.
Жаман сиыр – бұзаушыл,
Жаман қатын – төркіншіл.
Теке – таушыл,
Қоян – сайшыл.
Бегіңе жеткенше беліңді сындырар.
Қойшының – таяғынан,
Келіннің – аяғынан.
Жаудың малының тезегі жұғады.
Әке балаға – сыншыл.
Бастан асқан әурелік.
Досыңның тауығын алсаң,
Қанжығасына қаз байла.
Бас кеспек бар,
Тіл кеспек жоқ.
Еңкейгенге еңкейгің,
Басың жерге тигенше.
Шалқайғанға шалқайғың,
Төбең көкке тигенше.
Бір басуға ерінген де,
Ентіге жүгірер.
Жібекті түте білмеген жүн қылады,
Желектіні күте білмеген күң қылады.
Бесіктен шығып,
Тесікке кіргенше.
Екі бай құда болса,
Жорға алысады.
Екі кедей құда болса,
Дорба алысады.
Ат баптай білген –
Ат мінеді.
Тон сақтай білген –
Тон киеді.
Жақсы абысыныңа сұрап барғанша,
Жаман сандығыңды сынап қара.
Қоян терісі бір күндік.
Бөдененің үйі жоқ,
Қайда барса « бытпылдық»
Ұрылар сабақтас,
Бөрілер құлақтас.
Етікшінің бөлмесі –
Қиындының көрмесі.
Күлгеннің білгені бар.
Қатынының төркіні төрден қайтады,
Күйеуінің туысы іргеден қайтады.
Жаны барда жалынған –
Жаман ердің белгісі.
Ақылдан адасқан – есерсоқ.
Бүгін – патша,
Ертең – пақыр.
Атадан ұл туса – қуат,
Анадан қыз туса – суат.
Есектің күші адал, сүті – арам.
Аюдың шұжығын жеген жата алмайды.
Жер елсіз болса,
Доңыз дөңге шығады.
Күңнің құйрығында күміс жылтылдайды.
Биік тауды жанынан көр,
Басына барма.
Жақсы кісіні алыстан тыңда,
Қасына барма.
Аз еңбектен — өнім аз.
Жаны барға — өлмек бар.
Адалсынған молданың үйінен
Алты қабанның басы шығыпты.
Бір шайнасаң – май шайна,
Шылпылдасын таңдайда.
Әркім қышыған жерін өзі қасиды.
Ел – базар,
Елден безген азар.
Бас жарылса – бөрік ішінде.
Андызды жерде ат өлмес.
Жаман атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Батырдың көркі –
Маңдайда.
Шешеннің көркі –
Таңдайда.
Ерлік қалып – қой сойды,
Иттік қалып – төс тартты.
Ақырын басқан молдадан сақтан,
Ала шапанды қожалан сақтан.
Жалыққан ит үреді,
Жалыққан адам күледі.
Қарны ашқан қара қазанды сағалайды.
Білек бірге болса да, буын бөлек.
Ері сүймес әйелге,
Әр-әтірден не пайда?
Бұйырмаған астан үміт етпе.
Көш жүре түзеледі.
Күнде Мамай шабылмас,
Мендей кемпір табылмас.
Басың түгелде,
Малыңды түгенде.
Қаттыдан – тіс ауырар,
Жұмсақтан – іш ауырар.
Қатты жүрге қақ тұрады,
Қайратты ерге мал бітеді.
Жаны күйген – жандай дос,
Жаны күймеген – қандай дос?
Ақылды бір сөзіңді түсірмес,
Ақымақ түртсең де түсінбес.
Бүгінше жат,
Ертең – зыт.
Аюдың терісі өзі жатып и болады.
Жердің жақсысы келде екен,
Ердің жақсысы сенде екен.
Сұрай-сұрай Меккеге барады.
Қортық қошқар төлді бұзады,
Шартық молда елді бұзады.
Жаман ұл әкесі өлгенде келеді.
Айла – алтау,
Ақыл – жетеу.
Бір күнгі танысқа мың күн сәлем.
Әркімнің өз жүгі өзіне шақ.
Елтіріні күнде қақсаң – түлкі,
Түлкіні күнде қақсаң – күлкі.
