ШЫҒыс халықтарының мақал-мәтелдері құрастырып, аударған Нұртас Оңдасынов



бет3/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.81 Mb.
#124435
1   2   3   4   5   6   7   8
Етігім тар болса,

Дүниенің кеңдігінен не пайда.


Алма ағашынан алыс түспейді.
Мүсәпір қалағанын жемейді,

Қалғанын жейді.


Ақылсыз бас екі аяқты зорлайды.
Тәмам-тәмам тас тәмам,

Шылапшын мен тостаған.


Алыстан дабыл сазы хош келеді,

Жақындасың – бос келеді.


Сөзге шебер,

Іске олақ.


Биттің сыйы – сірке.
Дұшпан көпірінен де өтпе.
Еңбекте ынта болмаса,

Іс өнбейді.


Өтірікшінің куәсі қасында.
Терек – жапырағымен,

Тенең шүберегімен сұлу.


Ақымақпен бір қапқа кірмес болар.
Қадіріңді бір сөз қашырса да,

Мың сөз қайтармайды.


Аз болса, жетеді,

Көп болса, кетеді.


Жуас аттың тебісі қатты.
Сенің жаның – жан да,

Менің жаным – баклажан ба.


Ит жалдағанмен,

Теңіз лайланбайды.


Қасыңды түзетемін деп,

Көзіңді шығарып алма.


Аш адам көп жейді,

Ашулы адам көп сөйлейді.


Әр гүлдің иісі өз уақытында аңқиды.
Балдан тәтті болма,

Зәрден ащы болма.


Атқа дорба көрсетпе.
Сабағына қарай сәлемі.
Бір қолтыққа екі қарбыз сыймайды.
Екі қолға бір қызмет.
Жалған айтуға да жалпақ бет керек.
Аққу шалшықтан шықса да аппақ.
Жас та болса – бас.
Өзіңді көрмей,

Етігіңді шешпе,

Етегіңді түрме.
Қасықпен ас берген,

Сабымен көз шығарар.


Асым аз болса да,

Басым тыныш болсын.


Біреу ішуге су таппайды,

Біреу өтуге көпір таппайды.

Екі дәукес қосылмай,

Дай бітпейді тосылмай.


Аппақ алтын қаралы күнге қажет.
Жас кезіңде тандыр нан да тәтті.

Қартайғанда құймақ та қатты.


Көп жасаған көп білмейді,

Көп кезген көп біледі.


Қанатсыз құс –

Жапырақсыз ағаш.


Ат міндім деп желікпе,

Желге мініп, желіп көр.


Жалаңаш тұмар жарылқай қоймас.
Тірлікте түрлі іс кездесер,

Тірлік боп бәрі тез көшер.


Сабыр түбі – сары алтын.
Бірі асайды,

Бірі масайды,

Шатақты солай жасайды.
Адам да бір жыл құсы,

Ұстатпайды күлкісі.


Көзіңді жерден көтерсең,

Кеудеңді де көтерерсің.


Ананың жаны –

Судың толқыны.


Жақсы сөзге жан құрбан.
Келудің де кетуі бар.
Анасын көр де,

Қызын ал.

Қайыр ет те, теңізге өт:

Халық білмесе,

Балық білер.
Беталды ұшқан құс

Қонарға тал таппас.


Жақсы мінез – сүйінтер,

Жаман мінез – күйінтер.


Жақсы ас қалғанша,

Жаман қарын жарылсын.


Ақымаққа бөркін ал десең,

Басын алады.


Құс ұясында не көрсе,

Соны алады.


Ағаш көркі – жапырақ,

Адам көркі – шүберек.


Бос қасық ауызға жоламас.

Қырғыз мақал-мәтелдерінен.
Ауызы асқа тигенде,

Тұмсығы тасқа тиді.


Еріндерді бүруге болады,

Көзді сүзуге болады.

Құдай ұрған мұрынға,

Қандай шара қонады.


Ауыз – дарбаза.
Көтерем көтерілсе, көш алдын бермейді.
Қайғы жоқта қайғыру –

Өгей енеден айрылу.


Кісіні кісі кісінетеді.
Сұрағанға текке бер,

Сусағанға жекке бер.

Көп басқан аяқ шоқ басады.
Сабырлы болсаң – озарсың,

Сабырсыз болсаң – тозарсың.


Бұрыс ырысты кеседі.
Өтірікті шындай айтса,

Шындық шырқырап шығады.


Өрісі малды –

Дастарқаны майлы.


Сіздікіне барғанда,

Қымыз ішсін, ми жесін:

Біздікіне келгенде –

Әдетсін де билесін.


Табаның тайғақ болса,

Тағаңды мықтап қақ.


Шымшық епті болса да,

Шағалаға жоламайды.


Суалған көлге бақа – айғыр.
Ойыннан да омыртқа сынады.
Кешегі түлкі – бүгінгі күлкі.
Өлімнен басқаның ертесі жақсы.
Сайгүлік шапқан сайын үдетеді.
Аңшы – он,

Сақышы – сан.


Өлермен өгіз балтадан қашпайды.
Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айрылыпты.
Кемсіте көрме көмірді,

Көмір ерітер темірді.


Мұртын басқан жігіттің де басына күн туар.
Байы мешкей болса, үйге тартады,

Әйелі мешкей болса, үйді құртады.


Қызды үй қылықты үй.
Оң қолыңның ашуын сол қолыңмен арашала.
Таңы атпастың,

Түні бітпас.


Сөз атасы – құлақ,

Жол атасы – тұяқ,

Су атасы – бұлақ.
Құр аяққа бата жүрмейді.
Малдың төлін күзде сана.
Тәкаппар тұрысынан танылады.
Сен салар да мен салар,

Атқа шөпті кім салар.


Шайтан азғырса, арық аттамай-ақ аяғың сынады.
Тірлігің – бірлігің.
Аттанды басқа салды,

Атағы Манасқа қалды.


Ұрған сайын көз шықпас,

Үрген сайын сөз шықпас.


Мылтық марқаймайды,

Білім қартаймайды.


Қарт кебінін қапта сақта,

Өлігін апта сақта.


Ат туласа, есек бүлінеді.
Көсенің ақылы түстен кейін кіреді.
Көрсе – барымта,

Көрмесе – сарымта,

Барып алып кел.
Арыстан айға шабам деп, аяғын мерт қылыпты.
Таз тақиясымен таласар.
Түшкірген қыз түксиген қыздың бетін тырнапты.
Жылау мен күлу – теркіндес.
Айығар аурудың тәуібі өзі келеді.
Кәріге жаны – дәрі.
Көсеу ұзын болса, қол күймейді.
Арыстан алғанына қуанбайды,

Шалғанына қуанады.


Шапанды жағасынан киеді.
Иесі арам болса,

Биесі шабан болады.


Жылқы жаюға жылпос жігіт жарайды.
Денсаулық – зор байлық.
Жерде жатқан жұмыртқа,

Аспанда ұшар құс болар.


Көріктіні қалап алғанша,

Сүйгеніңді сұрап ал.


Ас – аттынікі,

Той – тондынікі.


Ауылды алалық бұзады,

Араны арамдық бұзады.


Обыр сиырдан өлі бұзау туады.

Тиын,


Тиынның ісі – қиын.
Сауынын пәмдағанша,

Сабанын қамда.


Өзі – шілдей,

Сөзі – мірдей.


Итің ішіне сары май жақпайды,

Кәрі қызға таң ұзақ.


Үмітсіз – шайтан.
Жоқтан бары артық.
Бұйырмас астан Бөрібасар да дәметеді.
Масқараланып ұрлығым шыққанша,

Шыңғырып шыбын жаным шықсын.


Егіз лаққа – айыр жусан.
Жерге түскен – жетімдікі.
Жеген білмейді, тураған біледі,
Көпті жамандаған көмусіз қалады.
Атың шықпаса, ат үркіт.
Жауырды шыбын ұлғайтады.
Көптен дәметкен,

Аздан құр қалады.


Атың жақсы болса — жолдың жырағы,

Ұлың жақсы болса — көңіл шырағы.


Жаяудың шаңы шықпайды,

Жалғыздың үні шықпайды,


Көп түкірсе, көл болады.
Ат – ердің қанаты.
Жігітке намыс – қымбат, ар – ауыр.
Туарына қуанба,

Тұрарына қуан.


Мазасыз жерден май түсер.
Атын атағаның,

Батасын алғаның.


Өзі де қомағай,

Көзі де қомағай.


Ауруың қайда болса, жаның да сонда.
Бейнет – жалпақ,

Дәулет домалақ болар.


Жемесең де май жақсы.
Көршің қорқақ болса,

Үрейіңді ұшырып бітеді.