Бағы ашықтың – маңдайы жарық.
Анасын көріп, қызын ал.
Есігін көріп, төріне өт.
Жаман жолдас жауға алдырады.
Батыр – жау барында сыйлы,
Би – дау барында сыйлы.
Ертең мақұл, бүгін жоқ.
Алтын көріп періште де жолдан шығыпты.
Жалшы жұмсаған жарымас.
Кәрінің ырымы жаман,
Көлдің иірімі жаман.
Бақыр кісі панашыл.
Ерді алыстан танығай,
Жанына келсең – жабыдай.
Күнде күлген күл жұтады,
Айда келген май жұтады.
Байлық – мұрат емес,
Жоқтық – ұят емес.
Қашқанға жер тар.
Жарлының жалғыз аты қашаған.
Ауырып тұрсаң,
Аунап тұрдым де.
Бас – қанжығада,
Қан – жанторсықта.
Есегіне қарай кәшегі.
Жылқышының жинағаны,
Ойнақы қалыңдық үшін.
Молданың айтқанын істе,
Істегенін істеме.
Аулыңа келген бөз арзан,
Аузыңа келген сөз арзан.
Ырыстыға жаушы келеді,
Ырыссызға даушы келеді.
Бекер ішкенше,
Бекер істе.
Жыланның терісі сұлу,
Іші – у.
Баласы жоқтың, ырысы жоқ.
Есітпес деп, өсек айтпа,
Көрмес деп, ұрлық қылма.
Достықтың түбі – маймақ,
Ұрлықтың түбі – айғақ.
Жаманның жаны ардақты,
Байдың малы ардақты.
Баланың тентек болмағы тәрбиеден.
Адамнан айла қашып құтыла алмайды.
Білімі толық мыңды жығады,
Білегі жуан бірді жығады.
Әке көрген оқ жонады,
Ана көрген тон пішеді.
Ері мен зайып ұрысса,
Есі кеткен кірісер.
Ағайының қадірін –
Жалалы болсаң білерсің.
Ата-ананың қадірін –
Балалы болсаң білерсің.
Асың болса, қазан табылады.
Жолаушыға ерген ит әуре.
«Бие» десең, түйеге барады.
Елу жылда ел жаңа.
Ат табылғанша,
Аяқ – ылау.
Жаман жайын айтам деп,
Бәрін айтар.
Қойды серке бастайды,
Ойынды ерке бастайды.
Білек бір болса да,
Шапалақ басқа.
Тәңірім бір жауса,
Терегім екі жауар.
Ексең егін,
Ішерсің тегін.
Бай білгенді құл да біледі,
Айтайын десе, еркі жоқ.
Қатын ерке болса,
Еріне теке болар.
Жігіттің сөзі өлгенше,
өзі өлсін.
Айтпайынша – кім білер,
Ашпайынша – кім көрер.
Ауру қалас да, әдет қалмайды.
Дауың жоқ болса, кепіл бол.
Өлетін сиыр түгін жер,
Түгінен кейін өзін жер.
Бұлбұлдан шешен бір құс жоқ,
Тырнақтай-ақ қарасы.
Жатақты тер қысса,
Түгін жаяу тасиды.
Қасқырға қойды қайтартпа.
Түбі бірге тілектес.
Бек зікір салса,
Басқалар бақсы болар.
Жаманның барынан жоғы.
Білтесіз шырақ жанбайды,
Жігерсіз жігіт оңбайды.
Артық дәулет бас жармайды.
Жаман қыз бет тырнағыш,
Бесік баласы бес түлейді.
Ер – егіз,
Еңбек – жалғыз.
Асың қалса қалсын,
Ісің қалмасын.
Жақсының – шарапаты,
Жаманның – кесапаты.
Баланың басына жарасар ат қой.
Кісі емес кісі
Сөз емес сөзді сөйлейді.
Қайда барсаң да, Мамайдың көрі.
Ләлминерге1 қыз берме.
Бие құлындамай байтал аты қалмайды.
Ел болмаса,
Ер болмайды.
Батыр жарасыз қалмас.
Қарғаны баптағанмен қаршыға болмайды.
Жарлы болар жігіт жалқау болады.
Аш кісі – ұрысқақ,
Арық қой – тырысқақ.
Құрама темірден құрыш жасалады.
Қуға қу намазшамда жолығады.
Малдың иесі болса,
Бөрінің тәңірісі бар.
Ойшыл ойлап болғанша,
Тәуекелшіл барып келеді.
Нысапсызға қасық берсең,
Таусып береді.
Қара ешкіге жан қайғы,
Қасапшыға май қайғы.
Екі сарыдан жорға туады,
Екі қарадан қарға туады.
Күріш арқасында күрмек су ішеді.
Пұлың болса,
Шөлден де сорпа табылады.
1.Ләлминер — арендатор, шаруа.
Алуаны әкім жеді,
Таяқты жетім жеді.
Өтірік айтып өреге жетпейді.
Көп ауыз сөйлесе,
Бір ауыз жұмылады.
Суды көп кешсе –
Шалшық болар.
Сөзді көп сөйлесе –
Тантық болар.
Үйдің көркі – әйел.
Ұялмағаннан өзің ұял.
Турағанда жегеніңді көрмейін,
Тек араластырғанда аз болмасын.
Жоққа су да жоқ.
Шапсаң – шаршарсың,
Желсең – жетерсің.
Ұсақтан ірі құралар,
Ұшқыннан жалын тұтанар.
Ас көп болса,
Кәде көп болар.
Шешен алжыса, шеңгелдеп асайды.
Сәнді болса етігің,
Аяғыңды қыспасын.
Қатық төгілсе,
Сарқыты қалады.
Жуас түйе жүндеуге жақсы.
Жолға шықсаң сайлан,
Белбеуіңді байлан.
Уәзір жақсы – хан жақсы,
Қатын жақсы – ер жақсы.
Ұстадан тот қалады,
Ұстаздан хат қалады.
Төгілген табақ толмайды.
Жолаушыға жосық жоқ.
Арық малды асырасаң, аузыңды майлар.
Шешенде жұрттың сөз ақысы бар,
Байда кедейдің көз ақысы бар.
Іші тар итіне битін де қимайды.
Шыққан – бейнет,
Кірген – дәулет.
Халық айтса, қалп айтпайды.
Шайтанды да азғырған әзәзіл.
Тең теңімен,
Тезек қабымен.
Ыңыршақта қына жоқ,
Қыңырақтың1 қыны жоқ.
Таласқанға – жарасқан.
Азған жерге алабота бітеді.
Апаннан қашып,
Топанға тап болды.
Елшіге қол көтерсең,
Елдің заңын бұзарсың.
Дұшпанның шырағына май тамыз.
Саңдалбайдың сағаты жоқ,
Ұстаның тағаты жоқ.
1. Қыңырақ — екі жүзді пышақ.
Келме кезек,
Терме тезек.
Ақылы жоқ кепкен,
Бір ажалы көптен.
Жалқау жолды былғаса,
Аңқаудың етегі былғанар.
Ерді құдай ұрғаны –
Елуде жас боп тұрғаны.
Келелі сөзді келін де айтады.
Ер болсаң – қайсар бол
Сөзіңе байсал бол.
Қыз кезінде – қызыл қыз,
Жаман қатын қайдан шықты?
Ора алмаған орақ таңдайды.
Танымасты сыйламас.
Сөзді қой да,
Бізге кел.
Тілден құлаған тұрмайды,
Тігінен құлаған тұрады.
Сөзге – батыр,
Іске – пақыр.
Құс қанатымен ұшады,
Құйрығымен қонады.
Малын аямаған дауды ұтады.
Тоғыз қабат торқадан
Тоқтышақтың терісі артық.
Саудада достық жоқ.
Озған ұтады,
Тозған жатады.
Өз кемшілігін өлгенше білмесе де,
Кісі кемшілігін кіргенше-ақ біледі.
Ісі кері кеткеннің
Сақалы кеңірдегіне бітеді.
Ит иттігін қылмаса, басы ауырады.
Тәкаппарға жағымпаз үйір.
Соқырдың тілегі – екі көзі.