Ауруын жасырған өледі.

Ағайынын жасырған бүлінеді.


Уәде бұзған кісіден

өтіп кеткен жел артық.


Ат ерінді келеді,

Ер мұрынды келеді.


Тісің кетік болса да, көңілің бітік.
Ұялғаннан қара жер қақ жарылар.
Қайғылы әйел қара жамылғыш.
Ауылың ала болса,

Ала атың құла болар.


Желмен жарыспа, көлеңкені қума.

Ет қадірін – ашыққан біледі,

Жол қадірін – тарыққан біледі.
Арық сиырға жуан мүйіздің керегі жоқ.
Ісі оңалмастың иті шөп жейді.
Ит жақсысын «кет» демейді.
Тек жүрген – тоқ жүреді.
Шөптен – аласа,

Судан – тайыз.


Өнерлі тырнағымен қазық ұштайды.
Үйдің байлығын көшкенде көрерсің.
Табан ішпейді,

Адам ішеді.


Жел екпіндеп соққанмен,

Таң мезгілсіз атпайды.


Көрмес, түйені де көрмес.
Ат баспаймын деген жерін үш басады.
Шарықтың жарығы түбінде түспейді.
Түлкі ініне қарап үрсе,

Түрінен айрылады.


Оймақ ауыздан шыққан сөз

Отыз руға тарайды.


Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан.
Қасын түзеймін деп, көзін шығарып алды.
Көрмеген ой-шұқыр көп.

Ат басына күн туса –

Ауыздығымен су ішер.

Ер басына күн туса –

Етігімен су кешер.
Атың жақсы болса, алысты жақындатады.
Ырыстымен оттас бол.
Жүктің ауырын нар көтереді.
Түйе баласы –

Төре баласы.


Желден – шаншу жаман,

Сөзден – қаңқу жаман.


«Көрдім» деген көп сөз,

«Көрмедім» деген жоқ сөз.


Ат аунаған жерде түк қалады.
Жыласуға жақын жақсы,

Сыйласуға жат жақсы.


Ұрының қарасы құрысын.
Жел болмаса, шөп басы қимылдамас.
Көрген шөпті елемеу – көзге зиян.
Ас қадірін аш білер.
Ауру – аздырады,

Кәрілік – тоздырады.


Жек көретін кісіңнің бөркі – қазанның қабындай.
Көпті көрмей көсем болмас.
Атың шықпаса жер өрте.
Жаудың түбі – ел болар,

Таудың түбі – бел болар.


Құлақ тыңдайды,

Іш қайнайды.


Аттың бәрі тұлпар болмайды,

Құстың бәрі сұңқар болмайды.


Атың барда жер таны,

Атаң барда ел таны.


Қойылған қол – құдайдың мөрі.
Аттың сыры иесіне мәлім,

Қыздың сыры төркініне мәлім.


Жау сырын жау білер.
Қыбырсыз жатып өлгенше,

Қыбырлап атып өл.


Аты жоқтың – аяғы жоқ.
Қобызшы қобызшыны көрсе, қолы қалтырайды.
Жау қашқанда батыр көбейеді.
Ат шаршағанын сезбейді,

Көсе қартайғанын сезбейді.


Жақсы нақты үнімен жұбатады.

Жаман тоқпағымен жылатады.


Бетке айтқанның бекері жоқ.
Екі биелі ел сақтайды,

Бір биелі жан сақтайды.


Атқан оқ тастан қайтпайды,

Елші ханнан тілін тартпайды.


Өтірікші ақсақтан бұрын қолға түседі.
Қиялдағы тілекті,

Қолдағы тірлік билейді.


Бөзші бөзге жарымас.
Ешкі егіз тауып, қойдан аспайды.
Күйеуге бармай қыз тыншымайды.
Байқамай тұрып – килікпе,

Білмей тұрып – ентікпе.


Бұқаның өзі қартайса да,

Мұрны қартаймайды.


Есепті дос – айырылмас.
Артық қылам деп,

Тыртық қылды.


Жау аяған – жаралы,

Жары болар – қаралы.


Қой жеген қасқыр көңілді,

Қойшысы жаннан түңілді.


Бейнетің қатты болса,

Татқаның тәтті болады.


Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады.
Жаманның тапқаны – жапалақ.
Ажал жолы шілдің қадамынан да қысқа.
Бірдікі – мыңға,

Мыңдікі – сұмға.