Жігіт өзін менсінеді,
Оны кім теңсінеді?
Ұлың өссе – ұрымға,
Қызың өссе – қырымға.
Ынтымағы құрыса,
Ит пен құсқа жем болар.
Тек тұрғанша тегін істе.
Быламыққа да тіс сынады.
Үсігенді ісінген жетелейді.
Менің қолыма да қарға қонар.
Он күндік асың болғанша,
Бір күндік досың болсын.
Шығарып салушы серік болмайды.
Жүрек – сырдың сандығы.
Ұрының арты – қуыс.
Түйе қашып жүктен құтыла алмайды.
Отын жимағанға от жақтырма.
Керіс келгенде ырыс кетер.
Сараңның бағы көгермейді,
Көгерсе де, көбеймейді.
Өлеңді жерде өгіз семірер,
Өлімді жерде молда семірер.
Тоқ бала ештеңені ойламайды.
Келмек — өз еркіңде,
Қайтпақ — қожа ерінде.
Мезгілсіз шақырған қораздың басын кеседі.
Қыздың баласы қызықтырады,
Ұлдың баласы шыжық қылады.
Оқу – білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
Тас,
тасты еріткен – ас.
Сонадан би қойсаң,
Бүйрегіңді ойып жейді.
Таңдай-таңдай тазға жолықты.
Соярын – сойдық-ау,
Тоғыз қатпарын кім жуады?
Құнажын көзін сүзсе,
Бұқа жібін үзеді.
Айласыз батыр шошқаға шабады.
Малды көріп пайғамбар да ойланыпты.
Ой – көздің сандығы.
Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтып үйірін тапқан соң.
Нашар еркек – қайыншыл,
Жаман қатын – төркіншіл.
Тесік ауыз тыныш тұра ала ма?
Сәттілімен сіреспе,
Бақтылымен теріспе.
Өзеннің басы асу болады,
Жердің асты кешу болады.
Қоныс ақысын түйе қайтарады.
Іші ауырған күлкіні жақтырмайды.
Ит жүйрігін түлкі жақтырмайды.
Тәуекел – ердің жолдасы.
Құланның қуығы түсер деп түлкі күте-күте
аштан өліпті.
Май ұстаған бармағын жалайды.
Ойнасшыл қатынның көз жасы – көл.
Даттаған өшіреді,
Мақтаған өсіреді.
Найза салу – ерліктен,
Ат жауыры – терліктен.
Теректей бойдан тебендей ақыл артық.
Бақылдаған текені,
Су кешкенде көрермін.
Тақылдаған қатынды
Үй шешкенде көрермін.
Сенген қожам суға ақты.
Өз басындағы түйені көрмейді,
Өзгенің басындағы қаракүйені көреді.
Жаманға іш тартқанша,
Қамшымен бес тарт.
Жаманға сый көрсетпе,
Сиырға су көрсетпе.
Ішкенге ас беремін,
Ішпегенге қара тас беремін.
Ит жалдаған су кешпейді.
Тәуіп – дерттің жолдасы.
Сиырдың бұзауын күтіп, уызын күтпепті.
Ине өткен жерден
Жіп те өтер.
Зорлықтың түбі – қорлық.
Жіп кессең – ұзын кес,
Сөйлесең – қысқа қайыр.
Итпен құда болсаң,
Сүйек-саяқпен той бересің.
Кедейдің жоны қатты,
Өгіздің мойны қатты.
Жыртық тонды күреске тоймайды.
Ұлық болсаң, кішік бол.
Тіл – ойдың сандығы.
Жыланнан сыр сұрасаң,
Сырғытып шаянға сілтейді.
Жорғаның тері құрғамайды,
Еркенің көз жасы құрғамайды.
Жастықты өлген – дерт өлім,
Жаудан өлген – серт өлім.
Адам өзінен кейінгілерді көріп қартаяды.
Айығар аурудың дәрісі тез табылар.
Дос қастасса да,
Сүйек соттаспас.
Еліңде жаман болса,
Ермегің – сол.
Кәрісі жоқтың ырысы жоқ.
Даладан табылған бір орам жіп те олжа.
Достарыңызбен бөлісу: |