Әрнемеге – бірнеме.
Ері өліп ерге тиген қатын – келіншек.
Бермегенді беріп ұялт.
Асыққан қалар ұятқа,

Асықпаған жетер мұратқа.


Қашар көзін сүзбесе,

Бұқа мұрнын шүйірмейді.


Аш адамның көзі апандай.
Жарлының жалғыз аты – айғыр,

Жатып ал да қайғыр.


Жақсыны сөз өлтірсе,

Жаманды таяқ өлтіреді.


Ауру – астан,

Дау – қарындастан.


Өгей ана міншіл,

Жетім бала кекшіл.


Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озар.
Жатқанға шаң жұқпайды.
Базар — бай, барған — кедей.
Аң аулағанымен байымас.
Жиен келгенше,

Жеті қасқыр келсін.


Төркіні жақынның төсегі жиылмайды.
Айтып қылған істің айыбы жоқ.
«Бер» деген дауым болмаса,

«Ыңқ» деген ауруым болмаса!


Дос болу – бір басқа,

Таныс болу – бір басқа.


Жаманнан жарты қасық ас қалады.
Білек бүге алмағанды,

Білім бүгеді.


Алтын табылса, түйерге түйіншек табылмас.
Жаман қауып сөйлейді,

Жақсы тауып сөйлейді.


Ат мінбей атыңды мақтама.
Ер жігіт ел шөтінде,

Жау бетінде.


Алдыңғы көштің адасқанын,

Кейінгі көш біледі.


Жалғыз болсаң батыл бол.
Адам құрсағынан арықтамайды,

Құлағынан арықтайды.


Қырық кіндік сыпайгершіліктен

Бір күндік пақыршылық артық.


Бөрі азығы жолдан.
Ертеңгі құйрықтан бүгінгі өкпе артық.
Ақылдының сөзі қысқа,

Айта салса – нұсқа.


Сабырдың түбі — сары алтын.
Бауыр ауырса — кіндік бұралады.
Қолы қимылдағынның,

Аузы қимылдайды.


Жаңбыр өзін селге санайды,

Құдық өзін көлге санайды.


Ашта жеген құйқаны –

Тоқта ұмытпа.

Тоқта жеген құйқаны –

Тіпті ұмытпа.


Бүлінгеннен бүлдіргі алма.
Есек құрғақта ақырса,

Батпақта мәлім болады.

Аяғы сынған жатып семіреді,

Қолы сынған жүріп семіреді.


Жер құлағы жеті жат.
Пайғамбар құдай емес,

Бірақ құдайдан былай емес.


Биттің ішегіне қан құйған.
Пышағы өткір байымайды.
Баланы – жасынан,

Қатынды – басынан.


Жан тартпаса,

Қан тартады.


Жолдас болма айғаққа,

Сүріндірер тайғаққа.


Ағашқа мәуе біткен сайын, төмен салбырайды.
Бір үйдің жарығы екінші үйге түспейді.
Әркімдікі өзіне –

Ай көрінер көзіне.


Ел ауызы – елек.
Бас – ақыл үшін,

Ақылды – ел үшін.


Аңдамаған түйені де көрмейді.
Жаман ит жазда да тамақ дәметеді.
Батпандап кірген ауру, мысқылдап шығады.
Ел – ел болды,

Елебай әкем не болды?


Ақы төлемесең, молда үйіңе жоламайды.
Жалқауға сылтау көп.
Аш адам – ұрысқақ.
Базары жақын байымайды.
Ері өліп, ерге тигенді сынама,

Ері тұрып, ерге тигенді қарала.


Көшкен жұртыңның парқын

Қонған жұртыңда білерсің.


Күндік өмірің болса,

Жарты күн жорға мін.


Бас жарылса – бөрік ішінде,

Қол сынса – жең ішінде.


Қатын алмай, қайын ал.
Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – жүз саулық.
Дұшпанды дос тұтпа,

Дұшпандығын жасайды.


Көңесіп кескенге қол ауырмайды.
Бұлақ өзін көлмін дер.
Жасыңда қылжақ болсаң,

Қартайғанды мылжың боларсың.


Ұрысса да — өз жақсы,

Таласса да — өз жақсы.


Жалғаншыдан безе қаш,

Жалақордан көше қаш.


Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады.
Жаманның досы көп,

Жанына пайдасы жоқ.

Ғалым болмақ оңай,

Адам болу қиын.


Арықпын деп ауызды ырсита беруге бола ма?
Жаман нағашысын да танымайды.
Ер туған ел өлмейді.
Асыңды бермесең берме,

Бірақ тасыңмен перме.


Жақсы ой – жарым ырыс.
Абыройыңды жасыңнан сақта.
Бие құлынын тепсе де, мерт қылмайды.
Ет – пышақтынікі.
Жасқа – қызмет,

Қартқа – құрмет.


Бұқа жоқта баспақ – би.
Ескі дос естен кетпейді,

Жаңа дос қадіріңе жетпейді.


Артымды бөрі жесе де, көзім көрмесін.
Сынбасты ұста жасайды.
Ауру қыз сау қыздың бетін тырнайды.
Ілім басқа жұғады,

Қына тасқа шығады.


Жаман өзін білмейді,

Жақсыны көзге ілмейді.


Адаспаймын деген жігітті қараңғы түн адастырады.
Білімдіге дүние жарық.
Әркім өзін батырмын деп ойлайды.
Етекті кессең – жең болмайды.

Ежелгі дұшпан – ел болмайды.


Берерге бесінде – қымыз,

Бермеске сәскеде – саумал.


Асыққан қыз ерге жетпес,

Ерге жетсе, етек-жеңі жерге жетпес.


Бетіме беті тиген туғаныма парқым жоқ.
Екі нар тірессе, ортасында қара шыбын өледі.
Ат мықтысы – кермеде.
Жаман өзі бола алмайды,

Болғанды көре алмайды.


Құдай ұрар кісі қырық бірінде таз болады.
Бөлем,

Бөле үшін өлем.


Дұшпанның сырты сұлу, іші – қара.
Екеуге біреу бата алмайды.
Күйгелек болу — өзіңнен,

Күтімді болу — сөзіңнен.


Бай көшерде жүгін жинайды,

Құл жұлығын жинайды.


Қашаған айғыр үйірін ірітеді.
Жарлының қалтасына қоянның құлағы сыймайды.
Ақыл ескермейді,

Алтын шірімейді.


Бүйректен сирақ шығарады.
Аштықтың – тоғы,

Арықтың семізі бар.


Жеткен — кесекпен,

Жетпеген — тезекпен.


Көлеңкеге қарап тон пішпейді.
Болар-болмас өліпті,

Ат шаптырып қойыпты.


Мың шешенді бір мылжың жеңіпті.
Желекті жерде шелек бар.
Қойдың қарғысы қасқырды қаппайды.
Алпыстағы әкеңнің

Артық күшін пайдалан.


Биттің ашуын сіркеден алады.
Қырық кісі бір жақ,

Қыңыр кісі бір жақ.


Шақырғаннан қалма,

Өздігіңнен барма.


Адам аласы ішінде,

Мал аласы сыртында.


Береген қолым алаған.
«Әй!» дейтін әже жоқ,

«Қой!» дейтін қожа жоқ.


Даладағыны тамда болжама.
Қарынбай малға тоймайды,

Лұқман жылға тоймайды.


Бөрі арығын бүлдірмес

Итке арқасын үрпитер.


Білек – бір, бармақ – басқа.
Арамзаны аңдыған алады.
Жаман иттің іші түлкі қуғанда бұзылар.
Бір ит көріп үрсе,

Бір ит көрмей үреді.


Есің ауса, ешкі жи.
Алалаған алсықа бармайды.
Жалғыздығын жасырған көбеймейді.
Қалғып кетсең — көзіңе пайда,

Талғап ішсең — өзіңе пайда.


Әлін білмеген — әлек.
Бай союға қой таппай,

Жатақтың лағын сұрапты.


«Астапыралла!» дегеннің қазаны тез қайнайды.
Екі қыршаңқы тойғанда табысар.
Иесі лайық тап болса,

Қара күшік сақ болар.


Куәлі сөз – некелі қатын.
Қорқақ өз көлеңкесінен де қашады,

Болар бұзау тезегінен белгілі.


Жеткен желке жұдырықтар,

Жетпеген жел жұдырықтар.


Алыстағының аты озғанша,

Қораластың тайы озсын.


Ағайын-туған кімде жоқ,

Сыйласпа, жаттай жоқ.


Жаңа жардың жалыны күшті.
Қатын алсаң дардай,

Ұл туады – нардай:


Басыңа тау құласа да,

Шыбын шаққандай шіміркпе.


Кәрісі бардың — ырысы бар.
Жақсы болса қатының,

Тасылмайды ақылың.


Ала қойды бөліп қырыққан жүнге жарымайды.
Есің бар да, етігіңді жап.
Біреудің қатыны біреуге қыз көрінер.
Жаман иттің аты – «Бөрібасар».
Аңдысқан – ауылдас болмайды,

Саудаласқан – дос болмайды.


Бұқада қайын жоқ,

Сиырда төркін жоқ.


Екі жынды бір кетті,

Есен барып, сау қайтсын.


Бір тиын беріп айттыра алмайды,

Мың тиын беріп қойдыра алмайды.


Айдағаны бес ешкі,

Ысқырығы тас жарар.


Жаман үйдің қонағы билейді.
Базарда мың кісі бар,

Әркім қалағанына сәлем береді.


Еріккен қойшы – есі кеткен жолаушы.
Көшсе – артта,

Қонса – сыртта.


Көппен көрген – ұлы той.

Балалы үй – гүлстан,

Баласыз үй – көрстан.
Жарлының қалтасына ақша түссе,

Тырна болып сұңқылдайды.


Өтірікшінің шын сөзі жалғанға айналады.
Жақсыдан жаман туса – шығыс,

Жаманнан жақсы туса – кіріс.


Қарным үшін емес,

Арым үшін жылаймын.


Бай байға құяды,

Сай сайға құяды.


Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады.

Кештеу шықсаң, алдыңнан түн шығады.


Көшкеннен отын қалады,

Өшкеннен қатын қалады.


Көп тимеске, мол тиіпті,

Табақ-табақ нан тиіпті.


Қатын алғанша, отын ал.
Кедей байға жетем дер,

Бай құдайға жетем дер.


Азынаған айғырдың үйірін көр,

Менменсіген жігіттің үйін көр.


Бүркіт салсаң, алтайы түлкіден бөрік киерсің.
Жабу астында жал қалады,

Жал қалмаса, жан қалады.


Аю апанын тілейді,

Жақсы баланы тілейді.


Әңгіме бұзау емізер,

бұзау таяқ жегізер.


Қасапшы анасына да сүйек сатады.
Кішкене түйенің жүгі де мардымсыз.
Аузы қисық болса да,

Байдың ұлы сөйлесін.


Биік төбеге шықсаң,

Көзің ашылады.

Жақсымен сөйлессең,

Көңлің ашылады.


Көп жортқан қу түлкі,

Қолға түспей қоймайды.


Жамаң талқанның қызуымен-ақ жауға аттанады.
Айғыр ауырса, ат болады,

Ат ауырса, ет болады.


Бір күн өсек естімесе құлағы тарс бітеледі.
Бірінші көргенде, безін сыйлайды,

Таңысқаннан кейін өзін сыйлайды.


Жеке тауыққа да жем керек.
Әйелі жақсы болса,

Ері де керім.


Есері болмай, ел болмайды.
Білген мың бәледен құтылады,

Білмеген мың бәлеге тұтылады.


Жаман бұқа өз басына шөп үйеді.
Ауылы бүтін аман жүреді.
Дос өкпелесе, қалағанын алады.
Бойдақта байлық болмайды.
Аштықта жеген құйқаның дәмі кетпес.
Жыл ұлық емес,

Ажал – ұлық.


Жаман қатын терісін жимайды да,

Жегізіп алып итті қинайды.


Арашаға алты таяқ.
Бар – балпаң,

Жоқ – жалтаң.


Ер алар деп қорқайын ба,

Емшек шығар деп қорқайын ба?


Алған ері жарасса,

Қара қатын ақ болар.


Жақсы атқа бір қамшы,

Жаман атқа мың қамшы.


Қыңыр қызға күбір сөз ілескіш.
Қасқыр жарып кеп салды,

Қарға қарық боп қалды.


Адам ойға тоймайды,

Бөрі қойға тоймайды.


Ер көрге де күліп кіреді.
Қайғы – пайдасыз,

Жылау – жәрдемсіз.


Басын бастайды,

Аяғын тастайды.


Қарғаны қаз қойғанмен,

Қи шоқығанын қоймайды.


Жапалақты таспен ұрса да,

Жапалақ өледі.

Жапалақпен тасты ұрса да,

Жапалақ өледі.


Бұйырмаған асқа мұрын қанайды.
Ел іші – алтын бесік.
Әркім өз пейілінен табады.
Өтірігіңді ашты –

Сенімің қашты.


Аз асқа табақшы болма.
Жаман сөз дауға қалдырады.
Бүркіт қартайса тышқаншыл.
Күшті күшсізді күйретеді.
Биің алаң болса,

Жұртың ылаң болар.


Қасап та өзі,

Пышақ та өзі.


Ашулының алдына шықпа.
Жазған құлда шаршау жоқ.
Бақылдаған текені су көшкенде көрермін.
Астық көп болғанмен, оны екі жыл жемейді.
Жетпеген – жікшіл.
Бәйге аттары қарайлас.
Елін сағынбайтын ер болмайды,

Үйірін сағынбайтын ат болмайды.


Алма ағашынан алыс түспес.
Жалғыз өгіз қос болмайды.
Қар да кетер,

Қадір де өтер.

Баланың жылағаны –

Емшек сұрағаны.


Есебін ептеп білеміз,

Есегін қайтіп мінеміз.


Күлкісін іріккен жаннан түңіл,

Шала бүріккен жауыннан түңіл.


Базар барға – балдай,

Жоққа – зәрдей.


Қауыншыға қабық қымбат болмайды.
Бұзау мұз жалайды,

Торпақ тұз жалайды.


Ауруды елемеген өледі.
Киіз кімдікі болса,

Білек соныкі.


Бұрын барған қоныс алады,

Кейін келген сөгіс алады.


Жатар қарын жармадан садақа.
Ұстаның қуаруын білгенше,

Темірдің суаруын біл.


Бергенін алған –

Наданның ісі.

Ішкенін құсқан –

Жаманның ісі.


Дұшпанға өлім тілегенше,

Өзіңе өмір тіле.


Білім алмай мақтанба,

Өнерлі болмай баптанба.


Арғымақ мойнын оқ кесер,

Азамат мойнын жоқ кесер.

Жаманнан сөз естігенше,

Жақсыдан таяқ же.


Айға жетпес асыңды,

Ауылдастан аяма.


Жаман қойшы жайылымын жарты-ақ күнде тауысады.
Ер еңбегін жер жұтпайды.
Жалғыз аттың шаңы шықпайды,

Жалғыз ердің даңқы шықпайды.


Асқақтың аяқ алысы да асқақ.
Ер қатесіз болмайды,

Көл бақасыз болмайды.


Ауылынан дәметкен,

Алақанын күзеткен.


Ер тамағы – елден,

Бөрі тамағы – жолдан.


Пісеріне шыдаған да,

Түсеріне шыдамаған.


Өтірікті де ебін тапқан айтады.
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз.
Қымызды кім ішейін демесін,

Қызды кім құшайын демесін!


Жаңбырмен жер көгерер,

Батамен ел көгерер.


Айт болар, айттың да арты болар.
Жетеудің бірі – Қыдыр.
Амалын тапқан ажалдан құтылады.
Өсер өзін сыйлайды,

Өспес өзгені сыйлайды.

Боларыңда болар өт,

Боз жорғадай желіп өт.


Көк байталға мінген сергексиді,

Көгершінді ілген мергенсиді.


Жан бар жерде – қаза бар.
Абысының болса, күндесім жоқ деме.
Бір тойда екі жар жоқ.
Әдепсіз жігіт жүгенсіз атқа ұқсайды.
Қоныс іздегенше,

өріс ізде.


Бүгіннің ертеңі бар.
Арақ ішкен тойда мас,

Ақылы жоқ — күнде мас.


Жаман ит күндіз үреді.
Біреудің тауығын жесең –

Қаз байла.

Малын жесең –

Қыз сайла.


Ешкі өзі туа алмай жатып,

Қойға кіндікшешелікке барыпты.


Ала қарғаны алты жыл бордақыласа да,

Сасық иісі сақталар.


Жақсыға жалынса –

Жан қалады.

Жаманға жалынса –

Бір қасық қан қалады.


Қартайғанда өкпешіл болады.
Қазының пісуіне шыдағанда,

Қазанның түсуіне шыдамайсың ба?


Базар көркі – бақал,

Ердің көркі – сақал.


Еріншек аулаға шықса да,

Ылау жалдайды.


Көшкісі келген жұртын жамандайды.
Көп тексең көңді –

Қамбаң дәнге толады.


Балалы үй – базар,

Баласыз үй – мазар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет